Жүргіншілер жолы жөнге келсе

Кімдік назарына

Талдықорған бүгінде заман үрдісімен қатар дамып келе жатқан жұрт тамсана айтататын жер жаннаты жетісудың кіндік қаласы. Республикадағы жасыл желекті және ең таза қала деген атты иеленіп күннен-күнге көзді қуантарлық көрініспен жаңа тыныс алып келе жатқан шаһар.

Облыс әкімдігі кез-келген ұсынысты қолдап, көмек қолдарын созғандарының арқасында қалада жаңа мөлтек аудандар, еңселі ғимараттар бой көтеруде.

Қыруар жұмыс істеліп, тынымсыз тірліктің толассыз жалғасып жатуының айқын айғағы іспеттес гүлзар көмкерген сән-салтанаты мен тазалығы көрген жанның мейірін қандырғандай. Жылдың қай маусымы болмасын қала қайнаған тірлік пен көз жауын алатын сән-салтанатымен ерекшеленіп тұрады. Атаулары өздеріне жарасқан Қазақстан, Тәуелсіздік, Желтоқсан, Абылай хан, қаракерей Қабанбай, Қабылиса жырау, Абай, Ілияс Жансүгіров, ақын Сара секілді ұлттық шырайдағы көшелер көңіліңді көкке көтеріп, жаныңды жадыратып жібереді.

Таза қала атымен белгілі таза ауалы кенттің бұл көшелері күн өткен сайын көздің жауын алатын жарық шамдармен көмкеріліп, айналаға өзіндік бір өң беріп, нұр шашып, шаһар көркін одан әрі еселей түсуде. Талдықорған атауымен бұрыннан бері бірге айтылып келе жатқан «Таза» сөзінің жанына «жарық» сөзі қосылып сәт санап сәулеті сән-салтанат құра бастаған қаланы сәулелі болашаққа бастап бара жатқандай әсер қалдырады. Рас, жақында түн қараңғылығын тап бір түс әлетіндегі мезгіл секілдендіріп самаладай жарқырап жарықтандырып тұратын жол бойындағы шамдармен қатар көшелерге ілінген жарнамалық Led – экрандар, заман талабына сай жаңа аялдамалар қала тұрғындарының көз қуанышына айналып ерекше әсерге бөлеуде. «Мемлекет халық игілігі үшін қызмет етуі тиіс, халық игілігіне қызмет етеді де, басқаша болуы да мүмкін емес» деген Елбасымыздың ұлағатты ойын ту етіп көтерген елі үшін туған ерлердің арқасында облыс орталығы жаңарып, жанданып даму үстінде. Лайым, берекеден айырмасын!

Осы тұста қарапайым қала тұрғыны ретінде шаһар дамуына ұсынар ұсынысым бар еді. Қаланың шығыс жақ кіре берісіндегі І. Жансүгіров көшесі мен Тәуелсіздік көшесінің қиылысындағы “Мебельдер үйі” аялдамасындағы жаяу жүргіншілер өтетін жолаққа аздаған толықтырулар енгізіп LED-экран орналастырған секілді төбесі жабық жер үсті жолын жасау керек секілді. Неге десеңіз, тура шаһардың кіре беріс қақпасында орналасқан әрі тура айналма жолдың тұсындағы жер болғандықтан, үнемі көліктер легіне ары-бері өткен жүргіншілер немесе жүргіншілерге көліктер легі кедергі болып жатады. Оның үстіне дәл сол аялдамадан “Талдықорған медициналық колледжі” студенттері мен “І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің” студенттері көп жүретіндіктен жағдай кішкене болса да реттілік табар еді. (Әрине, шешімді қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімі өзі шығара жатар. Бұл менің жеке азаматтық пікірім, өзіндік ойым ғана)

Көше Алматының көшелеріндей кең емесі рас бірақ, біріншіден уақыт үнемделіп, екіншіден қауіпсіздік шарасы сақталынып, үшіншіден қала көркіне аз да болса өзіндік сән кірер еді. Қалаға шығыс қақпадан айналма жолдағы Талдықорған қаласының силлуэтіне қарап кіріп келе жатқан қонақтың жолдың сол қанатынан жасыл шатырлы жер үсті жолын көргенін көзге елестеткеннің өзі тамаша көрініс емес пе?!

Сосын мына І. Жансүгіров көшесі мен Н. Алдабергенов көшесінің ортасында орналасқан “Политехникалық колледж” жатақханасының аялдамасына екі бірдей жатақхана (№2 “І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті” мен “Политехникалық колледж” жатақханалары) мен “Қ. Байсейітов атындағы Талдықорған саз колледжі” студенттері үшін “Облыстық күзет басқармасының” алдынан бір жаяу жүргіншілер жолағы жасалынса.

Себебі, І. Жансүгіров көшесіндей үлкен көшеде күннен-күнге саны артып келе жатқан көлік қозғалысында қарама-қарсы орналасқан аялдама арасына қатынас қиындай бастаған. Әрине, “Талдықорған медициналық колледжінің” алдында жаяу жүргіншілер жолы бары рас. Бірақ, ол жаяу жүргіншілер жолы екі жатақханаға біршама қашықтау орналасқан.

Бұл менің Алматы облысының орталығын, жер жаннаты Жетісудың кіндік қаласын дамытудың жолына қосайын деген титтей ғана ұсынысым, азғантай ғана үлесім ретіндегі ойларым еді. Сіздер қалай ойлайсыздар?

Айбек Сайдахмет

Талдықорған қаласының тұрғыны

Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru

Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru

Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru

Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru

Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru

Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru

Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru

Жүргіншілер жолы жөнге келсе - student2.ru

Наши рекомендации