Муковисцидоз, өкпенің қабыну аурулар және БЛД
Бұндай балалар ауру өршімей тұрған кезінде вакцинацияның толық курсын алады (антибактериялық терапия фонында да). Оларды қызылшаға және грипке қарсы егу өте қажет. Бронхылық-өкпелік дисплазия (БЛД) вакцинация жүргізуге кедергі емес. БЛД бар балаларды грипп, пневмококтық, Хиб вакциналарымен егу аса қажет.
Эндокриндік патология
Диабетпен науқастар жұқпаларды тез қабылдағыштымен және иммундық жауап сипатымен ерекшеленеді: мысалы пневмококтық инфекция дені сау адамдармен салыстырғанда ауыр өтеді (летальділік-17-42 %).
Диабет білінбей тұрғанда егілгендерде 3 типті поливирусқа, дифтерияға, қызылшаға, паротитке қарсы антиденелер титрі төмен болады. Қызылшамен ауырғандардың 11% антиденелер анықталмайды [91]. Диабеттің компенсациясы кезінде жүргізілген вакцинация тиімді және қауіпсіз болып шықты. Бұл деректер диабетті қарсы көрсеткіштер қатарынан шығаруға мүмкіндік береді. Диабетпен науқастарда эпидпаротит және гепатит А-дан сақтандыру аса маңызды
Диабетпен науқастарда липодистрафия қаупін ескере отырып, келесі жағдайларда егілуі тиіс.
Ø жағдайы қанағаттанарлық, ашқарында қандағы қант деңгейі 10 ммоль/ л аспаса;
Ø күнделікті гликозурия -10-20 г/ тәул аспаса;
Ø қалыпты диурез және несепте кетондық денелер болмаса;
Ø вакцинациядан кейін қант алмасуы бақыланатын болса.
Адрено – генитальдық синдром
Преднизалонмен терапия, ал тұз-жоғалту формасына – дезоксикортикостерон ацетатымен терапия (бұны аурулар өмір бойы қабылдайды). Иммуносупрессияны туындатпайды және кез-келген вакцинамен егілуіне бөгет болмайды. Қажет болса стероидтар дозасы көтеріледі.
Гипотиреоз, жыныстық даму бұзылыстар, ішкі секреция бездерінің басқа аурулары бар балалар иммунды –тапшылық белгілері болмаса – барлық вакциналармен егіледі.
Ан ұю жүйесі аурулары
Гемофилиякезінде иммундық жүйе қызметі бұзылмайды, қауіп көзі- бұлшықеттік иньекция кезінде қан ағу және қан инфекциялар даму мүмкіндігі (гепатит В). Қан ағу қауіпін азайту үшін оларға вакцина тері астына қол мен аяқ сыртына енгізіледі, бірақ бұлай енгізу АКДС, ГВВ, Хиб вакциналарына иммундық жауап төмендеуі мүмкін. Сондықтан бұл вакциналар білек бұлшықетіне енгізіледі.
Гемофилиямен науқасқа бұлшықетке вакцинаны енгізу қауіпі болмайды, егер егуден кейін кешіктірмей қою ұю факторы ендірілсе. Бұлай істеу тек өлі вакциналарға қатысты. Тірі вакциналар қан ұю факторларында антиденелер болатындықтан –әдеттегідей 6 апта өткесін енгізіледі. ГВВ тері астына енгізгенде иммуногендігі төмендейтіндіктен оны ұю факторы құйылғаннан кейін бірдей енгізу қажет.
Иммундық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП)
Көбіне баланың 1- жасында дамиды, бұндай балаларға вакцинаия курсын жүргізу тек тұрақты ремиисия кезінде жүргізіледі.
ИТП-сы бар балалардың 80% астамы 9-12 айлық мерзімде сауығатындықтан және қайталамайтындықтан олар осы мерзім өткесін және тромбоциттер саны тұрақты қалыпқа түскесін өлі вакциналармен (Аа КДС,АДС, АДС-М, ГВВ) егіледі.
ИТП тірі вакциналар үшін қарсы көрсеткіш болып табылса да, оларды енгізгеннен кейін тромбоцитопения дамуы мүмкіндігін ескеріп (қосарласа тромбоциттерге қарсы аутоантиденелер даму мүмкіндігін де), тірі вакциналарды үлкен сақтықпен жүргізу керек (аралары өлі вакциналарға қарағанда ұзақ болуы тиіс). Бұл жағдайда қабынуға қарсы және мембрана – тұрақтаушы препараттар егуге дейін және кейін де тағайындалады.
Қызылша моновакцинасына (не ҚҚП-ға) қайта тромбоцитопения даму мүмкіндігін еске ала отырып, оларды қайта енгізуге (ревакцинация) үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
Созылмалы ИТП бар адамдарды вакцинациялау-жеке науқасқа қатысты шешіледі.
Туберкулез
Туберкулез қарсы көрсеткіштер тізіміне кірмейді. Туберкулиндік сынама виражбен көрінетін және инфекциямен зарарланған балаларды бірқатар авторлар химиопрофилактика курсы аяқталысымен, ал туберкулездің басқа формаларымен науқастарды санаториялық емделу кезінде егуді ұсынады. Туберкулезбен зарарланған балалар барлық Күнтізбелік және пневмококтық вакцинаны жақсы көтереді, осы себепті вакцинаны кейінге қалдыру – тек аурудың жіті (бастапқы) кезінде орын алуы тиіс. Ресми қолдау тапқан Келесі ұсыныстар:
• Гепатит В және анатоксиндер туберкулезбен зарарланған балалар үшін реактогендігі аз, оларды денсаулық күйінде ауытқулар болса да пайдалануға болады.
• Туберкулезбен зарарланғанды қызылшаға, қызамыққа, эпидпаротитке қарсы, химиопрофилактика курсы аяқталған бойда, ревакцинациялау қауіпсіз және тиімді.
• Балаларға туберкулез санаторийінде емделу кезінде АДС-Манатоксиннің бустердозасын енгізу – реакциялар туындатпайды және антиденелердің жоғарғы титрде түзілуін қолдайды.
• Туберкулезбен зарарланған балаларды грипке қарсы вакцинациялау қауіпсіз және емдеудің кез-келген сатысында жүргізуге болады, оларды Пневмо-23 вакцинасымен бір мезгілде егу –ЖРВИ жилігін азайтады.
• Туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау –спецификалық иммундық жауап қалыптасуына әсер етпейді және вакцинация жүргізуге кедергі бола алмайды.