Жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздігі.

#1

!Кардиогенді шоктың III дәрежесіне ЕҢ тән артериалдық қан қысымының деңгейі?

A. 70-60 мм.с.б.б.

B. 80-60 мм.с.б.б.

C. 100-90 мм.с.б.б.

D. 110-100 мм.с.б.б.

E. +60 мм.с.б.б. төмен

#2

!Сол жақ қарыншаның жедел жетіспеушілігі кезінде ЕҢ ТИІМДІ мәжбүрлі қалып :

A. ішпен

B. арқасымен

C. +ортопное

D. сол жақ қырымен

E. үнемі ауысып отыру

#3

! Өкпе ісінуі симптомы:

  1. қиын тыныс шығарумен түншығу ұстамасы
  2. +өкпедегі ылғалды сырылдар
  3. инспираторлы ентігу
  4. дауыс қарлығу
  5. қанды қақырық

#4

!Миокард инфарктын асқындыратын, кардиогенді шок кезінде қолдануға ең тиімді препарат:

  1. изадрин
  2. +допамин
  3. эпинефрин
  4. преднизолон
  5. натрий нитропруссиді

#5

!Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында жедел ауру сезімі, аздан соң құрғақ жөтел, бас айналу басталды. Бірнеше уақыттан кейін инспираторлы типті ентігу және терінің бозаруымен цианоз дамыды. Визуальды қарағанда эпигастрий аймағында патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы- жүректің оң жақ шекарасы кеңейген, аускультация жасағанда II тонның акценті және өкпе артериясының үстінен естіледі.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы дұрыс?

A. миокард инфаркты

B. астматикалық статус

C. крупозды пневмония

D. оң жақ өкпенің ателектазы

E. +өкпе артериясының тромбоэмболиясы

#6

!Диффузды токсикалық жемсаумен ауыратын 34 жастағы науқаста тіс дәрігерінің қарауынан кейін әлсіздік, ентігу, көз алдында шіркейлердің пайда болуы байқалды. Есін жоғалтты. Жүрек тондары қатаң, ырғағы дұрыс. ЖСС- 62 рет минутына. Пульс- 60 рет минутына, ырғақты. АҚҚ 80/60 мм с.б.б.

Науқасқа ЕҢ ТИІМДІ диагноз:

A. +есінен тану

B. миокард инфаркты

C. пароксизмальды аритмия

D. гипогликемиялық кома

E. жедел ми қан-айналым жетіспеушілігі

#7

!Науқас 72 жаста. Шағымы: ауа жетіспеу сезіміне, ентігуге, әлсіздікке, басының айналуына, жүрек айнуға. Анамнез: 20 жылдан аса артериальды гипертензиямен ауырады. Әдеттегі АҚҚ 160/100 мм с.б.б. Өздігінен капозид, диротон қабылдайды. Жағдайы 1 сағат бұрын кенеттен нашарлаған. Қарап тексергенде: есі анық. Мәжбүрлі қалыпта-ортопты. Ауыз қуысынан және мұрнынан ал-қызыл түсті көпіршік бөлінуде. Өкпесінде қатаң тыныс, өкпенің барлық аймағынан майда, орташа және ірі көпіршікті сырыл естіледі. ТАЖ-28 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 108 рет минутына. АҚҚ 190/100 мм с.б.б. ЭКГ: Алдыңғы жасалынған ЭКГ-дан соңғы жасалынған ЭКГ-нің динамикада айырмашылығы жоқ.

Науқаста дамыған асқынудың түрі:

A. +өкпе ісінуі

B. миокард инфаркты

C. гипертониялық криз

D. пароксизмалды аритмия

E. жедел оң қарыншаның жетіспеушілігі

#8

!Науқас 34 жаста. Диффузды токсикалық жемсаумен ауыратын науқас стоматологқа қаралғанда әлсіздік, көз аладында "құмырсқа -шіркей", естен тану болды Жүрек тондары ашық бәсеңдеген, дұрыс ритмді. ТАЖ 62 рет мин. Пульс 60 рет мин, ритмді. АҚҚ 80/60 мм.с.б

ЕҢ маңызды көмек болып табылатын препарат?

A. преднизолон 60 мг к/т

B. дофамин инфузиясы к/т

C. эпинефрин ерітіндісіб/е

D. +нашатыр спиртін иіскету

E. полиглюкин инфузиясы 400,0к/т

#9

!Науқас 59 жаста. Кеуде тұсында күйдірген ауыру сезімі, ұзақтығы екі сағаттан көп, тершеңдікке, өлім қорқыныш сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Ауыру сезімі біртіндеп күшейеді, шыдатпайтын. Нитроглицерин әсерінен басылмайды. Науқас жағдайы өте ауыр. Тері жабындылары: бозғылт, суық тер басқан. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 22 рет мин. Жүрек тондары мылқау, ритмді, АҚҚ 80/60 мм.с.б Пульстің толымдылығы әлсіз және күштемелі. ЭКГ: синусты тахикардия 120 рет мин, III және AvF әкетулерінде Q тісшесі терең,кеңейген. V2-V5 әкетулерінде QS комплексі, STсегменті изосызықтан 6 мм жоғары.

Ауру сезімін басу үшін қай препарат ЕҢ тиімді?

A. кетонал

B. аналгин

C. +морфин

D. промедол

E. фентанил

#10

!Науқас 22 жаста. Стоматолог бақылауында аузын ашып көргенде аяқ асты әлсіздік, бас айналу, естен тану пайда болды. Бірнеше минуттан кейін есінен танды. Анамнез: қоғамдық көлікте есінен танып қалған, тұрақты АҚҚ 100/60 мм.с.б Обьективті: жағдайы орташа. Есі жоқ. Тері жабындысы: суық, бозғылт. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 18 рет мин. Жүрек тондары анық, ритмді, ЖСЖ 100 рет мин. АҚҚ 90/50 мм.с.б

ЕҢ тиімді емдеу әдісі?

A. жатқызу, басын көтеру, эпинефрин б/е

B. полиглюкин инфузиясы 400,0, госпитализация

C. эпинефрин б/е,полиглюкин инфузиясы 400,0

D. + жатқызу, аяғын көтеру, нашатыр спиртін иіскету.

E. глюкоза 40%-20,0 к/т, полиглюкининфузиясы 400,0

#11

!Науқас 58 жаста, кеуде тұсында қысқан ауыру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке, суық терге шағымданады. Ауыру сезімі 3 сағатқа созылады. Жағдайы ауыр. Калпы: мәжбүрлі ортопты. Тері жабындысы: бозғылт, жабысқақ суық тер басқан. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді, тахикардия 110 рет мин. АҚҚ 85/60 мм.с.б Өкпенің барлық бөлігінде ылғалды орта, ірі көпіршікті сырылдар. ТАЖ 44 рет мин.

ЕҢ тиімді жедел жәрдем

A. сальбутамол, преднизолон, аминофиллин

B. полиглюкин, промедол, преднизолон

C. эпинефрин, преднизолон, клемастин

D. сульфат магния, нифедипин, каптоприл

E. +этил спиртінің буын ингаляциясы, морфин, гепарин

#12

!КАРДИОГЕНДІ ШОКТА ҚАНДАЙ ПРЕПАРАТТАР ЕҢ ТИІМДІ?

A. изокет

B. изадрин

C. +допамин

D. реополиглюкин

E. +норэпинефрин

F. натрий нитропруссиді

#13

!КАРДИОГЕНДІ ШОКТАҒЫ ТЕРІ ЖАБЫНДЫСЫ

A. құрғақ

B. сарғыш

C. қызғылт

D. +бозғылт

E. +ылғалды

F. күл түстес

#14

!ШЫНАЙЫ КАРДИОГЕНДІ ШОКТЫ Ң ПАТОГЕНЕЗІНІҢ НЕГІЗІ

A. дегидратация

B. гипокалиемия

C. гиперкоагуляция

D. гиперкатехоламинемия

E. +артериальді гипотония

F. +жүректің насостық қызметінің бұзылуы

#15

!ТӨМЕНЕДЕГІ ШОКТАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ КАРДИОГЕНДІГЕ ЖАТАДЫ?

A. +шынайы

B. абортивті

C. +ареактивті

D. толқын тәрізді

E. гипертензивті

F. анафилактоидті

Жауап эталондары

 
E
C
B
B
E
A
A
D
C
D
E
C,E
D,E
E,F
A,C

Наши рекомендации