Трихинеллез қоздырғышының орналасы локализациясы
Ауру жабайы (борсық, қабан, морж, т.б.) және үй жануарларының (әсіресе, шошқаның) шала піскен етін жегенде жұғады. Трихинеллалардың улы заттары (токсиндері) қан құрамын өзгертеді. Трихинеллез кезінде дене қызуы көтеріліп, қас-қабақ, бет ісініп, қанда эозинофил (дәнді лейкоцит) мөлшері көбейеді, басы ауырып, адамда әлсіздік пайда болады. 1 – 3 күннен кейін науқастың бұлшық еттері (аяқтан бастап көзге дейін) ауырып, 2 – 3 аптаға созылады. Қоздырғыштың белсенділігі артып, ауру меңдегенде, науқас адамда жүрек қызметінің жеткіліксіздігі артып, өкпе қабынуы немесе менингоэнцефалитке асқынып, өлімге де әкелуі мүмкін.
Трихинеллезден сақтандыру – сойылған малдың етін ветеринарлық бақылаудан өткізу. Трихинеллезге диагноз қою үшін күдікті адамның эпидемиологиялық анализін өткізіп, бұлшық етінен алынған биопсияны арнайы лабораторияда тексереді.
Емі: Арнайы терапия 7- 10 күн. мебендазол (вермокс), тиабендазол (минтезол), аллергияға қарсы препараттар (кортикостероидтар) қолданылады.
Аскаридоз
Аскаридоз қоздырғышы.
Аскаридоз – дүние жүзінде ең кең таралған гельминтоздардың бірі болып табылады, онымен дүние жүзінде әр төртінші адам зақымдалған.
Аскаридалар геогельминттерге жатқызылған. Адам – Ascaris lumbricoides-тың ақырғы иесі болып табылады. (№1 слайд. Аскаридалар. Ұрғашысы, еркегі). Аскарида ұрғашысы 25-40см-ге дейін, ал еркегі 15-25см-ге дейін жетеді. Жыныстық жетілген ұрғашы аскарида тәулігіне 240мың-ға жуық жұмыртқа шығарады. Ағзадан нәжіспен бірге шығатын жұмыртқалар зақымдануды туғызу қабілеттері жоқ болып келеді. Тек қана сыртқы ортада даму этаптарының бір сатысынан өтіп, яғни топырақта жеткілікті ылғалдылық мөлшері болған жағдайда, оттегі көлемі жеткілікті болғанда, 240С-ге тең оптимальді температура болған кезде дернәсіл қалыптасады, шамамен 10-12 күннен кейін личинка түлеп, инвазионды түрге айналады, ол бір қалыпты температура сақталса 6 ай бойы өмір сүре алады.
Адам аскаридозды жетілген жұмыртқаны, яғни құрамында инвазионды дернәсілі бар жұмыртқаны, жұтқан кезде жұқтырады, көбінесе бұл кір көкөністерді, жемістерді, жидектерді (әсересе құлпынайды) және т.б. жеген кезде болады.
Патогенез.
Аскаридоз кезінде зақымдалғаннан кейін 3-4 сағат өткен соң дернәсіл, жұмыртқа қабықтарынан босап шығып, ішектердің шырышты және шырыш асты қабаттарын тесіп өтіп ішек көктамырларына түседі. Ары қарай дернәсіл қақпа және төменгі қуысты веналары арқылы жүректің оң жақ бөліктеріне және өкпе артериясы арқылы альвеолалардың капиллярларына түседі. Дернәсілдер бронхтар арқылы трахеяға және жұтқыншаққа жылжиды. Ауыз қуысынан сілекеймен бірге олар қайта жұтылып, ішекке түсуі мүмкін, ал ащы ішекке түскен соң 70-75 күннен кейін жыныстық жетілген аскарида дамиды. Аскаридалардың дернәсілдерінің миграция сатысы (аэробты саты) 14-15 күнге созылады. Аскарида көбіне (87%) ащы ішекте өмір сүреді, бірақ ол бекімейді, ол өзінің ұштары арқылы ішек қабырғасында ұсталынып тұрады, сол себептен аскаридалар өте қозғалмалы болып табылады, олардың ішек бойымен жоғары және төмен жылжып отыру қабілеттері бар, олар асқазанға, өт жолдарына, өңеш және жұтқыншақ арқылы тыныс алу жолдарына, тіпті маңдай қосалқы қуыстарына да ене алады. Басқа мүшелерге миграция кезінде бактериальді инфекцияның енуіне және іріңді асқыныстардың дамуына қолайлы жағдай туындайды (абсцесс, холангит, панкреатит және т.б.).
Клиникасы.
Аскаридоздың клиникалық көрінісі алуан түрлі болып келеді. Негізінен екі фазаны ажыратады: 1) миграционды (ерте) және 2) ішектік (кеш). Бірінші фазаның клиникалық көріністері дамып жатқан дернәсілдердің және өлген дернәсілдердің зат алмасу өнімдерінің қалдықтарымен ағзаның сенсибилизациясына, ал интенсивті инвазия кезінде бауырдың, әсіресе өкпенің механикалық жарақатына байланысты болып келеді. Аскариидоздың бірінші фазасы келесі түрле өтеді:
А) шеткері қандағы эозинофилиямен көрінетін, өкпенің тұрақты емес ошақты инфильтрациясы;
Б) тыныс алу жолдарының аурулары (пневмония, бронхит, кейде қан аралас қақырық болатын тұмау тәрізді аурулар);
В) терінің зақымдануы (есекжем тәрізді полиморфты бөртпе, қышыма, қабыршақтанумен аяқталуы мүмкін везикулярлы және басқа да бөртпелер);
Г) бауырдың ұлғаюы және ауырсынуы;
Д) іштің ауырсынуы;
Е) артериялық қысымның түсуімен тахикардия;
Рентгенологиялық зерттеген кезде өкпеде бір немесе бірнеше әр түрлі көлемді ошақтарды анықтауға болады, 3-5 күннен кейін қайта зерттеген кезде бұл ошақтар жоқ болып кетуі немесе басқа жерден пайда болуы мүмкін. Бұндай науқастардың шеткері қанына айқын эозинофилия тән болып келеді. Типтік жағдайларда теріде әр түрлі аллергиялық бөртпелер пайда болуы мүмкін. Жоғарыда аталып кеткен сипмтомокомплексты алғаш рет 1932ж. Леффлер сипаттап жазған болатын, сол себептен оны кейде Леффлер комплексы деп атайды. Көп көлемді зақымдалған кезде брохпневмониялар, бронхиттер дамуы мүмкін. Бұндай науқастардың қақырығынан аскаридалар дернәсілдерін табуға болады.
Аскаридоздың ішектік фазасының клиникалық көріністері ағзадағы паразитирлеуші гельминттердің санына, ағзаның жалпы реактивтілігіне байланысты айқын емес (немесе толық симптомсыз) түрден өте ауыр түрге дейін ауысып отыруы мүмкін. Науқастарда тәбеттің төмендеуі, арықтау, дене қызуының көтеріліп отыруы, асқазан-ішектік бұзылыстар (іш өту, жүрек айну, сирек жағдайда құсу), іштің ауруы (өте жиі жағдайларда кіндік аймағында), кейде іштің бүлігінің клиникасын береді, тез шаршағыштық, бастың ауруы, мазасыз ұйқы (түнгі қорқыныштар, тістің шықырлауы) байқалады. Аскаридоздың көрінісі ретінде эпилептиформды және менингеальді синдромдарды жатқызуға болады. Аскаридоз нәтижесінде перитонит, сарғаю, ішек өтімсіздігі, механикалық тұншығу, іріңді плеврит болғаны жайлы мәліметтер бар.
Энтеробиоз
Энтеробиоз – нәжіс ауыз механизмімен таралатын, созылмалы түрде өтетін, антопонозды, аса контагиозды инфекциялық инвазия.
Этиологиясымен эпидемиологиясы: мектепке дейінгі жастағы балалар арасында ең жиі кездесетін гельминтоз болып табылады.
Энтеробиоз қоздырғышы – острица, Enterobius Vermicularis (сөзбе сөз аударатын болсақ, «ащы ішекте өмір сүретін құрт»). Еркектері 2-5мм ұзындыққа дейін өседі, және алқызыл түсті болып келеді, ұрғашылары ірірек, олардың ұзындығы 9-12мм, түсі ақшыл-сұр. Ұрғашынынң құйрықтық бөлігі біз тәрізді үшкірленген, сол себептен оны «острица» деп атайды.
Жыныстық жетілген острицалар адамның ащы ішегінің дистальді бөлігінде, соқыр ішекте, құрт тәрізді өсіндіде және өрлемелі ішекте паразитирлейді, олар ішек қабырғасына бекіп, ішектің құрамындағы заттармен қоректенеді. Ұрғашыларды ұрықтандырғаннан кейін еркектері өліп қалады. Ұрғашылары адамның ішектерінде 3 айдан астам уақыт өмір сүреді. Жетілген ұрғашының жатырында 5000-нан 17000-ға дейін жұмыртқа жетіледі. Жұмыртқалар жетілген сайын жатыр керіліп, құрттың ішек қабырғасына жабысып тұру қабілеті бұзылады. Ішек перистальтикасы гельминттердің тік ішекке қарай тез жылжуына әсерін тигізеді. Белсенді қозғала отырып және тік ішектің қабырғасы бойымен жылжи отырып, ұрғашылар анальді тесік арқылы сыртқа шығады. Көбінесе бұл түнгі уақытта, яғни анальді сфинктер босансыған уақытта болады. Перианальді аймақтың ылғалды терісіне острицалар жұмыртқаларын салады, олар 3-4 сағаттан кейін инвазионды сатыға дейін дамып жетіледі. (№2 Слайд. Энтеробиоз қоздырғышының өмір циклы.)
Инвацияның жалғыз көзі – энтеробиозбен ауыратын науқас адам.Жиі энтеробиозбен инвазирленген адамның қолы арқылы зақымдалады. Тері бетіне және саусақтардың тырнағының астына острицалардың инвазионды дернәсілі бар жұмыртқалар қатты қышитын перианальді аймақты қасу нәтижесінде түседі. Острица жұмыртқалары іш киімге, төсек орынға, унитаз қабырғасына, басқа тұрмыс заттарына түседі.Жұмыртқалардың тез дамуына байланысты өзін-өзіне жұқтыру қаупі өте жоғары болады, және балаларда бұл өте жиі тіркеледі. Инвазионды жұмыртқа асқорыту трактісіне түскен кезде, одан дернәсіл шығып, ол 20-25 күннен кейін жыныстық жетілген күйге ауысады.
Патогенезі
Энтеробиоз кезінде острицалар науқас ағзасына және ішектің шырышты қабатына токсико-аллергиялық және механикалық әсер көрсетеді. Острицалардың өмір сүруінің нәтижесінде түзілген өнімдер, түрлі ферменттер ішектің шырышты қабатының, тіпті шырыш асты қабатының ұлпасын бұзып түрлі іздер, жолдар түзілуі мүмкін, ал бұл іздерге тек қана острицалар ғана емес, сонымен қатар патогенді бактериялар да енуі мүмкін. Қыз балаларда острицалар миграция кезінде сыртқы жыныс мүшелеріне, зәр шығарушы жолдарға еніп, вульвагинит, уретрит туындатуы мүмкін.
Жұқтыру факторлары :
Жұмыртқа төсек киім тағам
Ойыншақ ыдыстар
Шыбын.
Тағам және тұрмыстық жанасу.
Клиникасы
Энтеробиоз кезіндегі басты симптом перианальді аймақтағы қышу сезімі болып табылады. Қышу сезімі сыртқа шығып отырған гельминттердің шырышты қабатты тітіркендіруі нәтижесінде және острицалардың өмір сүруі барысында түзілген қалдық өнімдердің аллергиялық әсері нәтижесінде пайда болады. Қышу сезімі кешкі және түнгі уақытта пайда болады. Науқас қозғыш болады, оның ұйқысы бұзылады, бастың ауруы пайда болады, әр түрлі невротикалық реакциялар дамып, есте сақтау қабілеті төмендейді, ойлау қабілеті және физикалық жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Жоғарыда аталған симптомдармен бірге іштің төменгі аймағында болатын ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, сирек жағдайларда диарея болады. 3-4 күннен кейін жоғарыда аталған симптомдар жоғалып, 2-3 аптадан кейін қайтадан пайда болады. Острицалардың көптеп шығуы дене қызуы көтерілген кезде, кейбір антибиотиктерді қолданған кезде, күнделікті өмірде көп қолданбайтын ерекше тағамдарды көп мөлшерде қолданған кезде (апельсин, мандарин, лимон) байқалады.Бұрынғы уақытта энтеробиозбен инвазиялану интенсивтілігі өте жоғары болған. Мысал үшін, 1923ж. В.П.Подьяпольская деген дәрігер қайтыс болған баланың ағзасынан 2751 острицаны анықтаған. Қазіргі уақытта инвазия интенсивтілігі 50-100 гельминттен аспайды.
Диогностика :
Паразитологиялық зерттеу перианальды қырғыстан қырынды алу – 3 рет аралығы 2 3 күн.
Контагнозды гельминтоздармен ауырғандарды емдеу.
Балалар ұжымындағы топтарданбір рет тексерілген острицамен анықталған адамдар саны 15% және одан жоғары болған жағдайда топтың барлық балалары мен қызметкерлері емдеуге жатады.
Контагнозды гельминтоздарды алдын алу: Негізгі шаралар инфекциялық ауруларды анықтау мен емдеу және санитарлық индетке қарсы іс шараларды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі балаларға білім беру ұйымдарында, мектеп интернаттары мен балалар үйлерінде жеке және қоғамдық гигиенаның сақталуына бағытталған іс шаралар кешені орындалу тиіс.
Гельминтоздарға зертханалық диагноз қою әдістері.
Зертханалық зерттеулер науқастың нәжісінде дуоденальдық сұйықтығына, қақырығында, несебінде, қанында, терісінде, бұлшық ет және дәнекер тіндерінде олардың фрагменттерін, жұмыртқаларын дәлнәсілдерін іздеп табуға бағытталған.
Нәжісті копрологиялық зерттеу: ең кең таралған әдіс болып табылады. Үйткені гельминттердің көпшілігі адамдардың ішек жолдарында паразиттік тіршілік етеді.
Санитарлық гельминтология
Тұрғын жерлерде сыртқы орта объектілерінің гельминттер жұмыртқалары және дәрнәсілдерімен ластану дәрежесін анықтау үшін зерттелінеді.
· Топырақ
· Ауыз суы
· Ашық қойма сулары
· Қалдық сулар
· Көкеніс және жемістер
· Тұрмыстық заттардан алынған шайындылар.
Санитарлық гельминтологияның міндеттері
1. Инвазияланған адам организмінен бөлініп щыққан гельминттер элементі түсетін сыртқы ортаны зерттеу.
2. Адамдарда гельминттердің берілу жолдарын анықтау
3. Сыртқы ортаны сұйықтыру арқылы гельмитоздармен күресу шараларын ұйымдастыру.
Гельминттердің жұмыртқаларымен дәрнәсілдерін зерттеу кезіндегі жалпы ережелер.
1- Жұмыртқаларды табу үшін микроскоптың кіші үлкейткішін қолданады.
2- Түссіз қабаты бар жұмыртқаларды жіберіп алмау үшін, көру айдынын шамалы күңгірттейді
3- Дайындалған препараттарды қабат әйнекшемен жауып зертеген тиімді.
4- Кору өрісінің ешқайсысын жіберіп алмау үшін, препаратты қатал түрде, өріс ретін сақтап қарайды.
5- Науқастың бірнеше паразиттермен инвазиялануын ескере отырып жұмыртқа құрылысының барлық бөліктеріне көңіл аударып қарап шығу қажет.
6- Егер зерттелінетін затта гельминттер жұмыртқасы табылмаса, апта өткен сөң қайталау керек.
Тест.
1. Гельминттер арасында .......... және .......... личинкаларды ажратады?
А) бауырлақ, асқазандық
Б) ішектік,ішектен тыс
С) өкпелік бүйректік
Д) паразиттік паразиттік емес
Е) арнайы және арнайы емес
2. Өмірлік циклы адамның қатысуынсыз аяқтала алмайтын гельминттер?
А) гельминтозооноздар
Б) гельминтоантропоноздар
С) гельминтология
Д) гельминтомия
Е) энтеробиотика
3. Жыныстық жетілген ұрғашы аскарида тәулігіне ....мың-ға жуық жұмыртқа шығарады.?
А) 100
Б)300
С)150
Д)240
Е)500
4. ..........қоздырғышы – острица, Enterobius Vermicularis (сөзбе сөз аударатын болсақ, «ащы ішекте өмір сүретін құрт»).?
А) аскаридоз
Б) тенниоз
С)тениархиноз
Д)энтеробиоз
Е)гельминолепидоз
5. ........острицалар науқас ағзасына және ішектің шырышты қабатына токсико-аллергиялық және механикалық әсер көрсетеді. Острицалардың өмір сүруінің нәтижесінде түзілген өнімдер, түрлі ферменттер ішектің шырышты қабатының, тіпті шырыш асты қабатының ұлпасын бұзып түрлі іздер, жолдар түзілуі мүмкін ?
А) аскаридоз
Б) тенниоз
С)тениархиноз
Д)энтеробиоз
Е)гельминолепидоз
6. ...........кезіндегі басты симптом перианальді аймақтағы қышу сезімі болып табылады. Қышу сезімі сыртқа шығып отырған гельминттердің шырышты қабатты тітіркендіруі нәтижесінде және острицалардың өмір сүруі барысында түзілген қалдық өнімдердің аллергиялық әсері нәтижесінде пайда болады. Қышу сезімі кешкі және түнгі уақытта пайда болады?
А) аскаридоз
Б) тенниоз
С)тениархиноз
Д)энтеробиоз
Е)гельминолепидоз
7. Бұрынғы уақытта энтеробиозбен инвазиялану интенсивтілігі өте жоғары болған. Мысал үшін, 1923ж. ......... деген дәрігер қайтыс болған баланың ағзасынан 2751 острицаны анықтаған. Қазіргі уақытта инвазия интенсивтілігі 50-100 гельминттен аспайды.?
А) В.П.Подьяпольская
Б) И.Ф.Гамалея
С)М.И.Квиский
Д)С.Э.Крупин
Е)В.А.Леванов
8. Қоздырғышы – шошқа цепені Taenia solium, құрылысы бойынша сиыр цепеніне ұқсас болып келеді, бірақ оның ұзындығы 1,5-2м ғана, ал мүшелер саны 800-ден 1000-ға дейін. Зақымдану көзі адам болып табылады.?
А) Бруцеллез
Б) гепатит
С) энтеробиоз
Д) тениоз
Е) гельминтоз
9. Ірі таспалы гельминт – жалпақ лентец – Diphyllobotrium latum тудырады. Ересек паразиттің ұзындығы 7-9м-ге дейін жетеді. Гельминт өзінің дамуы барысында 3 иені ауыстырады.?
А)гельминтоз
Б)энтеробиоз
С) тенниоз
Д) Дифиллоботриоз.
Е)аскаридоз
10. ...... диагнозы перианальді қыру нәтижесінде гельминтты анықтау әдісіне немесе жабысқақ мөлдір лентаны қолдану әдісіне, сонымен қатар Рабинович (көз қалақшасына жағылған жабысқақ қабатпен жабыстыру ізін жасау) әдісіне негізделіп қойылады ?
А) аскаридоз
Б)дифиллоботроз
С)энтеробиоз
Д) тенниоз
Е)трихинеллез
11 . Аш ішекте және өт жолында тіршілік ететін паразит қарапайым жәндік:
A) құртамыш
B) қантышқақ амебасы
C) безгек паразиті
D) трипоносома
E) лямблия
12. Егер тұқым тіршілігін жойса-
A) Тұқым терең егiлгені.
B) Топырақ тығыз болғаны.
C) Қоректiк зат жетiспегені.
D) Ауа, су жетiспегені.
E) Топырағы тығыз, ауа, су, қоректiк зат жетiспегені.
13. Ыстық елдерде ұйқы ауруын таратушы
A) Лямблия
B) Трипаносома +
C) Лейшмания
D) Безгек
E) Құртамыш.
14 . Құтыруда берілу жолын көрсетіңіз
А)тағам арқылы
В)су арқылы
С)жануар тістегенде, сілекейі тигенде
Д)ауа-тамшылы
Е)ауа-шаңды
15. Сальмонеллездерге таралу тән
А)региональді
В)зональді
С)барлық жерде
Д)табиғи ошақтар
Е)синантропты ошақтар
16. Балалар ауруханасының медбикесінде кезекті дем алыстан кейін нәжісті бактериологиялық тексергенде сальмонеллалар анықталған. Оның жұмысы жайындағы сұрақты шешіңіз
А)жұмыстан шектемеу
В)кәсібін ауыстыру
С)науқастармен қатынаста болмайтын жұмысқа уақытша ауыстыру
Д)бактериологиялық тексеруді қайталамау
Е)вакциндеу
17. 30 жастағы инженер, жедел ауырды. Емхана дәрігерінің диагнозы "жедел дизентерия", стационарда сальмонеллез бактериологиялық тексеру арқылы дәлелдеген. Эпидемиологиялық анамнез: ауырар алдында туыстарында қарым-қатынаста болып, салат, торт, қуырылған қаз етін жеген. Қарым-қатынастағылар және үй иелері арасында 5 адамда осындай симптомдар пайда болған. Осы ошақта өткізілетін эпидемияға қарсы шараларды көрсетіңіз
А)ошақта дезинсекция жасау
В)барлық ауруларды госпитализациялау
С)ағымды дезинфекция жүргізу
Д)камералық дезинфекция жүргізу
Е)барлық қатынастағыларға жедел профилактика жүргізу.
18. Эпидемиологиялық қадағалау - бұл жүйе
А)медициналық көмек
В)ошақтағы эпидемияға қарсы шаралар
С)эпидемиялық процесті бақылау, талдау және болжау
Д)тұрғындарды эпидемияға қарсы шаралар
Е)эпидемиялық ошақтарды тексеру
19. Қала ауданында, қазан айында көп мөлшерде егеуқұйрықтар пайда болды. МСҚБ дез. бөлімінің лабораториясына 5 өлген егеуқұйрық жеткізілген және 10 тірі егеуқұйрық ұсталынған. Лабораторияда 2 өлген егеуқұйрықтан туляремия қоздырғышын бөлген. Инфекция көзіне бағытталған эпидеияға қарсы шараларды тағайындаңыз
А)дератизация
В)дезинфекция
С)дезинсекция
Д)халыққа иммунизация
Е)жедел профилактика.
20. Госпитальды сальмонеллездегі қоздырғыш көзін көрсет
А)сау тасымалдааушы
В)ауру адам
С)кенелер
Д)созылмалы тасымалдаушы
Е)жануарлар