Тәжірибелік жұмыс. Тақырып: «Эндокринопатиялардың жалпы этиологиясы мен патогенезі
Патофизиология-2. «ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Тақырып: «Эндокринопатиялардың жалпы этиологиясы мен патогенезі. Гипо- және гипертиреоз, гипо-және гиперкортицизм дамуының патофизиологиялық тетіктері» (3сағ).
6.1.2.Сабақтың мақсаты:
1. Эндокринопатиялардың этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін қалыптастыру, топта жұмыс істеудің коммуникативтік дағдысын, әртүрлі эндокринопатиялар кезіндегі клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптаудың машықтық дағдысларын жетілдіру.
6.1.3.Оқыту міндеттері:
· Қалқанша безі және бүйрек үсті бездерінің гипо- және гиперфункциясының этиологиясы мен патогенезі бойынша білім қалыптастыру
· Қалқанша безі және бүйрек үсті бездері қызметтері бұзылыстарында клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
· топта жұмыс жасау кезіндегі студенттерде коммуникативтік дағдыны жетілдіру
6.2.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.
2. Эндокриндік бездер қызметінің бұзылысына алып келетін бездердің өзінде орналасқан патологиялық үрдістер
3. Гормондар белсенділігінің шеткері (безден тыс) бұзылуының тетіктері Периферические (внежелезистые) нарушения активности гормонов Peripheral (extra glandular) violations of hormones activity.
4. Қалқанша безі қызметінің бұзылуы. Гипотиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.
5. Гипертиреоз этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі.
6. Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі .
7. Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.
8. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері.
9. Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі
10. Гипергликемиялық және гипогликемиялық комалардың патогенезі
6.2.5.Оқыту және үйрету әдістері:
Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайысы, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, кейс-стади, сөзжұмбақты шешу, тестілеу.
Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырма. Кестені толтырыңыз
Гипотиреоз бен гипертиреоздің көріністері
Көрсеткіш деңгейі | Гипотиреоз | Гипертиреоз |
Негізгі зат алмасу деңгейі | ||
Катехоламиндерге сезімталдығы | ||
Жалпы көріністері | ||
Қандағы холестерин деңгейі | ||
Мнезі | ||
Жүрек қантамыр қызметі | ||
Асқазан ішек қызметтері | ||
Тыныстық қызмет | ||
Бұлшықет межеқуаты және рефлекстер | ||
Температураға төзімділік | ||
Терісі мен шаштары | ||
Салмағы |
№ 2 тапсырма. Кейс стади
№ 1 есеп
Қалқанша безінің ауруы бар науқасты радиоиммундық әдіспен зерттеген, қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) және тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейлері анықталды. Т4 және Т3-ң қандағы мөлшері азайған, ТТГ-ң өзіндік деңгейі жоғарылаған.
1. Алынған мәліметтер қалқанша безінің гипо немесе гиперфункциясынан хабар бере ме?
2. Дерттік үрдіс қай жерде орналасуы мүмкін?
№ 2 есеп
.Иттің бүйрек үсті бездерінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан 1 күннен кейін онда дерттік өзгерістер дамиды (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейін 3 тәуліктен соң жануар өліп қалды.
1. Ит неден өлді?
2. Бүйрек үсті безінің қай қабатының (қыртысты немесе мыйлық) гормоны жеткіліксіздігінен өлді?
№ 3 есеп
Клиникаға 25 жасар науқас Н. мұрт, сақал өсуіне, етеккір оралымының бұзылысына, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, арқасы мен аяқ-қолдарындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Тексергенде:
- Терісі жұқа, құрғақ, іші және сан терісінде қою қызыл түсті жолақтар.
- Бет, мойын, іші, кеудесінде майлардың айқын жиналуы
- Артериялық қысым 150/105 мм сын.бағ.
- Жамбас сүйегінің рентгенограммасында – айқын остеопороз
- Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия
- Кортизол деңгейі жоғарылағандығы анықталды
1. Бұл белгілер қандай бездің зақымданғанын көрсетеді? Гипофиз немесе бүйрек үсті безінің дертімен байланысты екенін білу үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?
2. Берілген көріністердің патогенезі қандай? Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз.
Біріншілік гиперкортицизм | ||
Екіншілік гиперкортицизм | ||
Үшіншілік гиперкортицизм | ||
АКТГ-ң эктопиялық өндірілуі синдромы | ||
Гиперкортизолизм Зат алмасудың бұзылысы | ||
Нәруыз алмасуы | ||
Көмірсу алмасуы | ||
Май алмасуы | ||
Су-минералдар алмасуы | ||
Негізгі көріністері | ||
Артериялық гипертензия | ||
Стероидты кардиомиопатия | ||
«Кушинг тәрізді келбет» | ||
Бұлшықеттік әлсіздік | ||
Остеопороз, сүйек деформациясы мен сынуы балаларда бой өсуінің тежелуі | ||
Іштің, иықтың, санның терісіндегі сызықтар - көгілдір түсті дистрофиялық «созылу жолақтары» | ||
Маскулинизация - әйелдерде ерлерге тән екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуы: сақал, мұрттың өсуі, дауыстың өзгеруі (барифония) | ||
Трофикалық жаралар, іріңдік зақымданулар, жұқпаға төзімділіктің төмендеуі | ||
Есеп
Ауруханаға 27 жасар науқас, әлсіздіктің үдеуіне, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, тәбетінің жоғалуына, арықтауына шағымданып, түсті. Науқасты тексергенде:
- Іштің ақ сызығы аймағының терісінде, шынтақтың бүгетін жерінде, қолтық асты ойысында, ауыз қуысының шырышты қабатында, тілінде сұр - қоңыр түсті нілдену байқалады.
- Артериялық қан қысымы 80/60 сын. бағ.б.
- Бұлшықет межеқуатының төмендеуі
- Гиперкалиемия, гипонатриемия, қанда қант мөлшері – 3,3 ммоль/л
- Қанда кортизол, зәрде кортикостероидтар деңгейі төмендегендігі анықталды.
- Қай бездің зақымдануы осы көріністерді береді? Бүйрек үсті безінің қыртысты
Қабатының
- Ауру қалай аталады? Аддисон ауруы (бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі)
- Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?
- Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз
Патогенездегі негізгі тізбегі | |
Зат алмасу бұзылыстары | |
Су -электролит алмасуы | |
Көмірсу алмасуы | |
Нәруыз алмасуы | |
Негізгі көріністері | |
Бұлшықеттік әлсіздік, шаршағыштық, адинамия | - |
Артериялық гипотензия | - |
Анорексия, лоқсу, құсу, іш аймағында ауыру сезімі | - |
Бүйрек үсті безінің тек біріншілік жеткіліксіздігіндегі кезіндегі тері мен шырышты қабаттардың гиперпигментациясы |
Глоссарий
Эндокринопатиялар – эндокриндік бездер қызметінің бұзылуы | Эндокринопатии – нарушения функции эндокринных желез | Endocrinopathy – disfunction of endocrine glands |
Моногландулалық эндокринопатиялар- бір бездің қызметінің бұзылуы | Моногландулярные эндокринопатии – нарушение функции одной железы | Monoglandular endocrinopathy – is disfunction of singular gland |
Полигландулалық эндокринопатиялар- бірнеше бездердің бұзылуы | Полиграндулярные эндокринопатии – нарушение функции нескольких желез | Polyglandular endocrinopathy - is disfunction of several glands |
Бездің гипофункциясы- без атқаратын қызметің төмендеуі | Гипофункция железы – снижение функции | Hypofunction – is decreased function |
Гиперфункциясы- без атқаратын қызметінің жоғарлауы | Гиперфункция – повышение функции | Hyperfunction – is increased function. |
Базедов ауруы (жайылмалы уытты зоб, Грейвс ауруы)-тиреоидтық гормондардың көп (артық) мөлшерде сөлденісімен сипатталатын аутоиммундық ауру | Базедова болезнь(диффу́зный токси́ческий зоб, болезнь Грейвcа) — аутоиммунное заболевание, обусловленное избыточной секрецией тиреоидных гормонов | Basedov’s disease (diffuse toxic goiter, Grave’s disease) – is autoimmune disease due to excessive production of thyroid hormones |
Кретинизм- қалқанша безі қызметінің айқын төмендеуі- нен, дене және ақыл-ойы дамуының кеш қалуымен сипатталатын, балаларда гипо- тиреоз кезінде дамитын синдром | Кретинизм – синдром, развивающийся при гипотиреозе у детей, характеризуется выраженным снижением функции щитовидной железы, задержкой физического и умственного развития | Cretinism – is syndrome at hypothyroid Childs. It is characterized by decreased function of thyroid gland, delay of physical and intellectual development |
Микседема- («шырышты ісіну») – ересек адамдарда айқын гипотиреоз кезінде дамитын синдром | Микседема ("слизистый отек") — синдром, развивающийся при выраженном гипотиреозе у взрослых. | Myxedema - condition associated with severe hypothyroidism and lack of thyroid hormone in the adults. |
Аддисон ауруы- бүйрек үсті безі қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі | Болезнь Аддисона – хроническая надпочечниковая недостаточность | Addison’s disease – is chronic adrenal insufficiency |
Конн синдромы- біріншілік альдостеронизм- бүйрек үсті безі қыртысының шумақтық аймағының аденомасы | Синдром Конна – первичный альдостеронизм – аденома клубочковой зоны коры надпочечников | Conn's syndromeis primary aldosteronism, is an aldosterone-producing adenoma of Zona glomerulosa |
Иценко-Кушинг синдромы- глюкокортикоидтардың (кортизол) артық өндірілуімен сипатталатын гормондық бұзылулар | Синдром Иценко-Кушинга – гормональные нарушения, обусловленные повышенной выработкой глюкокортикоидов (кортизол) | Cushing's syndrome is a hormonal disorder caused by high levels of glucocorticoids (cortisol.) |
Біріншілік гиперкортицизм- бездері сыртқы қабаты жасушаларының біріншілік гиперплазиясы мен гиперфункциясы (Иценко-Кушинга синдромы) | Первичный гиперкортицизм- опухоль пучковой зоны коры надпочечников –синдром Иценко-Кушинга, развившийся вследствие первичного поражения коры надпочечника (доброкачественная или злокачетвенная опухоль) - глюкостерома | Primary hypercortisolism - a tumor of the adrenal cortex -sindrom Cushing, which developed as a result of the primary lesion of the adrenal cortex (benign or malignant tumor) - glyukosteroma |
Екіншіліқ гиперкортицизм- АКТГ артық өндірілуі (Иценко-Кушинга ауруы) | Вторичный гиперкортицизм усиленное образование АКТГ (базофильная аденома передней доли гипофиза) - болезнь Иценго-Кушинга | Secondary hypercortisolism increased formation of ACTH (basophilic adenoma of the anterior pituitary gland) - Itsengo Cushing disease |
Салдарлық гиперкортицизм- бүйрекүсті бездері сыртқы қабатын сергітетіңн гормондардың гипоталамус пен гипофизде артық өндірілуі | Третичный гиперкортицизм- нарушение регуляции центральных механизмов гипотамо-гипофизарно-надпочечниковой системы-усиление образования кортиколиберинов. | Tertiary hypercorticoidism - dysregulation of the central mechanisms of the hypothalamic-pituitary-adrenal system –strengthening formation corticotropin. |
6.1.6.ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі :
1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. Оқулық – Алматы; «Эверо», 2010.-Б. 580-593
2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517
3. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. С. 433-448
4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2013 Том 2, с.- 470-522.
5. V.Kumar, A. Abbas, J. C. Aster. Pathologic basis of disease/Elsevier.- 2015.- Ch.24
Қосымша:
1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 192-228
2. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы: КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006. –С.241-254.
3. К. Порт Патофизиология, основы. Под редакцией Г.В. Подрядина.- М: ЭКСМО 2011 С 719-722, 726
6.1.7. БАҚЫЛАУ
Аралық бақылау (сынамалық тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу)
«Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар» жинағы негізінде сынамалық тапсырмалардың нұсқалары құрастырылған / Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспекова. ред, аударған редакциялаған М.Б.Байбөрі. 447-465 беттер