Дәрінің жанама әсерін реттеу жолдарын анықтаңыз
Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы
Этап №2
Пәні «Фармакология»
Мамандығы 5В110400 «Дәрігерлік- емдеу ісі» 2 курс
Дәрілердің жанама әсерлерін анықтау мен олардың алдын- алуы
(оқытушылар үшін)
1. 60 жастағы ер кісіге гентамицинді 80мг 8 сағат сайын тәулігіне 2 рет бұлшық етке белгіленген. 5 тәулігінде науқас есту қабілетінің төмендеуі және бүйрек аймағындағы ауырсынуын сезді.
Дәрінің жанама әсері мен оның себебін анықтаңыз.
- Гентамициннің ототоксикалық және нефротоксикалық әсері
Дәрінің жанама әсерін реттеу жолдарын анықтаңыз.
- Гентамицинді қолдануды тоқтату және басқа антибиотикке алмастыру.
2. 35 жастағы бронх демікпесі бар науқастағы глюкокортикоидтарды қолданғаннан соң, тілдің және ауыз қуысының шырышты қабығында ақ өңез байқалды.
Дәрінің жанама әсері мен оның себебін анықтаңыз.
-Глюкокортикоидтардың иммунодепрессивті әсерінің нәтижесінде ауыз қуысының саңырауқұлақтармен зақымдануы
Дәрінің жанама әсерін реттеу жолдарын анықтаңыз.
-Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер- таблетка түріндегі-нистатин (шайнау үшін)
3. Жүрек жетімсізідігі бар науқас әйелге дигоксин мен гидрохлортиазидті белгіледі. Үшінші күнінде науқаста жүрек айну, іш өту, бас ауру, жүрек жиырылуының бұзылуы байқалды.
Дәрінің жанама әсері мен оның себебін анықтаңыз.
- Гидрохлортиазид жүрек гликозидтерінің уытты әсерін жоғарылатады соның нәтижесінде қанда калий иондарының төмендеуі байқалынады.
Дәрінің жанама әсерін реттеу жолдарын анықтаңыз.
- Қанда калий иондарын деңгейін қалпына келтіретін препараттарПрепараты, (калий хлорид, панангин)
4. Артериялық қысымды төмендету үшін науқасқа клофелинді белгіледі. Артериялық қысым төмендеді, бірақ науқас тез тұрды да кейін есінен танып қалды.
Дәрінің жанама әсері мен оның себебін анықтаңыз.
- Ортостатикалық коллапс (артериялық қысымның жылдам төмендеуі)
Дәрінің жанама әсерін реттеу жолдарын анықтаңыз.
- Артериялық қысымды жоғарылататын препараттар (мезатон, норадреналин)
5. Невралгиясы бар науқасқа диклофенак-натрийді бұлшық етке белгіледі. 3 күннен кейін денеде бөртпе пайда болды.
Дәрінің жанама әсері мен оның себебін анықтаңыз.
- Аллергиялық реакция
Дәрінің жанама әсерін реттеу жолдарын анықтаңыз.
- Аллергияға қарсы дәрілер – антигистаминді препараттар (димедрол, супрастин)
6. Ревматизммен ауыратын науқасқа индометацинді 1 таблеткадан күніне 4 рет белгіледі. 1 аптадан кейін науқас асқазанда ауырысну сезімін байқады.
Дәрінің жанама әсері мен оның себебін анықтаңыз.
- Индометациннің ульцерогенді әсері
Дәрінің жанама әсерін реттеу жолдарын анықтаңыз.
- Индометацинмен бірге гастропротекторларды бір мезгілде қолдану керек - омепразол, мизопростол
7. 7 жастағы пневмониямен ауыратын балаға амоксиклав пен парацетамолды ішке берілген. Бір қабылдағаннан кейін денеде бөртпелер мен терінің қышуы байқалынды.
Дәрінің жанама әсері мен оның себебін анықтаңыз.
- Аллергиялық реакция
Дәрінің жанама әсерін реттеу жолдарын анықтаңыз.
- Препараттарды қолдануды тоқтату және аллергияға қарсы дәрілерді тағайындау (супрастин, димедрол)
8. Анаприлинді қолданатын науқаста 2- ші тәулікте демікпе, тексергенде- қол- аяғы мұздай және жүрек жиырылу жиілігі минутына 55 рет соғуы анықталды.
Дәрінің жанама әсері мен оның себебін анықтаңыз.
- Анаприлин β1,2-адренорецепторларды тежеп, жүректе (брадикардияны), бронхтарда (бронхоспазмды), тамырларда (шеткерлік тамырлардың спазмын) шақыртады.
Дәрінің жанама әсерін реттеу жолдарын анықтаңыз.
- Препараттың дозасын біртіндеп төмендетіп тоқтату, анаприлинді амлодипинге алмастыру.
9. Артериалды гипертензиясы бар науқаста анаприлинді ішке 2 ай бойы қабылдағаннан кейін бітіп қалды. Ол дәрігерге бармады, дәріханадан дәріні сатып алмады. Ертесіне науқас өзінің жағдайының тез арада нашарлағынын байқады- артериялық қысым жоғарылады, тахикардия және беттің қызаруы байқалды.
Дәрінің жанама әсері мен оның себебін анықтаңыз.
- Анаприлинді қолдануды бірден тоқтатқанда «доғару синдромын» шақыртады.
Дәрінің жанама әсерін реттеу жолдарын анықтаңыз.
- Анаприлин дозасын біртіндеп азайтып, препаратты қолдануды тоқтату және басқа кардиоселективті β1-адреноблокаторларға (метопролол) алмастыру.
10. Туберкулезді емдеу үшін науқас ер адамға рифампицин атибиотигін тағайындады. 2 аптадан кейін науқас оң жақ қабырғаның астында ауырсыну сезімін байқады.