Анаэробтық дизентерия қоздырушысы және балау әдістері
Анаэробтық дизентерия жаңа туған қозылардың жіті, жұқпалы ауруы. Қозының іші өтуімен және улануымен сипатталады.
Қоздырушысы және оның морфологиясы.Дизентерияныңқоздырушысы (Lamb- dysenterybacillus) Cl.perfringensB-типінің бір түрі, негізгі айырмашылығы өзгеше қасиеті бар токсин бөлуімен байланысты. Патологиялық материалдан дайындалған жұғындыда микробтың түрі қысқа, ұршық тәрізді таяқша, шеттері жұмыр, жеке-жеке, қос-қостан немесе тізбектеліп орналасқан. Таяқша және тізбек сырттарында капсуласы көрінеді, бірақ спорасы болмайды. Ал жасанды, сілтілі, көмірсутегінсіз ортада спора түзеді. Қозғалмайды, барлық анилин бояуларымен боялады, грам оң. Патматериалдан дайындалған жұғындыны грам бойынша, капсуланы анықтау үшін Гимза, Михин әдістерімен бояған тиімді.
Китт-Тароцци сорпасында және сүтте жақсы және тез өседі. Сепкеннен кей сорпа бұлдырланады, сүт ұиды.
Топырақта дизентерияның қоздырушысы ұзақ сақталады, вегетативтік түрі 30-күнде өледі. Зарарсыздандыру үшін күйдіргіш натрдың 10 % ерітіндісін және 5%- формалинді пайдаланады.
Індеттік мәліметтер. Дизентерияның қоздырушысытабиғатта кең тараған, ол жерде, қида, дені сау ересек малдардың ішектерінде мекендейді. Эпизоотияның шығуында жаңа туғандардың организмінің ауруға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі шешүші орын алады. Бұндай төзімсіздік, анасын дұрыс азықтандырып күткенде, жатырда жатқан кезден бастау алуы мүмкін. Жаңа туғанның төзімділігінің төмендеуі ана сүтіне қанықпағаннан, нашар күтім, суық қорадағы ылғалдық, малдың тығыз орналасуына байланысты. Ауру басталысымен аң қоздырушының уыттылығы күшейе түседі де зардаптығы артады. Ауру саулықты емген қозы ауруға шалдығады. Ауруды жұқтырғаннан кейін олар нәжісімен көптеген вирулентті микробтарды сырқы ортаға шығарады.
Қозы дизентериямен алғашқы 5 күндігінде ауырады. Алдын-алу шараларын жүргізбесе ауру келесі жылы қайта шығады.
Барысы және симптомдары. Жасырың кезеңі өте қысқа, сағатпен саналады. Ауру көпшілігінде жіті түрінде болады, бірнеше күннен (1- 5) кейін өледі. Аурудан жазылу өте сирек. Қозы жиі күшенеді, жотасын қисайтады, тышқақтайды, оның түсі сары, исі өте жағымсыз, кейде оған қан араласады. Нәжісімен құйрығын және санын ластайды. Ауру қозы айналаға көңіл аудармайды, анасын ембейді, көпшілігінде жатады. Бір аз уақыттан кейін ауру қозы орнынан тұра алмайды, көзі үңрейеді, іші қабысады, аяқтары сұлап, мойыны және басы жерге тиіп жатып қалады. Дене қызуы аурудың бас кезінде көтеріледі, кейін төмендейді. Қан тамыры басында қатты соққанмен, кейін әлсірейді, демалысы жиіленеді. Емдемесе, іші өтуінің қарқындауынан және әлсізденуінен қозы өледі. Емделмеген ауру жануарлардың 80-100% өледі. Аурудан жазылуы өте сирек, ал аурудан айыққандарының мал болуы екі талай.
Патанатомиялық белгілері.Өлексе өте арық,анустіңайналасы, сан үсті, құйрық жағының жүндеріне нәжіс жұққан. Кілегей қабықтары бозғылт. Құрсақ және кеуде қуыстарында сары түсті мөлдір аздаған экссудат бар. Негізгі өзгерістер ішекте. Аш ішек арагідік геморрагиялық қабынған; шажырқай қан тамырлары қанға толы, оларды ішті кеспей ақ көруге болады, ішек ішіндегілері қызғылт түсті, кілегей қабықтарында кішкене кеген ойық жара. Шанжырқай лимфа түйіндері үлкейген және шырынды. Көкбауыр әдеттегідей. Бауыр, бүйректері, жүрек еттері азғындаған. Құрсақ және кеуде қуыстары органдарының сіре қабықтарының астында, нүкте, жолақ және дақ тәрізді қан құйылған.
Ажыратып балау. Эпизоотологиялық, клиникалық белгілерінен дизентерияға балау қоюдағы маңыздылары: жас қозылар токсигендік көріністегі қанды тышқақ және емдемегенде 100%- өлім. Сойып қарағанда ойылымды-геморрогиялық энтерит. Анаэробтық дизентерияны эшерихиоздан (колибактериоз) және сальмонеллезден ажырату керек.
Клиникалық белгілері және аурудың барысы бойынша эшерихнозды дизентериядан ажырату мүмкін емес. Сойғанда ішектің кілегей қабықтарында ойылымның болуы тек ғана дизентерияға тән.
Сальмонеллезде қозылармен қатар, ересектеріде ауырады. Сальмонеллезде өлім-жітімге аз ұшырайды - 10-15%, сойғанда көкбауыр өте үлкейген, ішектің кілегей қабықтарында ойылым байқалмайды.
Балауды растау үшін бактериологиялық зерттеу қажет. Зертханаға ішектің зақымданған учаскесін жіберу қажет. Шектің кесілген имегін қайнаған сумен аздап жуып, нәжісінен тазартады, 30% глицерин ерітіндісі салады. Үлпершекті органның кесіндісін бөлек салып жібереді.
Негізгі емдік және дауалау шаралары. Аурудың бас кезінде емдеген жақсы нәтиже береді. Емдеу арнайы сарысу мен антибиотиктерді пайдаланады. Колостаралдық иммунитет құрылу үшін буаз саулықтарды тууға 20-30 күн қалғанда поливалентті гидроокисьалюминий вакцинасымен вакциналайды.