Бұзау колибактериозы
Патогенезі.
Төлдің (бұзаулар) өмірінің бірінші күні ауырады. Ішек таяқшалар дені сау адамдар мен малдардың ішектерінде мекендейді. Осыдан барып осы бактериялар жаппай таралады. Жаңа туған бүзаудың сау шырышы ішек таяқшаның енуіне қарсы
тұрады. Мүшенің қорғаныс күші әлсірегенде (дұрыс азықтандырмағанда және толысып жетілмегенде, ішектің сірлі қабығы қабынғанда және т.с.с.) ішек таяқшасы бірінші барьерден өтіп – ішектің шырышты қабығынан, қабыну процессін шақырады және лимфа мен қан жүйелеріне өтеді, сепсис құбылысына жол береді. Бірнеше пассаждан кейін төлдің (бұзаудың) организмі арқылы ішек таяқшаның уыттылығы ұлғая түседі, содан кейін дендері сау бұзауларда ауру тудыра бастайды. Қорада аурулар пайда болғанда барлық қоршалған объекттерге жұгып, негізгі індет көзі болып табылады.
Ауру ағымы және клиникалық белгілері:
Ауру өте жіті өтеді. Қалжырататын профузды іш өту төлдің организмін әлсіретіп және антибиотиктермен емделмей 2 – 3 күні өлімен аяқталады. Жазылуы өте сирек кездеседі. Жазылған мал ақырындап салмақ жинайды және өз қатарларынан өсуі жағынан қалып қояды.
Іш өтуі сулы ақ – сұр түсті болып, газ көпіршікті немесе қышқыл иісті болады. Сіңбеген сүт ұйығанын, шырышы жолақ – жолақ қан екенін көруге болады. Сұйық іш өту құйрығы мен санын бұлғайды. Толқи жиырылуы күшейтілген, ал тыңдаған кезде мыңқылдау дыбыстар естіледі. Құрсақ қабырғасын ұстағанда ауырсынады, температурасы 400С шамасында ауру басталғанда болады, кейбір кездем бірнеше сағат; содан кейін іш өту басталғанда температура нормаға дейін немесе одан да төмен түседі (37 – 360С). Тәбеті болмайды, төл тез арықтап, әлсірейді. Жануарлар бастарын және аяқ – қолдарын созып жатады, көздері түсіп, жүндері жылтырауығын жоғалтып, терісі жергілікті сасық терімен қапталған. Пулсі жиі және әлсіз, тыныс алуы үстіртін және жиі болады.
Ауру дамыған сайын көрсетілген белгілер күшейіп, жануарлар коматозды күйге түсіп өліммен аяқталады. Сирек жағдайда ішек құбылыстары біртіндеп азайып жазылады, тәбеті ашылып және малдар ақырындап жазыла бастайды.
Патологоанатомиялық белгілер:
Өлексе арық. Артқы тесіктің айналасындағы терісі мен жүні, құйрығы, сандары сұйық нәжіс массамен бұлғанған. Көрінетін шырышты қабықтар анемияланған. Негізгі өзгерістер құрсақ қуысында оқшауланған. Жұмыршақ құрамы көмескі сары сулар қоспасы сияқты ұйылған сүзбе массадан тұрады. Жұмыршақ
клегейі қызарған, қоймалжын шоғырланған, ісінген, қан талаған. Ішектің жіңішке бөлігінде азық массалары сұйық, клегейлі, кейбір кезде қан қоспаларымен. Тоқ және жіңішке ішектердің клегейлі бөлімдерінің ісінген, жабысқақ шырышпен қапталған, жергілікті геперемияланған, қан талаған, әсіресе бүрмеленген. Шажырқай лимфа түйіндері ұлғайған, кескенде шырынды, кейбір кезде гиперемирленген. Талақтың үлкен өзгерістері өзгеріске ұшырамайды. Ол ұлғайған, түсі қоңыр, шеттері аздап иірленген, үстінгі кесіндісі өзінің кескінін сақтайды. Бауыр мен бүйректер анемияланған, капсула астында қан талаулар болуы мүмкін. Өт көпіршігі күнгірт жасыл қою өтке толы. Несеп көпіршігінде күнгірт сары зәрге толған, несеп көпіршігінің клегейлі қабығы өзгеріссіз. Көкірек қуысында, өкпе жағдайы ісінген және үстінгі қабат серозды геморрагияланған, нормадан тыс өзгерістер жоқ. Ерекше сирек жағдайларда өкпенің алдынғы бас жағында катаралды құбылысты байқауға болады.
Диагноз қояр кезінде нені ескеру қажет:
Дифференциалды диагноз кезінде мынаны ескеру қажет, талғанатын ауру клиникасы сальмонелезден және дөрекі түрдегі ішектің қабынуы кезінде көптеген ұқсастықтары бар. Осы жағдайда эпизоотологиялық мәліметтерді және кейбір аурудың клиникалық негізін ескеру қажет. Сальмонеллезден айырмашылығы колибактериоз ерте жастағы төл (туғаннан кейін бірінші күні) ауырады, сондықтан да 5 – 7 күннен үлкен бұзаулар жаппай ауырса энтериттің пайда болуымен бұл колибактериозға күдіктендіреді. Керісінше сальмонеллез – үлкен жастағылар (10 – күннен бір айға дейін және одан да үлкендер) ауырады. Колибактериоз кезінде клиникалық белгілер профузды іш өту, қызба болмаған кезде, күштің тез түсуі және бірнеше күн арасында ауру малдардың өлуі. Сальмонеллез кезінде де сулы іш өту - өте сирек құбылыс. Сальмонеллезбен ауырғандардың нәжісі әдетте консистенциясы сұйық ботқа клегейлі қоспалар сияқты, бірақта сулы емес. Одан басқа, сальмонеллез тым аздап дамиды және жоғарғы температурада өтеді. Сойған кезде талақта өзгерістер болмайды және бауыр мен талақтағы некроз ошақтары колибактериозға көрсетеді.
Бактериологиялық зерттеулер үшін жылдың суық мерзімінде өлексені толығымен, ал жаз айларында жілік сүйектерін және паренхиматозды органдардың кесектерін 30%-ті глицеринге салып
жіберулері қажет. Бактериологиялық зерттеулер кезінде жіті септикалық процессі үшін өзгешеленеді, өзіне тән ақ тышқақ, өлексенің барлық мүшелерінен егінділер, ішектің лимфа бездерінен аралас немесе алынған өсінділер ішек таяқшасының секундық рөліне көрсетеді.
Бактериологиялық зерттеу:
Эшерихияның шарты–патогенді және патогенді емес эшерихиялардың морфологиясы мен тинкториалды қасиеттері басқа да энтеробактериялармен ұқсас, сондықтан да диагностикада микроскопиялық әдіс бағалы нәтиже бнрмейді. Диагностика негізінде қоздырғышты бөлу және осы немесе басқа патогенді топқа жататынын анықтау жатады.
Зерттеуге арналған материалдар:жаңадан өлген өлексетұтасымен (мал өлгеннен кейін 12 сағаттан кем емес). Жаңадан өлген өлекседен бауыр кесектерін өт жолдарымен, талақ, бүйрек, зақымдалған өкпе бөліктерін, он екі иелі ішек пен тоқ ішек кесінділерін (лигатурамен байланған), кіндігін, лимфа түйіндерін, жүрек қанын пипеткаға сорып алып, жілік сүйегін, буындар зақымдалған кезде – буын қапшықтың ішіндегісін пипеткаға жинап алып немесе зақымдалған буынды тұтасымен жібереді. Материалды балауса кезінде немесе 30% залалды глецирин ерітіндісіне консервіленген түрінде жібереді. Зертеуге алынған патологиялық материалды сол күні өндейді; қыс уақтысында өлексе (материал) толығымен жібігеннен кейін ғана өңделеді.