Тапсырма. Мәтінмен танысыңыз, терминдерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
«Бактерия» термині bacterion сөзінен шыққан, таяқша деген мағына береді. Бактериялар прокариоттарға жатады, олар екі доменге бөлінеді: Bacteria және Archaebacteria. Archaebacteria доменіне кіретіндер – ерте заманғы тіршілік түрінің өкілдері. Олардың жасушалық қабатының (пептидогликан болмайды) және рибосомалық РНҚ-ң ерекшеліктері бар. Олардың арасында инфекциялы аурулардың қоздырғыштары жоқ.
Домен ішінде бактериялар мынадайтаксономиялық категорияларға ажыратылады: класс, тип, қатар, тұқымдастық, туыстастық, түр. Негізгі таксономиялық категориялардың бірі – түр(species). Түр дегеніміз – шығутегі және генотипі бірдей, басқа туыстастықтардың өкілдерінен ерекшеленетін қасиеттері бойынша жақындарақтар жиынтығы. Түрдің атауы бинарлық номенклатураға сәйкес келеді, яғни екі сөзден тұрады. Мысалы, дифтерия қоздырғышыCorynebacteruim diphtheria деп жазылады. Бірінші сөз – туыстастықтың аты және үлкен әріппен жазылады, екінші сөз түрді білдіреді және кіші әріппен жазылады. Түр қайталап атап өтілген кезде, туыстастық атауы бастапқы үлкен әрпімен ғана беріліп, қысқартып жазылады, мысалы C. diphtheria.
Морфологиялық, тинкториалдық (боялуына қатысты), культуралық, биохимиялық және антигендік қасиеттері бойынша ұқсас, қоректік ортада бөлініп алынған микроорганизмдердің біркелкі жиынтығытаза культура деп аталады. Тиісті нысандардан бөлініп алынған және түрдің басқа өкілдерінен айырмашылығы бар микроорганизмдердің таза культурасын штамм деп атайды. «Штамм» түсінігіне «клон»түсінігі жақын. Клон – жалғыз ғанамикроб жасушасынан өсірілген ұрпақтар жиынтығы.
Қандай да бір қасиеттері бойынша микрооганизмдердің кейбір жиынтықтарын белгілеу үшін «вар» (өзге түр) жұрнағы қолданылады. Сондықтан микроорганизмдер айырмашылық сипатына байланысты морфоварлар (морфологиялық ерекшелігі бойынша), резистенттіварлар (мысалы, антибиотиктерге төзімділігі бойынша), сероварлар (антигендік айырмашылығыбойынша), фаговарлар (бактериофагтарға сезімталдығыбойынша), биоварлар (биологиялық қасиеттерібойынша), хемоварлар (биохимиялық қасиеттерінің айырмашылығы бойынша) және т.б. деп белгіленеді.
Бұрынғы кезде бактерияларды жіктеу жасуша қабырғасы құрылысының ерекшелігіненегізделіп жасалатын. Микроорганизмдерді жасуша қабырғасы құрылысының ерекшелігіне қарай ажырату Грам әдісі бойынша қайсыбір түскебояу реңкініңөзгеру мүмкіндігіменбайланысты. 1884 ж.дат ғалымы Х. Грам ұсынған әдіскесәйкес,боялу нәтижесіне қарай бактерияларкүлгін-көк түске боялатын грам-оң жәнеқызыл түске боялатын грам-теріс болып бөлінді.
Қазірге кезде микробтарды жіктеу негізін генетикалық туыстастық дәрежесі, рибосомалық РНҚ (рРНҚ) геномының құрылымын зерттеу (5-тарауды қараңыз), геномындағы гуанинцитозин жұптарының (ГЦ-жұптар) пайыздық мөлшерін, геномның рестрикциялық картасы құрылымының гибридизация дәрежесін зерделеуқұрайды. Сонымен қатар, фенотиптік көрсеткіштер –Грам әдісімен боялу ерекшелігі, морфологиялық, культуралық және биохомиялық қасиеттері, антигендік құрылымыда ескеріледі.
Bacteria доменіне 23 тип кіреді, олардың ішіндемедициналық маңызы барлары төменде көрсетілген.
Грам-теріс бактериялардың көпшілігі Proteobacteria (түрлібейнеге ене айналатын грек құдайыProteusатымен) типіне біріктірілген.Proteobacteria типі 5 класқа бөлінеді:
· Alphapteobacteria (Rickettsia, Orintia, Erlichia, Bartonella, Brucellaтуыстастықтары);
· Betaproteobacteria(Bordetella, Burholderia, Neisseria, Spirillumтуыстастықтары);
· Gammaproteobacteria(Enterobacteriaceae тұқымдастығының өкілдері, Francisella, Legionella, Coxiella, Pseudomonas, Vibrioтуыстастықтары);
· Deltaproteobacteria (Bilophilaтуыстастығы);
· Epsilonproteobacteria (Campilobacter, Helicobacterтуыстастықтары).
Грам-теріс бактериялар,сондай-ақ, келесі типтерге кіреді: Chlamydiaeтипі(Chlamydia, Chlamydophilaтуыстастықтары);Spirochaetesтипі(Spirocheta, Borrelia, Treponema, Leptospiraтуыстастықтары);Bacteroidesтипі(Bacteroides, Prevotella, Porphyromonasтуыстастықтары).
Грам-оң бактериялар келесі типтерге кіреді:
· Firmicutes типіне Clostridium класы (Clostridium, Peptococcusтуыстастықтары), Bacilli класы (Listeria, Staphylococcus, Lactobacillus, Streptococcus) және жасушалық қабырғасы жоқ бактериялар болып табылатынMollicutes класы (Mycoplasma, Ureaplasmaтуыстастықтары) жатады.Actinobacteriaтипі (Actinomyces, Micrococcus, Corynebacterium, Mycobacterium, Gardnerella, Bifidobacterium, Propionibacterium, Mobiluncus туыстастықтары).