Клиникалық көрінісі. 2. Аурудың себептері, патогенезі

Остеоартроз (ОА). Подагра. Ревматоидты артрит.Коллагеноздар.

Дәріс жоспары:

1. Аурудың анықтамасы.

2. Аурудың себептері, патогенезі

3. Жіктемесі

4. Клиникалық көрінісі

5. Қосымша тексерулер

6. Емдеу принциптері

Остеоартроз (ОА) — қол-аяқ, омыртқа бағанасы буындарының дегенеративті - дистрофиялық ауруы.

Бұл ауруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беттері жалаңаштанады, шеттік остеофиттер және екіншілік
синовиит дамиды. Негізінде, буын шеміршегінің дегенерациясы
организмнің табиғи қартаюынан дамитын физиологиялық процесстің
бірі. Остеартроз жасы 60-тан асқан адамдардың барлығында болады.
Остеартрозда дамитын буын шеміршегінің өзгерістері кәрілікте дамитын өзгерістермен бірдей, бірақ оған қарағанда ертелеу басталады және
буын маңындағы тіндердің зақымдануына әкеледі.

Этиологиясы.Даму тегіне қарай остеартроздың біріншілік және

көпшілік түрлерін айырады.

Біріншілік түрі— бұрын зақымданбаған сау буын шеміршектерініңуақытынан ерте тозуы. Остеоартроздың біріншілік түріне жас адамдардың идиопатиялық остеоартрозы және егде жастағылардыңинволюциялық остеоартрозы мен остеохондрозы жатқызылған. Біріншілік остеоартрозда буын шеміршектерінің уақытынан бұрын тозып кәріленуінің себептері нақты анықталмаған.

Екіншілік түрі— бұрын болған зақымдардың салдарынан буын шеміршегінің жүре бара дамитын дегенерациялық бұзылысы. Екіншілік остеоартроз сүйек эпифиздерінің басқа бір себептерден үйлесімділігінің жойылуынан болады, мәселен дисплазиядан, жарақаттан, туа кемістіктерден немесе шеміршек метаболизмінің бұзылысынан (эндокринопатияларда), кәсіпке байланысты буынға асыра күш түсуінен. Остеоартроздың этиологиясында ішкі және сыртқы факторларды айырады.

Ішкі факторлар:

· дене бітімінің немесе қимыл-тірек жүйесінің кемістігінен буын беттерінің үйлесімділігінің жойылуы (қазтабан,омыртқа бағанасының сколиозы, буын өсінің ауытқуы, жалғамалардың осалдығы, сіңірдің созылуы т.б.); мұндай жағдайларда буынға түсетін күш және шеміршектің басылуы 2-3 есе артады;

· буынға салмақ түсіретін семіздік;

· эндокриндік бұзылыстар (қантты диабет, акромегалия, гипотиреоз, климакс);

· байламдардың осалдығынан буындардың гипермобильділігі (Марфан синдромы т.б.);

· метаболизмдік бұзылыстар (гемохроматоз, охроноз, подагра), буындардың өзге аурулары (РА, сүйектің асептикалық некрозы т.б.);

· буын шеміршегінің гендер кемістігінен осалдығы (остеартрозбен ауыратын науқастардың туысқандарында бұл ауру екі есе жиі кездеседі).

Сыртқы факторлар:

· жарақаттар, микрожарақаттар, мысалы, парашютистердің тізе буындарының ерте зақымдануы;

· стереотипті қимылдарға байланысты күш түсуі, мысалы, бишілердіңтілерсек буыны, шахтерлер мен тас қалаушылардың шынтақ және тізе буындарының басым зақымдануы;

· түрлі заттармен улану (гербицидтер, ауыр металдар, нитраттармен, ішкілікке салыну т.б.);

· физикалық ықпалдар (суықтау, ылғалдылық, сәулелену, вибрация).

Жіктемесі.

І. Патогенездік түрлері

1. біріншілік

2. екіншілік.

II. Клиникалық түрлері

· Моноартроз.

· Олигоартроз.

· Полиостеоартроз (түйінді және түйінсіз).

· Омыртқа жотасы остеохондрозымен немесе спондилоартрозымен қабаттасқан түрі.

III. Басым зақымданған буындар

· Фалангааралық буындар (Геберден, Бушар түйіндері).

· Ұршық буыны (коксартроз).

· Тізе буыны (гонартроз).

· Өзге буындар.

IV. Барысы

· Аз симптомды.

· Баяу өрістейтін.

· Тез өрістейтін.

V. Келлгрен бойынша рентгендік сатылары (1, II, III, IV)

VI. Реактивті синовииттің болу-болмауына қарай

· Реактивті синовиитсіз.

· Реактивті синовиитпен.

VII. Науқастың функциялық жағдайы

· Еңбекке жарамдылық уақытша шектелген (ФШ1).

· Еңбекке жарамсыз (жарамдылығы жойылған, ФШ2).

· Басқа адамның күтуіне мұқтаждығы (ФШ3).

Клиникалық көрінісі.

Остеартрозбен адамдардың 10%, әсіресе жасы 40-60 шамасындағы әйелдер сырқаттанады. Бұл ауру жасы 60-тан асқан адамдардың барлығында болады деп айтса, артық емес.

Клиникалық көрінісі зақымданған буынның түріне тәуелді. Күш түсетін буындар басым зақымданады. Ең жиі қол саусақтарының фалангааралық буындары, бас бақайдың табан-фалангалық буыны, тізе, ұршық, мойын, беломыртқа буындары зақымданады. Кейбір науқастарда бұл кесел полиостеоартроз (көптеген буындарды зақымдау) түрінде дамиды.

Аурудың басты белгісі - буындардың механикалық типтіауыруы, яғни салмақтүскенде, мысалы жүргенде, баспалдақпен көтеріліп түскенде. Ревматоидтық артриттен айрықша, буындардың ауыруы күн ұзақ жүріп-тұрудан, әртүрлі қимылдардан кешке қарай күшейе түседі, ал түнде, тыныш жағдайда басылады. Тағы бір ерекшелік - старттық ауырсыну, яғни буындардың алғаш қадамдар жасағанда қатты ауыруы. Науқас алғашқы 15-20 қадамды аяғын жай басып ақсаңдап шаққа жүреді, ал ауыру басылған соң жүрісі түзеліп, тезделеді. Бірақ, 1,5-2 сағат жүргеннен, болмаса біраз тұрып немесе отырып жұмыс жасағаннан кейін буындары ұйып, қайтадан ауыра бастайды. Бұл тіннің тыныстық сұранысының күшеюі мен микроциркуляцияның жеткізу мүмкіндігінің сәйкес келмеуінен болады.

Клиникалық көрінісі. 2. Аурудың себептері, патогенезі - student2.ru Бастапқы сатыда буындардардың ауыру себебі - буын тінінің гипоксиясы және онда сүт қышқылының жиналуы, ал кейін — трабекулалардың сынуынан, сүйектегі веналық іркілістен, сүйек қуысы қысымының биіктеуінен ауырады. Байламдардың зақымдануынан немесе бұлшықеттің түйілуінен, буындар баспалдақпен түскен кезде қаттылау ауырады. Кейде буын кілт етіп, шыдатпай ауырып, қозғауға келмей қалады. Мұндай "блоктық"аталатын ауыру буын саңылауында шеміршектің немесе остеофит қиқымының қыстырылуынан болады. Қозғалуға шамасы келмей қалған науқас, буынын біраз уақыт сәл-сәл қимылдатады, осыдан қыстырылған қиқым шығып кетсе – ауырсынубірден тиылады. Сонымен қатар буындар салқын тисе, ауа райы нашарласа және салмақ түссе сыздап, кейде кеміріп ауырады. Жергілікті қанайналымның бұзылысынан және гипоксиядан, ұзақ бір қалыпта болғанда, буындар шамалы уақыт сіресуі мүмкін. Бірақ сіресу 30 минуттан артыққа созылмайды. Сүйек бетінің бұдырлануынан қозғалтқанда буындар сыртылдайды (буындардың крепитациясы).

Тексергенде - буындардың крепитациясы, ауырсынуы, ісінуі және қимыл көлемінің шектелуі байқалады. Буынның ісінуі ішіндегі сұйықтықтың көбеюінен болады, ол 2-3 күн тыныққаннан кейін немесе қабынуға қарсы емнен тез қайтады.

сурет. Гоноартроздың сыртқы көрінісі.

Кеселдің кештеу сатысында буын маңы тінінде фиброздық процестер дамиды, шел қабаты қалыңдайды (әсіресе әйелдерде), бұлшықеті атрофияланады, осыдан буынның пішіні біршама бұзылады. Бірақ, буынның пішіні қаншама бұзылғанымен, анкилоз бола қоймайды.

Остеоартроздың рентгендік көрінісіне мына белгілер тән:

· шеміршектің бұзылуынан буын жігінің тарылуы;

· эпифиздердің жиекшелік остеосклерозы (субхондралық остеосклероз);

· эпифиздер шетін жағалаған остеофиттер;

· сүйектердің басында (буын маңында) кисталардың түзілуі;

· сүйектердің ұясынан таюы;

· остеопороз.

Остеартроздың аз симптомдық түрі көбіне жас шақта кездеседі. Күш түскеннен кейін буындар ауырады, сыртылдауы байқалады, кейде Геберден түйіндері пайда болады. Буындардың функциясы бұзылмайды. Рентгендік өзгерістер І-ІІІ сатыдан аспайды және болатын өзгерістер бір немесе бірнеше буындарда ғана байқалады.

Баяу өрістейтін барысыбарлық жаста бола береді. Буындардың өзгерісі, аурудың басталуынан 5 жылдан кейін, біртіндеп қалыптасады. Бұл остеартроздың ең жиі түрі.

Остеоартроздың ауырлау келетін тез өрістейтін барысыжас шақта кездеседі. Буын өзгерістері, аурудың басталуынан 5 жылдың ішінде тез дамиды. Көптеген буындар бір уақытта зақымданады, Геберден, Бушар түйіндері пайда болады, буындар деформацияланады. Сонымен бірге периартрит, синовиит, бұлшықет атрофиясы, неврологиялық бұзылыстар ерте қосылады.

Наши рекомендации