Оң жақ қабырға астында 3 страница

Аталғандардың ішінде аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы:

*БД орташа ауырлықтағы ұстамасы

*+демікпелік статус 1 сатысы

*демікпелік статус 2 сатысы

*демікпелік статус 3 сатысы

*БД ауыр ұстамасы

#532

*!Тұншығу белгілері бар балада тыныс алу кезінде алыстан шапалақты шулар естіледі

Төменде аталғандардың ішінде осы дыбыс феноменінің ЕҢ мүмкін болатын себебі қайсысы?

*стридорозды тыныс алу кезіндегі таңдай пердесінің қозғалысымен

*бөгде зат пен ауызжұтқыншақ қабырғасы арасынан ауа өтуімен

*+бөгде заттың кеңірдектегі жылжымалы қозғалысымен

*бөгде дененің қатты таңдайға соғылуымен

*артқа кеткен тіл қозғалысымен

#533

*! 7 жасар балада жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде дене асфиксия дамуына әкелді. Бала ес-түссіз, тері жабындылары көкшіл.

Төменде аталғандардың ішінде қайсысы науқас үшін ЕҢ тиімді әрекет болып табылады?

*бөгде денені корнцангпен алып тастау

*крикотиреотомия

*Неimlich әдісі

*трахеостомия

*+коникотомия

#534

*!Жанұялық дәрігерлік емханаға 7 жастағы қыста суық тиюден кейін басталған, созылмалы жөтелі (4ай) бар қыздың анасы келді.Қыз түнгі уақытта жөтеледі, анасы ысқырықты сырыл естиді, дене температурасы қалыпты, қыз белсенді, жүгіргенде жөтелі ұстап тоқтайды, ысқырықты сырылдар пайда болады.Қыздың жиі мұрны бітеліп, температусыз мұрны ағады. Анасы поллинозбен ауырады.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

*созылмалы бронхит

*рецидивті бронхит

*ауруханадан тыс пневмония

*+бронх демікпесі орташа ауырлық дәрежесі

*созылмалы бронхит демікпелік компонентпен

#535

*! 28 жастағы әйел. Кеудедегі сырылмен қиындаған тыныс, ыстық шайдан кейін басылатын қайталамалы ұстамалы жөтел мазалайды, кейде жөтелу кезінде түссіз тұтқыр қақырық бөлінеді. Тұншығу ұстамалары күнделікті, түнгі ұстамалары аптасына 1 рет. Анамнезінен есекжем анықталды, көктемде ағаштар мен шөптер гүлденгенде ринит мазалайды. Обьективті: жағдайы орташа ауырлықта, алыстан естілетін сырылдар, тыныс шығаруы қиындаған. ТЖ 22 рет минутына, перкуторлы өкпе үстінен қораптық дыбыс, аускультативті- алдынан және артынан жайылған құрғақ ысқырықты сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 90 рет минутына, ырғақты. АҚ 110/80 мм сын. бағ.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

*+бронх демікпеci орташа ауырлық ағымы

*созылмалы бронхит демікпелік компонентпен

*ауруханадан тыс пневмония

*созылмалы бронхит

*рецидивті бронхит

#536

*! 32 жасар науқас басылмайтын экспираторлы тұншығу ұстамасына байланысты түсті. Тұншығу ұстамалары 15 жылдан бері мазалайды, бета-стимуляторлар ингаляциясымен басылатын. Соңғы апта бойы тұншығу ұстамалы жиілеген. Күніне 3 рет эуфиллин және тәулігіне 6-8 рет салбутамол ингаляциясын қабылдаған. Обьективті: науқас мазасыз, қозғыш, қатты терлеу, цианоз. ТЖ: 30 рет минутына, беткей тыныс көмекші бұлшықеттер қатысуымен. Кеуде торы бөшке тәрізді, тынысы әлсіз, сырылдар жоқ. АҚ 120/70 мм сын. бағ. Пульсі 120 рет минутына.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ

мүмкін болатыны қайсысы?

*жүректік астма

*+демікпелік статус

*жедел өкпелік жүрек

*спонтанды пневмоторакс

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

#537

*! Бронх демікпеciмен ауыратын науқаста ауыр созылмалы тұншығу ұстамасы. Беротектің 4 реттік ингаляциясынан кейін жағдайы жақсармады. Жедел жәрдем шақырды. Қарау кезінде алыстан естілетін ысқырықты сырылдар. Аускультацияда тынысы айқын әлсіреген, кейбір жерлерінде естілмейді, сырылдар жоқ. ТЖ 30 рет минутына. АҚ 110/60 мм сын.бағ. Пульсі 100 рет минутына.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

*жүректік астма

*+демікпелік статус

*жедел өкпелік жүрек

*спонтанды пневмоторакс

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

#538

*!Бала 1 жаста.Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына.

Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?

*вирусты инфекция фонындағы жедел бронхит

*демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі

*+жедел ларинготрахеит, стеноз 2 дәрежелі, ТЖ 2

*созылмалы обструктивті бронхит өршуі

*ауруханадан тыс пневмония

#539

*!Науқас 24 жаста. Ауруы жедел басталған, қалтырау, бас ауруы, темп. 39 С дейін көтерілген. Таңға қарай жөтел мен тыныс алғанда пайда болатын ауру сезімі мазалаған, температура сақталған. Ауруы басталардан бұрын салқындап қалған. Объективті: ернінде герпестік бөртпе. Оң жақ беті қызарған. ТАЖ 25р/мин. Пульс 96р/мин.АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. Қарап тексергенде оң жақ кеуде бөлігі тыныс алудан қалып қояды. Дауыс дірілі оң жақ жауырынасты аймағында кұшейген, перкуторлы дыбыс сол аймақта қысқарған. Тынысы оң жағында - бронхиальді, крепитация. Сол жағында –везикулярлы тыныс.,

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*демікпелік статус

* жедел респираторлы вирусты инфекция

*созылмалы обструктивті бронхиттің асқынуы

*жедел бронхит, орташа ауырлықта

*бронхиальді астма, ауыр персистирлеуші ағымы

*+ауруханадан тыс оң жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы

#540

*!Науқас Д., 48 жаста. Жағдайының нашарлығына байланысты шағымдарын айтпайды. Объективті: бұлшық ет дірілі, төсектегі қалпы пассивті. Тері мен шырышты қабатының сұр түсті диффузды цианозы. Кеудесі эмфизематозды. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттері қатысАҚҚы.Тынысы сирек, беткей. Жіп тәрізді пульс. ЖСЖ 130 р/мин. АҚҚ 80/50 мм.с.б.б.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*БА орта ауырлықтағы ұстамасы

*өкпенің обстуктивті ауруының асқынуы

*демікпелік статус 1 кезең

*демікпелік статус 2 кезең

*+демікпелік статус 3 кезең

#541

*!Қыз бала 13 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, төс артында кеудені басып, қысып тұрған тәрізді сезім. Дене температурасы 37,5°С. Ауруы суық тигеннен кейін басталып, 3 күнге созылған. Аускультацияда везикулярлы тыныс, дем шығаруы ұзарған. Құрғақ сырыл естіледі.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*бронх демікпесі

*созылмалы бронхит

*+жедел бронхит

*құпғақ плеврит

*пневмония

#542

*!Науқас К., 24 жаста. Құрғақ, дөрекі, «ит үрігендей» жөтел мен тұншығуға шағымданған. Соңғы бір аптадан бері өзін науқаспын деп санайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Мойын лимфа түйіндері екі жақта да ұлғайған, аздаған ауырсыну бар. Дауыстың үдемелі қырылы тұрақты афонияға ауысқан. Аңқаны қарағанда түсті ақшыл лай түстес , оңай алынбайтын, алғанда орны қанайтын қабыршақты көрдік. Тынысы шулы. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны тұйықталған, ритмді. ЖСЖ 90 р/мин. АҚҚ 120/80 мм.с.б.б.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*+дифтериялық күл фонындағы көмейдің жеделдеу стенозы

*созылмалы фарингиттің асқынуы

*көмейдегі бөгде зат

* демікпелік статус

*жедел фарингит

#543

*!Науқас 64 жаста. Соңғы 5 күннен бері тыныштықта кенеттен пайда болатын ентігу, жүрек соғуы, әлсіздік мазалайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, диффузды цианоз. Аускультацияда: екі өкпесінің де төменгі бөлігінде аздаған майда көпіршікті сырыл естіледі. ТАЖ 24 р/мин. Жүрек тоны ритмсіз, әлсіз, жиі экстрасистолиялар. ЖСЖ 110-120 р/мин. АҚҚ 100/60 мм. Сол жақ аяғының тамырлары варикозды кеңейген. ЭКГ-да: оң жақ жүрекшеге түскен жүктеме белгілері, Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық блокадасы, оң қарыншалық экстрасистолиялар.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*жедел бронхит

*жедел пневмония

*оң жақ өкпе ісігі

*+өкпе артериясы тармағының тромбоэмболиясы

*СЖЖ. ҚБ2. Іркілулік пневмония.

#544

*!Науқас Д., 55 жаста, жүргізуші. Шағымы: шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, ентігу, әлсіздік. Шағымдары күндіз, суық тигеннен кейін пайда болған. 12-15 жылдан бері таңертең пайда болатын құрғақ жөтел мазалайды. 30 жылдан бері шылым шегеді. Қарап тексергенде мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы байқалады. Дене температурасы 37,5°С. ТАЖ 23 р/мин. Өкпе аускультацисында: қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды ірі көпіршікті сырылдар естіледі. Перкуссияда қораптық дыбыс.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*пневмония

*бронхоэктаздық ауру болезнь

*+созылмалы обструктивті бронхит

*өкпе туберкулезі

*жедел плеврит

#545

*! Спонтанды пневматораксы бар науқаста ЖҚЖ жеткіліксіздігі, кеуде аралықтың қарама-қарсы жаққа жылжуы, сау өкпе вентиляциясының төмендеуі пайда болды.

Науқаста қай асқыну болуы аса ықтимал?

*пневмония

*жедел бронхит

*теріастылық эмфизема

*тыныс жолындағы бөгде зат

*+кернеулік пневмоторакстың дамуы

#546

*!Кеуде жарақатын алған науқастың кенеттен беті істі, басы мен мойы көлемін ұлғайтты. Пальпацияда сықыр естіледі.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*ашық пневмоторакс

*жабық пневмоторакс

*кернеулік пневмоторакс

*гемоторакс

*+көкірекаралықтың теріасты эмфиземасы

#547

*!53 жасар науқасты жиі таңертең болатын, аузы тола түсетін қақырық мазалайды. Қақырық 3 қатпарлы. Анамнезінде созылмалы бронхит. Өкпесінің төменгі бөлігінде дыбыс тұйықталған. Аускультацияда орта және ірікөпіршікті сырыл естіледі.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*өкпе абсцессі

*құрғақ плеврит

*крупозды пневмония

*+бронхоэктаздық ауру

*созылмалы обструктивті бронхит

#548

*!Науқас Б., 80 жаста. Шағымы: дене температурасының 39,3º С дейін көтерілуі,бас ауруы, әлсіздік. Ауруы жедел басталған, ауруханаға түсерден бір күн бұрын тамаққа шашалып қалғаннан кейін қатты жөтелген. ЛОР-дың кеңесінде болған: патология жоқ.Кеуде торының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*пневмококкты пневмония

*стафилококкты пневмония

*Фридлендер пневмониясы

*+аспирациялық пневмония

*паракарциноидтық пневмония

#549

*!Науқас В., 82 жаста. Шағымы: күніне 1 стақаннан астам қан бөлінетін сирек жөтел, кеудедегі ауру сезімі, әлсіздік.Анамнезінен: бірнеше жылдан бері ауырады, соңғы бір айда тәбеті мен салмағының кенет төмендеуін байқаған. Жиі стационада ем, химиотерапия қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, әлсіреген. Тері жамылғысы боз. Өкпесінде қатаң тыныс, жоғарғы бөлігінде ылғалды сырыл естіледі. Жүрек тоны тұйықталған, ритмді. ЖСЖ 100 р/мин., АҚҚ 90/60 мм.с.б.б.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

* асқазан рагы, асқазаннан қан кетумен асқынған

*+өкпе рагы, өкпелік қан кетумен асқынған

*жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік

*кеуде торының енген жарақаты

*өкпе артериясының тробоэмболиясы

#550

*!60 жасар науқас алкоголдік мастану жағдайында жоғары температура мен тұтқыр қою-қоңыр түсті қақырықты жөтелмен табылды. Шағымы: ентгу, айқын жалпы әлсіздік, кеудедегі ауру сезімі, қалтырау. Жалпы жағдайы ауыр. Оң жақ өкпесінің төменгі бөлігінде тыныс естілмейді, ылғалды ірікөпіршікті сырыл бар. ТАЖ 24 р/мин, АҚҚ 90/60мм.сбб, ЖСЖ 120 р/мин.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*өкпе абсцесі

*экссудативті плеврит

*+оң жақтық крупозды пневмония

*аспирациялық пневмония

*жедел респираторлы синдром

#551

*!Бір жасар баланың ауруы жедел басталған, температурасы 38,9°С, мазасыз, жиі «ит үрігендей» жөтел, инспираторлық ентігу, тахипноэ 60 р/мин. Тынысы шулы, қосымша бұлшық еттердің қатысуымен.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*ЖРВИ, бронхопневмония

*ЖРВИ, обструктивті бронхит

*жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде зат

*ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы I сатысы

*+ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы II сатысы

#552

*!Науқас К., 15 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, ентігу, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік. Аталған шағымдары ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін пайда болған. Температурасы 38,7 С. ТАЖ 22 р/мин. Өкпе аускультациясында: құрғақ ысқырық тәрізді сырыл естіледі.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*оң жақ төменгі бөліктік пневмония

*+жедел бронхит

*жедел плеврит

*өкпе туберкулезі

*бронхиальді астма

#553

*!Науқас Р., 44 жаста. Шағымдары: жөтел, жасыл түсті қақырық, қақырықта алқызыл түсті қанның болуы. Анамнезі: бала кезінен созылмалы бронхитпен ауырады. Соңғы 4 жылда қақырығы көп көлемде (күніне 300 мг дейін), таңертең, ауыз тола және жағымсыз иіспен, кейде қан ізі байқалады. Объективті:терісі цианозды. Тырнағы «сағат әйнегі» тәрізді, кудесі эмфизематозды. Аускультацияда: өкпеде құрғақ және ылғалды сырыл, әсіресе оң жақ бұғана асты аймағында естіледі.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

* өкпе рагы

* жедел плеврит

* өкпе туберкулезі

* бронх демікпесі

*+бронхоэктаздық ауру

#554

*!Бала 1,5 жаста. Ойын кезінде кенеттен жөтел ұстамасы пайда болған. Бұрын ұстама болмаған. Мазасызданғанда үдей түсетін, ұйықтағанда жойылатын ентігу мазалады. Рентгенограммада біржақтық эмфизема анықталды.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*+тыныс жолдарындағы бөгде зат

*бронхиальді астма ұстамасы

*жалған круп ұстамасы

*жедел бронхит

*пневмония

#555

*!Науқас К., 58 жаста. Шағымдарын қиындықпен айтады. Шағымы: бір күннен асатын тұншығу ұстамасы, ентігу, оңай бөлінбейтін қақырықты жөтел, айқын әлсіздік. Ұзақ уақыттан бері бронхиальді астмамен ауырады, үнемі сальбутамол, серетид қабылдайды. Соңғы күндері сальбутамолды күніне 10 ретке дейін қабылдаған. Айтарлықтай нәтиже бермеген. Объективті: науқас қозған. Қимылы мен сөйлеуі қиындаған. Ортопноэ. Терісі ылғал. Тері мен шырышты қабаттардың диффузды цианозы. ТАЖ 35 р/мин.Перкуссияда: қораптық дыбыс. Аускультцияда: өкпеде тыныс мүлдем естілмейді. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 125 р/мин., АҚҚ 150/100 мм.с.б.б

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*БА ұстамасы, орташа ауырлықта

*созылмалы обструктивті ауру

*демікпелік статус 1 ст

* демікпелік статус 2 ст

*+ демікпелік статус 3 ст

#556

*!Әйел 35 жаста. Мамандығы аспаз. Алғашқы босануы кезінде кеудедегі қатты ауру сезімі мазалады. Кенеттен ентігу пайда болып, есін жоғалтты. Объективті: жағдайы ауыр, денесінің жоғарғы бөлігінің цианозы. Тынысы беткей, минутына 50 ретке дейін. Аускультацияда: кеуденің оң жақ бөлігіндегі тыныс әлсіреген, бірен-саран құрғақ сырыл естіледі, төменгі бөлігінде дыбыссыз майда көпіршікті сырыл. Мойын веналары ісінген, пульс жіп тәрізді 100 р/мин. АҚҚ 90/40 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйық, өкпе артериясында ІІ тонның ажырауы. Іші үлғайған, пальпацияланбайды.

Қай болжам диагноз сәйкес келеді?

*бронхиальді астма

*артериалық гипертензия

*ауруханадан тыс пневмония

*+өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік

#557

*!Науқас К., 30 жаста. Кешке қарай көшеден табылды, жалпы жағдайы ауыр. Жағдайының ауырлығына байланысты шағымдарын айта алмады. Қарап тексергенде: тері жамылғысының айқын бозғылттануы байқалады. Күш көрсету белгілері жоқ. Аузынан алқызыл түсті қан ағуда. ЖСЖ 120 р/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б.б

Науқаста қай асқыну дамуы мүмкін?

*асқазан-ішек жолынан қан кету

*кеуде торының жарақаты

*+өкпеден қан кету

*өкпе ісінуі

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

#558

*!40 жылдан бері темекі шегетін науқастағы үнемі қайталанатын қан аралас қақырықты жөтел, жарты жыл көлемінде дене салмағының 20 кг төмендеуі, әлсіздік, физикалық күштеме кезінде пайда болатын ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз, ҚҰЖ жоғарылауы қай патологияга тән?

*бөліктік пневмонии

*бронхиальді астма

*+өкпе рагы

* өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

*Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар *3*72*2*

#559

*!Жедел жәрдем машинасымен, бронх демікпесімен ауыратын 22 жасар науқас жеткізілді. Түскенде қозған, дене температурасы 36,7 градус С, ЖЖЖ 120 минутына, ТАЖ минутына 32. Аускультацияда: тыныс бірден әлсіреген, жекелеген құрғақ сырылдар.Тәулік бойы 15 рет беротек ингаляциясын алды.

Бұл жағдайда науқасқа төменде аталғандардың қайсысы қарсы көрсеткіш болады?

*кортикостероидтар

*оттегімен ингаляция

*парентералді эуфиллин

*көктамырға регидратация

*+симпатомиметиктердің дозасын көбейту

#560

*!Науқас,асылудан кейінгі жағдай. Объективті: ес түссіз, спонтандытыныс , тырысулар. Тері бозданған. Мойынында странгуляциялық жүлгелері бар. Төменде аталғандардың қайсысы науқасқа ең маңызды болып табылады?

*бемегрид, дәрігерге актив қалдыру

*cедуксен, оқиға болған жерде қалдыру

*ешқандай іс шараларсыз госпитализация

*+cедуксен, ӨЖЖ, стационарға тасымалдау

*кордиамин, кофеин, оқиға болған жерде қалдыру

#561

*!Бала 2 жаста тамақ ішкенде қақалып, көгерді. Тыныс шулы, стеноздық. Науқас есін жоғалта бастады. Жедел жәрдем дәрігері тыныс жолдарында бөгде зат байқады.

Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?

*өкпені жасанды желдендіру

*Геймлих әдісі, оксигенотерапия

*тырысуға қарсы препараттар енгізу

*ешқандай іс шараларсыз шұғыл госпитализация

*+шұғыл коникотомия, асфиксия болса трахеостомия

#562

*!Ер адам 43 жаста, тамақ ішіп отырып қақалып қалды және көгерді. Тыныс шулы, стеноздық. Науқас есін жоғалта бастады. Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?

*+Геймлих әдісі

*өкпені жасанды желдендіру

*тыныс аналептиктерін енгізу

*тырысуға қарсы препараттар енгізу

*ешқандай іс шараларсыз шұғыл госпитализация

#563

*!Өкпе эмфиземасы бар зейнеткерде, есінің жоғалуымен бронхообструктивті синдром пайда болды. Аталғандардың қайсысы асқынулардың ЕҢ негізгі себебі болуы мүмкін?

*кеңірдектің интубациясы

*2,4% эуфиллин ерітіндісін көктамырға енгізу

*ингаляционды глюкокортикостероидтарды қолдану

*+омнопон енгізу және седативті дәрілік заттарды беру

*кортикостероидтарды және қысқа әсерлі бета 2 агонистерді қолдану

#564

*!Науқас 45 жаста. Кеудеде ауыру сезімге тыныстарылуына шағымданады. 1сағат бұрын подьезде кеуде торына пышақпен жарақат алған. Объективті өарағанда: алдыңғы қолтықасты сызығы бойынша VII қабырғада оң жақ кеудеде пышақ кірген, көлемі 1х4 см. Аускультацияда оң жақта тыныс бірден әлсіреген, ТАЖ мин 22. Артериальді қысымы 80/60 с.б.б. Пульс жіптәрізді, ЖСЖ 120 минутына. Іші жұмсақ,уру сезімінсіз.

Науқасқа байланысты қандай іс –әрекет ЕҢ маңызды болып табылады?

*миішілік қысымды азайту және ми ісінуін төмендету

*жараның айналасына новокаинді блокада жасау, эуфиллин енгізу

*Школьников бойынша блокада, гепарин енгізу, қысып тұратын асептикалық таңғыш

*қысып тұратын асептикалық таңғыш салу, профильді стационарғашұғыл госпитализация

*+полиглюкин, викасол не дицинон енгізу, қысып тұратын асептикалық таңғыш салу

#565

*!7 жасар балада жоғары тыныс жолдарында тұрып қалған бөгде зат, асфиксия дамуына алып келді. Объективті: бала ес түссіз, тері жамылғысы көгерген.

Аталғандардың қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

*трахеостомия

*Heimlich тәсілі

*+коникопункция

*крикотиреотомия

*корнцангпен бөгде затты алу

#566

*!Бала 4 жаста. Екінші күн ауырып жатыр. Аурудың басында дауысы өзгеріп, содан соң үрген тәрізді жөтел пайда болды. Объективті: баланың жағдайы өте ауыр, адинамиялық. Терісі сұр бозғылт, бұлшықет гипотониясы. Тынысы жиі, беткей, кеуде қуысының шұңқырларының тартылуынсыз. Пульс әлсіз, жіптәрізді. Жедел жәрдем дәрігері круптың 4-ші дәрежесін тапты, ол консервативті терапияға жауап бермеді.

Аталғандардың қайсысы науқасқа қатысты ЕҢ маңызды әрекет болып табылады?

*коникотомия жасау

*+трахеотомия жасау

*маскалық наркоз жасау

*шұғыл кеңірдек интубациясы

*реанимациалық іс-шаралар жасау

#567

*!Отбасылық дәрігер науқаста қалтырау, әлсіздік, көп тер бөліну, кеуде торының оң жағында ауру сезімі, қоңыр, иісі жағымсыз қақырық бөлінуі, ентігу шағымдары бойынша үйге шақырылды. Анамнезінен: алкоголь ішкен соң далада ұйықтап қалып ауырған. Күніне 1,5 қорап темекі шегеді. Қарап тексергенде: науқас жағдайы ауыр, акроцианоз, ентікпе, тамақтануы төмен, күтімі жоқ,кеуде торының оң жағында құрғақ және ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар, перкуссияда жоғарғы оң жақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы.

Наши рекомендации