А. локализацияланған орта-, ірі калибрлі ылғалды сырылдар

В. қақырық бөлінуінің дене қалыбын өзгерткенде көбеюі (постуральді дренаж)

С. перкуссиялық дыбыстың қысқаруы

D. қатаң везикулалық тыныс

Е. шашыраңқы құрғақ сырылдар

F. өкпенің барлық алаңдарындағы ылғалды сырылдар

H. тыныс шығаруының ұзаруы

14. Жүкті әйел клиникасын бағалап, жетекші синдромы, болжам диагнозы және жүкті әйел емінде қолдануға болатын этиологиялық емді таңдаңыз: жүктілігі 20 апталық 19 жастағы әйел кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, дене қызуының 38,2°С дейін жоғарылауына, ентігуге шағымданып келді. Об-ті: оң жауырын астынан бастап перкуссиялық дыбыстың қысқаруы және везикулалық тыныстың әлсіреуі, үнді ылғалды сырылдар. Тыныс жиілігі минутына 22. Пульс жиілігі 90 мин.

А. өкпенің тығыздалу синдромы, ауруханадан тыс пневмония, ципрофлоксацин

В. өкпенің тығыздалу синдромы, ауруханадан тыс пневмония, гентамицин

С. өкпенің тығыздалу синдромы, ауруханадан тыс пневмония, амоксициллин

D. өкпенің тығыздалу синдромы, ауруханадан тыс пневмония, нистатин

Е. өкпенің тығыздалу синдромы, ауруханадан тыс пневмония, левофлоксацин

15. Жүктілігі 20 апталық 19 жастағы әйел кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, дене қызуының 38,2°С дейін жоғарылауына, ентігуге шағымданып келді. Об-ті: оң жауырын астынан бастап перкуссиялық дыбыстың қысқаруы және везикулалық тыныстың әлсіреуі, үнді ылғалды сырылдар. Тыныс жиілігі минутына 22. Пульс жиілігі 90 мин. Жүкті әйел клиникасын бағалап, емдік тактиканы таңдаңыз:

A. пульмонология бөлімі бар ауруханаға жолдау

B. үйінде таблеткалық дәрмектермен емдеу

C. күндізгі стационарда емдеу

D. патология бөлімі бар босану үйіне жолдау

E. емдеу керек емес, ұрығына зиян тигізеді

16. Клиникасына анализ жасаңыз: жөтеліп келген, анамнезінде кондиционерлері бар пансионаттарда, қонақ үйлерде болған; диареясы, айқын интоксикациясы, фебрильді қызбасы бар; лимфоцитопениялы лейкоцитоз анықталған және рентгендік тексерумен өкпенің тығыздалу синдромы нақталған науқастар пневмониясының этиологиясы:

A. стафиллококк

B. хламидий

C. микоплазма

D. пневмококк

E. легионелла

17. Қорытынды жасаңыз: 48 жастағы әйел кісінің шағымдары: оң иық буынының ауырсынуы, құрғақ жөтел, әлсіздік. Иығының ауыруы алғаш 3 ай бұрын физикалық күштемемен байланысты мазалай бастаған, өздігінен ауырсынуды басуға тырысқан, бірақ ол күшейе түсіп, жөтел, әлсіздік қосылған. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, оң иық буынының қимыл көлемі күрт шектелген, пальпацияда ауырсынуы айқын, Горнер симптомы оң (птоз, миоз, энофтальм). Аускультациялық зерттеуде оң өкпесінің жоғарғы бөлігінде везикулалық тыныс әлсіреген.

Рентгендік көрінісінде:

а. локализацияланған орта-, ірі калибрлі ылғалды сырылдар - student2.ru

A. жоғары бөліктік сөмкеленген плеврит

B. плевра ісігі

C. туберкулема

D. өкпенің жоғарғы сайының ісігі (Панкост рагі)

E. өкпе абсцесі

18. Қорытынды жасаңыз: 54 жастағы әйелде жөтел, көп көлемді қақырықпен, ентігу, кеуде сарайының ауыруы, әлсіздік бар. Дертті болғанына 6 ай. Рентгендік тексеруде: екі жақты төменгі бөліктерінде және оң орта бөлігінде әркелкі тығыздықтағы, пішіндері әртүрлі, контурлары анық емес, бөлікаралық саңылаудан жоғарғы бөліктеріне таралатын көлеңкелер анықталды.

A. өкпе шемені

B. екі жақты пневмония

Наши рекомендации