Гипотиреоз.Гипотиреоздың классификациясы.Диагностикасы және емі.Диспансеризация.Дәрігерлік еңбек сараптамасы.Профилактика.Болжамы.

Гипотиреоз-ағзада қалқанша безі гормонының дефицитімен сипатталатын клиникалық синдром.

Классификация. Гипоталамус-гипофиз-қалқанша без жүйесінің зақымдалу деңгейіне байланысты:

1.біріншілік 2.екіншілік 3.үшіншілік. 4.перифериялық

Ауырлық дәрежесіне байланысты:1.субклиникалық(ТТГ және тиреодты гормонның анықталуына байланыстыдиагноз қойылады) 2.Манифесттік (компенсирленген, декомпенсирленген) 3. Асқынған (полисерозит, жүрек жетіспеушілігі, гипофиздің екіншілік аденомасы, кретинизм, микседемалық кома).

Шағымы және анамнезі: үдемелі жалпы және бұлшықеттік әлсіздік;жоғарғы шаршағыштық,әрдайым салқын сезіну, ұйқышылдық, дене массасының жоғарылауы, есте сақтау төмендеуі, беті, қолдары, кейде бүкіл дененің ісінуі, іш жүрмеу, сөйлеу қиындауы, тері құрғауы, шаш түсуі, жыныс функциясының бұзылысы,есту нашарлауы.

Физикалық тексеру: манифестті гипотиреоз симптомдары:тері құрғауы, іш жүрмеуі, брадикардия, ұйқышылдық, есте сақтау төмендеуі, сөйлеу қиындауы,дене массасы жоғарылауы, есту нашарлауы, генерализденген тығыз ісіну, салқындау, дене температурасының төмендеуі.

Орталық гипотиреоз симптоматикасы: ОЖЖ зақымдалуымен көрінеді.

Субклиникалық гипотиреозда науқас өзін қанағаттандырарлық сезінеді.Левотироксин тағайындауы нәтижесінде азаятын гипотиреоздың айқын емес көріністері көрінеді.Диагноз гормонға қан анализіне негізделіп қойылады.

Лабораториялық тексеру: Біріншілік гипотиреозда қанда Т3 және Т4 деңгейі төмендеген, ТТГ жоғарылаған(ТТГ қалыптыда 0,5 тен 4,0дейін МЕ/мл, орташа 2,0-3,0 МЕ/мл), екіншілік және үшіншілік гипотиреозда қанда Т3,Т4, ТТГ деңгейі төмендеген

Инструментальды тексеру:

Біріншілік гипотиреоздың этиологиясын нақтылау үшін қалқанша безінің УДЗ жүргізіледі, көрсеткіштермен қалқанша безінің пункциялық биопсиясы,қалқанша без сцинтиграфиясы, тиреоглобулин мен тиреопероксидазаға антидене титрін анықтау.

Екіншілік гипотиреоздың этиологиясын нақтылау үшін – невропатолог консультациясы, бас ми МРТ,КТ сы, көз түбін қарау және т.б. невропатолог тағайындауымен ОЖЖ тексеру.

Асқынуларын анықтау үшін (полисерозит, жүрек жетіспеушілігі, гипофиздің екіншілік аденомасы, кретинизм, микседемалық кома) қажетті тексеріс жүргізіледі(ЭКГ,ЭхоКГ, кеуде клеткасының рентгенографиясы, құрсақ қуысының УДЗ)

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1.ЖҚА (6 параметр) – диагноз қойылуында, қалыпты көрсеткіште –жылына 2 рет,гипотиреоидты анемияда – 1-3 айда 1 рет(анемияның ауырлық тдәрежесіне байланысты)

2.Қанда ТТГ деңгейін анықтау:Іріктеу периодында 4-8 аптада 1 рет; сүйемелдеуші терапия периодында 6 айда 1 рет; жиі көрсеткіштерімен.

3.Диагностика үшін-қанда Т3 және Т4 бос фракциясының деңгейін анықтау.

4. Қандағы жалпы холестерин және триглицерид деңгейлерін анықтау-диагноз нақтыланғанда:деңгейі жоғары болса 3ай бойы 1 рет;қалыпты болса 5жыл бойы 2 рет.

Медикаментозды ем:Левотироксин препаратымен ем жүргізіледі. Бастапқы дозасы 50мкг тәулігіне,әрі қарай 12,5-25 мкг көбейтіледі әрбір 1-2 аптаға (пульс бақылауымен,ТТГ,ЭКГ көрсеткішіне байланысты).Орташа сүймелдеуші доза ересектер үшін 1,6 мкг/кг,кәрілер және жүрек аурулары бар науқастар үшін дозасы аз.

Емнің адекваттылығын анықтау клиникалық және қандағы ТТГ деңгейін анықтау арқылы жүзеге асады.Қалыптыда 0,5-2,0 МЕ/мл ,кәрілерде 2,0-4,0 МЕ/мл болуы керек.

Негізгі медикаменттер тізімі:1.Левотироксин 25мкг,50мкг,75мкг,100мгк,125мкг,150 мкг таблеткада.МСЭ бюросына бағыттау көрсеткіштері:гипотиреоздың орташа және ауыр формаларында,паратиреоидты жетіспеушілікте,аурудың рецидивінде,эндокринді кардиомиопатия және жүрек жетіспеушілігінде ,психиканың айқын және айқын емес өзгерістері.

Мүгедектік критерийлері:

1 топ мүгедектік мүшелер мен жүйелердің қайта қалпына келмейтін айқын өзгерістеріне әкелетін гипотиреоздың ауыр түрлерінде беріледі. (жүрек жетіспеушілігі IV дәрежесі кардиомиопатиямен,гипотиреоидты кома дамуына бейім микседема,миопатия),нәтижесінде адам өзін басқара алмайды,басқа біреудің көмегін етеді.

ІІ топ мүгедектік гипотиреоздың ауыр формасында мүшелер мен жүйелердің айқын тұрақты өзгерістері болғанда ,ем нәтижесіз болса беріледі.

ІІІ топ мүгедектік гипотиреоздың горманальды компенсация немесе субкомпенсация сатысында мүшелер мен жүйелердің жеңіл өзгерістері болғанда беріледі.

Реабилитация.Науқастарды диспансеризациялау ,адекватты орынбасушы терапия,уақытында диагностикалау және ем жүргізу.

Диспансеризацияны әрі қарай жүргізу және принциптері: Гипотиреозы бар науқастарды диспансерлі тексеру өмір бойы эндокринологпен жүргізіледі.

Біріншілік профилактика: Йод дефицитіне

Наши рекомендации