Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау.
Сақау стрептококқа ең сезімтал ақ және сұр (үй) тышқандары, азырақ – теңіз шошқасы және қояндар аздап бейім. Садовскийдің байқауы бойынша, әсіресе қоздырушысына мысықтың баласы сезімтал. Дала тышқандары бейім емес. Ақ тышқандарға тәуліктік ЕПС өсіндісін немесе іріңді 0,01 – 0,001 мөлшерінде тері астына енгізгенде олар 2 – 7 күннен кейін (кейде 10 күннен кейін) өледі. Теңіз шошқаларына қоздырушыны тері астына енгізгенде жұқпайды. Қояндарда құлақ терісіне жұқтырғанда тез өтетін тілмелік қабыну пайда болады; өсіндінің көбірек мөлшерін құрсақ ішіне немесе күре тамырға (5 мл және одан да көп) енгізгенде қояндар өледі. Өсінділерді қояндардың немесе ақ тышқандардың мүшелері арқылы пассаждағанда қоздырушының уыттылығы күшейеді. Сақауға бактериологиялық диагноз қою кезінде жануарларды жұқтыруды барлық кезде жүргізбейді (зерттеуді жүргізетін адамның қарауы бойынша). Сақау мен маңқаның дифференциалдық диагностикасын жүргізгенде теңіз шошқасының ұрғашысын (құрсақ ішіне) және далалық тышқандарды жұқтыру қажет.
Зерттеуге арналған материалдар:Лимфа түйіндеріндегікесілмеген абсцесстің іріңі (жақ асты және т.б.). Іріңді залалды жолмен тесілген орынды мұқият өңдегеннен соң, шприцтің көлемімен пробиркаға алады (жүнді қырқу, спиртпен, одан кейін йодтың тұнбасымен сүрту). Зертханаға іріңді консервирленбеген түрінде жеткізеді. Аталған материалды алу мүмкіндігі болмаған жағдайда іріңді мұрын ағындысынан және кесілген абсцесстерден 25% глицериннің сулы ерітіндісімен дымқылданған стерильді мақта тампонымен алады.
Сақаудың қатерлі түрінде зерттеуге төменделілерді жібереді: ұсақ өліктер – тұтасымен; ересек жануарлардан – басын, мұрыннан іріңнің ағындылары (пробиркада) немесе абсцесстерден іріңдер, зақымданған паренхиматозды мүшелердің бөліктері (бауырдың, өкпенін, бүйректің жәнет.б.) және лимфа түйіндері. Осыдан басқа, бір уақытта іріңнен жағынды материалдың ауадан кептірілген (қарапайымдары – жіңішкілері және қалыңдары) бірнеше данасы (4
– 6) жіберіледі.
Патологиялық материалды зерттеу тәртібі:
1. Патологиялық материалдан және қалың жағындылардан қоректі ораларға (рн-7,4-7,6) себінді жасау (жылқының қан
сарысуы немесе қансарысуы және глюкозасы немесе жылқының ұйыған қан сарысуы бар ЕПА және ЕПС); өлікті жібергенде – оны сою және паренхиматозды мүшелерден және абцесстерден сол қоректік орталарға себінділер.
2. Мақта тампондарымен іріңнен және паренхиматозды мүшелерден жағындылар дайындау: жағындылардан грам бойынша, Леффлер метиленді көгімен және Романовский-Гимза бояуымен бояу.
Боялған жағындыларды микроскопиялау (сол күні).
24 сағаттан кейін себіндіні қарау, алынған өсінділерді зерттеу (грам бойынша боялуы, микроскопия, қозғалмалылыққа зерттеу); бөлініп алынған таза өсінділерді әрі қарай зерттеу (гемолетикалық қасиеттердін, отпен сынама, сүтке, ЕБЖ-ға және лактазасы, глюкозасы, сахарозасы, манниті, мальтозасы және сорбиті бар орталарға себінділер).
Аралас өсінділерден күдікті тізбектерді бөліп алу және қоректік орталарға қайта себу, ал тәуліктен соң алыңған таза өсінділерді әрі қарай зерттеу.
Қажет болғанда – зертханалық жануарларды жұқтыру. Бөлініп алынған өсінділердің уыттылығын сынау бактериолог – дәрігердің қарауы бойынша жүргізіледі.
Эпизоотологияық мәліметтер. 6айлық пен5жылдықтыңарасындағы жылқы, есек, қашар ауырады. 3-6 айлық құлындар жиі ауырады. Ересектері сирек ауырады, оның ішінде бұрын ауырмағандары ғана. Инфекцияның негізгі көзі ауру малдар, олар жөтеледі және пысқырады, ұсақ тамшылар ауаны залалдайды (тамшылық инфекция) .
Одан басқа мұрыннан аққан ірің және жарылған іріңді жарадан микробтар азық, су, шелек, ошаққа түседі және барлық қоршаған заттар ластанады (алиментарлық инфекция).
Аурудың қоздырушысы ат қораның ішінде төзімді, сондықтан да дұрыс тазартылмаған және дезинфекцияланбаған қораларда туған құлындар жыл сайын ауруға шалдығады. Сақаудың стрептококкі сау малдың тыныс жолдарының кілегей қабықшаларында болады, бірақта организимнің төзімділігі төмендегенше ауру туғызбайды. Дұрыс азықтандырмау (құлынды енесінен айыру, биені сауу), суық тию (салқын жауын, қарлы жайылым, ылғалды, салқын ат қора), болдыру аурудың шығуының себепші болмақ. Ауру жылдың барлық мерзімінде шыға береді.
Барысы және симптомдары. Жасырын кезңі4-18күн.Сақауөте жұғымтал, тиісті дауалау жаралары болмаса, малдың көпшілігі ауырады. Құлын неғұрлым жас, нашар, арық болса соғұрлым ауру ауыр өтеді, көпшілігі өледі. Ауру асқынбаса 15-30 күннің ішінде жазылады. Өлім-жітім 1-3% аспайды. Ішкі органдарында және лимфа түйіндерінде ошарлану болғанда, сондай ақ іріңді процесстің жұтқыншақ, көмекей лимфа түйіндері және ауа қапшығына ауысқанда аурудың барысы ауырлайды. Бұндай асқыну малдың төзімділігінің төмендеуімен байланысты – жеткіліксіз және сапасыз азықтандыру, салқын тию. Бұл жағдайда өлім-жітім 20-30%-ға жетеді және артық.
Ауру дене қызуының көтерілуінен басталады. Ол 40-41 С дейін көтеріледі; демалысы, тамыр соғысы жиілейді. Мұрынның кілегей қабықтары қызарады, іседі, басында қою, кейіннен шырышты ірің ағады және жылқы жөтеледі. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғаяды және жақараға айналады. Іскен лимфа түйіндері алғашқыда тығы, ыстық, ауршаң, 2-3 күннен кейін бір немесе бірнеше жерлері жұмсарады, флюктуация білінеді. Ең соңында абсцесс өздігінен жарылады. Содан соң дене қызуы әдетте төмендейді, ауру малдың жағдайы жақсара бастайды. Демалыс жолдары кілегей қабықтарының қабынуы жазыла бастайды, мұрыннан және жөтел тоқталады, мал жазылады. Бұл аурудың тән көрсеткіштері болып саналады. Бірақта сақаудың асқынуы да болып тұрады. Дененің ішкі қуысындағы лимфа түйіндері, сиректеу үлпершекті органдарында іріңді ошақтар байқалады.
Асқынуларда дене қызуы көтеріледі, жылқы жабырқанады, азыққа тәбеті татпайды, нейтрофильді лейкоцитоз байқалады. Лейкоформула солға жылжыйды. Мал тез жүдейді, әлсіреп және жабырқанып өледі. Кейде ауру жұтқыншақ, ауа қапшығы, шықшыт безі және оларды қоршаған лимфа түйіндеріне тарайды. Бұндай жағдайда бастамасында ыстық, нығыз ісік пайда болады, жұтыну және демалысы қыйындайды, мал басын созады. Абцесс жұтқыншақ қуысының ішінде (жиі), не сыртынада жарылады, немесе ірің дәнекер ұлпа клечаткалы күре тамыр ойысымен төмен ағады; бұл жағдайда септикалық көрінісі анық байқалады (лихорадка, жабырқану т.б.). Сақау бронхиопневмониямен жиі асқынады.
Ауыр формаларымен қатар малдың кейбір бөліктерінде ауру үзілмелі өтеді, ауру ринитпен шектеледі, лимфа түйіндері іріңдемейді.
Негізгі патологиялық-анатомиялық белгілері. Сақаудың жеңілтүрі малдың жазылуымен аяқталады, осыған орай асқынудан өлген малдардың өліксесін жарып қарайды. Өлексе өте арық. Үстіңгі лимфа түйіндері, негізінен алқым, жауырын алды, және басқалары үлкейген; оларды қоршаған дәнекер ұлпалы клечаткалары ісіңкі. Тілін қарағанда лимфа түйіндері шырынды, қызарған (гиперемия), үлкенді-кішілі іріңді фокустері бар. Іш құрсағын қарағанда шажырқай лимфа түйіндерінен отарланған абсцессттер табылады. Оларда жұмырықтай іріңдеме болады. Олардың сыртында қоршаған дәнекер ұлпалы капсуласымен жақсы орналасқан ішек ілмектеріне жабысып қалады, олар жарылғанда перитонит пайда болады. Шажырқай лимфа түйіндерімен қатар бұндай абцесстерді бүйрек айналасындағы ұлпалардан, бүйректердің, бауырдың, үлпершігінен сиректеу көкбауырдан кездестіруге болады. Көкірек қуысы лимфа түйіндерінің іріңді асқынуында осындай абсцесстер пайда болады.
Олардың көлемі әр қалай, кейбіреуі баланың басындай болады. Кейде фокуста бронхопневмония байқалады (Олейник бойынша), өкпе ұлпасы қатайады, ұсақ және көлеміндей іріңді ошақ табылады.
Диагнозды микроскопия негізінде, кейде клиникалық және эпизоотологиялық мәліметтерді ескере отырып, биологиялық сынаманың оң нәтижелері негізінде де қойылады.
Қортынды. Алдын ала оң жауап материал түскен күні клиникасын және эпизоотологиясын есепке ала отырып, іріңдік жағындыларды микроскопиялау негізінде (морфологиясы бойынша әдеттегі стрептококк тізбекшелерінің табылуы) беріледі. Соңғы жауап – 4 күнге дейін.
Індеттік вагинит (Фолликулярлы вестибулит)Зерттеушілердің көпшілігі ірі қара мал індеттік вагиниттің
қоздырушысын Streptoccusvaginitis деп санайды.
Зерттеуге арналған материал – сиырлардың қынабынан клегейлі – ірің (бұқалардың препуциялық шырышы) бөлінеді. Материалды қасықшамен шырышты қабықтан аздап қырып алу жолымен алынады.
Зерттеу тәртібі:жағындыларды микроскопиялау;жасандықоректік орталарға себінділер жасау (ЕПА, қан сарысуын, қанды, глицеринді агарын және ЕПС.
Қоздырушының морфологиясы және биологиясы.6–9
қозғалмайтын торшадан тұратын стрептококктың қысқа тізбектері жұқа қабықпен қоршалған; кәдімгі анелин бояуларының ерітінділерімен, әсіресе мителен Леффлерлік көгімен жақсы боялады; грам теріс. Стрептококтар патологиялық материалда іріңді торшаларда болады немесе бос жатады. Аэробтар. Кәдімгі қоректі орталарда 36 – 38ºC температурада жақсы өседі. Қоректі орталарға қан сарысуын, қан немесе глицеринді қосқанда көпіңкіреп өседі. Қоздырушы агарда басында ұсақ мөлдір, кейіннен бұдыр, ақ – сұр түсті тізбек түрінде өседі. ЕПС – да біркелкі бұлдырлану түзіледі, жұқа қабық болмайды. ЕПЖ және ұйыған қан сарысуын сұйылтпайды; сүт ұйымайды. Қышқылды газсыз глюкозалы орталарда түзеді. Индолды, күкіртті сутекті, аммиакты түзбейді. Қоздырушы құрғатуға төзімді, бірақ көбінесе дезинфекциялық ерітінділермен әсер еткенде тез өледі. Зертханалық жануарларға зардапты емес.
Диагнозды бактериологиялық зерттеудің нәтижелерін есепке ала отырып, клиникалық және эпизоотологиялық мәліметтердің негізінде қояды. Көпіршікті бөртпені және трихомонозды (трихомонодтың болуына шырышты микроскопиялық зерттеу) қоспау қажет.