Склераның субиктериялы болуы, денеде тырнақ іздерінің болуы

терінің қышуы, терінің құрғақ болуы, қызаруы

қызыл иектен қан аққыштық

сарғаю, терінің қышуы

терінің гиперпигментациясы, қызыл иектен қан аққыштық

терінің құрғақтығы, қабыршақтануы

!

37 жастағы ер адам бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Осы жағдайдың дамуына себеп болатын топ препараттарын таңдаңыз:

А) антибиотиктер

В) метилксантиндер

С) муколитиктер

D) β2-агонисттер

Е) иммуномодуляторлар

!

53 жастағы ер адам, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар.Диагностиканың тиімді әдісі :

А) вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау

В) қанның биохимиялық анализі

С) бауыр биопсиясы

D) бауырды УДЗ

Е) радионуклидті сканирлеу

!

Пиелонефриттің өршуі салдарынан стационарлық ем қабылдап жатқан 78 жастағы әйел адамэпицентрі кіндік маңы аймағындағы іштің барлық бөлігінде айқын ауырсынудың, құсудың пайда болуына байланысты кезекші дәрігерді шақырды. Қарағанда: суық жабысқақ тер, дене t 380С, АҚ 80/60 мм.с.б., ЖЖЖ 100 рет мин., іштің кебуі, құрсақ қабырғасында ауырсыну, аускультацияда ішек перистальтикасы шуының болмауы. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭКГ: Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасы, құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында ішек ілмектері пневматизациясының жоғарылауы. Клиникалық жағдайдың мүмкін болатын себебі:

А) жоғарғы мезентериалды артериялар тромбозы

В) жедел ішек түйнелісі (непроходимость)

С) жедел миокард инфарктысының абдоминалды түрі

D) созылмалы панкреатиттің өршуі

Е) бос құрсақ қуысына ойық жараның перфорациясы

!

Ер кісі 32 жаста, эпигастрий аймағында үдемелі, айқын ұстамалы ауырсынға, қыжылдауға, тамақ ішкеннен кейін толықсынуы және кернеуі сезіміне шағым айтады. Қан және зәр анализінде өзгерістер жоқ. ЭФГДС-те пиязшық артында көлемі 1,2 см құрайтын, беті фибрин талшықтармен жабылған кемістік бар. Барынша ықтимал диагнозы:

А. пиязшық артындағы жарасы

В. асқазан кіші иініндегі жара

С. асқазан үлкен иініндегі жара

Д. пиязшықтағы жара

Е. кардиальды бөлімнің ойық жарасы

!

22 жастағы әйел адам тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои), ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы (большой газовый пузырь) көрінді. Симптоматиканың ұзақ болуы мына патологияға әкеледі:

А) диафрагманың өңештік саңылауы жарығының

В) созылмалы гастриттің

С) ойық жара ауруының

D) эмфиземаның

Е) диафрагма жарылуының (разрыв)

!

Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады.Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Базисті терапия ретінде мүмкіндігінше қолдануға тиімді препараттар тобы болып табылады:

А) 5-аминосалицил қышқылының препараттары

В) антибиотиктер

С) адсорбциялаушы

D) пробиотиктер

Е) пребиотиктер

!

54 жастағы науқас стационарға түскенде ішінің жоғарғы бөліміндегі белдемелі сипатты ауырсынуға,жүрек айнуына,ішінің кебуіне, тәулігіне 3-4 ретке дейін болатын жылтыр майлы түсті сұйық нәжіске шағымданады. Объективті: тілі ылғалды, ақ жабынмен жабылған. Іші кепкен, Шоффар аймағында, Мейо-Робсон нүктесінде аздаған ауырсыну бар. Қан анализі патологиясыз. Копрология: стеаторея, креаторея, амилорея. Ультрадыбысты зерттеуде: өт қабы қабырғасының қалыңдауы және тығыздалуы, ұйқы безінің басының және денесінің ұлғаюы, эхоқұрылымы біркелкі емес. Тиімді емдеу схемасын таңдаңыз:

A) креон+омепразол+урсосан

B) фестал+омепразол+но-шпа

C) креон+квамател+но-шпа

D) омепразол+аллохол+но-шпа

E) омепразол+линекс+церукал

!

Науқас А., 48 жаста, қабылдау бөліміне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға,сарғаюға, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Анамнезінен: Алкогольды жиі қабылдайды, бір апта бұрын өңештің варикозды-кеңейген тамырларынан қан кету болған. Қарағанда:терісі және склералары сарғыш түсті,телеангиэктазиялар,іші қампайған, гепатоспленомегалия. Қанында: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ. жалпы билирубин - 68 мкмоль/л, тура фракциясына байланысты. Осы жағдайда неғұрлым тиімді тағайындауды таңдаңыз:

А) гептрал+ мұздатылған плазма+С, к витаминдері

B) преднизолон+гепабене+креон

C) гептрал+эритромасса+креон

D) преднизолон+гептрал+холензим

E) феррум-лек + преднизолон + гептрал

!

Науқас О., 58 жаста эпигастрии аймағының оң жағындағы тұйық ауырсынуға, ішінің ұлғаюына, ентігуге, іш қатуына, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті.Жағдайының нашарлауы 2-3 ай бойы: ақырындап іші ұлғайған,ауырсыну пайда болған, өңештің варикозды-кеңейген тамырларынан қан кету эпизоды болған.Қарағанда: склералары субиктериялы.Ішінің көлемі ұлғайған, асцит. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұр, тығыз,сезімтал. Айқын спленомегалия. Қандай емдеу тактикасын жүргізу НЕҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?

A) альдостерон антагонистері + гепатопротекторлар + эубиотиктер

B) эубиотиктер + прокинетиктер + витаминдер

C) витаминдер + интерферон индукторлары + ферменттер

D) гепатопротекторлар + ілмектік диуретиктер + прокинетиктер

E) вирусқа қарсы препараттар + витаминдер + прокинетиктер

!

Асқазанның ойық-жарасы бар науқас эпигастрий аймағында толу сезіміне және ауырсынуына, сасық иісті, қабылдаған тағаммен құсуға, дене салмағының азаюына шағымданады. Асқазан аймағында көзге көрінетін перистальтика және шылпыл шуы анықталады. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:

А) қалтқы стенозымен асқынған асқазаның ойық-жара ауруы

В) пенетрациямен асқынған асқазаның ойық-жара ауруы

С) перфорациямен асқынған асқазаның ойық-жара ауруы

D) қан кетумен асқынған асқазаның ойық-жара ауруы

Е) он екі елі ішектің ойық-жара ауруы

!

20 жастағы ер адамда аяқ астынан қан мен шырыш араласқан диарея, іштегі ұстама тәрізді ауырсынулар, дене температурасының 37 градусқа дейін жоғарылауы пайда болды. Нәжіс жиілігі – 4-5 рет тәулігіне. Қарағанда: тері жабындыларының бозғылттығы, іші жұмсақ, жуан ішек бойымен ауырсынады, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Нв – 105 г/л, лейк. – 9,6 мың. 1 мкл, жалпы белок 65 г/л, альбуминдер – 35%. Берілген жағдайда колоноскопия кезінде барлығы анықталуы мүмкін, тек:

A) шырышты қабаттың терең жіңішке жаралары

B) «Түйіршікті» шырышты қабат

C) контактті қан кету

D) жараланудың беткей сипаты

E) нейтрофильді инфильтрация

!

Науқас 48 жаста, қатты шаршағыштыққа, басының ауыруына, жүрек айнуына,оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне, қызыл иектерінің қанауына шағымданып түсті. Анамнезінен: 10 жыл бұрын созылмалы бауыр ауыруына байланысты емделген. Диета сақтамаған, кездейсоқ жыныстық қатынастар болмаған, наркотиктер қабылдамайды. Объективті: тері жабындылары және склералары сарғыш түсті, «бауырлық» алақандар, кеуде қуысының жоғарғы бөлімінде тамырлық жұлдызшалар, гепатоспленомегалия. Қан анализінде: анемия, ЭТЖ жоғарылауы, гипербилирубинемия тура фракциясының жоғарылауымен аланинді және аспарагинді трансаминазалардың 3 есе жоғарылауы. Гепатит маркерлері: вирусты гепатит С-ның барлық маркерлері оң. Қажетті препараттарды тағайындаңыз:

A) интрон+гептрал

B) эссенциале+креон

C) гептрал+урсосан

D) гептрал+креон

E) преднизолон+эссенциале

!

Науқас У., 28 жаста, қыжылға, тамақ қабылдағаннан кейін кеуде клеткасының артындағы «ашытуға», 1 ай бойы мазалаған қышқыл кекірікке шағым айтады. ЭГДС: өңештің төменгі үштен бір бөлігінің ісінуі және гиперемиясы анықталады. Таңдамалы ем атаңыз:

A) домперидон+ рабепразол

B) омепразол+ трихопол

C) маалокс+ фамотидин

D) омепразол + амоксициллин

E) омепразол + висмут субцитрат B.

!

30 жастағы ер адамда қан ұйындылары қосылған диарея,іштегі толғақ тәрізді ауырсыну,қызба пайда болды. Ректороманоскопияда кілегей қабаттың қанағыштығымен борпылдылығы анықталады. Осы жағдайда таңдалатын препарат:

A) салофальк

B) фталазол

C) левомицетин

D) кортикостероиды

E) ампициллин

!

55 жастағы ер адам соңғы үш жылда жиі өршіп тұратын 12 елі ішектің жара ауруы,жиі рецидивтерімен ауырады. Н2-гистаминблокаторлармен емдеу оң нәтижесі болды. Жарадан қан кетумен түсті.Қан құйылды.4 апта ранитидинмен жүргізілген ем нәтижесінде жара тыртықтанды. Ары қарай емдеу тактикасы:

A) Н2-гистаминблокаторлармен сүйемелдеуші терапия

B) үздікті Н2-гистаминблокатораммен курсты терапия

С) хирургиялық ем

D) сукральфатпен терапия

Е) омепразолмен курсты терапия

!

28 жастағы ер адамда қан ұйындылары қосылған диарея, іштегі толғақ тәрізді ауырсыну,қызба пайда болды. Проктосигмоскопияда кілегей қабаттың қанағыштығы мен борпылдылығы анықталады. Тиімді препаратты таңдаңыз:

A) салофальк

B) смекта

C) ванкомицин

D) фуразолидон

E) метронидазол

!

Регионарлық илеитті ажыратпалы диагностикада қиын ажырататын ауруды анықтаңыз:

A) бейпецификалық жаралы колит

B) ішек өткізгіштігінің бұзылуы

C) жара ауруы

D) өт тасты ауру

E) зәр шығару жүйесінің ауруы

!

49жаста науқас С., оң жақ қолға таралатын оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға,өт қосылған құсуға шағымданып түсті. Об-ті: қоңымдылығы жоғары, склералары субиктериялық, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, Ортнер симптомдары оң мәнді. Қанда: лейкоцитер -12 мың., ЭТЖ-33 мм/с.Өтті зерттегенде: барлық үш порцияларда - кілегей, лейкоцит, IV порцияда - лямблиялар. Осы жағдайдағы ең тиімді ем:

a) метронидазол

b) гентамицин

c) левомицетин

d) эритромицин

e) цефазолин

!

72 жастағы науқасты эпигастрий аймағында тұйық керіп ауырсыну, тамақ ішкеннен кейін асқазанының аса толу сезімінің пайда болуы; шіріген иіспен кекіру; метеоризм; іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Объективті: төмен нәрлі; терісі бозғылт және құрғақ, тырнақтары сынғыш, ангулярлы стоматит белгілері. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

A) табиғи асқазан сөлі + панзинорм + мильгамма

B) сорбифер + алмагель + гепабене

C) фамотидин + панзинорм + но-шпа

D) цизаприд + алмагель + мезим-форте

E) домперидон + креон + бифидумбактерин

!

40 жасар науқас ұзақ уақыт созылмалы холециститпен ауырады. Емдәмді бұзғаннан кейін қатты белдемелі ауру сезімі, іш кебуі, құсу пайда болады. Жедел холецистит диагнозымен хирургия бөлімшесіне жатқызылды. 2 күн бақылағаннан кейін қойылған диагноз алынып, созылмалы панкреатиттің өршуімен терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Осы жағдайда ауру сезімін басу үшін қолданылмайды:

A) морфин

B) баралгин

C) новокаин

D) пантопон

E) платифиллин

!

20 жастағы науқас тәулігіне 6 ретке дейінгі қан аралас іш өтуіне, әлсіздікке, арықтағанға шағымданды.Колоноскопия кезінде аш ішектің кілегей қабығының беткейлік зақымданулары, контактілі қан ағу, лейкоцитарлы инфильтрация анықталды. Ең тиімді препараттарды таңдаңыз:

Преднизолон

Сульфасалазин

координакс

преднизолон

азатиоприн

дебридат

эспумизан

!

50 жасар ер адам шылым шегеді, тұншығу ұстамасына, кеуденің төменгі үштен бір бөлігінің күйдіріп ауырсынуына, қышқылмен кекіруге шағымданады. Теофиллин препаратын қабылдағаннан кейін жағдайы нашарлайды. ЭКГ-да ишемиялық өзгерістер тіркелмеген. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы қалыптыдан 91%. Диагностика мақсатында қандай зерттеу жүргізген тиімді:

А) ЭФГДС

В) ЭхоКС

С) асқазан рентгенографиясы

D) кеуде клеткасыныњ рентгенографиясы

Е) спирография

!

32 жасар әйел метеоризмге, дене салмағының төмендеуіне, сулы ашық-қоңыр көпіршікті жағылмалы өткір иісті нәжіске шағымданып түсті. Шырышты қабықтың биопсиясында бокал тәрізді жасушалардың және эпителий аралық лимфоциттердің санының жоғарлауы, түктердің атрофиялануы, лимфоциттердің беткей және ойық эпителиінің инфильтрациясы анықталды. Анамнезінде арпа, қара бидай өнімдерін көтере алмаушылық анықталды. Тиімді ұсынысты таңдаңыз:

А) нан тағамдарын шектеу

В) антибиотиктермен курстық терапия

С) адсорбенттарды үнемі қабылдау

D) 5-аминосалицил қышқылын үнемі қолдану

Е) холеретиктерді үнемі қолдану

!

47 жасар ер адам алкоголь қабылдайды, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, жүрек айнуға, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, дене қызуының субфебрильді сандарға дейін жоғарлауына, тері қышуына, қызыл иек қанағыштығына, зәр түсінің қараюына шағымданады. Жағдайының нашарлауы алкогольді шектен тыс қабылдағаннан кейінгі бір апта аралығында. Жалпы қарауда: гепатомегалия, тері мен шелдің сарғаюы. Патологияның себебін растауға тиімді әдісті таңдаңыз:

А) бауыр биопсиясы

В) биохимиялық қан анализі

С) вирусты инфекцияның серологиялық маркерін анықтау

D) бауырды УДЗ

Е) радионуклидті сканирлеу

!

45 жастағы ер адамда төс артындағы қыжылдау, әсіресе еңкейгенде және тамақтан кейін горизонтальды жатқанда күшейеді, ішілген тағаммен кекіру байқалады. Осы науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады:

A) гастроэзофагиальды рефлюкс ауруы

B) өңеш қатерлі ісігі

C) күштемелік стенокардия

D) асқазанның кардиальды бөлігінің қатерлі ісігі

E) асқазан ойық жара ауруы

!

Асқазан ойық жара ауруымен ауратын 35 жастағы науқаста кенеттен әлсіздік, басының айналуы, жүректің қағуы, гипотензия анықталды. Жалпы қан анализінде гемоглобин 75 г/л, лейкоциттер 14х109/л. Асқыну түрін таңдаңыз:

A) қан кету

B) перфорация

C) пенетрация

D) асқазан қалтқысының тарылуы

E) ойық жараның малигнизациясы

!

Вирусты этиологиялы бауыр циррозының қалыпты ағымымен 40 жастағы әйел адамда жағдайы нашарлап, есте сақтау қабілеті төмендеп, тырысу ұстамалары пайда болып, сарғаюы күшейді. Қан сарысуында аммиак мөлшері жоғарылаған. Асқыну түрін таңдаңыз:

A) бауырлық энцефалопатия

B) механикалық сарғаю

C) кеңейген өңеш веналарынан қан кету

D) гипогликемиялық жағдай

E) уремилық кома

!

Helicobacter pylory –ды жұқтырумен шақырылған жара ауруының емінде қандай препаратар жақсы әсер етеді:

А) Де-нол

В) Фамотидин

С) Ранитидин

D) Метацин

Е) Гастофарм

!

32 жасар науқас жедел «қанжар сұққан» тәрізді эпигастри аймағының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен:сонғы 3 жылда 12 елі ішек ойық- жара ауруымен аурады, және де ол жиі рецидив береді. Н2 гистамин блокаторлары терапиясына реакция оң мәнді. Қан құю жасалған. Ранитидинмен төрт апта терапия жүргізгенде жара тыртықталған. Ары қарай емдеу тактикасы:

A) кларитромицин+амоксициллин+омепрозол

B) тетрациклин+метронидазол+омепрозол
C) кларитромицин+метронидазол+квамател
D) амоксициллин+де-нол+омепрозол
E) амоксициллин+метронидазол+квамател

!

36 жасар науқаста созылмалы вирусты гепатит С, 1в генотипті, вирусты жүктеме деңгейі – 107 көшірме\мл, бауыр эластографиясы – 15 кПа (F4). ИЛ-28В бойынша науқас генотипі – СТ. Науқаста 2 типті қант диабеті. Оған пег-интерферон және рибавиринмен терапия көрсетілген. Төмендегі препараттың біреуін емге қосқанда терапия тиімділігі жоғарылауы мүмкін:

A) боцепревир

B) телбивудин

C) энтекавир

D) ламивудин

E) адефовир

!

43 жасар ер адам созылмалы орташа белсенділікті вирусты гепатит С бойынша стандартты вирусқа қарсы терапия қабылдайды. Фиброз деңгейі- F1. Емге дейін HCV РНК генотип 1в, 6.9х106 МЕ/мл. Емнің 12 аптасында - HCV РНК 6.8х105 МЕ/мл. Вирусқа қарсы терапияға (ВҚТ) қатысты дұрыс тактиканы таңдаңыз:

a) ем тоқтатылуы мүмкін

b) 36 аптаға дейін емді жалғастыру

c) 48 аптаға дейін емді жалғастыру

d) 72 аптаға дейін емді жалғастыру

e) 24 аптаға дейін емді жалғастыру

!

24 жасар әйел адам 5 жыл бойы аяқтарында кезеңді түрде пайда болатын бөртпеге, бет пен бел аймағында ісіну, ірі буындардағы ауыру сезіміне, айқын әлсіздікке, 3 ай бойы 38-39 °С дейін дене қызуының жоғарылауына, 3 айда 12 кг арықтауына шағымданады. РФ – шұғыл оң. Криоглобулиндер анықталды (қалыптыдан 5 есе жоғары). Anti-HCV – оң, HCV RNA 106 МЕ/мл. Протеинурия 1,5 г/тәул. Креатинин – 324 мкмоль/мл. Дұрыс емдеу тактикасын қойыңыз:

A) ритуксимаб (мабтера) курсы

B) инфликсимаб (ремикейд) курсы

C) преднизолон және циклофосфанмен ұзақ терапия

D) пег-интерферон және рибавирин, 48 аптадан кем емес

E) қысқа әсерлі альфа-интерферона 2 жыл бойы

!

Науқас 24 жаста вирусты гепатит В, жүктілік 32 апта. Биохимия: АЛТ – 0,64 ммоль/л. АСТ – 0,47 ммоль/л. Билирубин – 22,25 мкмоль/л. HBsAg – оң, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң., antiHBc IgG – оң, HBeAg – теріс, anti HBe – оң. ПЦР HBV ДНК – 106 копия/мл. Жүктілікті және босануды жүргізу тактикасы:

A) табиғи босану, телбивудин босануға дейін

B) табиғи босану, телбивудин босанудан кейін

C) босану (щипцы), ламивудин босану кезінде

D) босану кесар тілігі арқылы, интерферон босанудан кейін

E) босану кесар тілігі арқылы, адефовир босанудан кейін

!

Науқас 45 жаста, шағымдары әлсіздік, артралгиялар, бөртпелер (пальпацияланатын пурпуралар), мұрыннан қан кету. Объективті: гепатоспленомегалия, асцит (УДЗда көрінеді), өңеш веналарының варикозды кеңейуінің 2 дәрежесі. АЛТ – 16 МЕ\мл, АСТ – 14 МЕ\мл, Билирубин – 24 мкмоль/л, ПТИ – 67%, альбумин – 29 г/л. ЖҚА: Л- 3,2 х109/л, т\я – 2%, с\я – 46%, Лф-50%, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Эластография – F4 (13 кПА). ИФА – HbsAg теріс, anti-HCV айқын оң, ПЦР HСV – 104 копий/мл, генотип 3. РФ – 540 МЕ/мл. Науқасқа пегилирленген интерферонмен және рибавиринмен стандарты вирусқа қарсы терапия көрсетілген бе:

a) иа, негізгі мақсат фиброз деңгейін төмендету

b) жоқ, науқаста субкомпенсирленген бауыр циррозы

c) жоқ, науқаста аутоиммунды патология

d) жоқ, науқаста трансаминазалар жоғарыламаған

e) жоқ, науқаста вируспен күштеме төмен

!

Вирусты гепатита В+С-мен ауырған бауыр циррозы бар 16 жастағы науқаста бауыры 5 см, көкбауыры – 6 см ұлғайған, асцит, өңеш веналарының варикозды кеңейуінің 2 дәрежесі, АЛТ – 22 МЕ/мл, билирубин – 134 мкмоль/л, альбумин – 27 г/л, ПТИ – 55%. Варикозды кеңейген өңеш веналарынан 3 рет қан кеткен. Алдағы 5 жылға науқас өмірін 80% жоғарылату үшін тиімді емдеу тактикасын таңдаңыз:

A) бауыр трансплантациясы

B) порто-кавальды шунт салу

C) нуклеозид аналогтарын өмір бойына тағайындау

D) гепатопротекторлармен унемі курс жүргізу

E) пегилирленген интерферонмен ем жүргізу

!

Әйел адам 38 жаста вирусты гепатит В+Д соңында дамыған бауыр циррозы, порталды гипертензия, геморрой. 2 апта бұрын қан аралас құсу болғаннан кейін хирургтар баллонды тампонада жасаған. Латентті бауыр энцефалопатиясы. ФЭГДС кезінде айқындалған көрініс: өңеш веналарының төменгі үштен бір бөлігінің және асқазан түбінің варикозды кеңеюі, асқазанның түбі мен денесінде қызыл, мазайка тәрізді, біріккен қызыл дақтар. Варикозды кеңейген веналардан қан ағудың профилактикасы ретінде тиімді емдік тактика таңдаған жөн, егер науқас бауырын ауыстыруға кезекте тұрса:

A) қан кету қаупі жоғары, порто-кавальді шунттау

B) қан кету қаупі жоғары, пероральді бета-блокаторлар

C) қан кету қаупі жоғары, протон помпаларының ингибиторы

D) қан кету қаупі жоғары, анаприлин және изосорбит мононитрат

E) қан кету қаупі төмен, өңеш веналарын лигилирлеу

!

Әйел 28 жаста жүктілігінің 3 триместрінде оң қабырға астында ауру сезімі пайда болды. УЗИ- де өт диаметрі 5-6 мм қапшығында 2 конкремента анықталды. Тиімді емдік тактиканы таңдаңыз:

A) урсодезоксихоль қышқылын 6 айдан 18 айға дейін

B) лапароскопиялық холецистэктомия

C) силимарин адеметионинмен қосып

D) босанудан кейінгі эндоскопиялық холецистэктомия

E) жедел күттірмейтін эндоскопиялық холецистэктомия

!

38 жастағы әйел адам, төс артындағы, тамақтың «тіреліп қалуы» сезіміне, ауамен немесе таң ертеңгісін кеше жеген тамақпен кекіруге шағымданады. Сұйық тамаққа қарағанда қатты тамақты, бөлме температурасындағы тамаққа қарағанда –ыстық тамақты жұтудың қиындығын айтады. Айтылған симптомдардың барлығы невтік қозу және тез тамақтанғаннан кейін күшейеді. ЭФГС да – өңеш қуысының кеңеюі, өңеш қабырғасы қозғалысының болмауы анықталады. Қажетті препаратты таңдаңыз:

A) нифедипинді

B) церукалды

C) маалоксты

D) креонды

E) бисопрололды

!

26 жасар әйел адам, ДМИ – 32. Тексерілуде анықталды: anti-HCV – ш/оң. ПТР HСV РНК – 3,4х107 көшірме/мл., вирус генотипі 1в, бауыр эластографиясы – 19кПа (F4). ИЛ28в бойынша генотиптеу қолайсыз генотипті – ТТ анықтады. Пегилирленген интерферон және рибавиринмен стандартты терапияға тұрақты вирусологиялық жауап алудың мүмкіндігін көрсетіңіз:

A) 80% жоғары

B) 70-80%

C) 60-70%

D) 50-60%

E) 50% төмен

!

36 жасар әйел адамда тексерілуде анықталды: ПТР HBV ДНК 2100 көшірме/мл, HСV РНК 850 көшірме/мл, генотип 2. Бауыр эластографиясы – F0. Ревматоидты фактор – 240 МЕ/мл, АЦЦП – теріс. Кезеңді түрде пайда болатын қышитын көпіршікті бөртпелер, әлсіздік, білек және шынтақ буындарындағы ауыру сезімі мазалайды. Алақан рентгенограммасы: білек буындарының буынмаңы остеопорозы. ЖЗА: менш салмағы 1020, белок – 0,89 г/л, Эр – 4-5 к/а, Л- 2-3 к/а, эп. -1-2 к/а. Осы жағдайдағы емдеу тактикасын таңдаңыз:

A) пег-интерферон рибавиринмен

B) метотрексат преднизолонмен

C) циклоспорин преднизолонмен

D) телбивудин ұзақ

E) қысқа әсерлі альфа-интерферон

!

34 жасар ер адам 5 жылдан бері аяғында, белінде кезеңді түрде пайда болатын қышу сезімінсіз бөртпеге, ірі буындарындағы ауыру сезіміне, әлсіздік, күндізгі ұйқышылдық пен түнгі сергектікке, 3 айда 5 кг арықтауына, себепсіз дене қызуының жоғарылауына шағымданады. РФ – шұғыл оң. Anti-HCV – оң, HCV RNA – анықталды. Дұрыс емдеу тактикасын таңдаңыз:

Пег-интерферон

Наши рекомендации