Егер бұлшықеттер қарысуы болса, оны Берше әдісімен жансыздандыру арқылы босаңсытады.
Дәрі-дәрмекпен емдеу әр адамның организміне байланысты жүргізіледі. Көрсетілген жағдайда ауыру сезімін басып қабынуға қарсы, сенсибилизацияны жоятын, домбығуға қарсы дәрі-дәрмектер және физиотерапия тағайындалады. Егер науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ал қабыну кезеңі шамалы болса, онда дәрі-дәрмек тағайындаудың қажеті болмайды. Жапқышты тіліп қана қою оның астындағы экссудатты шығару үшін қолданылатын уақытша шара. Мұны рентген суретін жасап, жарып келе жатқан тістің тағдырын толық шешкенге дейін жүргізуге болады. Бұл ота қабынуға қарсы ем тағайындаумен толықтырылуы тиіс.
Кедергіленіп жарып келе жатқан төменгі ақыл тісті жұлатын жағдайлар.
1. Қалыпты жағдайдан ауытқыған кез келген тіс жұлынуы тиіс.
2. Ұяшық өсіндіде жарып келе жатқан тіске орын жетіспесе ол да жұлынады.
3. Егер де тіс, жақ сүйегінде тік орналасса, бірақ оның үстінен қанатша-жақ бүрмесі төніп тұрса ол тіс жұлынуы тиіс. Өйткені бүркенішті кесіп алып тастағанмен, қанатша-жақ бүрмесі жарып шыққан тістен зақымданып жаралар, тыртықтар, қабыну кезеңдері пайда болуы мүмкін.
4. Созылмалы қайта қайталанған перикоронаритте тіс жұлынуы тиіс.
5. Егер де қабыну кезеңі жапқыштың шегінен шығып ұлғайып кетсе (жедел іріңді периостит, остеомиелит, флегмона және т. б.) тіс жанындағы сүйекте патологиялық кезең пайда болса (пародентарлы киста, ретромолярлы остеомиелит және т. б.) және отасыз- консервативті ем оңды нәтиже бермесе, ол тісті жұлу қажет.
Тісті жұлуға науқастың жалпы жағдайы қарама-қайшылық келтірмесе, онда тісті неғұрлым ерте жұлу науқастың жазылуын жеделдетеді және жұмысқа жарамсыздық уақытын қысқартады. Сегізінші азу тіс жарып шығу үшін, сау жетінші тісті жұлу пайдалы емес, өйткені 8-ші тістің жарып шығуына анатомиялық-топографиялық жағдай кедергі болады.
Үшінші азу тіс, жұлынған тістің ұясына жылжымайды, керісінше медиальды (бері) қисайып, қызмет ету-функциональдық бағалығы болмайды. Жетінші азу тісті, тек оның түбірінде, сегізінші тістің көлбеу орналасуынан тіс жегі пайда болса, оны емдеу мүмкіншілігі болмаса ғана жұлу қажет. Егер сегізінші азу тіс ұяшық өсіндіде өте терең, көлбеу орналасса, оны атипиялық әдіспен жұлғаннан соң, жетінші тістің дистальды түбірі жалаңаштанып әр түрлі тітіргендіргіштерге сезімтал келеді. Осыдан өте терең сүйек қалтасы пайда болады. Осындай жағдайлар өте сирек кездеседі, сондықтан біз тәжірибемізге сүйене отырып, осы тақырыптың көкейкестілігін ескеріп, бірнеше қолжазбалар жаздық және алдын ала патент куәлігін алу үшін меншік құқықы туралы комитетке тапсырыс бердік. Сол үшін бірінші 7-ші азу тісті жұлып, одан кейін көлбеу орналасқан 8-ші тісті жұлған жөн.
Шала жарған төменгі ақыл тісті жұлу отасының техникасы.Ота өткізгіштік жансыздандыру әдісімен жасалады. Қажет жағдайда Берше және мандибулярлы жансыздандыру жасалады.
Отаны, ұяшық өсіндінің қыры арқылы дистальды бағытта 1,5-2 см ұзындықпен жапқышты сүйекке жеткізе тіліп, тістің сауыты мен мойнын қоршап жатқан тіндерден ажыратудан бастайды.
Егер тісті қысқашпен ұстау мүмкіншілігі болмаса, оны тік элеватормен ырғап босатады. Оны жетінші және сегізінші тістің ортасына сырт жағынан ішке қарай бағыттап кіргізеді. Элеватордың бағытын, тістің қаттылығын, төменгі жақ сүйегінің буынынан қозғалғыштығын, тыныс алу жолдарының жақындығын еске ала отырып, дәрігер жетінші тіспен жақ сүйегін мықтап ұстап тұруы қажет. Сол жақтағы сегізінші тісті жұларда, сол қолдың 1,4,5 саусақтары төменгі жақ сүйегін қапсыра ұстап (4, 5 саусақтар ауыз қуысы ішінен), сұқ саусақ ұрт тіндерін кері ысырады, ортаңғы саусақ жетінші және сегізінші тістерді, ұяшық өсіндінің тіл жақ қабырғасын ұстап тұрады.
Оң жақтағы тісті жұларда дәрігер науқастың оң және арт жағында орналасып, сол қолымен басын қапсыра ұстайды да, 3,4,5 саусақтарымен төменгі жақ сүйегін астынан және сырт жағынан бекітеді; сұқ саусақ ұрт тіндерін кері ысырады. Ал бас бармақ 7,8 тістерді және ұяшық өсіндінің тіл жақ қабырғасын ұстап тұрады. Элеваторды сегізінші тістің мойнынан төмен енгізіп, тісті артқа және жоғары қарай ырғап босатады да қысқашпен ұстап тісті жұлады. Егер тіс жартылай жарып шықса, оның сауытының үстінен сүйек төніп тұрса (әсіресе тіс жақ сүйегінде көлбеу орналасқанда) онда тісті қоршаған жұмсақ тіндермен қатар, төніп тұрған сүйектен де босату қажет. Ол сүйекті бордың немесе балға мен қашаудың көмегімен алып тастайды. Сондықтан тістің қатарындағы бүркенішті тіліп кесумен қатар, оны өтпелі қатпарға қарай жетінші тістің тұсынан төмен жалғастыру қажет. Сонда үшбұрышты қиынды пайда болады. Сүйекті жалаңаштап, тіске кедергі болып тұрған тұсын қашаумен не бормен жайлап ойып алып тастайды.
Тістерді атипиялық жұлу дегеніміз - тістерді және олардың түбірлерін жұлу кезінде қосалқы құрал-жабдықтардың-қашаудың немесе бордың көмегіне жүгіну әдісі болып саналады.
Тісті жұлған соң «қиындыны» орнына қойып, кетгутпен тігеді. Отадан кейін ұзақ уақытқа созылған жақ бұлшықетерінің қарысуы, альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті, тіс ұяшығы остеомиелиті, сияқты асқынулар кездесу мүмкін. Олардың алдын алу үшін, антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер, сұйық және жоғарғы калориялы тағам тағайындалуы қажет.
Жоғарыда аталған асқынулардың көбі емханада емделеді.
Тұжырым:Бұл тарауда бет-жақ аймағында кездесетін аурулар туралы
мәліметтер келтірілген. Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық кезеңдерге-процесстерге жатады. Олар белгілі уақытында, адамға білінбей, ешқан-дай ауыру сезімінсіз шығады.
Ақыл тістер 18-25 жас шамасында төменгі жақ толық қалыптасқан, қальцийленіп қатайған кезде кедергіден кешігіп жарып шығуға мәжбүр болады. Кейде ақыл тіске орын аз немесе мүлдем жоқ болғандықтан ол қатардан шет шығады немесе сүйектен мүлде шықпай қалуы мүмкін.
Төменгі жақ сүйегінде ақыл тіске орын болмауы филогенезде адамның эволюциялық дамуына қарай жақсүйектің кішіреюінен болады.
Бірақ, филогенездік даму кезеңінде тістің жалпы саны азаймаған. Кейде төменгі жақтың даму бұзылыстарына байланысты болады. Оның себебі гормондық ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, витаминдердің жетіспеуі, бала кезінде жақсүйегі іріңдіп игіріп немесе инфекциялық аурумен ауырса не тістің ұрықтанып жетілу шарты бұзылса және т. б. себептер болуы мүмкін.
Ұяшық өсіндісінде 8-ші тіске орынның жеткіліксіздігінен ақыл тіс төменгі жақтың ұяшық өсіндісінің ішкі жағына немесе сыртына, кейде тіс астына қарай шығуы мүмкін. Ақыл тіс тәж бұтағының түбіне қарай жарса, онда үстінен төнген сүйек қалқанынан шыға алмай ұсталып қалуы да мүмкін. Ақыл тіс дұрыс жарып шығу үшін оның маңындағы қызыл иек пен шырышты қабыққа зор маңыз беру керек, 7-ші тістер артының қызыл иегі мен шырышты қабығы өте қалың болады. Ол шайнағанда тамақпен не қарама-қарсы тіспен зақымданып тыртықтанып қатаяды. Сондықтан ақыл тіс жарғанда ол сорылмайды да шығуына бөгет болады. Кейде ақыл тістің үстінен тік жүрген (жазық емес) жақ-қанатша қатпары бөгет жасайды. Оны кесіп алса да тістің шығуын бөгейді.
Жоғарыда аталған кедергілермен қоса, кейде ақыл тістің кедергімен шығу себебі оның өте үлкен, ірі болуынан болады.
Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі — ақыл тістің қисық орналасуы. Ақыл тістің ұрықтану нүктесінің төменгі жақтың тәждік бұтағына қарай жайғасуынан оған орын болмауы мүмкін.
Адам өскен сайын тістің ұрығы да дамып болашақ ұяшағына қарай жайлап жылжиды. Бірақ кейде сәтті болмайды. Ақыл тіс әдеттегі тік қалпынан ауытқып кетсе, онда шығуының түрі неше сапқа бөлінеді: а)ақыл тістің көлденең жатуы; б) қисық орналасуы - медиальды , дистальды, ұрттық және тілдік қисаюлары болады.
Әрине, дұрыс орын алмаған тіс кешігіп қинала шығады кейде мүлде шықпай қалады.
Төменгі ақыл тістің кедергімен ұсталып қиналып шығуы тек жоғарыда аталған жағдайлармен байланысты болмайды. Ақыл тіске орын жеткілікті болып, тік тұрса да қиналып кешігіп жарғаны байқалады, бірақ себебі белгісіз. Сондықтан П.П.Львовтың (1929), Д.Е. Танфильевтің (1952) пікірлерімен келісуге тура келеді. Олардың айтуынша төменгі ақыл тістің кедергімен қиналып шығу себебі ішкі немесе сыртқы жағдайлар-факторларымен байланысты болуы мүмкін. Күнделік жұмыс бабына байланысты ақыл тістің кедергімен жаруынан болған әр түрлі қабыну, асқынған ауруларды кездестіреді.
Сол себептен науқасқа стоматологиялық көмек көрсету кезінде нау-қастың бет-әлпетіне, ауыз қуысындағы жағдайға байланысты түбегейлі шешім қабылдау, бұл тістерді жұлуда білгіленген ережелерге бағыну керек.
Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:
1. Дистопиядегеніміз ......................
А) дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан-шет шығуы.
Б) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
В) әртүрлі кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Г) жартылай, толық
Д) толық кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
2.Ретенция дегеніміз ......................
А) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы әртүрлі кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Б) дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан-шет шығуы.
В) толық кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Г) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
Д) сүт тістер, жартылай, толық
3. Ретенция ......... түрлерге бөлінеді.
А) жартылай, толық
Б) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
В) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
Г) сүт тістер, жартылай,
Д) толық кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
4.Дистопия мен ретенцияға ............. де ұшырайды.
А) сүт тістер, тұрақты тістер
Б) жартылай, толық
В) сүт тістер, жартылай,
Г) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
Д) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
5. Перикоронарит ............ деп атайды.
А) ақыл тістің сауытын қоршаған оны жауып тұрған жұмсақ тіндерінің инфекциялы қабынуын
Б) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
В) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Г) жартылай, толық
Д) 3 топқа
6. Перикоронарит ................ болып бөлінеді.
А) жедел, созылмалы
Б) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
В) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Г) дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан-шет шығуы.
Д) жеделдеу, созылмалы, өршу
7. Е. А. Магид, В. М. Штейнберг ............ бөледі:
А) 3 топқа
Б) 1 топқа
В) 2 топқа
Г) 4 топқа
Д) 5 топқа
8.Жедел перикоронарит ........ түрлерге бөлінеді.
А)катаральды, іріңді, жаралы
Б) жедел, созылмалы
В) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Г) жеделдеу, созылмалы, өршу
Д) жартылай, толық
9. ............. оны «дентарлық ангина» көрінісі деп атайды.
А) жұтынғанда ауыру сезімі күшейіп, құлаққа, самайға тарайды.
Б) катаральды, іріңді, жаралы
В) сезімтал және қозғалтқыш жүйкелердің қабыну кезеңінің
Г) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Д) жеделдеу, созылмалы, өршу
10. Шайнау бұлшықеттерінің қарысуы .... тікелей еттердің астына жайылуына байланысты.
А) сезімтал және қозғалтқыш жүйкелердің қабыну кезеңінің
Б) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
В) одонтогенді жылжымалы теріасты гранулемасының
Г) созылмалы жақасты лимфаденитіне
Д) катаральды, іріңді, жаралы
11. созылмалы перикоронарит .... пайда болуына себепші болады.
А) одонтогенді жылжымалы теріасты гранулемасының
Б) сезімтал және қозғалтқыш жүйкелердің қабыну кезеңінің
В) созылмалы жақасты лимфаденитіне
Г) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
Д) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
12. Созылмалы перикоронарит ......... әкеп соғады.
А) созылмалы жақасты лимфаденитіне
Б) одонтогенді жылжымалы теріасты гранулемасының
В) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
Г) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
Д) катаральды, іріңді, жаралы
13. Жақ остеомиелиттің себепшісі .... болып табылады
А) үшінші-төменгі азу тістің кедергіленіп жарып шығуы
Б) жедел іріңді периостит
В) абсцесс, флегмоналармен
Г) катаральды, іріңді, жаралы
Д) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
14. үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан ........ дамиды
А) жедел іріңді периостит
Б) катаральды, іріңді, жаралы
В) Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит)
Г) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
Д) өткізгіштік жансыздандыру әдісі
15. Үшінші азу тістің кешігіп жаруы ....... де асқынады.
А) абсцесс, флегмоналармен
Б) Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит)
В) өткізгіштік жансыздандыру әдісі
Г) Берше және мандибулярлы жансыздандыру әдісі
Д) оң және арт жағында
16. созылмалы перикоронариттің асқынуы ......... болып есептелінеді.
А) Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит)
Б) катаральды, іріңді, жаралы
В) жедел іріңді периостит
Г) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
Д) үшінші-төменгі азу тістің кедергіленіп жарып шығуы
17.Шала жарған төменгі ақыл тісті жұлу отасында .... қолданылады.
А) өткізгіштік жансыздандыру әдісі
Б) оң және арт жағында
В) жедел іріңді периостит
Г) катаральды, іріңді, жаралы
Д) Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит)
18. ақыл тісті жұлу отасында, жақ қарысқан жағдайда ..... қолданылады.
А) Берше және мандибулярлы жансыздандыру әдісі
Б) жедел іріңді периостит
В) Төмпешіктік жансыздандыру әдісі
Г) көз асты жансыздандыру әдісі
Д) оң және арт жағында
19. Оң жақтағы тісті жұларда дәрігер науқастың ....... орналасады
А) оң, арт жағында
Б) сол, алдыңғы жағында
В) сол, арт жағында
Г) оң, алдыңғы жағында
Д) басы жоғары көтерілген күйінде
20. Сол жақтағы тісті жұларда дәрігер науқастың ....... орналасады
А) оң және алдыңғы жағында
Б) оң, арт жағында
В) басы жоғары көтерілген күйінде
Г) сол, арт жағында
Д) сол, алдыңғы жағында
21. Патологиялық қалтаның R- суреттегі ...... сипаттамасы
А) «жарты ай» тәрізді сүйектің ыдырауымен
Б) жақ бұлшықетерінің қарысуы
В) альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті,
Г) тіс ұяшығы остеомиелиті
Д) тістерді, олардың түбірлерін жұлу кезі
22.Тістерді атипиялық жұлу дегеніміз .... көмегіне жүгіну әдісі болып саналады.
А) тістерді, олардың түбірлерін жұлу кезінде қашаудың немесе бордың
Б) «жарты ай» тәрізді сүйектің ыдырауымен
В) альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті,
Г) жақ бұлшықетерінің қарысуы
Д) тек рентген суретінің негізінде қойылады.
23. Отадан кейін ұзақ уақытқа созылған ... сияқты асқынулар болады
А) жақ бұлшықетерінің қарысуы, альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті, тіс ұяшығы остеомиелиті
Б) тістерді, олардың түбірлерін жұлу кезі
В) «жарты ай» тәрізді сүйектің ыдырауымен
Г) қатерсіз ісіктер — амелобластома, одонтома т.б. ісіктер
Д) тек рентген суретінің негізінде қойылады.
24. Үшінші азу тістің кешігіп жаруып шығуын, дұрыс нақтамасы .......
А) тек рентген суретінің негізінде қойылады.
Б) «жарты ай» тәрізді сүйектің ыдырауымен
В) тістерді, олардың түбірлерін жұлу кезі
Г) жақ бұлшықетерінің қарысуы
Д) альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті,
25. Кедергімен ұсталып шыға алмаған тістің әсерінен ......өсуі мүмкін.
А) қатерсіз ісіктер — амелобластома, одонтома т.б. ісіктер
Б) альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті,
В) жақ бұлшықетерінің қарысуы
Г) тістерді, олардың түбірлерін жұлу кезі
Д) тек рентген суретінің негізінде қойылады.
26. Біздің пікіріміз бойынша тіспен жақ сүйегі бұтағының алдыңғы қырына дейінгі ара қашықтық .......... тіске орын жеткілікті деп есептеледі.
А) 0,5 см болса
Б) 1,5 см болса
В) 2,0 см болса
Г) 2,5 см болса
Д) 3,0 см болса
27. Жақ остеомиелиттің келіп шығуына себепшісі болған инфекцияның .......... таралу жолы
А) маргинальды (қызылиек жиегі) жолмен тарайды.
Б) ауа
В) тамшы
Г) сүйіскенде
Д) түшкіргенде
28. Төменгі жақ сүйегінің одонтогенді остеомиелиті ....... жайылады.
А) жақтың бұрышы мен бұтағына
Б) жақтың денесі
В) жақтың бұрышы, денесі
Г) буын бұтағы, жақ төмпешігі
Д) жақтың денесі, көз асты аймағы
29.Созылмалы перикоронариттің жиі асқынуына ........... себепшісі болуы мүмкін.
А) Ретромолярлы остит, парадентарлы киста
Б) жақтың бұрышы мен бұтағына
В) буын бұтағы, жақ төмпешігі
Г) жақтың денесі, көз асты аймағы
Д) көз асты аймағы, тіс ұяшығы
30. П.П.Львовтың (1929), Д.Е. Танфильевтің (1952) пікірлері бойынша төменгі ақыл тістің кедергімен қиналып шығу себебі .............. байланысты болуы мүмкін.
А) ішкі, сыртқы жағдайлар-факторларымен
Б) жанама, сыртқы жағдайлар-факторларымен
В) ішкі, бүйір жағдайлар-факторларымен
Г) сыртқы, алдыңғы жағдайлар-факторларымен
Д) ішкі, артқы жағдайлар-факторларымен