Дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу
86. Кенттік дезинсекция кезінде объектілердегі жұмыс оларда жәндіктердің болуына алдын ала тексеру жүргізуден, түрлерін айқындаудан, олардың саны мен қоныстану орындарын анықтаудан басталады.
87. Өңдеу жиілігі нысаналы түрлердің экологиясына және биологиялық ерекшеліктеріне, объектілердің санитариялық жағдайына және оларға жәндіктердің орналасу деңгейіне, қолданылатын дезқұралдардың сипаттарына қарай айқындалады.
88. Өңдеуді жәндіктердің ұрықтануы (ұшар) алдында тікелей не содан кейін дереу жүргізіледі.
89. Кенттік дезинсекция тиімділігінің негізгі көрсеткіші жәндіктерден тазартылған ауданның артуы, шыбындарға қарсы күрес кезінде – дернәсілдердің, қуыршақтардың болмауы және олардың сандарының азаюы болып есептеледі.
90. Жәндіктерге және басқа да буынаяқтыларға қарсы өңдеудің үш түрі қолданылады:
1) жаппай өңдеу – жәндіктердің нысаналы түрлері орналасқан барлық үй-жайларда және оларға іргелес аумақтарда кенттік дезинсекция кезінде жүргізіледі;
2) кедергілік өңдеу – белгілі бір аумақтың айналасына қорғаныш аймақтарын құру. Белгілі бір аумаққа жәндіктердің кіруіне кедергі келтіретін кедергіні құру қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл ретте, ашық стациялардағы, кеміргіштердің індеріндегі, ашық су қоймаларындағы және т.б. өсімдіктер өңделуі мүмкін. Кедергілік аймақтың ені нысаналы түрлердің экологиясы мен қауіпті нозологияның ерекшеліктерімен, сондай-ақ тұрғындардың жаппай көшуінің алыстығына байланысты айқындалады;
3) микроошақтық өңдеу – инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақтағы дезинсекциялау. Таралуына жәндіктер қатысу мүмкін инфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі.
91. Бақылап тексеру кезінде егер, жәндіктер бір ай ішінде үй-жайлардың бірінен де байқалмаса, объектіні «жәндіктерден тазартылғандар» қатарына жатқызады. Тірі бірен-саран жәндіктер табылған кезде объект «қоныстанған» санатына ауыстырылады және қайта өңдеу жүргізіледі.
92. Егер объекті ауданының кемінде 20 %-ында жекелеген жәндіктер мен олардың жиналуы анықталған болса, ғимараттарға (немесе жапсарлас салынған объектілерге) жәндіктердің орналасуы жоғары деңгейде деп есептеледі.
93. Өңдеулердің тиімсіздігі анықталған жағдайда, олар орындаушының есебінен қайта жүргізіледі.
94. Масаларға қарсы өңдеу олар қыстақтан ұшуы алдында немесе алғашқы генерациясы алдында тікелей жүргізіледі, жылытылатын жертөле үй-жайларында өңдеу жыл бойы жүргізіледі.
95. Шыбындарға қарсы күресте негізгі іс-шаралар олардың көбею орындарын өңдеу болып табылады. Шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін топырақ қоқысжинағыштардың, кәріз жүргізілмеген дәретханалардың, санитариялық-аула қондырғылар айналасындағы асфальт төселген алаңдардың, қи үйінділерінің жиегінен 30-50 см және 80 см-ден астам қашықтықта ларвицидтермен өңделеді.
96. Жүйелі деларвациялық (шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарына қарсы бағытталған) жұмыстар дернәсілдердің алғашқы жазғы генерациясының І және ІІ сатыларының пайда болуы кезінде көктемде басталады және ол жазғы кезең бойы жалғасады. Қоқыстағы, қидағы, топырақтағы шыбын дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін инсектицидтер субстраттың тереңдігіне ену үшін ерітінділер, эмульсиялар түрінде қолданылады.
97. Гнус компоненттеріне, экзофильді түрлерге қарсы ашық аймақтарды өңдеу жүргізу кезінде жағалауға жақын барлық су қоймаларына, қорғалатын объекті аумағындағы (елді мекен, адамдардың үлкен ұжымы жұмыс істейтін орын), сонымен қатар оның айналасындағы (қорғаныш аймағы) жаппай көбею орындарына деларвация жүргізіледі. Ландшафтқа, аумақта өсімдіктің көп шығуына, гнустың ұшу қашықтығына байланысты қорғаныш аймағының ені 1 км-ден 6 км-ге дейін және одан да астам радиуста болады.
98. Шыбындарға қарсы орындалған іс-шаралардың тиімділігін бағалау өлшемі шыбындардың бөлме және экзофильді түрлері санының маусымдық көрсеткіші болып табылады.
99. Санын есепке алу шыбындардың белсенділік кезеңінде 3-10 күнде бір рет тәулік ішінде жүргізіледі, үй-жайларда 20 шаршы метрге (бұдан әрі – м2) 1 жолақ есебімен жабысқақ жолақтар көмегімен, көбею орындарында торлы шыбынұстағышпен аулау көмегімен жүргізіледі. Тиімділік қанатты шыбындар болмаған кезде, (бір тәулікте) 1 стандарт жабысқақ қағазға орташа алғанда саны 1 данадан аспаған кезде қанағаттанарлық деп есептеледі. Кәріз жүргізілмеген жеке құрылыстар басым учаскелер мен ауылдық жерлер үшін – 3-5 данадан.
100. Объектілердегі дезинсекциялау іс-шараларының тиімділігін бақылауды халықтың санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомтствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары жүзеге асырады.
101. Іс-шаралардың тиімділігін айқындау қанатты шыбындардың, сондай-ақ көбею орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтардың санын есепке алу арқылы жүргізіледі. Елді мекендегі қызмет көрсететін объектілердің кемінде 5 %-ы есепке алынуға жатады.
102. Егер өңдеуден кейін барлық әдістермен бақылау жүргізу кезінде бір ай ішінде жәндіктер табылмаса, жою іс-шараларын жүргізу тоқтатылады.
103. Объектілерде масаларға қарсы дезинсекциялық іс-шаралардың тиімділігін бақылау пайдаланылатын дезқұралмен, өңделетін бетінің типімен айқындалатын мерзімде жүзеге асырылады. Тиімділік бірен-саран даналар тіркелген кезде қанағаттанарлық деп саналады, есепке алу «ашық қол әдісімен» 20 минут ішінде жүргізіледі.
104. Дернәсілдерге қарсы іс-шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші қорғалған объектілердегі қанатты масалардың саны болып табылады, масалардың дернәсілдері мен имагосын өңдеуден кейін 5-7 тәулік ішінде анықталуы жертөленің 1 м2 шаққанда қанатты масалардың 1 дарақтан аспауы тиіс.
105. Қорғаныш аймақтарын құру кезінде ашық аумақтарда, кеміргіштердің індерін өңдеуде жүргізілген гнустерге және кенелерге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау өлшемі дезинсекциялауға (деакаризацияға) жататын аумақты 100 % қамтыған кезде өңдеуден кейін бір тәулік өткен соң жәндіктердің (кенелердің) кемінде 80 %-ы қырылуы болып табылады.
106. Жертөледегі масаларға қатысты дезинсекция тиімділігінің көрсеткіші сынамаларда тірі дернәсілдерді өңдегеннен кейін 3-5 тәулікте болмауы және қанатты масалардың орта есеппен 1 м2 шаққанда 1 дарағының болуы болып саналады.
107. Үй-жайларда бүргелерді жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде еденнің үстіне 10 м2-ге 2 қағаз есебімен жабысқақ қағаздар (20х30 сантиметр) пайданылады. Егер тәулік ішінде 1 қағазға екі бүргеден артық түспесе, жәндіктер «бірен-саран» болып есептеледі, 3-тен 10-ға дейін кездессе, – «бүрге көп», ал 10-нан артық бүрге кездессе, «бүрге өте көп» деп саналады.
108. Төсек қандалаларын жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде олардың неғұрлым болуы мүмкін жерлері қаралады, қарау нәтижелері мынадай болып жазылады: «бірен-саран жәндік», «жәндіктердің жиналуы» деген жазбалар, ал қандалалар болмаған жағдайда «жәндіктер анықталмады».
109. Педикулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде өңдеуден кейін жәндіктер мен сіркелердің мүлдем болмауы қанағаттанарлық көрсеткіш болып саналады.