Жол апаты кезінде алҒашҚы медициналыҚ кӨмек

§ жол апаты кезінде алҒашҚы медициналыҚ кӨмек - student2.ru


Ең алдымен, адам қандай жарақат алғанын анықтап алуы қажет. Егер оның есі болса, онда оның өзінен сұрауына болады. Егер есі болмаса, онда оның орнын ауыстырғанша, оған қалай көмектесуді анықтау үшін ұстап көру қажет.

Егер адам жолда жатса, онда оны жолдың жиегіне немесе тротуарға басқа жолаушылармен жолда жатқан адамды байқамай қайталап соғуын болдыртпау үшін ауыстыру қажет. Зәбірленушіні көтеріп емес, сүйреп апару қажет. Оны, жасанды дем алдыру үшін кездерден басқа кезде, арқаға жатқызуға болмайды. Жараланғанның басы әрқашан да бір жаққа бұрылуы тиіс. Егер апат суық ауа райында болса, онда, зібірленушіге суық тимеу үшін жерге бірдеңе төсеуді ұмытпаңыз. Есі жоқ немесе талып қалған жарақаттанған адамды жаппайды (егер аяз бен жаңбыр болмаса), онда ол қан айналымды күшейтеді және кейбір органдардың қан айналымы зардап шегуі мүмкін.

Егер жол апатынан зардап шеккен адамды автокөліктен шығару қажет болса, онда алдымен оған жолды босатып алу қажет (есікті ашып, қажет болғанда – шыныны бұзу; қауіпсіздік бауын босау немесе кесу, аяқтарын босату қажет). Кейін ол қандай қалыпта жатыр, сондай қалыпта алып шығады (бір тұтас ретінде). Оны екеулеп жасаған дұрыс. «Жедел жәрдем» келгенше, жарақаттанушыны, егер ол ессіз немесе машинаның ішінде тоқтата алмайтын қан ағымы болған кезде, сондай-ақ, оның өміріне қауіп төнген кезде автокөліктен алып шығуы керек.

Жарақаттанған адамға оның есінің деңгейін анықтау үшін және сол кезде басын қозғалтпай кез-келген сұрақ қойыңыз: бас бармақтар – желкесінде, сұқ саусақтар – екі қапталда, ортаңғылар – жақтың төменгі жағында, шылдыр шүмек саусағы пульсты анықтау үшін ұйқы безінде болуы тиіс. Жол апаты кезінде көбінесе мойын жағы зақымдануына байланысты, мойын жағасын салу қажет.

Талу жағдайын анықтау үшін, пульсты есептеу қажет. Егер ауыр жарақат алған кезде пульс минутына 110-120 соққы берсе, онда жарақаттанғанды талған жағдайда деп айтуға болады. Егер адам ессіз жатса, онда көз қарашығының жарыққа реакциясын, демалысы мен жүрек қағысының болуын тексеру қажет. Есі, демалысы, жүрек қағысы болмаған және көз қарашығы үлкен болған кезде (клиникалық өлімнің белгілері) реанимациялық іс-шараларды жүргізеді.

ABC жүйесі бойынша реанимация
Жарақат алғанды тірілту бойынша әрекеттерді реанимация деп аталады және ол 3 сатыдан тұрады (ABC):
A. Жоғары демалу жолдарының өтуін тексеру.
B. Жасанды дем алдырттыру.
C. Жүрекке массаж.
Егер жарақаттанушы ессіз болса, онда оның басын артқа бұрып, мойындағы пульсын басып көру қажет. Демалу жолдары бітелген кезде (құсық массаларымен, қанмен, сілекеймен, құммен, тұнбамен) саусаққа байланған мәрлімен немесе таза шүбірекпен ауызды тазалау керек. Сол кезде басты бір жаққа бұрып қояды.

Жарақаттанушының дем алысы болмаған кезде оны арқасына жатқызып, басын артқа бұрып және «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» арқылы өкпеде жел беру қажет. Жасанды демалуды автоаптечкада бар құрылғының көмегімен жүргізіледі. Демалу циклдерінің жиілігі минутына 10-14. Ауаны үрлеген кезде жарақаттанушының кеудесі көтерілуі тиіс.

Егер мойын тамырларындағы пульс басылмаса және көздің қарашығы кеңейтілген болса, бір мезгілде өкпелерді үрлеумен жүрекке тура массаж жасау қажет. Жарақаттанушыны жерге немесе тақтайға арқасымен жатқызады, көмек көрсететін тізесімен жарақаттанушының кез-келген жағына тұрады және кеуденің төменгі жартысына алақанын салады (орташа сызық бойынша кеуденің төменгі жағынан 2 см жоғары). Екінші қолдың алақаны максималды жазылған қолмен (шашыраңқы орналасқан саусақ және кеуде жағына қол тигізбейді) біріншінің үстіне салады және энергетикалық қозғалыстармен (минутына 40-60) ритмді тек қана қолдың күшін ғана емес, сондай-ақ дене салмағын қолданумен кеуденің төменгі жағынан (омыртқаға қарай) басады. Қолдар тік орналасады.

Ауаны үрлеуді және жүрекке массажды кезектесіп отыру қажет: 1 үрлеу – 5 басу. Оны екеулеп, өздігінен дем алыс пайда болғанға және жүрек жұмысы қалпына келгенге дейін үзіліссіз жасаған дұрыс. Егер көмек бір адаммен жасалса, онда 2 үрлеу – 15 басу. Қарашықтың кішіреюі, ұйқы безінде пульстың пайда болуы, тері түсінің жақсаруы, өздігінен дем алуы – осының бәрі тиімді реанимация туралы білдіреді.

ЖЕР СІЛКІНУЛЕРІ

Жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-қимылы

Жер сілкінісі – табиғи апаттардың ішіндегі ең жойқыны. Материалдық шығындары жағынан бірінші және адам өлімі бойынша үшінші орында.

Зырян ауданы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан, мұнда жер сілкінісі күші 7 баллға дейін болуы мүмкін. Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына ерте бастан дайындалса, әлеуметтік-экономикалық шығындарды азайтуға болады.

Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек:

1. үйде, мектепте, кеңседе үлкен қауіп төндіретін орындарды (терезенің, бекітілмеген ауыр заттардың, шыны витриналардың маңы) ерте бастан анықтаңыз;

2. қауіпсіз аумақтарда жұмыс және ұйықтайтын орынды орналастырыңыз;

3. шығу жолдарын анықтаңыз;

4. өз жақындарыңызға жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережесін оқытыңыз. Балалармен ойын түрінде ғимараттан көшіруді жүргізіңіз;

5. Сіз үйде жоқ кезде жер сілкінісі болса, қай жерде кездесетіндеріңізді отбасыңыздың мүшелрімен ақылдасыңыз;

6. Шұғыл көшу жағдайына қажетті заттарды сөмкеге салыңыз (барлық жеке бас құжаттардың түп нұсқалары мен көшірмелері, иелену құқығына құжаттар, отбасының барлық мүшелері үшін дәрі-дәрмектер, фонарь, шағын радио, қосымша шұлықтар мен жылы киімдер, су қоры және 1-3 күнге жететін пайдалануға дайын азық-түліктер, жеке гигиена заттары). Осының барлығын ауа өтпейтіндей етіп полиэтиленді пакетке орау қажет.

Жер сілкінісі кезінде:
- Есте сақтаңыз: егер жер сілкінісі басталса – үрейленбеңіз және басқалардың үрейленуіне жол бермеңіз.
- Газды, суды, электр қуатын өшіріңіз.
- Егер жер сілкінісінің күші аз болса қорықпаңыз, тұрған орныңыздан кетпеңіз. Қатты жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші 5 және одан да жоғары) сіз ғимаратта болсаңыз:
- егер сіз ғимараттың екінші қабатында болсаңыз, ғимараттан шығуға ұмтылмаңыз;
- қауіпсіз орындарда тұрыңыз (ішкі бұрыштарда, іргелі қабырғалардың ойықтарында, бағаналар мен каркастың балкасының астында, берік партамен үстелдің астына тығылыңыз);
- Терезеден және ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз.
- Лифтіні қолданбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз: Ғимараттардан, электр желілерінен алыс ашық жерге қашыңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимараттарды жағалап жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
Егер сіз автокөлікте болсаңыз: Ашық жерге тоқтаңыз, бірақ дүмпу тоқтағанша автомобильді тастап кетпеңіз.

Жер сілкінісінен кейін:

1. сабырлылықты және абайлылықты сақтаңыз;

2. сынған шынылардан, электр желілерінен алыс болыңыз;

3. балалар мен еңбекке жарамсыздарға көмектесіңіз, айналадағыларға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз;

4. өрттің бар-жоғын, судың, газдың ағуын тексеріңіз;

- басқару органдарына өзіңіздің тұрған жеріңіз, сіздің жаныңыздағы адамдардың саны және зардап шегу сипаты (осындай жағдайда) туралы хабарлаңыз;
- ұстамды болыңыз, шұғыл қызмет телефондарының уақытын көп алмаңыз;
- көшіру және баспанасыз қалғандарды жинау орыны туралы басқару органдарының нақты нұсқауларымен ақпараттарына мән беріңіз;
- қажет жағдайда үйінді астында қалғандарды және жараланғандарды іздеуде құтқарушыларға көмектесіңіз;
- ішек ауруларының алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтаңыз;
- бұзылған ғимараттарға жақындамаңыз және оларға кірмеңіз. Қайталанатын дүмпуге дайын болыңыз, олар бірнеше тәуліктен, жұмадан, айдан кейін қайталанса да, бұл жағдайда жер сілкінісінен кейін бірінші екі-үш сағат қауіпті болып саналады. Бірінші жер сілкінісінен кейін көп уақыт өткен сайын, қайталанатын дүмпудің мүмкіндігі азаятындығы белгілі.

Жер сілкінісінің сейсмикалық салдары

Ғалымдар жер сілкінісінің баллын өзіміз анықтауға болатын сейсмикалық салдары кестесін құрды:
1 балл - адам іс жүзінде ешқандай тербелісті сезбейді. Мұндай күштегі жер сілкінісі тек құрал арқылы ғана тіркеледі;
2 балл –бұл сәтте жоғарғықабатта жүрген аса сезімтал адамдар жеңіл тербелісті сезуі мүмкін;
3 балл –жеңіл жер сілкінісі туралы айтуға болады,ілініп тұрған заттар шайқалады, мысалы, жоғарғы қабаттағы ғана емес төменгі қабаттағы да шамшырақтар;
4 балл -барлық адамдар сезеді. Ілініп тұрған заттар үлкен ауытқумен шайқалады, жиһаздардың және ондағы заттардың дірілі байқалады;
5 балл –барлық ғимарат дірілдейді. Ғимараттабарлығы жеңіл қозғалыста болады;
6 балл –еден адамдар үрейленетіндей, жиһаздар құлайтындай жағдайда солқылдауы мүмкін. Кірпіштен салынған құрылыстарда және блоктан салынған ғимараттарда жарықшақтар пайда болуы мүмкін. Тауларда сырғымалар түсуі мүмкін;
7 балл – ғимараттардатік тұру қиынға соғады,көптеген заттар орнынан құлап, еденде домалайды. Жеңіл құрылыстардың қабырғаларында терең жарықшақтар пайда болады, түтін мұржаларының опырылуы мүмкін. Кірпіштен, блоктан салынған ғимараттардың қабырғаларында және түтін мұржаларында аздаған жарықшақтар пайда болады. Панельді және темірбетонды үйлердің қабырғаларында да аздаған жарықшақтар пайда болуы мүмкін. Адамдардың арасында үрей басталады. Асфальтта жарықшақтар мен сырғымалар түзілуі мүмкін;
8 балл -адамдар әзер тік тұрады, байрайлардағы топырақта жарықшақтар пайда болады, ғимараттардың қатты бұзылады, қабырғалар бұзылады;
9 балл – адамдар жұрісінен жаңылысады, топырақта жарықшақтар пайда болады, ғимараттар бұзылады;
10 балл – ғимараттар тұтас бұзылады;
11 балл – апат (катастрофа);
12 балл – рельефтердің (ландштаф) қатты өзгеруі.

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді.

Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта тұр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

Жер сілкінісі кезіндегі

міндеттер

Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.

Үйдің

ішінде:

Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.

Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн.

Қауіпсіз

жерлер:

Үйде (ғимараттың

ішінде)

1)Босаға есік

жақтауы

2)Ішкі

бұрыш

3)Мықты

қабырға

4)Бел

ағаш

5)Ванна,

тоңазытқыш

6)Парта,стол,кереует

Далада:

1)Ашық

алаң

2)Биік

ғимараттардан

аулақ

болу


3)Биік

ағаштардан

аулақ

болу


Қауіпті

жерлер:

1)Терезе

жақтағы

бұрыш

1)Биік

ғимараттар

2)Биік

ағаштар


3)Баспалдақ

4)Лифт

5)Жиһаздар

6)Шам

жағу

қауіпті

7) Соңғы қатардағы шеткі

бөлмелер

Далада:

1)Биік

ғимараттар


2)Биік

ағаштар

3)Электр

жүйелері


4)Жер

асты

өткелі

Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.

- лифтті

пайдаланбаңыз.

- есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар.

- үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз.

- сілкініс кезінде үйге

кірмеңіз.


Автомобиль

ішінде:

- сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан

дұрыс.

- жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен

жөн.

Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып -білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді.

Наши рекомендации