Білек пен балтырға пневматиқалық жақтауды салу іс-әрекетін көрсету.

Мақсаты:Аяқ-қолдың зақымдарында транспорттық бекіту.

Көрсеткіші:Аяқ-қолдың сынықтары.

Ресурстар: Пневматикалық жақтау.

Ескерту: Жақтау мөлдір пластикалық материалдан даярланған, құрамында: екі қабатты герметикалық пленка, молния, ауа үрлейтін қақпақша. Пневматиқалық жақтаудың 3 түрі болады: 1- білекпен қол басына, 2- табан мен балтырға, 3- тізе буыны мен санға.

Әрекет алгоритмы:

1.Науқасты өзіңе қаратып отырғызыңыс тыныштандыр.

2. Манипуляция барысын түсіндір.

3. Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.

4. Ауырсыну сезімін басу үшін 100мг кетотоп бұлшық етке сал.

5. Зақымды тексер.

6. Сынық немесе буыннан таюдың белгілерін анықта..

7.Аяқ-қолға физиологиялық қалып бер.

8.Жақтауды пакеттен ал.

9.Молнияны аш.

10.Жақтауды ашып, абайлап зақымдалған қол-аяқтың астына сал.

11.Молнияны жап.

12. Ауа үрлейтін қақпақшаның түтікшесін солға қарай бұрап, қақпақшаны аш.

13.Насостың көмегімен жақтауды қатты қылып үрле.

14.Қақпақшаны жап.

Ескерту: Жақтау ішіндегі қысым 40-45 мм сын.бағ. болу керек.

-Жақтау зақымдалған дене бөлігінін қан айналымын бұзбайды;

-Тез салынып, рентген сәулесіне кедергі болмайды.

25. Тыныс жолдарының бөгде заты бар жәбірленушіге бірінші медициналық көмек көрсету. Геймлихтің әдісінің техникасы (тыныс жолдарын бөгде заттан босату)

Мақсаты: Бөгде заттан тыныс жолдарын босату, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамассыз ету үшін.

Көрсеткіші: Тыныс жолдарының бөгде заты.

Әрекет алгоритмы:

1.Жәбірленушіге жақындап, «Сен қақалдың ба?» деген сұрақ қою.

2.Науқастың артынан тұрып, белінен құшақтап алға сәл ғана еңкейтеміз

3.Қолдың бір жұдырығын кіндіктен жоғары ұстаймыз

4.Екінші қолдың жұдырығымен науқастың ішінен жылдам және қатты басып қаламыз, тарту күшін диафрагманың астынан, науқастың денесін сәл көтеру үшін, осы әдісті бес рет қайталау керек. Егер тыныс жолы ашылмаса, САВ этаптары бойынша реанимациялық шараларды уақыт кетірмей, бастау керек.

Науқастың өзі өз арқасынан ұра алмайды. Тыныс жолындағы бөгде заттар іш қуысын басу арқылы шығаруға болады.

Науқастың есінен тануы

1.Науқасты еденге шалқасынан жатқызамыз

2.Тыныс жолын босатамыз, егер бөгде зат науқастың тамағынан көрініп тұрса саусақпен алуға тырысамыз. Бірақ өте сақ болуымыз керек, өйткені бөгде зат ары қарай кіріп кетуі мүмкін (бұл жағдай көбінесе жас балаларда кездеседі)

3.Егер бөгде затты ала алмасақ ал науқас есін жимай жатса жүрек-өкпе реанимациясын жасаймыз, кеуде қуысын басқан кезде бөгде зат сыртқа шығуы мүмкін, сондықтан ауыз қуысын жиі тексеру керек.

Білек пен балтырға пневматиқалық жақтауды салу іс-әрекетін көрсету. - student2.ru

Бұғана сүйегінің жабық сынығында, жәбірленушіге көрсетілетін бірінші медициналық көмек.

Мақсаты: Транспорттық бекіту.

Көрсеткіші: Бұғана сүйегінің жабық сынығы.

Ресурстар: Үшкіл орамал, жай анальгетиктер-кетотоп 100мг -3мл, Дельбе сақиналары, Крамер жақтауы, жалпақ бинт,залалсыз мақта домалақтары, 70% этил спирті, залалсыз резеңке қолғап, қол өңдейтін антисептик, КБУ.

1.Әрекет алгоритмы:

1.Науқасты отырғызып, тыныштаңдыр.

2.Манипуляция барысын түсіндір.

3.Қолды антисептикпен өңдеп, резенке қолғапты ки.

4. Ауру сезімін басу үшін кетотоп 100мг -3мл б/е еңгіз.

5.Зақымды тексер.

6. Сынық белгілерін анықта.

Наши рекомендации