Ан тоқтату әдістері

Капиллярлардан қан өте аз мөлшерде ағатын болғандықтан , тоқтату қиынға соқпайды.

Саусақпен басып немесе таңу салу арқалы тоқтату қажет.

Егер ұзақ уақыттар бойы капиллярдан қан ағатын болса жалпы ағзаның әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін.

Көк тамырдан қан кету адам өміріне өте қауыпты , себебі қан тамырына ауа өтіп эмбалия қаупі туады .

Қан баяу ағатын болғандықтан қатты қысып таңу арқылы тоқтатуға болады.

Барлық қан кетулер ішінде қызыл тамырдан кеткен қан өте қауыпты , себебі қан шапшып қатты екпінмен ағатын болғандықтан, қансырау нәтижесі тез болып өлімге әкеп соғады.

Зақымданған тамырдан жоғары жерден саусақпен басып қысып тұратын таңғыш салады. Ірі тамырлар зақымдану кезінде қан тоқтату үшін жгут салынады.

Жгут салынысымен салынған уақытын қағазға жазып, қыс айларында 1-1.5 сағат, ал жазда 2 сағаттан кейін алынып тасталып немесе ткандер өліп қалмас үшін босатып отыру қажет.

Іш қуысына қан кету , көбіне ішке соққы тиіп бауыр мен талақ зақымданғанда болады.

Әйел адамдарда бала жатырдан тыс біткен жағдайларда болуы ықтимал . Ішке қан кету кезінде зақымданушы іштің қатты ауырғанына шағым жасайды. Ішке суық басады, су және тағам ішкізуге болмайды.

Адам 1.5 л қан жоғалтқан жағдайда өз өміріне қауіп төнеді. Жарақаттанушы әлсіреп, тамыр соғысы баяулап, сыртқы жамылғы тері қабаттары бозарып, суық тер ағады.

Ағзадағы тіршілікке маңызды мүшелерге ауа жетпей , жалпы зат алмасуы мен ми қызметі бұзылады.

Алғашқы көмек көрсету аққан қанды тоқтатуға бағытталады, содан кейін ас- қорыту жолдары зақымданбаған жағдайда ыстық шай беріледі. Зардап шегушіні шалқасынан жатқызып , басын төмен түсіріп және қол- аяғы көтеріңкі жағдайда болуы тиіс.

Мұндай жатқызу нәтижесінде бас миына қанның келуі бұзылмайды.

Одан кейін жарақаттанушыны дереу емдеу орнына жеткізеді.

III. Буынның созылуы. Сүйектер сынуы.

Жарақаттанулар мен қатар буынның созылуы және шығып кетіуі өте жиі кездесетін зақымдану түрі.

Сіңір созылуы сүрініп құлау немесе қатты соғылу нәтижесінде болады. Зақымдану кезінде міндетті түрде ауырғандық сезімді жою үшін, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі.

Ол үшін аяқты созылмалы дәкемен буып байлап , емханаға жеткізу қажет.Буын шығып кету, сіңір созылуы мен салыстырғанда ауыр зақымдану түрі , биіктен құлау соғылу және оқыс қозғалулар кезінде болады.

Сүйек орналасу ойығынан шығып бір - біріне тиеді.

Әсіресе иық буыны жиі шығып кетеді, мұнда зақымданушы ауырғандық сезімге шағым жасап зақымданған иығын қозғай алмай қалады. Буыннан сүйек тайып кетуінде міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет .

Сүйектердің анатомиялық бір тұтастығының бұзылуы, кұлау соғылу және ауыр заттармен соққы беру нәтижесінде болады.

Сүйек сынуы жабық және ашық деп екіге бөлінеді. Жабық зақымдану дегеніміз қандайда болмасын сырттан әсер еткен күштің нәтижесінде , тері қабаттарының анатомиялық біртұтастығы сақталып, бірақ сүйектердің сынуы қисауы және ауырғаңдық сезімнің болуы тән.

Ашық сынықтарда тері қабаттары жыртылып, сүйек сынықтары сыртқа шығып тұрады.

Мұнда жарақатты таңу сияқты көмек көрсетіп , одан кейін дереу емханаға жеткізіледі.

Иммобилді тасымалдау.

Сүйек сыныуы және зақымданулары мен жарақаттарда, зақымданған дене бөлігіне ыңғайлы жағдай жасап емдеу орнына жеткізу ушін алғашқы медициналық көмек негізі болып шин салу табылады. Зақымданушыға ыңғайлы жағдай жасау ауырғандық сезімді азайтып, шок, қолапстың алдын алып және инфекция түсу қауіпін азайтады. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету негізінде дұрыс иммобилизация жасау зақымның тез жазылып кетуіне жағдай жасайды.

Иммобилдеу құралы ретінде жіңішке ұзын таяқшалар немесе арнайы шиналар салынып, зақымданған аяқ- қолды қозғалмайтындай етіп сыртынан дәкемен таңып тастайды.

Шина денеге батып кетпес үшін , алдымен жұқа етіп бір қабат мақта төсейді.

Басты таңу кезінде айналдырылып иектен байланып, содан кейін зембіл тұтқасына дәкенің бір ұшы қозғалмайтындай етіп байлананады.

Егер зақымданушы ессіз болып, тілімен тұншығып қалмас үшін , басын бір жақ бүйірге бұрып байлайды. Мойын зақымдану кезінде басты таңғаңдай етіп байлайды.

4. Жәндіктердің шағуы:

Жәндіктердің шағуы кезінде ағзаға әртүрлі бактерия өтіп инфекциялық процесс туады. Егер адамды ара шаққан жағдайда бірінші кезекте "у" жіберу аппаратын алып тастап , содан кейін саусақпен басып жарадан уы шығарылады. Шаққан жерге иод тұнбасы немесе нашатр спиртінің тұнбасы араластырылған ерітіндімен сүртіледі. Маса шағып алған жағдайда шаққан жерді нашатр сипртімен немесе сабынды сумен сүртеді Шаққан жер ісіп кетен жағдайда компрес басылады. Егер ара тілді шағып алатын болса өлім жағдайына әкеп соғуы мүмкін .

Жылан шағуы.

Улы жыландар ішінде қарапайым "гадуканың" шаққаны өте қауіпті . Шаққан жерден қан шығып тұратын екі нүкте көрінеді, бұл жыланның тістерінің іздері. Гадуканың алдыңғы екі тістері үстінде "у"толы қапшық болады. Шағу кезінде « у» жара өзегіне төгіледі. Шаққан жерден "у" әрі қарай лимфа бойымен басқа мүшелерге тарайды . Жылан шаққан жерден жоғары қол орамлы немесе белбеумен тартылып , удың қанға бірден өтіп кетпеуіне бөгет жасап, жара айналасы саусақпен басылып , шама келгенше уланған қанды көп мөлшерде сыртқа ағызып, содан кейін жараны марганцопка қышқылы ертіндісімен жуады да таңып тастайды. Зардап шегушіге көп мөлшерде сұйықтық ішкізіп дереу емханаға жеткізеді. Хайуандардың шабуыл жасап тістеп алуы жағдайында әсіресе жабайы мысық және түлкі сияқты аңдар шабуылынан кейін " құтыру " қауіпі туады. Мұндай жағдайда жараны "гадюка" шаққан кездегідей өңдеп және дереу емханаға жеткізу қажет. Жараға түскен бөтен зат біріншіден инфекция түсіреді , екіншіден ине , шыны және темір сынықтары заттар қосымша ауырғандық сезімді күшейтеді. Алғашқы көмек көрсетуде бөтен зат алынып тасталып содан кейін 3 % водород перекисі құйылады. Шөгір және т.б. саусақпен ұстап алып тастауға қиындық соғатын заттарды жарадан пенцитпен алады. Егер жараға кірген зат үлен мөлшерде болып және тамырларға өмірге маңызды жерге кірсе, алғашқы көмек көрсетуде тисілмей кейін емханада маман алып тастайды. Егер көзге құм қиыршығы сияқты ұсақ заттар түсіп кетен болса таза орамал шетімен сүртіліп алынады. Кейбір жағдайларда көзге түскен ұсақ затты таза су тамызып алып тастауға болады. Егер бала мұрнына моншақ тасы, түйме т.б. заттар айбайсызда кіргізіп алатын болса кеңсірікке өтіп ауа жолдарын жауып қалу қауіпі туады. Мұндай жағдайда зардап шегушінің сау танау тесігі саусақпен жабылып, одан сіңбіруі арқылы бөтен заттың сыртқа шығуына жағдай жасалынады. Мұндай тәсілдерден кейін зат сыртқа шықпаған жағдайда, баланың аузымен дем алуын сұрап дереу емханаға жеткізіледі. Тыныс алу жолдарында өткен бөтен заттар зардап шегушінің тұншығуына әкеп соғады .Тамаққа балық сүйектері, тиын және бұршақ дәні тұрып қалған жағдайда кеңсірікке өтіп кету қауіпі туады. Ал кейбір жағдайларда өте ұсақ бөтен заттар бронхыларға өтуі әбден мүмкін. Мұндай жағдайда тітіркенуден кейін ағзаның қорғаныс реакциясы жөтелу байқалады. Жөтелу кезінде бөтен зат сыртқа шығатын жағдай болатын болса дыбыс бұлшық еті тітіркеніп , ірі заттар тұрып қалған жағдайда кеңсірік толық жабылып қалады . Алғашқы көмек көрсету кезінде зардап шегуші оқыс жөтеледі, егер онда шықпайтын болса орындыққа шалқайтып отырғызып тамағына кірген затты алып тастайды. Егер мұндай әдістерден көмек болмаса дереу емханаға жеткізу қажет.

Ас қорыту мүшелеріне бөтен затар тағаммен өтуі мүмкін. Ірі және өткір заттар асқазан мен тамырларды зақымдап көлемі кішкентай заттар ас қорыту жолына ешбір асқынусыз өтуі мүмкін. Ірі затар шекте тұрып қалып бітейді, мұндай жағдайда ас қорыту жолдарын ашу үшін зақымданушыға піскен картоп капуста және жұмсақ нан жегізіледі. Бөтен зат жұтылғаннан кейін зардап шегуші ас қазаның ауырғанына шағым жасайтын болса дереу емханаға жеткізіледі. Тұншығу ауа өкпеге жетпеген жағдайда болады. Мұнда дыбыс қуысы, кеңсірік бөтен заттармен жабылып қалады. Оттегі ағзаға жетпеген жағдайда тұншығу басталады. Тұншығу зақымданушының кеудесі заттар астында басылып қалу жағдайында көлік апаттары негізінде тікелей өкпелер зақымдануында болады. Тұншығудың тағы бір себебі жүрек әлсіз болып қанды толық айдай алмаған жағдайда болады. Көп жағдайларда тұншығу ауыр науқастар нәтижесінде бас миы қызметі бұзылғанда және тыныс алу жолдары бөлек заттармен жабылып қалған жағдайларда, алғашқы көмек көрсетуде бірінші кезекте зардап шегушінің жедел тұншығуын анықтау қажет. Көмек көрсету өмірге қауіп төндіретін факторларға бағытталады.

Қорқу, ауыр жарақаттандыратын зақымданушыларда және көп мөлшерде қан кетіп ағзаға қауіп төнген жағдайда болады.

Үнемі әсер ететін зақымдаушы фактор адам ағзасының қорғаныс қабілетін бұзып жалпы қан айналысын тыныс алу және зат алмасу процестерін бұзып, орталық жүйке жүйесіне салмақ түсіреді. Қорқу ағзада өтетеін өте ауыр реакция қорқу зақымданудан кейін бірден немесе 2 – 4 сағат ішінде ағзаның қорғаныс қабілеті әбден бұзылғанда байқалады.

Зардап шегуші қорқу кезінде есінен танып қоршаған орта мен уақыты бағдарлай алмайды , тыныс алу мен тамыр соғысы жиілеп және қан қысымы төмен түседі.

Жарақаттану нәтижесінде ауыр қорқу жағдайына түскен зардап шегушінің бет- әлпеті көгеріп, құсып және өздігінен зәр мен нәжіс бөлінеді. Мұндай жағдайда көмек көрсетілмесе зардап шегушінің өлуі қауіпі туады.

Алғашқы көмек көрсету зақымдану түріне байланысты егер, қан кетіп жатса қан тоқтату, сынған аяқ - қолды иммобилдеп таңу т.б. мүмкін болса жансыздандыратын дәрі егіп жылы орап, басын төмен салып шалқасынан жатқызады. Егер зардап шегуші құсатын болса су беріледі, тек іш қуысы зақымданғанда сұйықтық ішкізуге болмайды. Емдеу орнына жеткізу өте ұқыптылықпен жүргізіледі. Шоктың алдын - алу үшін зардап шегушіге тынштық жағдайын жасап жылы орап ауырғандық сезімді азайтып көп мөлшерде (асқазан жарақаттанған жағдайда, сұйықтық ішкізуге болмайды) сұйықтық ішкізіп және жедел емдеу орнына жеткізу. Зақымдану тек шокпен емес жүйкеге салмақ салумен де өте қауіпті. Сезімтал адамдарда ренжу, қынжылу және зақымданулар кезінде естен тану мүмкін . Қысқа мерзімде естен тану миға қан келуінің тежелуінен болады. Мұндай талу барысында зардап шегушінің беті көгеріп және суық тер шығады. Естен тану кезінде шапшаң көмек көрсету қажет, ол үшін миға қан жақсы жүруі үшін аяқтары жоғары көтеріледі, таза ауа жіберіліп еркін тыныс алу үшін мойыны және кеудесін қысып тұрған киімдерден босатады.

Естен таңу кезінде зақымданушы қимылсыз жатып сұраққа жауап бермейді және уақытпен қоршаған орта құбылстарына жауап қайтара алмайды. Ұзақ уақыт естен тану әртүрлі себептерге байланысты, бірақ ең бастысы сезімталдық орталғының жұмыс қабілетінің бұзылуына байланысты. Бас миының зақымдануы тікелей зақымдану нәтижесінде қан ұюы, тоқ соғу, улану және миға жанама әсереткенде қанның толық жетпеуінен, есеңгіреу шок жағдайы тежеп қан айналу орталықтарының зақымдануынан болады. Сондай – ақ ұзақ уақыт естен тануда қанда оттегі азайып тұншығу, зат алмасуының бұзылуы және қант дибеті сияқты науқастарда болуы ықтимал. Естен тану кезінде басты өмірге төнетін қауіп тыныс алудың әртүрлі себептерге байланысты тоқтап қалады. Алғашқы көмек көрсету кезінде қандай фактор өмірге қауіпт төндіретін болса соны жою қажет болады. Тыныс алу жолдары бөтен заттардан тазартылып еркін демалуға жағдай жасалып зақымдану ошағынан алып шығып содан кейін тірілту шаралары жасалынады. Зардап шегушіні тірілту үшін шаралар негізгі екі бағытта жүргізіледі. Тыныс алуды қалпына келтіру және жүрек қызметін жандандыру бағытында жүргізіледі. Жасанды тыныс алдыру дегеніміз жасанды әдістермен өкпеге ауа жіберу. Бұл әдіс өкпеге таза ауа еркін өтуі үшін жасалынады. Ең тиімді әдіс "ауыздан ауызға" әдісімен зардап шегушінің өкпесіне бір жарм литрге дейін ауа жіберіледі. Зардап шегушіні шалқасынан жатқызып мойнынан құшақтап аузы мұрны артқа шамамен шалқайтатындай етіп сол алақанды маңдайына қойып көмек көрсетуші терең тыныс алып оны зардап шегушінің аузына үрлейді. Ауаның өкпеге жеткеннін көкірек клетасының көтерілгенінен білуге болады . Кішкентай балаларға жасанды тыныс алдыру бір мезетте аузымен мұрнына үрлеу мен жасалынады. Өкпеге ауа жіберу бір қалыпты ретпен минутына 16-19 ретке дейін үрленеді. Жасанды дем алу"ауызбен мұрынғада" жасалады. Егер зардап шегушінің ауыз - мұрны зақымдалып өкпеге ауа жіберуі мүмкіндігі болмаған жағдайда көкірек клеткасын сығып- жазып дем алдырады. Ол үшін зардап шегушіні шалқасынан жатқызып, бірінші қолдарын кеудесіне айқастрып сосын екі жаққа жазады.

ӘДИБИЕТТЕР:

1. Бурназян А.И. Руководство по организации медицинского обеспечения при массовых поражениях. М. Медицина, 1971г.

2. Латгун В.Н. Основы безопасности жизнедеятельности. М-Дрофа, 2002г.

3. Сафонова А.Г. Учебное пособие для подготовки медсестер. М. Медицина, 1980г.

4. Садыков К.И., Баймуханов М.Г. Учебное пособие по «основам безопасности жизнедеятельности» Караганда-2008г.

5. Садыков К.И., Баймуханов М.Г. Учебно-методическое пособие по «Военно-медицинской подготовке» Караганда-2008г.

Наши рекомендации