Оқыту мен білім беру әдістері
- Дәрістер:шолу, проблемалық
- Тәжірибелік сабақтар: зертханалық жұмыстарды орындау (зертханалық жабдықтармен
жұмыс жасау, науқастың иммундық статусын бағалаудағы зертханалық сынамалардың қойылуы және/немесе нәтижелерін интерпретациялау; лейкоцитарлық формуланы есептеу, лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының абсолютті және салыстырмалы санын анықтау; лейкограммаларды және иммунограммаларды интерпретациялау); оқытушымен бірге теориялық материалды талқылау; оқу әдебитімен жұмыс жасау, тапсырмаларды орындау (сұрақтарға жазбаша жауап беру, кестені толтыру, үлгілерді салу және т.б.); тестілеу; ауызша сұрау; ситуациялық есептерді шығару; вакцинадан кейінгі асқынулар, егулердің Ұлттық күнтізбесі, профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу, трансплантация туралы бұйрықтарды талқылау; топтық пікірталас өткізу, сендіру, назар қою, тілдесу төзімділігі, қорытындылау және өз пікіріне түсініктеме беруді қалыптастыру.
· Студенттердің өзіндік жұмысы– әдебиет, интернет-ресурстар, электронды тасымалдаушыдағы оқу және ғылыми материалдарды қолдана отырып, өзіндік оқып-білуіне арналған тақырыптар тізіміне сай жұмыс жасау, оқытушы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, иллюстрация-кестелерді құрастыру, кестелерді толтыру, глоссарийларды құрастыру, тесттік тапсырмаларды және әртүрлі күрделік дәрежедегі ситуациялық есептерді шығару, лабораторлық көрсеткіштерді интерпретациялау, презентациялар мен тақырыптық рефераттарды дайындау.
· Оқытушымен біріккен студенттердің өзіндік жұмысы– оқытушының қолдауымен оқу-әдістемелік құралдармен, әдебиетпен жүмыс жасау, пікірталастар, дидактикалық және іскерлік ойындар, иллюстрация-кестелерді құрастыру, кестелерді толтыру, глоссарийларды құрастыру
2.11 Бағалаудың критериі және ережесі:
Әр компетенция(білім, тәжірибелік дағдылар, коммуникативті дағдылар, құқықтық компетенция, өзін-өзі жетілдіру ) аралық бақылау 100 балға сәйкес 100 пайызбен есептеледі.
Егер рұқсат ету рейтингі (R) 50% тең немесе жоғары болса, студент емтиханға жіберіледі.
Ағымдық бақылау рейтингі (R) = (z1+z2+z3+z4+z5+z6+z7+n5++p6+k7+ s4+s7)/12
z –білім
n-тәжірибелік дағдылар
p –денсаулық адвокаты
k –коммуникативті дағдылар
s –өзін-өзі жетілдіру
r - аралық бақылау
Рұқсат ету рейтингі (РЕР) =R+ r1+r2 х0,6
Емтихан рейтингі (Е) = Е1 х 0,25 + Е2 х 0,15
Қорытынды баға (I) =РЕР (рұқсат ету рейтингі) + E (емтихан рейтингі)
1. Білімді бағалау критерийлері:
Пайыздық қатынас, % | Критерийлер |
95-100 | Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде толық жауап беру, тестілеу «100%» (1 қате жіберілген), барлық тапсырмаларды қатесіз орындау |
90-94 | Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде толық жауап беру, тестілеу «95%» (2 қате жіберілген), барлық тапсырмаларды орындады, бірақ 1-2 болмашы қателіктер жіберілді. |
85-89 | Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде болмашы қателіктер болды, тестілеу «90%» (3 қате), барлық тапсырмаларды орындады, бірақ 3-4 қате жіберілді. |
80-84 | Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде жауабы толық емес, тестілеу «85%» (4 қате), барлық тапсырмаларды орындады, бірақ 5-6 қате жіберілді. |
75-79 | Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде жауабы толық емес, тестілеу «80%» (5 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау. |
70-74 | Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде жауабы толық емес, тестілеу «75%» (6 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау. |
65-69 | Сабаққа қатысу,ауызша сұрау кезінде жауабы толық емес, тестілеу «70%» (7 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау. |
60-64 | Сабаққа қатысу, ауызша сұрау кезінде жауабы толық емес, тестілеу «65%» (8 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау. |
55-59 | Сабаққа қатысу, материалды білмеу, тестілеу «60%» (9 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау. |
50-54 | Сабаққа қатысу, материалды білмеу, тестілеу «50%» (10 қате), барлық тапсырмаларды дәл орындамау. |
0-49 | Сабаққа қатысу, материалды білмеу, тестілеу ( 50% кем), тапсырмаларды орындамау. |
Ықтық компетенцияны бағалау критерийлері
Қазақстан Республикасының 30 желтоқсан 2009 ж. № 2295 Қаулысын білу
«Қарсы профилактикалық егу жургізетін аурулардың тізбесін, олардың жургізу ережесін және халықтың жоспарлы егуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы».
(29.06.2010 ж. өзгерістер және толықтырулармен).