Тақырыптық жоспары. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Фармация ісін басқару және ұйымдастыру кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән:«Медициналық және фармацевтикалық тауартану»

Пән коды:MFT 3216

Мамандық:5В110300 «Фармация»

Оқу сағатының көлемі (кредиттің):135 / 3

Курс:3

Оқу семестрі:6

Кафедрасы мәжілісінде талқыланып бекітілді

Хаттама № __ «___» ____20___ ж.

ФІҰБ каф.меңгерушісі,

фарм.ғ.д., профессор _________ Шертаева К.Д.

Шымкент – 2016

Құрастырғандар:каф.меңг., фарм.ғ.д., проф.Шертаева К.Д.

доцент м.а. Шимирова Ж.К.

1.7. Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Шертаева К.Д. – ФІҰБ кафедрасының профессоры, фарм.ғ.д. Ғылыми мектебі бар, басты ғылыми жетістіктері; фармацевтикалық нарықтағы маркетингтік зерттеу жұмысымен айналысады, 250 ғылыми жұмыстардың авторы.

E-mail: [email protected]

2. Шимирова Ж.К. – ФІҰБ кафедрасының доцент л.а., фарм.ғ.к. басты ғылыми жетістіктері; фармацевтикалық нарықтағы маркетингтік зерттеу жұмысымен айналысады, 100-ке жуық ғылыми жұмыстардың авторы.

E-mail: [email protected]

1.8. Байланыс ақпараты:

Кафедраның мекен-жайы: Әль-Фараби алаңы, 1, негізгі оқу ғимараты, 3

қабат, сымтетік: 327

1.9. Пәннің саясаты:

Студенттерге қойылатын талаптар:

- Себепсіз сабақтарды жібермеу;

- Практикалық сабақтарда белсенділік көрсету;

- Бақылау сұрақтарға дайындық жасау;

- СӨЖ тапсырмаларын кесте бойынша кезінде тапсыру;

- Сабақтарға кешікпеу;

- Сабақ кезінде басқа шарулармен айналыспау;

- Кафедра мүлкін ұқыпты пайдалану;

- Оқытушылармен студенттермен силы қатынаста болу;

- Жіберілген сабақтарды дер кезінде өтеу.

Жұмыс бөлімдерін және т.б. орындамаған жағдайда айыптау шаралары:

Жіберілген дәріс, тәжірибелік сабақтарды өтелінбеген, аралық бақылауды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді. Пәннің дәріс сабағында қатыспаған студенттердің рейтинг балы 0,66% төмендейді. Кафедрада СӨЖ сабақтары 2014 жылы бекітілген «ОҚМФА-да студенттердің өзіндік жұмыстары сабақтарын ұйымдастыру Ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

Марапаттау шаралары:

- оқу үдерісіне белсенді (олимпиада, СӨЖ, конференциялар) қатысуына пән бойынша 0,5 балл қосылады.

БАҒДАРЛАМА

Кіріспе

Фармацевтикалық ұйымдардың маңызды функциясы ретінде номенклатурасы үнемі ұлғаю үстіндегі дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және басқа да фармацевтикалық тауарларды босату саналады. Нарықтық экономика жағдайында медициналық және фармацевтикалық тауарлар нарығының қарқынды дамуы және бәсекелестігі медициналық техникалары мен медициналық бұйымдардың көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін фармацевт мамандарын дайындауға жаңа талаптар қойып отыр.

«Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәнінің оқу бағдарламасы дәріханалық жүйе арқылы босатылатын және емдеу-сауықтыру мекемелерде кеңінен қолданылатын медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тауартанулық сипаттамасына қойылатын негізгі талаптарын оқуға бағытталған.

Көрсетілген типтік оқу бағдарлама 5В110300 – «Фармация» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғарғы кәсіптік білім беру (Бакалавриат) стандартына ҚР ЖМББС 3.08.390-2006 сәйкес жасалған.

Пәнді оқу нысандары болып медициналық және фармацевтикалық тауарлар, олардың қасиеттері және сапа көрсеткіштері саналады.

2.2. Пәннің мақсаты:медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тауартанулық талдау бойынша болашақ фармацевт мамандарға қажетті білімдер мен тағылымдарын қалыптастыру.

2.3. Оқыту мақсаттары:

- студенттерге тауартану негіздері бойынша түсініктерді қалыптастыру;

- тауартанулық ой-пікірді қалыптастыру;

- кодтау және топтастыру әдістерін қолдану негізінде тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін, сапасын және жүйелендірілуін оқыту;

- медициналық және фармацевтикалық тауарлардың саласын және қасиеттерін қалыптастыратын және сақтайтын факторларын оқытып үйрету;

- медициналық және фармацевтикалық тауарларды тасымалдауды, сақтауды және пайдалануды тиімді қамтамасыз ету әдістерін қолдануға үйрету;

- өндірушіден тұтынушыға дейін тауарлар қозғалысын ақпараттық қамтамасыздандыруын жүргізуге үйрету;

- емдеу-сауықтыру ұйымдарда қолданылатын және дәріханалық жүйе арқылы босатылатын медициналық және фармацевтикалық тауарлардың тауартанулық талдауын жүргізуге үйрету.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Дублин дескрипторлар ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі Пәнді оқытудың нәтижесі Тұжырымдама бойынша оқытудың нәтижелері
А Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу.     Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік   Медициналық және фармацевтикалық тауартану пәнінің мақсаттары мен білімдерінің әзірлігін көрсету. Тауартану терминологиясын меңгереді. Медициналық және фармацевтикалық тауарды орау, маркировкалау ерекшелігін білу. Р1  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі) Ұжыммен араласу дағдыларын меңгеру. Ұжымдағы әлеуметтік- психологиялық ахуалын анықтау.   Р4, Р8, Р9, Р10, Р11, Р12  
«Ғылыми зертеулер дағдыларының» құзыреттілігі. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың өндірістік үдерісінде, тасмалдануда, қолданылуда және қанаушылықта сыртқы орта факторлары әсерлерінен сапасын сақтау мен қалыптастыруды есепке алады. Р3  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі   Медициналық және фармацевтикалық тауардың жеткізілу ұйымын жеткізушілерден білу. Р13, Р15  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Тауар қорын басқаруда колданылатын компьютерлік бағдарлама білімінің дайындығын көрсету. Р2, Р16  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі     Медициналық және фармацевтикалық тауарды тарату, сақтау,фармацевтің қабылдау сұрақтарының қызметін регламинттеуді, негізгі нормативтік құжаттарды білу. Р6
В Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу.   Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік Медициналық тауарды коттау және жіктелуін жүргізу. Р13  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі) Медициналық және фармацевтикалық тауардың сапасын анықтауда ұжыммен жұмыс жасау. Ұжымға медициналық және фармацевтикалық тауардың тұтынушыларын тексеру әдістерін ұсыну.   Р4, Р8, Р9, Р10, Р11, Р12  
«Ғылыми зертеулер дағдыларының» құзыреттілігі. Тауарлық экспертиза жүргізу кезінде медициналық және фармацевтикалық тауарлардың негізгі көршеткіш сапасын бағалау әдісін қолдану. Р3  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі   Медициналық және фармацевтикалық тауардың сандық және сапалық қабылдауын жүзеге асырады. Р15  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Дәріханалық ұйымда тауарлық –матералдық құндылықтың қозғалысын компьютерлік программада қолдану. Р16  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Маркировканы шешу және орамды бағалау, тауардың топтары мен түрлерін анықтай білу. Р13
С Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік. Медициналық және фармацевтикалық тауар сапасын және тұтынушының қажеттілігін қалыптастыру заңнамасын анықтау. Р1  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі)   «Ғылыми зертеулер дағдыларының» құзыреттілігі. Фармацевтикалық қызмет процесінде болатын шиеленісті шешу әдісін қолдану. Көзілдірікке рецепт қабылдау, көзілдірік оптикасы және оны дайындап болғаннан кейінгі босату.   Медициналық және фармацевтикалық тауардың маркетингтік зерттеулерін және тауарлық анализин жүргізу.   Р19  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі   Тұтынушылардың қажеттілік ерекшелігіне байланысты, медициналық және фармацевтикалық тауарды сақтау негізінде бүтіндігін қамсыздандырады. Р3  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі 1С, 8С бухгалтерлік программасын қолданады. Р13, Р15  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі     Медициналық және фармацевтикалық тауардың жүйелік және шығыс материалдарын, залалсыздандыру және дезинфекциялау химиялық құрамына қарамай, сапасын тексеру әдісін таңдау. Р16  
Д Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сақтау, тасымалдау, қолдану және аудару үдерісінде сыртқы орта әсерін болжамдайды. Р13
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі) Медициналық бұйымдар мен дәріханалық ассортимент тауарлар жабдықтаушыларымен қатынас дағдысын танытады. Құжаттандыруды мемлекеттік және орыс тілінде рәсімдейді. Өнімге өзге тіл катологынан алынған ақпаратты өңдейді. Р1  
«Ғылыми зертеулер дағдыларының» құзыреттілігі. Дәріханалық мекеме үшін ассортимент көрсеткіштерін анық тайды. Р4, Р8, Р9, Р10, Р11, Р12  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Дәріханалық мекеме үшін оптимальды ассортимент қалыптастырады. Р3  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Дәріханалық ассортимент тауарларына тауартанулық талдау жүргізу үшін ақпараттар жинағын және интерпретациясын жүзеге асырады. Р13, Р15  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Оқу, ақпараттық тауартанулық әдебиеттермен өз бетінше – жұмыс жасайды. Р16 Р13
Е Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттілік     Химиялық құрамына, бастапқы материалдарына , медициналық және фармацевтикалық тауарлар функционалды тағайындалуына байланысты ( тәуелді), залалсыздандыру және дезинфекциялау әдістерін талдайды. Р1  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі(мәдени құзыреттілік, сыни ойлау, жаңашылдық, командада жұмыс жасай білу қабілеттілігі, шеттілділік құзыреттілігі) Медициналық және фармацевтикалық тауарларды сақтау, қолдану және аудару жағдайларын таңдау сұрақтары бойынша фармацевтикалық және медициналық жұмысшыларға, және тұрғындарға кеңес береді. Р4, Р8, Р9, Р10, Р11, Р12  
«Ғылыми зертеулер дағдыларының» құзыреттілігі. Медициналық және фармацевтикалық тауарлар сапасына тауартанулық бағалау жүргізеді. Р3  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі   Медициналық және фармацевтикалық тауарлардын саны мен сапасы боиынша қабылдауды жүзеге асырады. Р13, Р15  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі. Ақпаратты жүйелендіруді және оны нақты кәсіптік мәселелерді шешуде қолданады. Р16  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі     Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың сақтау принциптерін, тұтынушылық құны және экологиялық аспектілерін есепке ала отырып сақталуын қамтамасыз етеді.     Р13
  Оқытудың дербес зейінін әрі қарай жалғастыру      

Ескерту: Тұжырымдама бойынша оқытудың нәтижелерін академия сайтында (www.ukgma.kz) виртуалды оқу-әдістемелік базаға кіру.

2.5. Реквизитке дейінгі:

- құқық негіздері, фармация тарихы, коммуникативтік дағдылар, фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері.

2.6. Реквизиттен кейінгі:

- фармацияның басқаруылуы және экономикасы, фармацевтикалық химия, дәрілер технологиясы, фармакогнозия.

2.7. Пәннің қысқаша мазмұны:

Тауартану – ғылыми пән ретінде. Тауартанулық талдау жүргізу үшін нормативті-техникалық құжаттар. Материалтану. Медициналық бағытта қолданылатын тауарлар: резиналы, шыны және фарфор, пластмассалы масса, көзілдіріктік оптика, стерилизациялы-дистилляциялық құралдар. Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың және олардың ассортименттердің классификациясы. Дәріханалық жүйедегі тауартанулық операциялардың маркировкасы, оралуы, транспортировкасы мен сақталуы.

Тақырыптық жоспары

Наши рекомендации