Төмендегі ем шаралардың қайсысы шипалы болады?
{~бет сүйегін саусапен орнына салу;
~бет сүйегін бір тісті ілгекпен орнына салу;
~бет сүйегін Карапетян көтергішімен орнына салу;
~бет сүйегін Кеен тәсілімен орнына салу;
~алғашқы екі күн сынған жерге суық басып тыныштық беру}
#253
Клиникаға 20 жасар жігіт ауызның ауырып ашылатынына шайнау қызыметінің бұзылғанына шағымданады. Объективті: оң жағынан төменгі жақсүйегі маңы жұмсақ тіндері ісінген. Басып тексергенде: төменгі жақсүйегінің оң жағынан денесі маңы ауырады, осы жерде қысым сынағы оң нәтиже берді. Тістем бұзылған. Шырышты қабығы жыртылған. 4.5,4.6 тістері қатты тек қаққанда аздап ауырады. Рентген сутерінде төменгі жақсүйегінің денесі маңында сүйек тінінің бүтіндігі бұзылғаны сынық бөліктерінің ауытқығаны анық байқалады. Минипластинкалармен остеосинтез жасау жоспарланды.
Минмпластинкалар сүйекке қалай бекітіледі?
{~шегелермен;
=бұрандалармен;
~резина тартпалармен;
~бунақ сымдармен;
~компрессиялық- дистракциялық аппаратпен}
#254
ПМП ауыр жараланған 30 жасар капитан жеткізілді. Объективті: сіңір рефлекстері баяу, жарыққа реакциясы жылдам, беттің ортаңғы бөлігінің жұмсақ тіндері қатты ісінген, жоғарғы жақсүйегі патологиялық қозғалады, мұрны мен құлақтарынан қан кеткен.
Емдеу тактикасын дұрыс ұстану үшін төмендегі симптомдардың қайсысы дұрыс мәлімет береді?
{~ «қысым» симптомы;
~ «баспалдақ» симптомы;
~«ұрт» сынағының оң болуы;
= «қос дақ» белгісінің оң болуы;
~қанның құрамындағы эритроциттердің мөлшерінің саны}
#255
Қабылдау бөліміне бетінің ісінгенін және қатты ауыратынын, басының ауыратынын, басы айналып лоқсып жиі құсатынын шағымданған ер кісіні жедел жәрдем жеткізді. Рентгенограммада сынық сызығы мұрынның түбірінен басталып, көз ұясының ішкі қабырғасына одан көздің төменгі жырығы арқылы сыртқы қабырғасымен бетсүйегі маңдай жігіне жеткені көрінді.
Төмендегі тәсілдердің қайсысы осы науқас үшін дұрыс әрі шипалы болып табылады?
{~жақша- құрсау;
= Збаржа аппараты;
~Васильевтің тасталы құрсауы;
~стандартты транспорттық таңба;
~жақ аралық бунақ сыммен байлау}
#256
Қабылдау бөліміне басы мен ісінгенін бетінің қатты ауыратынын, басы айналып лоқсып жиі құсатынын шағымданған ер кісіні жедел жәрдем жеткізді. Рентгенограммада сынық сызығы мұрынның түбірінен басталып, көз ұясының ішкі қабырғасына одан көздің төменгі жырығы арқылы сыртқы қабырғасымен бетсүйегі маңдай жігіне жеткені көрінді.
Бұл ауруды қандай бөлімшеге жатқызып емдеген дұрыс болады?
{~соматикалық бөлімшесіне;
~неврологиялық бөлімшесіне;
~жақ бет хирургиясы бөлімшесіне;
~травматологиялық бөлімшесіне;
=нейрохирургиялық бөлімшесіне}
#257
Стоматологиялық емханаға 32 жасар ер кісі сол жағынан төменгі жақсүйегінің бұрышы маңы қатты ауыратынын шағымдап келді. Ауру сезім ауызды ашқанда күшейеді. Екі тәулік бұрын науқасты көшеде бейтаныс біреу жағынан ұрып есінен тандырып кеткен екен. Төменгі жақсүйегіне жасалған салмақ сынағы оң, сынық бөліктері патологиялық қозғалмалы, ауызы 2,0 см ашылады. Тістем өзгерген. 3.8 тістің артқы жағынан шырышты қабық жыртылған.
Сынық бөліктерін қандай тәсілмен бекіткен дұрыс болады?
{~ Рудько аппаратын қолдлану;
~ Аржанцев аппаратын қолдану;
=екі жақтық құрсау салу;
~Айви тәсілі бойынша бунақтап байлау.
~ Тіс аралық иіні бар құрсау салу}
#258
Клиникаға 3 күн бүрын жарақат алған 29 жасар еркек келіп қаралды. Жұтынғанда ауыратынын, ауызының шектеліп ашылатынын, тістемнің бұзылғанын, тамақ шайнау мүмкін еместігін шағымдап келді. Көшеде бейтаныс кісілер соққан. Есін жоғалтпаған, лоқсу мен құсу болмаған. Психоневрологиялық диспансерде – шизофрения нақтаммен диспансерлік есепте тіркелген. Объективті: беті оң жағындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен асимметрияланған. Ауызы II дәрежеде шектеліп ашылады. Салмақ симптомы оң жақ бұрышында анықталды.
{~аппаратуралық тәсіл;
=ауыз іші остеосинтезі;
~сынық бөліктерін Киршнер инелерімен бекіту;
~таза консервативтік ем;
~психологиялық аурудың басылғанынша күту}
#259
Жақ бет хирургиясының қабылдау бөлімшесіне 32 жасар ер кісі сол жағынан төменгі жақсүйегінің бұрышы маңы қатты ауыратынын шағымдап келді. Ауру сезім ауызды ашқанда күшейеді. Екі тәулік бұрын науқасты көшеде бейтаныс біреу жағынан ұрып есінен тандырып кеткен екен. Төменгі жақсүйегіне жасалған салмақ сынағы оң, сынық бөліктері патологиялық қозғалмалы, ауызы 2,0 см ашылады. Тістем өзгерген. 3.8 тістің артқы жағынан шырышты қабық жыртылған.
Төменгі жақсүйегінің бөліктерін қандай тәсілмен бекіткен дұрыс?
{~Збарж аппаратын қолданып;
=Тигерштедттің екі жақтық ілгектік құрсауымен;
~тегіс жақша тәрізді құрсау арқылы;
~сақпан тәрізді таңба салу;
~Айви бойынша бунақтап байлау}
#260
42 жастағы Л. атты әйел сүрініп құлаған кезде жерге бетімен соғылды. Есін жоғалтпады. Одан соң жоғарғы жақсүйегі ауырып, ауызынан қан аралас сілекей аға бастады. Объективті: жоғарғы алдыңғы тістердің барлығы альвеолалық өсіндісімен бірге қозғалып тұр. Осы тістердің тұсындағы өтпелі қатпар жыртылып, қан ұйып қалған.
Осы науқасқа төмендегі бекіту тәсілінің қайсысы шипалы болады?
{~Збарж аппаратымен;
=тегіс жақша тәрізді құрсау;
~сүйекке остеосинтез жасау арқылы;
~ Васильевтің стандартты құрсауы арқылы;
~Оразалиннің екі жақтық құрсауы арқылы}
#261
32 жасар еркек машина доңғалағына компрессор арқылы жел беру кезінде жарылған шинаның бөлігі бетіне тиіп жарақат алды. Тексеру барысында: сол жағынан бет сүйегі аймағының жұмсақ тіндері ісінген. Сүйектің контуры бұзылмаған. Басып тексергенде тері астында пышырлаған ауа көпіршіктері анықталды. Тістем өзгермеген.
Төмендегі тәсілдердің қайсысы осы жағдайға теріс деп ойлайсыз?
{=тері астындағы ауаны жуан шприцтің инесімен шығару;
~асептикалық таңба антибиотиктер тағайындау;
~УВЧ терапия мен кешенді физиоем;
~ауа жиналған жерге қыздыратын таңба басу;
~массаж бен қыздырғыш терапия}
#262
56 жасар науқасқа алмалы пластмассалық протез дайындалды. Бірақ науқас оны кие алмады. Мұқият тексеру нәтижелері науқастың төменгі жақсүйегінің оң жағында 6 ай бұрын алынған жарақатының салдарынан жалған буынның бары анықталды.
Қандай ем шара шипалы болады?
{~сүйекке қиғаш остеотомия жасау;
=жалған буынды жою;
~төменгі жақсүйегінің бұтағына қиғаш остеотомия жасау;
~төменгі жақсүйегіне екі жақты баспалдақты остеотомия жасау.
~ сынық бөліктеріне имплантация жасау}
#263
Қабылдау бөліміне төменгі жақсүйегі оң жағынан ісінгеніне және ауызын ашқанда қатты ауыратына шағымданған еркек келді. Жарақатты 2 сағат бұрын алыпты, көшеде бейтаныс біреулер соғып кеткен. Есін жоғалтпаған, лоқсып құспаған. Төменгі жақсүйегінің тік және бүйірінен түсірген рентген суретінде сынық сызығы 3.6 тістің дисталды түбірінің бойымен өткені анықталды. Сынық бөліктері ауытқымаған.
Төмендегі тәсілдердің қайсысы шипалы болады?
{~Киршнер инелерімен остеосинтез жасау;
~сүйекті сыммен тігу;
~Айви бойынша бунақ сыммен байлау;
=екі жақтық құрсаумен бекіту;
~Сағындықовтың біржақтық құрсауымен бекіту}
#264
40 жасар әйел жоғарғы жақсүйегінің ауыратынына, ауызынан қанды сұйықтықтың ағатынына шағымданып келді. Екі күн бұрын автобустың кілт тоқтаған кезде алдыңғы орындыңтың арқасына бетімен соғылған, есін жоғалтпаған. Объективті: жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы тістері альвеолалық өсіндісімен бірге қозғалып тұр. Өтпелі қатпардың шырышты қабығы жыртылып, қан ұйып қалған.
Төмендегі бекіту тәсілдерінің қакйсысы шипалы болады?
{~Айви тәсілімен байлау;
=бәр жаққа тегіс жақша тәрізді құрсау;
~Урбанская таңбасын таңу;
~сүйек сынықтарын сыммен тігу;
~екі жақтық елгектік құрсау салу}
#265
Ұрыс майданында сержанттың төменгі жақсүйегі мен жұмсақ тіндері жарықшақпен зақымданды.
Жаралыға қай жерде медициналық көмек көрсетілуі керек?
{~ полктың медициналық пунктінде ПМП;
~батальонның медициналық пунктінде БМП;
~тылдың көпсалалы госпиталінде;
=жеке медициналық батальонде ЖмедБ;
~ұрыс аңында, жаппай санитарлық шығын ошағында}
#266
28 жасар әйел химиялық зертхананың лабораториясының қызыметшісі, 2 сағат бұрын қышқылмен бетінің оң бөлігін күйдіріп алды.
Қандай алғашқы жедел көмек көрсетілуі керек?
{~етке антибиотиктерді егу;
~күйген жерді 96% спиртпен өңдеу;
~бетке Вищневский майымен таңба басу;
= күйген жерді 2% соданың ерітіндісімен өңдеу;
~күйген жерді жансыздандырғыш ерітінділермен өңдеу}
#267
42 жастағы әйел сүрініп құлаған кезде жерге бетімен соғылды. Есін жоғалтпады. Одан соң жоғарғы жақсүйегі ауырып, ауызынан қан аралас сілекей аға бастады. Объективті: жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы тістерінің барлығы альвеолалық өсіндісімен бірге қозғалып тұр. Осы тістердің тұсындағы өтпелі қатпар жыртылып, қан ұйып қалған.
Қандай бекіту тәсілі дұрыс болады?
{~ Айви байламы;
~Збарж аппараты;
=тегіс жақша тәрізді жеке дайындалған құрсау;
~ Васильевтің стандартты таспалы құрсауы;
~Тигерштедттің екі жақтық ілгектік құрсауы}
#268
Клиникаға 20 жасар жігіт ауызның ауырып ашылатынына шайнау қызыметінің бұзылғанына төменгі ерінінің сол жағынан жансызданып тұрғанына шағымданады. Екі сағат бұрын белгісіз біреулер ұрып кеткен. Объективті: сол жағынан төменгі жақсүйегі маңы жұмсақ тіндері ісінген. Тістем бұзылған. Шырышты қабығы 3.7 тістің арт жағынан жыртылған. 3.7-3.8 тістердің ортасынан сүйек қозғалысы анықталады. Рентген сутерінде төменгі жақсүйегінің 3.7-3.8 тістердің маңында сүйек тінінің бүтіндігі бұзылғаны сынық бөліктерінің ауытқығаны анық байқалады. Кіші сынық жоғары әрі ішке ығысқан.
Төмендегі тәсілдердің қайсысы осы жағдай үшін шипалы болады?
{~тегіс жақша тәрізді құрсау;
=сынық бөліктерін орнына салып, сыммен тігу;
~ Васильевтің стандартты құрсауын салу;
~сынық бөліктерін желімдеу;
~Тигерштедттің ілгекті құрсауын салу}
#269
Қабылдау бөліміне төменгі жақсүйегі оң жағынан ісініп ауырғанын шағымдаған еркек келді. Ауызын ашқан кезде де ауру сезім пайда болады. Екі сағат бұрын бейтаныс біреулер ұрып кеткен. Есін жоғалтпаған. Лоқсып құсу белгілері болмаған. Төменгі жақсүйегінің тікелей және бүйір бағыттағы рентген суретінде сынық сызығының 3.6 тістің дисталды түбірінің бойымен кеткені анықталды. Сынық бөліктері ауытқымаған. Науқастың металлға аллергиясының барлығы анықталды.
Осы науқасқа төмендегі тәсілдердің қайсысы шипалы болады?
{~ Киршнер инесімен остеосинтез жасау;
~сүйекті тігу арқылы бекіту;
~Айви тәсілімен сыммен байлау;
~тегіс құрсау салып бекіту;
=Оразалиннің пластмассалық құрсауын салу}
#270
Жақ бет аймағы хирургиясына В. атты 46 жасар еркек төменгі жақсүйегінің оң жағында түзілістің барлығына, косметикалық ақауына шағымданып келді. Анамнезінде жарақатты екі ай бұрын алған, медициналық көмек алмаған. Объективті: төменгі жақсүйегінің оң жағында аузынан гранулденген тін шығып тұрған жыланкөздер анықталды. Оларды шұқып тексергенде бос жатқан сүйек бөлік тері анықталды.
Қандай ем шаралар осы науқас үшін шипалы болады?
{~жылан көзді кесіп алу;
=секвестрэктомия жасау;
~екі жақты құрсау салу;
~жыланкөздерді антисептик ерітіндісімен жуу;
~антибактериалдық, десенсибилизациялаушы ем тағайындау}
#271
48 жасар әйел құлап бетімен жерге соғылып жарақат алды. Есін жоғалтпаған. Алдыңғы күрек тістері мойын бөлігінен сынып қалған тістері қозғалмалы болып қалды. Обективті: тістердің ұлпалары қанталап жалаңаштанып шығып тұр. 1.2, 2.2 тістері қозғалып тұр. Рентген суретінде 1.1, 2.1 тістерінің түбір бөліктері орта деңгейінен шытынай сынғаны ал, 1.2, 2.2 тістерінің периодонт саңылаулары кеңейгені анықталды.
Осы науқасқа қандай ем шаралар шипалы болады?
{~Айви тәсілімен байлау;
~Төртеуінде жұлып тастау;
=1.1, 2.1 жұлып, 1.2, 2.2 ұлпасын алу;
~1.1, 2.1 штифт тістер дайындау, 1.2, 2.2 ұлпасын алу;
~Төрт тістің де ұлпасын алып метал кәрлен протезін салу}
#272
Жеке медициналық батальонға ұрыс кезінде төменгі жақсүйегі мен бетінің жұмсақ тіндері жараланған солдат жеткізілді. Жедел түрде алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізіліп, жараны таңып, тылдағы көпсалалы госпиталге жіберілуі керек.
Төмендегі көрсетілген жақсүйектерінің бөліктерін уақытша бекіту тәсілдерінің қайсысы шипалы болады?
{~алғашқы тұйық тігіс;
~алғашқы бекітуші тігіс;
~алғашқы жақындатушы пластиналық тігіс;
~алғашқы босатушы тігіс;
=алғашқы ұстаушы тігіс}
#273
Клиникаға беттің жұмсақ тіндерінің көлемді бөлігі жараланған кісі жеткізілді. Жарақатты 8 сағат бұрын алған. Беттің көлемді ырсиған жарасы көрініп тұр. Тіндер ақауланбаған.
Төмендегі тігістің қайсысы осы науқасқа тиімді болады?
{~екіншілік;
~алғашқы тұйық;
~екіншілік және алғашқы жақындатушы пластиналық тігіс;
=алғашқы тұйық және алғашқы босатушы тігіс;
~алғашқы тұйық және алғашқы ұстаушы пластиналық тігіс}
#274
Клиникаға бетінің жұмсақ тіндері көлемді жараланған еркек жеткізілді. Екі күн бұрын жарақат алған. Тексеру барысында беттің жұмсақ тіндерінің көлемді ырсиған жарасы байқалды. Ақауланбаған. Тіндер қатты ісінген.
Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу кезінде қандай тігіс салынғаны жөн?
{~екіншілік тігіс;
~алғашқы тұйық тігіс;
=бағыттаушы және алғашқы жақындатушы тігіс;
~алғашқы тұйық және алғашқы босатушы тігіс;
~алғашқы тұйық және алғашқы ұстап тұратын пластиналық тігіс}
#275
Төбелес кезінде беті пышақпен кесілген еркек клиникаға жеткізілді. Тексеру барысында беттің жұмсақ тінінде ырсиған тілінген жара анықталды. Шеттері тегіс қатты қанап тұр.
Осы жараны қандай тәртіппен тіккен дұрыс болады?
{~қанды тоқтатып екіншілік тігіс салу;
=қанды тоқтатып қабат қабатымен тұйық тігіс салу;
~бағыттаушы алғашқы ұстап тұратын тігіс;
~сутегінің асқын тотығымен өңдеп алғашқы тігіс;
~алғашқы тұйық ұстап тұрушы тігіс}
#276
Клиникаға төменгі ерні кесілген жаралы еркек жеткізілді. Екі сағат бұрын төбелес кезінде жараланған. Тексеру барысында бетінде бірнеше пышақпен тілінген жараның бары анықталды. Төменгі еріннің жартысынан көбі ақауланған. Қатты қан ағып тұр.
Алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізіліп қан тоқтатылып кіші жаралар тігілді.
Осы науқастың ерінінің ақауына не істеу керек?
{~жібек жіппен тартып жақындатып тігу керек;
=жараның шеттерін босатып көмкере тігу керек;
~тінді еркін көшіріп жедел пластика жасау керек;
~жедел түрде коретік аяғы бар қиықпен пластика жасау керек;
~кесіп тасталған бөлігін іздетіп тауып тігу керек}
#277
Клиникаға өз мылтығымен өзін атып алған шопан ауыр жағдайда жеткізілді. Ес түссіз. Жарақаттына аудандық ауруханада алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізілген. Таңбаны алып тексеру барысында науқастың сол жақ бетінің жұмсақ тіндері көлемді ақауланған. Тілі жұтқыншаққа қарай жиі түсіп науқас тұншығып қалып жатыр. Қайтадан хирургиялық өңдеу жасалды. Жараға антисептикалық таңба салынды.
Дислокациялық тұншығудың алдын алу үшін қандай шара жүргізілуі керек?
{=тілді науқастың жағасына бекітіп тастау;
~науқасты қырынан немесе етпетінен жатқызып тастау керек;
=қасына туысқанын немесе кіші мед. қызыметкерді отырғызып бақылатып қою керек;
~ жараны ашық тастаса тұншығу болмайды;
~бет тіндеріне пластиналық тігіс салу керек}
#278
Төменгі ұяшықты нервті сопақ тесіктің ауызында жансыздандыру үшін, иненің ұшы сына сүйегінің қанат тәрізді өсіндісінің сыртқы пластинкасына тиген соң оны 15-20 градус қайда бұру керек?
{~төмен;
= артқа;
~ жоғары;
~ ішке;
~ алға}
#279
Тіс жұлу үшін 25 жасар қыз балаға новокаин салғаннан кейін жалпы әлсіздік, АҚ сн.бағ. 60 дейін төмендеуі, тамыр соғысы 30-ға дейін төмендеуі, іштің ауыруы, перестальтиканың күшейуі, ішті басқанда ауырмау секілді клиникалық белгілер дамыды. Төмендегі алдын ала қойған нақтамдардың қайсысы сәйкес келеді деп ойлайсыз?
{~жедел іріңді аппендицит;
~жедел ішек түйнемесі;
~гипертониялық криздің абдоминалдық түрі;
=анафилактикалық шоктың абдоминалдық түрі;
~жедел жүрек жетіспеушілігінің абдоминалдық түрі}
#280
48 жасар әйел кісінің 3.8-тісін жұлғаннан 3 күннен кейін ауызының ауырып, шектеліп ашылатынын шағымдап келді. Тіс қиын жұлынды. Ине шаншылып, анестетик жіберілген жерде қабыну үрдісінің белгілері жоқ. Төмендегі асқынулардың қайсысы дамуы мүмкін деп ойлайсыз?
{~38- тіс ұяшығының қабынуы;
~38- тістің толық жұлынбауы;
~қабынудан дамыған қарысу;
~төменгі ұяшықты нервтің қабынуы;
= инъекциядан кейінгі қарысу}
#281
Жоғарғы бірінші, екінші, үшінші азу тістер, осы тістердің сырт жағындағы сүйек қабы, қызыл иек пен өтпелі қатпар, осы тістердің тұсындағы ұяшықты өсінді, жоғарғы жақ қуысының артқы-сыртқы бетінің сүйек қабырғасы мен шырышты қабығы қандай жансыздандыру жасаған кезде жансызданады?
{~таңдай жансыздануынан кейін;
~инфильтрациялық жансызданудан кейін;
~күрек тіс жансызданудан кейін;
=төмпешіктік жансызданудан кейін;
~көз асты жансыздандыруынан кейін}
#282
Тістерін протездеу мақсатымен келген 50 жасар әйелдің бұзылған тістерінің түбірлерін жұлу үшін хирург-стоматолог жансыздандыру жасап, 3.5, 3.6 тіс түбірлері ауырпай жұлды. Дәрігер төмендегі жансыздандырулардың қайсысын жасады деп ойлайсыз?
{~иек тесігі жансыздандыруын;
=үстірттік жансыздандыруды;
~мандибулалық жансыздандыруды;
~Берше-Дубов жансыздандыруын;
~инфильтрациялық жансыздандыруды}
#283
45 жасар әйелдің 4.6 тісін жұлу үшін 2% новакаин ерітіндісімен өткізгіштік жансыздандыруы жасалды. 50 секунд өтісімен науқастың еріндері көгеріп, аяқ қолдары тартылып, салқын жабысқақ тер басып, артерия қысымы сн. бағ. 60 мм. Жиі беткей тыныс алып, кеңейген қарашықтары жарыққа әсер етпейді. Кіші дәреті өздігінен шығып, ауызынан ақ көбік шығып, жағы қарысып қалды. Қандай асқыну дамыды?
{~талықсу;
~естентану;
~диабеттік кома;
=анафилактикалық шок;
~гипертониялық криз}
#284
20 жасар ер кісіге «Жоғарғы жақ сүйегінің 1.1 тістен дамыған түбір ұшы кистасы» деген нақтам қойылды. Цистоэктомия және тістің түбір ұшын кесу үшін дәрігер келесі тәртіппен екі жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен сол көздің төменгі қырын сипап сүйек бұдырын тауып алды да одан 0,75 см. төмен нысана көзін тауып алған соң бас бармақпен жоғарғы ерінді көтерді де инені 1,2, және 1,1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарға шаншып сұқ саусаққа қарай бағыттады. Жеткен соң жансыздандырғыш дәрі жіберді. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады ?
{~күрек тіс жансыздандыруын;
~Вайсблат жансыздандыруын;
~көз асты жансыздандыруын;
=төмпешіктік жансыздандыруды;
~инфильтрациялық жансыздандыруын}
#285
20 жасар жігітке жоғарғы жақ сүйегінің 1.1 тістен дамыған түбір ұшы кистасына цистоэктомия және тістің түбір ұшын кесу үшін дәрігер келесі тәртіппен екі жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен сол көздің төменгі қырын сипап сүйек бұдырын тауып алды да одан 0,75 см. төмен нысана көзін тауып алған соң бас бармақпен жоғарғы ерінді көтерді де инені 1,2, және 1,1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарға шаншып сұқ саусаққа қарай бағыттады. Жеткен соң жансыздандырғыш дәрі жіберді. Дәрігер қандай жансыздандыру жасады ?
{=көз асты және күрек тістік жансыздандыруын;
~күрек тістік және төмпешіктік жансыздандыруларын;
~таңдай және көзасты жансыздандыруларын;
~күрек тістік және инфильтрациялық;
~орталық жансыздандырудық көз ұясы жолы жансыздандыруын}
#286
40 жасар науқасқа төменгі жақтың 4.3-тісінен дамыған түбір ұшы кистасын алу операциясы тағайындалды. Тіс бірнеше рет емделгендіктен, оны кистасымен бірге алып тастаған дұрыс деп шешілді. Осы операцияға төмендегі жансыздандырулардың қайсысының қажеттігі жоқ деп ойлайсыз?
{=Берше жансыздандыруы;
~үстірттік жансыздандыру;
~мандибулалық жансыздандыру;
~иек жансыздандыруы;
~инфильтрациялық жансыздандыру}
#287
Тісті жұлу үшін дәрігер келесі тәсілмен жансыздандыру жасады. Ауызды кеңінен ашып шприцті оң жақ езуге тіреді де, инені ұрттың шырышты қабығы мен қанат –жақ қатпарының арасынан пайда болған сызатқа, жоғарғы сегізінші тістің шайнау бетінен 0,5 см. төмен сүйекке дейін шаншыды да анестетик жіберді. Тіс ауырмай жұлынды. Дәрігер қандай жансыздандыруды жасады?
{~Гоу-Гейц жансыздандыруын;
=үстірттік жансыздандыруды;
~байлам ішілік жансыздандыруын;
~мандибулалық жансыздандырудың саусақты тәсілі;
~мандибулалық жансыздандырудың саусақсыз тәсілі}
#288
66 жасар ер кісінің сол жағынан жоғарғы ерінінің коллатералдық ісінудің салдарынан беті асимметрияланған. Ауыз ішінде 1.2-тісі қызыл иектің деңгейінде бұзылған, түсі өзгерген, қаққанда қатты ауырады. 1.1, 1.2, 1.3 тістердің тұсында ұяшықты өсіндінің сырт жағында басып көргенде қатты ауыратын, ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады. Ауыз ішінен жасалған рентгенсуретінде 1.2-тістің түбір өзегінің қисықтығынан ¼ ғана пломбаланғаны, түбір ұшы маңындағы сүйектің шекарасы анық емес сорылғаны анықталады.
Емдеу шараларын толық жүргізу үшін қандай нервтерді тежеген дұрыс болар еді?
{~бет сүйегі және жоғарғы артқы мұрын нервтерін;
~жоғарғы артқы және таңдай нервтерін;
~жоғарғы ортаңғы ұяшықты және күрек тіс нервтерін;
~үлкен тасты және терең тасты нервтерді;
=жоғарғы алдыңғы ұяшықтық және мұрын таңдай нервтерін}
#289
66 жасар ер кісінің сол жағынан жоғарғы ерінің коллатералдық ісінуінің салдарынан беті асимметрияланған. Ауыз ішінде 1.2-тісі қызыл иектің деңгейінде бұзылған,түсі өзгерген,қаққанда қатты ауырады,1.1, 1.2, 1.3 тістердің тұсында ұяшықты өсіндінің сырт жағында басып көргенде қатты ауыратын ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады. Ауыз ішінен жасалған рентгенсуретінде 1.2-тістің түбір өзегінің қисықтығынан ¼ ғана пломбаланғаны, түбір ұшы маңындағы сүйектің шекарасы анық емес сорылғаны анықталады.
Операциялық ем шаралар жүргізу үшін қандай жансыздандырулар жасаған дұрыс деп ойлайсыз?
{~Вейсбрем бойынша және мандибулалық жансыздандырулар;
=көз асты жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен күрек тіс жансыздандыруын;
~төмпешіктік жансыздандыруының ауыз сырты тәсілі мен таңдай жансыздандыруы;
~иек жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен инфильтрациялық жансыздандырулар;
~Берше-Дубов және төмпешіктік жансыздандырудың ішкі тәсілі}
#290
4,8-тісі жұлынғаннан 3 күннен кейін 28 жастағы жігіт ауызының шектеліп ашылатынын шағымдап келді. Тексеру барысында тіс ұяшығының эпителилену сатысында екені, қабыну үрдісінің жоқтығы, ауыздың ІІ-дәрежеде шектеліп ашылатыны анықталды. Осы науқасқа қандай ем шаралар жүргізуге болады деп ойлайсыз?
{~новокаин тосқауылдары;
=ЕДШ мен физио ем;
~антибактериялық ем;
~десенсибилизациялық ем;
~антисептиктердің ерітінділерімен ауызға ванночкалар жасау}
#291
18 жасар қыз баланың 2.3-тісінің сауыты қызыл иекке дейін бұзылған, сырт жағындағы шырышты қабығы қызарған, басқанда қатты ауырады. Жаралы- өліеттенген гингивит. Рентгенсуретінде: 2.3-тістің өзегінің ¼ бөлігі онық қисықтығынан пломбаланбай қалған. Түбір ұшы тіндерінде шекарасы анық емес сорылған ошақтар бар.
Осы тісті жұлу үшін қандай жансыздандыруларды жасаған дұрыс болады?
{~күрек тіс және инфильтрациялық жансыздандырулар;
~таңдай және көзасты жансыздандыруларының ішкі тәсілі;
~байлам ішілік және төмпешіктік жансыздандыруларының сыртқы тәсілі;
~төмпешіктік ішкі тәсілі және байламішілік;
=көзасты жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен таңдай жансыздандыруы}
#292
49 жасар әйелдің 4.5-тісін жұлу үшін дәрігер екі жағынанда инфильтрациялық жансыздандыру жасады. Тіс жұлу кезінде аздап ауырғаны байқалды.Тістің түбір ұшы қалып қойды. Оны алу дәрігерге ауру сезімнің күшеюіне байланысты мүмкін болмады. Қайта жансыздандыру жасауға тура келді.
Баста қандай жансыздандыру жасаған дұрыс еді?
{= үстірттік жансыздандыруын;
~иек жансыздандыруын;
~аппликациялық жансыздандыруын;
~Берше-Дубов жансыздандыруын;
~байлам ішілік жансыздандыруын}
#293
40 жасар ер кісіге төмпешіктік жансыздандыру жасау барысында қан тамыры жарақаттанып, гематома пайда болды.
Осы жансыздандыруды жасау барысында қандай тамырлар жарақаттанды деп ойлайсыз?
{~мойын венасы;
~бет артериясы;
~сыртқы ұйқы артериясы;
~ішкі ұйқы артерия;
=қанат тәрізді вена өрімі}
#294
18 жасар науқастың 1.8 тісін жұлу үшін жасалған жансыздандырудан кейін оң жақ ұртында ісіну пайда болды. Дәрігер тісті жұлған соң, сол жеріне мұз басу керектігін айтты. 5-6 күннен кейін науқастың оң жағынан жоғарғы жақ сүйегі маңында самайға берілетін ауру сезім пайда болып, дене қызуы көтеріле бастады. Тексеру барысында құм сағат белгісі, ауыздың шетеліп ашылуы анықталды. 1.7, 1.8- тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістелген, басып тексергенде қатты ауыратыны анықталды. 1.8 тістің ұяшығы эпителиленіп, жазылу сатысында. Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз?
{~cамай асты аймағының инъекциядан кейінгі гематомасы;
~ cамай асты аймағының инъекциядан кейінгі флегмонасы;
~cамай асты аймағының инъекциядан кейінгі абсцессі;
~cамай асты аймағының одонтогенная флегмонасы;
=cамай асты аймағының инъекциядан кейінгі іріңдеген гематомасы}
#295
18 жасар науқастың 1.6- тісін жұлу үшін төмпешіктік жансыздандыру жасау кезінде байқаусызда инъекциялық ине сынып қалды. Төменде көрсетілген дәрігердің іс әрекеттерінің қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?
{~ ине сынығын жұмсақ тіндерден жедел алу;
~қабынуға қарсы емдер тағайындау;
= екі бағытта рентген суретін түсіріп, бақылап отыру;
~физиоемдер тағайындау;
~сорылу емінің курсын тағайындау}
#296
Төменде көрсетілген жалпы қарсы көрсеткіштердің қайсысы кезінде тісті мүлдем жұлуға болмайды?
{~қояншық ауруы бар науқастардың;
=жедел инфаркт миокарды кезінде;
~жүрек қарыншасының созылмалы аневризмасында;
~тромбоэмболияға бейім жедел септикалық эндокардитте;
~стенокардия мен жүрек астмасының ұстамалары кезінде}
#297
Жоғарғы тістерді жұлу кезінде жиі кездесетін асқынуды көрсетіңіз.
{~ жақтың сынуы;
~жақ остеомиелиті;
~үшкүл нервтің невралгиясы;
=жоғарғы жақ қуысының тесілуі;
~шықшыт тасбуыны.
#298
Дәрігер 4.8-тісті жұлу үшін науқастың оң жақ алдында тұрды да, сол қолдың бас бармағы 4.7 тістің шайнау бетіне қойып қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесін бекіте қысып ұстады. Тегіс беті ақыл тіске бағытталып, екі тістің арасына тік элеватор салынып, 4.8 тіс астынан көтеріле бастады. Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қай қимылдары дұрыс болмады?
{~ротация жасау керек еді;
~қысқыш дұрыс таңдалмады;
~дәрігер дұрыс тұрған жоқ;
=алғашқы қимыл тіл жаққа бағытталуы керек еді;
~сол қолдың саусақтары басқаша орналасуы керек еді}
#299
Дәрігер 4.7-тісті жұлу үшін науқастың оң жақ алдында тұрды да, сол қолдың сұқ саусағаын тістің тұсындағы ұяшықты өсіндінің ұрт жағына, бас бармағын тіл жағынан қысып, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесін бекіте ұстады. Көлденең жазықтықтағы қысқышты тіске салып, бекіткен соң ұртқа қарай қозғады.
Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қай қимылдары дұрыс болмады?
{~ротация жасау керек еді;
=қысқыш дұрыс таңдалмады;
~дәрігер дұрыс тұрған жоқ;
~алғашқы қимыл тіл жаққа жасалуы керек еді ;
~сол қолдың саусақтары дұрыс орналаспады}
#300
35 жасар әйел сол жағындағы төменгі тісінің ауыратынын шағымдап келді. Үстірттік жансыздандыру арқылы сауыты толық бұзылған 4.7-тісін жұлу керек деп жоспарланды. Жансыздандыру өз дәрежесіне жеткен соң, дәрігер науқастың оң жақ алдында тұрып, осы тістің тұсындағы ұяшықты өсіндіні сол қолының сұқ саусағымен сырт жағынан, ал ортаңғы саусағымен тіл жағынан, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесінен қыса ұстап, құс тұмсықты түбірлік қысқышты тіске салып, жылжытып, бекіткен соң алғашқы қимылды тілге қарай бағыттады.
Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қайсысымен келіспейсіз?
{~ротация жасау керек еді;
~қысқыш дұрыс таңдалмады;
~дәрігер дұрыс тұрған жоқ;
~алғашқы қимыл ұрт жаққа бағытталуы керек еді;
=сол қолдың саусақтары басқаша орналасуы керек еді}
#301
26 жасар ер кісі ауыз қуысын санациялау үшін келіп қаралды. Үстірттік жансыздандыру арқылы сауыты толық бұзылған 4.6-тісті жұлу керек деп жоспарланды. Жансыздандыру өз дәрежесіне жеткен соң, дәрігер науқастың оң жақ алдында тұрып, осы тістің тұсындағы ұяшықты өсіндіні сол қолының сұқ саусағымен сырт жағынан, ал ортаңғы саусағымен тіл жағынан, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесінен қыса ұстап, құс тұмсықты сауыттық екі ұртында істіктері бар қысқышты тіске салып, жылжытып, бекіткен соң алғашқы қимылды тілге қарай бағыттады. Тістің қалған сауыт бөлігі сынып кетті.Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қайсысымен келіспейсіз?
{~ротация жасау керек еді;
=қысқыш дұрыс таңдалмады;
~дәрігер дұрыс тұрған жоқ;
~алғашқы қимыл ұрт жаққа бағытталуы керек еді;
~сол қолдың саусақтары басқаша орналасуы керек еді}
#302
18 жасар жас өспірімнің 1.6-тісін жұлу үшін дәрігер науқасты креслоға отырғызып оның оң жақ алдында тұрды да, науқастың басын оңға қарай бұрды. S-тәрізді сол жақ ұртында істігі бар қысқышты тіске салып, алғашқы қимылды сыртқа қарай бағыттап тісті жұлу әрекеттерінен кейін тістің сауыт бөлігі сынып кетті.
Дәрігер төмендегі қателердің ішінде қайсысын жіберді деп есептейсіз?
{~қасындағы тістердің болғандығынан;
~қысқыштың дұрыс таңдалмағандығынан;
~дәрігердің дұрыс тұрмағандығынан;
~науқастың басының дұрыс бұрғандығынан;
=алғашқы қозғаушы қимылдың дұрыс болмағанынан}
#303
68 жасар кісінің 1.2-тісін жұлу үшін дәрігер креслода отырған оның оң жағынан алдында тұрды. Жансыздандыру толық әсер еткен соң науқастың басын оңға бұрып, тегітегішпен қызыл иекті сыдырып, тік түбірлік қысқышты тіске салып, қызыл иектен терең жылжытып ,бекітті де ротация жасады.Тістің түбірі сынып кетті.
Дәрігер қандай қателік жіберді деп ойлайсыз?
{=ротация жасағаны;
~қызыл иекті жеткіліксіз сыдырғаны;
~дәрігер дұрыс тұрған жоқ;
~құрал дұрыс таңдалып алынбаған;
~науқастың басы дұрыс бұрылмаған}
#304
47 жасар еркек протезделу алдында ауыз қуысын санациялау мақсатымен дәрігер стоматологқа келді. Өзін денім сау деп есептейді. Тексеру барысында 1.2-тісінің толығымен бұзылғаны анықталды. Науқастың тісін жұлғаннан кейін ұяшықтан профузды қан кете бастады. Төмендегі себептердің қайсысы осы науқас үшін сәйкес келеді деп ойлайсыз?
{~тісті дөрекі жұлу;
~таңдай артериясын жазатайым жарақаттап алу;
=қан тамырынан дамыған ісікті жарақаттап алу;
~мұрын-таңдай артериясын байқаусызда жарақаттап алу ;
~жоғарғы жақ артериясын байқаусызда жарақаттап алу}
#305
27 жасар әйелдің 2.2-тісінің түбірін жұлғаннан кейін қызыл иегі қатты қанап кетті.
Төмендегі себептердің қайсысынан деп ойлайсыз?
{=қызыл иектің жеткіліксіз сыдырылмағандығынан;
~тіл артериясының байқаусызда жаралануынан;
~ісіктің байқаусызда жарақаттануынан;
~мұрын-таңдай артериясының жарақаттануынан;
~жоғарғы жақ артериясының жарақаттануынан}
#306
35 жасар ер кісі жұлынған тісінің орынының тамақ ішкен кезде қатты ауыратынын, ауызынан сасық иістің шығатынын шағымдап келді. 3 күн бұрын 3.8-тісі жұлынған. Беті симметриялы, сол жағынан төменгі жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырмайды. Ауызы еркін ашылады. 3.8-тістің ұяшығындағы қан ұйығы қара-сұрланып кеткен. Төмендегі алдын ала қойылған нақтамдардың қайсысы сәйкес келеді?
{=3.8-тістің ұяшығының қабынуы;
~3.8-тістің ұяшықтық нервінің қабынуы;
~3.8–тістің созылмалы ошақтық остеомиелиті;
~төменгі жақ сүйегінің обыры;
~3.8-тістің перикоронариті}
#307
Инъекциялық жансыздандырудан кейін дамитын ауыру сезімнің дамуына төмендегі себептердің қайсысының қатысы жоқ деп ойлайсыз?
{~нервті инемен зақымдау;
=анестетиктерді жұмсақ тінге жіберу;
~сүйек қабын иненің ұшымен зақымдау;
~жұмсақ тіндерді иненің қайырылған ұшымен зақымдау;
~сүйек қабының астына анестетикті көп жіберу}
#308
И.атты 27 жасар жігіттің 3.6-тісін жұлу кезінде антагонист тіс зақымданды. Тіс жұлу операциясының қай кезеңі дұрыс орындалмады?
{~1-кезеңі;
~2-кезеңі;
~3-кезеңі;
~4-кезеңі;
=5-кезеңі}
#309
Ауыз қуысын санациялау мақсатымен келген 26 жасар жігіттің 4.6-тісінің сауыты толығымен бұзылғаны анықталды. Үстірттік жансыздандыру арқылы жұлу керек деген шешім қабылданды. Дәрігер тістің сауыт бөлігін медиалды түбірімен бірге жұлып алды. Дисталды түбіріне қысқыш салу мүмкін емес.
Қалған түбірді жұлу үшін дәрігер қандай құрал алғаны дұрыс?
{~тік элеватор;
~леклюз элеваторы;
~құс тұмсықты түбірлік қысқыш;
=«Өзіне» бұрыштық элеваторы;
~«Өзінен» бұрыштық элеваторы}
#310
А. атты 40 жасар науқас ауызын шайнағанда мұрнынан су ағатынына, ұртын үрлегенде ауаның кіріп кететіндігіне шағымданып келді. Анамнезінде жарты жыл бұрын 1.6 тісі жұлынғаны анықталды. Төмендегі асқынулардың қайсысы дамыды деп ойлайсыз?
{~жедел одонтогендік гайморит;
~жоғарғы жақсүйегінің одонтогендік остеомиелиті;
~жоғарғы жақ қуысының тесілуі;
=жоғарғы жақ қуысының жыланкөзі;
~мұрын қуысының түбінің тесілуі}
#311
А. атты 27 жасар науқас үш апта бұрын тісін жұлғаннан кейін дәрігердің қабылдауына келіп қаралды. Тексеру барысында 34 тісінің ұяшығынан гранулдентен тіндер шығып тұрғаны, аздаған мөлшерде ірің ағып тұрғаны анықталды. Ренген суретінде ұяшық қабырғаларының сорыла бастағаны, түбінде көлемі 0,3х0,2 мм шекарасы анық жеке жатқан сүйек бөлігі анықталады. Төмендегі алдын ала қойылатын нақтамдардың қайсысы сай келеді?
{~төменгі жақсүйегінің обыры;
~3.4 тістің альвеолиті;
~3.4 тістің ұяшығының жедел остеомиелиті;
=3.4 тістің ұяшығының созылмалы остеомиелиті;
~3.4 тістің жартылай жұлынуы}
#312
38-тісі 3 күн бұын жұлынған науқас ауызының нашар ашылатынын шағымдап келді. Ине шаншыған жерде қабыну үрдістерінің белгілері жоқ.
Науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін деп ойлйсыз?
{~ұяшықтық нервтің қабынуы;
~қабыну қарысуы;
=инъекциядан кейінгі қарысу;
~шықшыт буынның анкилозы;
~бетнервінің салдануы}
#313
Жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасына ғана тән клиникалық белгіні айтыңыз.
{=-дауыстың қарлығып шығуы;
~сөйлеудің қиындауы;
~жұтынудың қиындауы;
~тыныс алудың қиындауы;
~ауыздың ашылмауы}
#314
Самай асты аймағының флегмонасынан кейін тағайындалған физикалық жаттығулар қай қызыметтердің қалыпқа келуі үшін тағайындалады?
{~сөйлеу мен тыныс алудың;
~жұтыну мен сөйлеудің;
~тілдің қозғалуына;
~тыныс алу мен ауызды ашуға;
~ауызды ашу мен жұтынуға}
#315
Жоғарғы жақ қуысының түбі тесілгеннен кейінгі дәрігердің тактикасы қандай болуы керек?
{~науқастың жас ерекшеліктерін ескереді;
~науқастың жалпы жағдайын ескереді;
~жоғарғы жақ қуысының анатомиялық ерекшеліктеріне қарайды;
~ауыз қуысындағы созылмалы одонтогендік үрдістерді ескереді;
=жоғарғы жақ қуысындағы қабыну үрдістерінің барлығын ескереді}
#316
Науқас 30 ж: шағымы оң жақ құлақ маңы безінің сыздап ауырғанына және ісінгеніне, субфебрильді температура .Жедел респираторлы аурумен ауырған. Қарап тексергенде: құлақ маңы аймағында ауыратын инфильтрат мөлшері 2,5х1,0х1,5 см. Терісінің түсі өзгермеген стенонов түтігінен бөлінген сілекей өзгеріссіз.
Қоятын диагноз қандай?
{~жедел паротит;
=іріңдеген киста;
~актиномикоздың тері астылық түрі;
~аденофлегмона;
~Герценбергтің жалған паротиті}
#317
24 жасар жігіт 2 апта бұрын сол жағындағы төменгі жұлынған тісінің орыны ауыратынына шағымданып келді. Ауру сезім төменнен басталып, бүкіл бетке тарап кеткендей болады. Сыртқы өзгерістері жоқ, жұлынған 3.5-тістің ұяшығы эпителиленген, шырышты қабығы өзгеріссіз, ұяшықты басып тексергенде ауырмайды. Төмендегі нақтамдардың қайсысы дәлірек келеді?
{~альвеолит;
=ұяшықтың жедел невриті;
~үшкіл нервтің невралгиясы;
~ұяшықтың жедел остеомиелиті;
~ұяшықтың жедел остеомиелитінің өршуі}
#318
Реплантация операциясын жасауға болатын жағдайды көрсет.
{~тістің III-дәрежедегі қозғаумалы болуы;
~тістің сауытының қатты бұзылып эндодонтиялық емдердің шипалы болуы;
~түбірлерінің қатты қисық болып, эндодонтиялық емдердің шипасыз болуы.
=тістің сауытының сақталып, эндодонтиялық емдердің шипасыз болуы;
~түбірлерінің 1/3 жалаңаштанған жағдайда}
#319
20 жасар жігіт 2 күннен бері жоғарғы жақ сүйегінің оң жағынан ісінгенін және тартып ауыратынын шағымдап келді. Тексеру барысында көзасты аймағының ісінгенін, басып тексергенде тереңде сіңбенің бары анықталды. Ауызы еркін ашылады. 1.3,1.4-тістердің тұсындағы шырышты қабық қызарған. Өтпелі қатпар өзгеріссіз. 1.3-тіс жасанды сауытпен қапталған.
Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз?
{~бет венасының қабынуы;
=айбат шұңқырдың абсцессі;
~1.3-тістің созылмалы периодонтитінің өршуі;
~1.3, 1.4-тістерден дамыған жоғарғы жақ қуысының қабынуы;
~1.3,1.4 тістерден дамыған жоғрғы жақтың жедел одонтогендік остеомиелиті}
#320
Ауыз түбінің флегмонасын ашқан кезде ішінен лайланған газ көпіршіктері бар қанды сұйықтық шықты. Тіндердің түсі қара-қошқыл, клечатка мен еттер сұртартып, сасыған иіс шығады.
Төмендегі нақтамдардың қайсысы дәл келеді?
{=Людвига баспасы;
~ауыз қуысының номасы;
~тіл түбірінің флегмонасы;
~ауыз түбінің аденофлегмонасы;
~жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасы}
#321
49 жасар науқас ер кісі әлсіздігіне, оң жақ бетінің қатты ауыратындығы мен ісінгенін шағымдап келді. 5-6 күн бұрын 1.3- тісі ауырған. Тексергенде оң жақ көз асты аймағының жұмсақ тіндерінің ісінгені, ортасында қатты ауыратын сіңбенің барлығы, беткей терісінің тартылып-қызарғаны, 1.3- тістің бұзылғаны қаққанда қатты ауыратыны анықталды. 1.2,1.3,1.4- тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістеліп қызарған. Басқанда оның ортасында сіңбе анықталады. Төмендегі нақтамдардың ішінен қайсысын таңдар едіңіз?
{~айбат шұңқырдың 1.3- тістен дамыған абсцессі;
=сол жақ көз асты аймағының 1.3- тістен дамыған флегмонасы;
~жоғарғы жақтың 1.3- тістен дамыған жедел периоститі;
~1.3-тістің созылмалы периодонтитінің өршуі;
~жоғарғы жақтың 1.3-тістен дамыған жедел остеомиелиті}
#322
Бір апта бұрын 18 жас жігіттің «3.8- тістің қиналып-жаруы»- деген себеппен тістің үстіндегі бүркеніші кесіліп алынып, консервативтік ем тағайындалыпты. Одан кейін науқастың жағдайы нашарлап, ауырғаны үдей түсіпті. Тексеру барысында сол жағынан төменгі жақтың бұрышының астында тығыз сіңбе, ауыздың шектеліп ашылуы анықталды. Берше жансыздандыруын жасаған соң ауыз ашылды. Сол жағындағы ретромолярлық аймақ пен қанат тәрізді төменгі жақ қатпары қызарып ісінген. Алдыңғы таңдай доғасы қызарып ісінген. 3.8-тістің дисталды бұдырларын қызарып, ісінген бүркеніш жауып жатыр.
Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз?
{~сол жағынан паратонзилалық абсцесс;
~төменгі жақтың 3.8-тістен дамыған жедел іріңді периоститі.
~төменгі жақтың 3.8-тістен дамыған жедел одонтогендік остеомиелиті;
=3.8- тістен дамыған қанат- таңдай кеңістігінің флегмонасы;
~төменгі жақ асты аймағының сол жағынан 3.8- тістен дамыған одонтогендік флегмонасы}
#323
Стоматолог-хирургқа 32 жасар ер кісі оң жағындағы жоғарғы тісінің бірнеше ай бойы ұдайы сыздап ауыратынын шағымданып келді. Тексеру барысында 2.6- тістің тұсындағы ұяшықты өсіндіде жылан көз анықталды. Тіс бұрын пломбаланған, қаққанда аздап ауырады. Ауыздың шырышты қабығы ақшыл-қызыл түсті. Рентген суретінде ұрт медиалдық түбірінің ұзына бойына сүйектің шекарасы анық емес сорылған ошағы анықталады. Барлық түбір өзектері пломбаланған.
Төмендегі оперативтік емнің қайсысы шипалы болады?
{~тісті жұлу;
~тісті реплантациялау;
=тістің түбірін ампутациялау;
~түбір ұшын кесу;
~сауыты мен түбірін бірге кесу}
Дәрігерге 36 жасар жігіт тілінің үлкейіп кеткенін, сөйлегенде және қозғағанда ауыратынын шағымдап келді. Объективті көрінісі: беті асимметриялы, төменгі жақ асты лимфа бездері аздап ісінген, бірақ ауырмайды, ауызы жартылай ашық, сілекей ағып тұр, тілдің түбірін басқанда қатты ауыратын сіңбе бар.
Төмендегі нақтамдардың қайсысын алдын ала қоюға болады?
{~тіл обыры;
~қатты шанкр;
=тіл абсцессі;
~тіл асты лимфадениті;
~тіл актиномикозы}
Жақ сүйектерінің жедел одонтогендік остеомиелитінің созылмалы сатысына өтуіне әсері жоқ себепті көрсетіңіз.
{~қант диабеті;
~организмнің қарсыласу күшінің төмендеуі;
~науқастың дәрігерге кеш қаралуы;
=остеомиелиттің өршуі кезінде себепші тісті жұлу;
~жедел остеомиелиттің толық және дұрыс емделмеуі}
#326