Жіті ішек инфекцияларымен бұрын ауырғандарды диспансерлеу.
Жіті дизентериядан сауыққаннан кейін диспансерлік бақылауға жатады:
1) Қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, тағам өнеркәіп объектілерінің қызметкерлері;
2) Балалар үйінің, нәрестелер үйінің, мектеп интернаттарының балалары;
3) Психоневрологиялық диспансерлер үйінің, балалар үйінің, нәрестелер үйінің, қарттар және мүгедектер үйлерінің қызметкерлері.
Таралу жолдарын абағытталған шаралар.Дизентерия ауруының таралу жолына бағытталған шаралар үнемі жүргізілуі тиіс және оған жатады:
· Сумен қамтамасыз ету мекмелерінде технологиялық, санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің қадағалауын.
· Тағам өнімдерін тасымалдау, қабылдау, сақтау, дайындау, тарату, ережелерінің сақталуын қадағалау.
· Балалар мекемелерінде санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын қадағалау.
Дизентерия ошақтарда эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі:
1) қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы, сумен қамтамасыз ету объектілерінің, мектепке дейінгі балалар мекмелерінің қызметкерлері, азық-түлік өндіру, сақтау және сатумен байланысты кәсіпкерлік жұмыспен айналысатын жеке тұлғалар жіті ішек инфекциялармен ауырған кезде;
2)мектепке дейінгі балалар ұйымына, балалар үйіне, мектеп интернатына баратын балалар ауырған кезде;
3) психоневрологиялық ауруханалардың, балалар үйінің, нәрестелер үйінің, қарттар үйінің қызметкерлері ауырған кезде;
4) бір аурудың дамуының инкубациялық кезеңінде 3 және одан да көп адамның науқастану жағдайы тіркелген инфекция жағдайы тіркелеген инфекция ошақтарындағы адамдар.
Ошақтарды эпидемиологиялық тексеру кезінде тағам азық-түлігінің, судың, жұғындылардың сынамалары зертханалық тексеру үшін алнады.
Дизентерия ошағында індетке қарсы шараларды ұйымдастыру әдістемесі.Дизентерия ошағында эпидемиологиялық тексеру жүргізу алдында эпидемиологиялық бөлімдегі №60 үлгідегі «Инфекциялық ауруларды тіркеу журналын, аймақтық емхана, бала-бақшалардың картотекасын талдап, аурудың айналасында соңғы кезде тіркелген дизентерия ауруларын анықтау қажет. Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың үйін тексеріп қана қоймай, ауруханаға барып, аурумен немесе оның ата-анасымен сөйлесу, қажет болса бала-бақшаны жұмыс орнын тексеріп, туыстарынан, көршілерінен де мәлімет жинап, сұрастыру керек.
Бактериологиялық тексеруге арналған материалдарды жинау мен тасымалдау.
Бактериологиялық тексеруге арналған материалдарды арнайы нұсқау алған медицина қызметкері жинайды. Нәжіс негізгі тексерілетін материал болып табылады. Тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтетін ауруларда қосымша құсықтар мен асқазан шайынды суоары тексеріледі. Науқас нәжісті шығарғаннан кейін оны стерильді шпательмен немесе алюминий сымнан жасалған тұзақпен алады.
Эшерихиоз
Эшерихиоз- (коли-инфекция) – нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, эшерирхия бактерияларының әсерінен туындайтын, антропонозды жіті ішек инфекциялық ауру.
Эшерихиоз –көбіне сәби жастағы балалар арасында кездесетін, тез өрбитін ішек инфекциялық ауру. Тез өрбитін ішек инфекциялық ауруларын шигеллез, эширихиоз, иерсиниоз, ротавирустық инфекциялар жатады. Ішек инфекцияларының барлық түрлеріне тән нәрсе жалпы организмнің улану синдромы және жергілікті организмдердің, қарын, ішек жолдарының зақымдалуынан пайда болатын белгілер (гастрит, энтерит, колит, гастроэнтероколит).
Қоздырғыштар негізі ішекте орнығады, зақымдалған организмнен нәжіспен кейде, құсық арқылы бөлінеді.
Қоздырғышы Eschericha coli - грамтеріс спора түзбейтін таяқша. Сыртқы ортада төзімді: сүтте 34 күн, ойыншықтар, заттар бетінде, 3-5 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Жоғары температура, дезинфекциялық препараттар әсерінен тез өледі.
Инфекция көзі ауру адам және бактериятасымалдаушы (өткір созылмалы).
Беріліс механизмі – нәжіс ауыз-механизмі.
Таралу жолдары: тұрмыстық заттар, тағам, су арқылы.
Инкубациялық кезең: 9-72 сағат.
Энтеропагенді эшерихиоз- ЭПЭ ауруы көбінесе сәби жатағы балалардың және шала туылған, жаңа туылғандардың арасында жиі кездеседі.
Энтерионвизиялық эшерихиоз ЭИЭ- көбіне 3 жасқа дейінгі балалар және үлкендер арасында жаз-күз айларында жиі кездеседі.
Энтеротоксикалық эшерихиоз ЭТЭ- барлық жастағы балалар және үлкендер арасында кездеседі, «саяхатшылар диареясы» деп те аталады, тырысқақ ауруына ұқсас өтеді, эксикоз белгілері басым болады.
Зертханалық диагностикасы:нәжісті, құсықты асқазан жуындысын бактериологиялық әдіспен зерттеу.
Алдын алу шаралары.12.01.2012 жылғы ҚР Үкіметінің №33 Қаулысымен бекітілген «Жіті ішек инфекциялы аурулары жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологоиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.