Кпе абсцессі мен гангренасы, бронхоэктаз ауруы. ӨкпеҚап ҚуысыныҢ аурулары.

1. 40 жастағы науқаста клинико-рентгенологиялық деректер негізінде оң өкпенің ортаңғы бөлігінің гангренасы диагностикаланды. Емдеудегі таңдау әдісі болып табылады:

2. 25 жастағы науқас тәулігіне 700 мл-ге дейін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге шағымданады. Бала кезінде көп реет сол жақтық пневмонияға байланысты госпитализацияланған. Едәуір жақсарумен ауруханадан шығарылған, алайда көктем-күзгі мерзімде жиі ауруы өршіген. Соңғы жылы жалпы жағдайы нашарлағанын айтады: тез шаршағыштық, қан аралас қақырық мөлшерінің көбеюі, температура жоғарылауы. Қарау кезінде акроцианоз, саусақ фалангаларының «барабан таяқшалары» тәрізді өзгеруі анықталды. Тыныс алу кезінде кеуде торының сол жағының кешігуі байқалады. Перкуторлы өткір емес дыбыс қысқаруы анықталған жауырын бұрышынан төменірек тыны салу әлсіреген және жекелеген ірі көпіршікті сырылдар естіледі. Қандай ауру дамығанын болжауға болады?

3. 65 жастағы науқас гипертермияға байланысты екі апта бойы өздігінен емделген. Ауру басталуын суық тиюмен байланыстырады, одан кейін температура 38 градусқа жоғарылаған, алғашында құрғақ жөтел, кейінірек шырышты-іріңді бөліндімен пайда болды. Жағдайы біртіндеп нашарлай берді, әлсіздік артты, қалтырау және қызба пайда болды. 3 күн бұрын жөтелу кезінде бір сәтте «толы ауыздан» 200 мл жуық жағымсыз иісті қақырық шықты, одан кейін жағдайы жақсарды, температура төмендеді. Қандай ауруға күдіктенуге болады?

4. Науқаста жедел өкпе абсцесі босағаннан үш күннен кейін жөтелген кезде кеуде торының оң жақ бөлігінде өткір ауырсыну, ентігу пайда болды. Қарау кезінде кеуде торының оң жақ жартысы тыныс алудан кешеуілдейді. Перкуторлы кеуде торының оң жартысы жоғарғы бөлігінде қораптық дыбыс естіледі, ал жауырыннан төменірек тұйық дыбыс. Оң өкпенің барлық бөлімдерінде тыны салу әлсіреген. Қандай жағдайдың дамуын болжауға болады?

5. Жедел өкпе абсцесіне күдік бар науқастарда диагнозды нақтылау мақсатында ең алдымен не істеу керек?

6. Соқыр ішек обырына байланысты операция жасалған 68 жастағы науқас операциядан 16 тәуліктен кейін оң өкпенің төменгі бөлігінің диаметрі 8 см абсцесі дамыды. Сіз қандай емдеу әдісін таңдайсыз?

7. Обырға байланысты оң жақтық гемиколэктомия операциясын басынан өткерген 63 жастағы науқас операциядан 12 тәуліктен кейін оң өкпенің төменгі бөлігінің диаметрі 8 см абсцесі дамыды. Сіз қандай әдісті таңдайсыз?

8. Өкпе абсцесіне күдік кезінде ең алдымен қандай зерттеу жүргізу қажет?

9. Пневмониямен ауырған 67 жастағы науқаста жедел өкпеқап эмпиемасы анықталды. Берілген жағдайда жүргізу қажет:

10. Өкпе гангренасына не тән?

11. Науқас әйелде ұзаққа созылған оң жақтық пневмония аясында жалпы жағдайының күрт нашарлауы туындады. Рентгенологиялық оң өкпенің коллабирленуі, сұйықтықтың кең горизонтальды деңгейі және көкірекаралық көлеңкесінің күрт солға ығысуы анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

12. Қақырықты тұндырғанда үш қабат: төменгі – өкпе тінінің аралшықтары; ортаңғы-күңгірт, сұйық; жоғарғы-шырышты-іріңді, көпіршікті түзілуі қай өкпе ауруына тән?

13. Қақырықты тұндырғанда үш қабат: төменгі – іріңді; ортаңғы-серозды сұйықтық; жоғарғы-шырышты түзілуі қай өкпе ауруына тән?

14. Алкогольді масайған 40 жастағы науқас көшеде 4-5 сағат ұйықтаған. 2 күннен кейін оның температурасы жоғарылаған, кеуде торында ауырсыну пайда болды. Кейінірек температура 39 С дейін көтерілген. 2 аптадан кейін кенеттен жөтел кезінде жағымсыз иісті 200 мл жуық ірің бөлінді. Сіздің болжам диагнозыңыз?

15. 55 жастағы науқаста 2 ай бұрын клиникалық және рентгенологиялық зерттеу кезінде крупозды пневмония диагностикаланды. Антибиотктерге төзімсіздігіне байланысты негізінен физиотерапиялық процедуралармен емделген. Үш аптадан кейін қатты терлеу, жүдеу, терең тыныс алғанда кеуде торының ауырсынуымен гипертермия қайта басталды. 2 күн бұрын қатты жөтел ұстамасы пайда болды, ірің және қан аралас көп қақырық шықты, одан кейін температуралық реакция қалпына келді. Диагноз?

16. Оң өкпенің абсцесімен ауыратын науқаста кеуде торында күрт ауырсыну, ентігу пайда болды. Рентгенологиялық оң өкпенің колабирленуі, сұйықтықтың кең горизонтальды деңгейі, көкірекаралықтың күрт солға ығысуы анықталды. Диагноз?

17. Өкпе абсцесімен ауыратын науқаста пиопневмоторакстың клиникалық суреті дамыды. Осы асқынуды диагностикалағаннан кейін алғашқы тәуліктерде сіздің жасайтын әрекетіңіз:

18. Қалыптасу сатысындағы бронхқа жарылмаған жедел өкпе абсцесі бар науқасқа қандай емдеу тактикасы тағайындалады?

19. Әскерге шақырылушыда комиссия өту барысында рентгенограммада оң өкпенің төменгі бөлігінде ұяшықты сурет және сегментарлы қараю анықталды. Бронхограммада-рентгенолог қорытындысы: «жүзім шоғыры» тәрізді бронхтардың кеңеюі, деформациясы. Сіздің диагнозыңыз?

20. Жас жігітте толық саулық жағдайында кенеттен оң жақтан кеуде торының күрт ауырсынуы, айқын ісінуі пайда болды. Бозғылт, еріндерінің цианозы, тамыр соғысы жиі-120 рет/мин, толымдылығы әлсіз, гипотония, АҚ-95/50 мм с.б. Сол жақтан тыны салу везикулярлы, оң жақтан әлсіреген. Перкуторлы – қораптық дыбыс. Науқаста қандай диагноз?

21. Өкпе абсцесі кезінде неліктен өкпе тінінің шектелген ыдырауы болады?

22. Жарақат алғаннан 45 минуттан кейін ауыр жағдайдағы науқас ургентті емханаға жеткізілді. Автокөлік қағып кеткен. Қарау кезінде – бозғылт, суық тер басқан, тежелген, байланысқа қиындықпен түседі. Тамыр соғысы – 118 рет/мин, АҚ – 60/40 мм с.б. Кеуде торының алдыңғы бетінде үлкен емес соғылған жаралар бар. Кеуде торының рентгенограммасында көкірекаралықтың солға ығысуы. Сұйықтық деңгейі 4-қабырғааралыққа дейін. Сіздің диагнозыңыз:

23. Өкпе гангренасы кезінде хирургиялық араласудың көлемі мен түрі қандай?

24. Жедел спонтанды пневмотораксы бар науқасқа дәрігерлік көмек көрсету кезінде ең бірінші жасалатын шараны таңдаңыз:

25. Өкпе гангренасы мен жедел абсцестерінің дамуына қандай ауру жиі әкеледі?

26. Бронхтардың дренажды қызметін жақсартуға бағытталған емдеудің бронхологиялық әдістеріне не жатпайды?

27. Бронхоэктаз ауруы кезінде операцияға қарсы көрсетілім болып табылады:

28. Қай дренаж енжар дренаждарға жатады?

29. Жедел өкпе абсцесінің созылмалыға ауысуының мерзімін атаңыз:

30. Өкпе абсцесінің бронхқа ашылуы кезінде басым симптом болып табылады:

Эхинококкоз.

1. Мөлшері үлкен эхинококкты кистаға байланысты операция кезінде фиброзды және хитинді қабығы ашылған. Хитинді қабық құрамымен бірге алынып тасталды. Киста қуысы 2% формалинмен өңделді. Киста жиектері стома түрінде теріге тігілген, ол сәйкес:

2. Эхинококкты кистаға байланысты операция барысында кистамен бірге бауырдың жиектік резекциясы жасалды, бұл сәйкес:

3. Операция барысында эхинококкты кистаның фиброзды және хитинді қабығы ашылды. Хитинді қабық құрамымен бірге алынып тасталды, фиброзды қабығы да кесілді, гемостаз, бауыр жарасы тігілді, дренаждау, бұл сәйкес:

4. Операция барысында эхинококкты кистаның фиброзды және хитинді қабық кесілді. Хитинді қабығы құрамымен бірге алынып тасталды. Киста қуысы 2% формалинмен өңделді. Капсула тігіліп, дренаждалды. Бұл сәйкес:

5. 58 жастағы ШҚО хирург дәрігерінде УДЗ кезінде анық капсулалы бауырдың 5-сегментінде 6х4см гипонегативті түзілім анықталды. Науқас аң аулауды ұнатады, жиі аң терісін өзі өңдейді. Жарты жыл бұрын операция барысында бауыр кистасын ашқан кезде оның ішіндегі сұйықтық көзіне тиіп кетті. Жұғудың мүмкін жолы қандай?

6. Науқаста бауырдың 7-8 сегментінде 6х8 см альвеококкты түйін анықталды. Науқасқа қандай операция көрсетілген:

7. 33 жастағы науқасқа операция жасау барысында бауырдың 6-7 сегментінде мөлшері 3х4, 3х3, 4х5см жақын орналасқан бірнеше (5) эхинококкты киста анықталды. Науқасқа тиімді көрсетілген:

8.Бауыр эхинокогын оң өкпенің төменгі бөлігінің ісігінен қалай ажыратуға болады?

9. Альвеококқа байланысты операция барысында паразитарлы ісік толық емес алынып тасталды, некроздалған тіннің қалған бөлігі паразитотропты затпен (саркализин) инфильтрацияланды. Науқасқа қандай операция түрі жасалды?

10. Эхинококк ұрығы бауырға қалай түсуі мүмкін?

11. 36 жастағы науқас Н. құрсақ қуысының эхинококкозына байланысты операциядан 4 жылдан кейін қайта операцияға алынды. Операция кезінде мөлшері 8х8см и 7х5см кисталар ішек ілмектерінің арасында орналасқан, олармен болбыр жабыспақтар арқылы жабысқан. Хирургиялық тактиканы таңдаңыз:

12. Эхинококкэктомия жасалған – 5-6 сегменттерде мөлшері 15-20см киста, хитинді қабық алынған, фиброзды қабық жартылай алынған. Қалдық қуысты қалай жабуға болады?

13. Төменде аталғандардың қайсысы эхинококкты көпіршіктің қабықтары болады?

14. 53 жастағы науқас бауырдың іріңдеген эхинококкты кистасымен емханаға түсті. Емдеудің қандай әдісі аса маңызды?

15. 45 жастағы ер адамда УДЗ кезінде эхинококкты киста анықталды. Операциялық ем жоспарлануда. Төменде аталған факторлардың қайсысы бауырдың эхинококкэктомиясы кезіндегі марсупиелизацияға көрсеткіш болып табылады?

16. Тірі паразиті бар эхинококкты сұйықтық әдетте:

17. Өкпе обыры мен эхинокогы арасында ажырату диагностикасында қай әдіс аса мақсатты?

18. Бауыр эхинокогы жарылуы кезінде аса мүмкін асқыну қандай?

19. 62 жастағы науқас бауыр эхинокогы клиникасымен түсті. Қандай асқыну аса мүмкін?

20. Операция барысында фиброзды қабық ашылған, хитинді қабық құрамымен бірге зақымдамай алынып тасталды. Киста қуысы 2% формалинмен өңделді. Кистаның жұқарған беткей қабырғасы фиброзды капсуламен бірге кресттәрізді кесілген және киста түбіне қарай күлте тәрізді тігілген, дренаждалған. Қайсысы сәйкес келеді?

21. Капитонаж ұғымына қандай анықтама аса сәйкес келеді?

22. Науқаста ультрадыбыстық зерттеу кезінде бауырдың сол бөлігінің эхинококкты кистасы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қандай иммунологиялық диагностика әдісін жүргізу аса қажет?

23. Бауыр эхинококкозына күдік бар науқас түсті, диагностикаға қандай қосымша зерттеу әдісі аса тиімді:

24. Науқас әйелде іріңдеген бауырдың эхинококкты кистасы. Қандай операция жасаған жөн?

25. Эхинококкэктомия жасалды - мөлшері 15-20см киста бауырдың оң үлесінің төменгі бетінде орналасқан, хитинді қабығы алынған, фиброзды капсула жартылай алынған. Қалдық қуысты қалай жабуға болады?

26. Өкпе обыры мен эхинокогын ажырату үшін қандай зерттеу әдісі аса маңызды?

27. Бауыр альвеококкозымен науқас түсті. Қандай операция радикальды болып табылады:

28. 35 жастағы науқаста лапароскопия кезінде 3-4-5 сегменттердің альвеококкты түйіні бар екені, механикалық сарғаю анықталды. Қандай операциялық араласу көлемін таңдауға болады?

29. 21 жастағы науқаста 6-7-8 сегменттерде орналасқан эхинококкты киста анықталды. Ену жолының тиімді нұсқасын таңдаңыз:

30. Бауыр эхинококкозының мүмкін асқынуы:

Наши рекомендации