Интерндерге дайындыҚҚа

1. 60 жастағы науқас ЖТД-ге шап жарығынан кейін туындаған іштегі ауырғандыққа шағымданып келді. Ауру анамнезі: науқас 1 сағаттан бері тіке шап жарығынан зардап шегеді. Жергілікті: оң жақ мықын аймағында 1,5х2 см кеңейген шап сақинасы анықталады, терісі өзгермеген. Пальпация кезінде жөтел симптомы оң мәнді. Емхана жағдайындағы дәрігердің іс-әрекеті?

A. Науқасты урологқа жолдау

B. Науқасты жедел түрде хирургия бөлімшесіне жолдау

C. Үйіне қайтару

D. Емхана жағдайында бақылау

E. Ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек жасау

2. 32 жастағы В есімді науқас ЖТД-ге сол жақ шап, ұма аймағында түзілістің болуына, түзіліс аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Жоғарыда аталған шағымдар ЖРВИ және жөтелден соң пайда болған. Жергілікті: пальпацияла сол жақ шап аймағының ұмаға өтер аумағында түзіліс байқалады, ұманың сол жақ бөлігі ұлғайған, перкуссияда тимпанитті дыбыс. Сол жақ шап терісі өзгермеген, пальпацияда аздап ауырсынады. Қандай аурумен ажырату диагнозын жүргізу қажет?

A. Cancer Testis (аталық бездің қатерлі ісігі)

B. Гидроцеле су шемені

C. Түзелмейтін жарық

D. Орхоэпидидимит

E. Крипторхизм

3. Науқас ЖТД-ге жұтынудың қиындауына, жоғары температураға, ұйқысының бұзылысына шағымданып келді. Бала күнінен созылмалы тонзилитпен ауырады. Ауруының асқынуын тоңазытқыштан салқын су ішуімен байланыстырады. Объективті: араны гиперемирленген. Бадамша бездері болбыр, гиперемирленген. Бадамша бездің сол жағында жұмсақ тіндердің ісінуі, қызаруы, флюктуация белгілері анықталады. Емханада лор дәрігері жоқ екен. ЖТД хирургтан науқасқа көмектесуін сұрайды. Дәрігерлер қандай диагноз қойған?

A. Жедел флегмонозды баспа

B. Жедел фолукулярлы баспа

C. Аранның дифтериясы

D. Созылмалы тонзилиттің өршуі

E. Паратонзилярлы абсцесс

4. 85 жастағы В.,есімді науқас ЖТД-і үйіне сол жақ құағының естуінің нашарлауы, дене температурасының жоғарылауы бойынша шақырды. Қарау кезінде сыртқы есту жолында іріңді бөлініс бар. Пальпацияда ауырсынады. Сіздің диагнозыңыз және іс әрекетіңіз? (2)

A. миндалинаның қабынуы

B. ортаңғы құлақтың қабынуы

C. мастоидит

D. кілегйлі глотканың қабынуы

E. отосклероз

F. лор дәрігеріне жолдау

G. лор бөлімшесіне жолдау

Н. Күндізгі стационарда ем жүргізу

5. 48 жастағы ер адам дефекация актісі кезінде үлкен жыныс аймағынан қанды бөліністің болуына шағымданады. Іш қату бар. Тамақтануы дұрыс емес, ішімдік қолданады. 10 жылдан бері ауырады, дәрігерге қаралмаған, өз бетінше емделген. Шынтақ тізе қалпында қарағанда науқаста 11,3,7 геморроидальды қуыстар көрінеді. Сіздің диагнозыңыз және іс әрекетіңіз? (2)

A. сосудисти хиругқа жолдау

B. науқасты емхана жағдайында емдеу

C. проктологқа жолдау

D. хирургқа жолдау

E. гастроэнтерологта емделу

F. сыртқы геморрой

G. пиявка салу

Н. Диета сақтау

6. 47 жастағы науқас іштің төменгі бөлігініңауырсынуына, әлсіздікке, шөлдеуге, дене температурасының 38С жоғарылауына шағымданады. Ауырғанына 1 күн болған. Ауырсыну әуелі кіндік айналасында содан соң іштің оң жағына тараған. Сіздің диагнозыңыз? Қандай симптомдарды тексеру керек? (2)

A. жедел аппендецит

B. жедел цистит

C. мезентериальды тамырлардың тромбозы

D. Краузе, Курвуазье, Ортнер симптомдарын

E. Ровзинг, Ситковский және Бартомье- Михельсон симптомдарын

F. Обуховский аурухана симптомын, Ситковский және Образцов

G. Ровзинг, Скляр және Кохер симптомдарын

Н. Бартомье- Михельсона, Кохер және Пастер симптомдарын

7. 32 жастағы науқас ішінің оң жақ бөлігінің ауырсынуына, дене температурасына, ұйқысының бұзылысына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Пальпацияда іші ауырсынбайды,тілі ылғалды. Сыртқы жыныс мүшесін қарау барысында testis ұлғайған, гиперемирленген, пальпацияда ауырсынады. Сіздің диагнозыңыз және қай маманнан бірінші емін ұсынасыз? (2)

A. күндізгі стационарға жолдама беру

B. урологта орхоэпидидимитпен

C. ношение суспензории

D. жергілікті салқын басу

E. суспензиямен жергілікті ем жасау

F. хирургте

G. шап жарығымен хирургте

Н. Простатитпен урологта

8. 46 жастағы науқас 200 метрге жүрген сәттен аяғының сықырлауына, ауруына шағымданады. Оттегі ваннасын жасағанда ауырсыну азайған. ЖТДде артериальды гипертензия диагнозы бойынша Д есепте тұрады, емін уақытылы қабылдайды. Объективті: табаны мұздай, Аяқ саусағында трофикалық өзгеріс анықталады. Қандай тамырда атеросклеротикалық бляшка жиналады және қандай тамырдан пульсация білінеді? (3)

A. ұсақ артериялардан

B. венозды тамырдан

C. венозды және артериоладан

D. тізе асты артериясынан, табанның сыртқы және беткей бетінен

E. ішкі артериядан

F. сан артериясынан

G. барлық жерде

Н. Еш жерде

9. ЖТД-ге сол жақ көзінің ауырсыну шағымымен дәрігер келді. Жарақатты дене шынықтыру сабағында доппен ойнап жүрген сәтінде алған, жарыққа қарай алмау, жас ағу пайда болған. Объективті: көз склерасына қан құйылған, көз алмасы айналасында ісіну бар.Ауырсынудың әсерінен пальпация жасау мүмкін емес. Көздің жарақаттануында ЖТД қандай көмек көрсетуі керек? (3)

A. бөгде денені алып тастау

B. дикаин ерітіндісін тамызу

C. катарактаны алу

D. көздің қысымын қалпына келтіру

E. қастың жоғарғы бөлігінің абсцесін ашу

F. тартып тұратын байлам салу

G. асептикалық байлам салу

Н. Моллюскаларды алу

10. ЖТД-ге ер адам ішінің ауырсынуына шағымданып келді. Ауырсыну 2 сағат бұрын әуелі эпигастриде кейін оң жақ қабырға аймағында пайда болған. Оң жақ қабырғаны оң жақ алақан қырымен қаққанда ауырғандық күшейеді. Терең дем алғанда ауырғандық оң жақ қабырға астында күшей түеді. Жедел холециститке қандай симптомдар тән? (3)

A. Кохер

B. Ситковский- Ровзинг

C. Греков симптомы

D. Артолье- Михелсон

E. Георгиевский- Мюссо

F. Курвуазе симптомы

G. Ортнер симптомы

Н. Валл симптомы

11. Науқасты қарау барысында сіз жүрегін тыңдағанда оң жақтан естілетініне көзіңіз жетті. Іші қалыпты пішінде, пальпацияда перитониттің белгісі анықталмайды. Оқ жақтан Мак Бурнея нүктесінде ауырғандық белгісі жоқ. Терең дем алғанда сол жақ мықын аймағының ауырсынуымен керілуі анықталады. Іш қуысында құрт тәрізді өсіндінің орналасу орынын анықтаңыз?(3)

A. бауырішілік

B. Сол жақ мықын аймағында

C. Құлақ артында орналасу

D. медиальды орналасу

E. кіші жамбаста

F. диафрагма үстінде

G. шарбымай қалтасында

Н. Диафрагма асында

12. 50 жастағы әйел адам 3 күн бұрын холецистоэктомия операциясын басынан өткергенін. Кенеттен операциядан кейінгі кезеңде ентікпе, кеуде артының ауырсынуы, « тот басқан» түсті қақырықты жөтелдің пайда болғанын айтады. АҚҚ – 110/70 мм.сбб., пульс- 90 мин., ТЖ-30 рет мин.,субфебрилитет. ЭКГ- синусты ритм, баяу тахикардия, ЭОС қалыпты жағдайда. Қан анализінде лейкоцитоз солға ығысқан. Мүмкін болатын себебі қандай?

A. Өкпе артериясы тармағының эмболиясы

B. Холангит

C. Бауыр астылық абсцесс

D. Аспирациялы пневмония

E. Панкреатит

13. Сенбілік кезекшілікте 25 жас шамасындағы науқасты туыстары жаяу жүргіншілер жүретін жолмен өтіп бара жатқанда оң жақ балтыр буыны аймағынан жарақат алған жерінен емханаға жеткізген. Жарақат алған балтыр буыны аймағы ауырсынады, қансыраған. Кезекші ЖТД-рі науқасты жедел жәрдем арқылы кезекші ауруханаға жібермес бұрын алғашқы дәрігерлік көмек көрсету керек еді. Жалпы тәжірибелік дәрігері өзінің іс-әрекетін неден бастау керек?

A. Тасымалдау шинасын салудан

B. Ауырсынуды басу

C. Асептикалық байлап салу

D. Қанды тоқтату

E. Шина қою және таңу

14.Травмпунктке 25 жасар жігітті жедел жәрдем машинасымен жаттығу жасап жүрген сәтінде сол жақ иық буыны аймағында ауырсыну шағымы бойынша жеткізді. Анамнезінде үйреншікті сол жақ иық буыны аймағының шығуы. Объективті: сол жақ қолы, иық буыны ауырсынады. Рентгенограммада сол жақ иық сүйегінің шығуы,сол жақ иық буыны верифицирленген. Иық буынының шығуын салудың казиіргі заманғы әдісін атаңыз?

A. Кохер әдісі

B. Гиппократ әдісі

C. Джанелидзе әдісі

D. Милча әдісі

E. Стимсона әдісі

15. Травмпунктке 42 жастағы науқас оң жақ иық буынының ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінде науқас жарақатты үйінде погребтен шыға берген сәтінде аяғы тайып құлап алған. Жедел жәрдем шақырған, ауырсынуды кетанал арқылы басқан. Бұрын жарақат алмаған. Объективті: оң жақ иық буынында жергілікті ауырсыну сезіледі. Рентгенограммада верифицирленген диагноз, оң жақ иық сүйегінің көлденең диафизді сынығы.Травматологиялық бөлімшеге жібермес бұрын тасымалдау иммобилизациясын қандай аймаққа салған дұрыс?

A. Сау жақтын алақан саусақ аралығына

B. Иық буыны

C. Ауру жақтың

D. Ауру жақ иық

E. Иық буыны буыны

16.Науқас 30 жаста тұрғылықты жері бойынша дәрігерге үлкен дәретке шығудың ауырсынуына шағымданып келді. Аталған шағыммен 3 жылдан бері зардап шегеді. Аурудың өршу белгілері 2 күннен бері дефикация актісінен кейін анустан қанды бөліністің болуымен байқалады. Дәрігер науқасты қарау кезінде анус аймағында ұсақ нүктелі бөртпелердің пайда болғанын байқаған. Анустан серозды бөлініс бөлінеді. Ректоскопияда кілегей қабаты гиперемияланған. Пальпацияда флюктуация белгілері жоқ. ЖТД ем тағайындады: қан тоқтататын препараттар, жергілікті свеча және салауатты өмір салтын сақтауын ұсынды. Науқасқа қандай қан анализін жасаған дұрыс?

A. Хирургтың емдеуіне жолдау

B. Колопроктологтың емдеуіне жолдау

C. Гастроэнтерологтың емдеуіне жолдау

D. РВ қан анализіне жолдау

E. Өзбетінше емдеу

17. М. есімді 77 жастағы науқасты ауруханаға аз ғана интоксикация белгілерімен, тері жамылғысының айқын бозаруымен жедел жәрдеммен жеткізілді. Оң жақ аталық без аймағында ауырсыну, гиперемия және жергілікті температура байқалады. Сол жақ аталық безбен салыстырғанда оң жақта ісіну, терісінің қатпарлануы байқалады. Диагноз қойыңыз және сіздің іс-әрекетіңіз?

A. Инфильтрат, майлы байлам салу

B. Инфильтрат, жергілікті антибиотиктерді еңгізу

C. Инфильтрат, физиоем

D. Инъекциядан кейін абцесс, ашу

E. Инфильтрат- антибиотикотерапия

18. 19 жастағы М. есімді науқас дәрігерге ішінің ауырсынуына, жүрек айнуына, бір рет құсуына және жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Пальпацияда мезогастральды аймақта ауырсынады, Щеткин-Блюмберга, Ситковский-Ровзинга, Краузе симптомдары-оң мәнді. Науқас гинекологтың қабылдауында болған: жүтілігінің 12-13 аптасы екенін анықтаған. Тік ішек арқылы тексергенде оң жақ іш қуысында ауырсынады. Қан анализінде: эритроциттің, гемоглобиннің мөлшері қалыпты, лейкоцитоздың мөлшері 11-ге дейін. Науқаста қандай диагноз?

A. Жүктілердегі аппендицит

B. Гестоз белгілері

C. Оң жақ шап жарығы

D. Жатырдың айналмалы байламының қабынуы

E. Жедел ішек өткізбеушілігі

19. 49 жастағы науқас ЖТД-не иекаймағының ауырсынуына шағымданып келді. Науқасты тіркеу бөліміндегілер қант диабеті диагнозы бойынша эндокринологқа жолдады. Эндокринолог науқасты хирургтың қарауын өтінді. Науқас анамнезінен белгілі болғандай бір жылдан бері фурункулезбен зардап шегеді. Науқасты қарау барысында денесінің барлық бөлігінде фурункулден қалған тыртықтың іздері байқалады. Бет аймағы гиперемияланған, ісінген. Ісіктің әсерінен беттің ассиметриялығы байқалады. Хирург диагноз қойды: беттегі фурункул, флебитпен асқынған. Аталған диагнозды қандай аурумен ажырату диагнозын жүргізу керек?

A. Беттің тілме қабынуы

B. Карбункул

C. Беттің абцессі

D. Бет терісінің актиномикозы

E. Сібір жарасы

20. 58 жастағы науқас дәрігерге оң жақ башпайының ауырсынуына шағымданып келді. Хирургта облитерилеуші атеросклероз диагнозы бойынша «Д» есепте тұрады. Объективті: оң жақ башпайы ісінген, ауырсынады. Анамнезінде белгілі болғандай тырнақ алып отырған сәтте жарақаттап алған. Ренген суретінде асқынусыз. Облитерияциялық атеросклероз диагнозында тырнақты міндетті түрде алып тастау керек па ?

А. Тырнақты шетінен алып тастау

В. Тырнақ пластинкасын алып тастау

С. Қосарланған ем

Д. Консервативті ем

Е. Тырнақ пластинкасын шетінен алып тастау

21. 23 жасар әйел ЖТД-не босанғаннан кейін оң жақ сүт безінің ауырсынуына шағымданып келді.Ауру емізікшенің жарылуынан басталды. Соңғы кездері бала емізу және емшекті сауу кезінде сүт безінің ауырсынуы, дене демпературасының жоғарылауы мазалауда. Объективті: сол жақ сүт безіне қарағанда оң жақ сүт безі үлкенірек, гиперемияланған, төменгі бөлігінде инфильтрат анықталады. Іріңді мастит диагнозы қойылды, іріңдікті ашты. Қандай аурумен ажырату диагнозын жүргіземіз?

A. Инфильтрация түріндегі маститпен

B. Фиброзды кистозды мастопатиямен

C. Мастит тәрізді қатерлі ісік

D. Іркілген мастит

E. Ретромаммарлы маститпен

22. 65 жастағы науқас зәрінің 6-7 сағатқа кідірісіне байланысты дәрігер қабылдауына келді. Анамнезінде белгілі болғандай бір ай бұрын аталық бездің аденомасы диагнозы бойынша урологтың қабылдауында болған. Диспансерлі есепке алынып, оперативті ем тағайындаған. Бірақ, науқас халық емін пайдаланған. Іш аймағында ауырсыну байқалады, ауырсыну жыныс мүшелеріне қарай беріле бастаған. Кіндік аймағында перпуссияда қуық түбі анықталады. Перитонит белгілері жоқ.Тік ішек арқылы тексергенде оң және сол аталық бездерінің ұлғайғаны анықталған. Катетер арқылы зәр шығуы қиындық тудыруда. Сіздің іс- әрекетіңіз?

A. Урология бөлімшесіне жолдау

B. Күндізгі стационарға жолдау

C. Пункция жасау

D. Физиоем тағайындау

E. Металл катетер еңгізу

23. Науқасқа ішек өткізбеушілігін анықтау мақсатында науқасқа барий сұйықтығын ішкізген. Жалпы шолу рентгенограммасында ішектің бариймен толғаны байқалады. Осы әдіс арқылы ішектің қай бөлігінің өткізбеушілігін анықтайды?

A. жіңішке ішектің өткізбеушілігінде

B. тоқ ішектің өткізбеушілігінде

C. ішек инвагинациясында

D. обтурациялы ішек өткізбеушілігінде

E. странгуляциялы ішек өткізбеушілігінде

24. Арнайы емес спонтанды пневмоторакстің емдеу әдісі болып табылады:

A. плевральды пункция

B. бақылауда болу

C. плевральды қуысқа дренаж қою

D. торакоскопия плевральды қуысты дренаждаумен

E. торакотомия

25. ЖТД-ге іш аймағының ауырсыну шағымымен науқас келді. 2 сағат бұрын әуелі эпигастрий аймағының ауырсынуы, сәлден соң ауырсыну іштің оң жақ шетіне қарай берілгенін баяндайды. Оң алақанмен қабырға доғасын оң және сол жақ аймақтан симметриялы түрде қағу сәтінде күдікті жайттар сезіледі. Жедел аппендицитке қандай симптом тән болып табылмайды?

A. Кохер

B. Ситковский-Ровзинга

C. Грекова симптомы

D. Бартомье-Михельсон

E. Образцов

26. 48 жастағы әйел кісі емхананың күндізгі стационар дәрігеріне эпигастрий аймағының интенсивті түйіліп ауырсынуына және ауырсыну арқаға берілетіне шағымданады. Әуелі жүрек айну сосын жеңілдік әкелмейтін запыран құсқанын айтады. Ауырсыну майлы тамақ және ішімдік қолданғаннан кейін пайда болғанын айтады. 3 жыл бұрын аппендицитке байланысты операция болған. Объективті: тері көзге көрінетін кілегей қабаты бозғылт түсті.Пульс 90 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм.сбб.,іші керілген, эпигастриде және оң жақ қабырға аймағында ауырсынады. Кера, Мейо-Робсон және Воскресенский симптомдары оң мәнді. Қан анализінде: лейкоцит 12*10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ., Вольгемута бойынша зәр диастазасы 530ед., қандағы қант 6,5 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз? Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ішіндегі ең негізгісін атаңыз? (2)

A. спирт- новокаинмен блокада жасау

B. жедел холецистит

C. хирургиялық ем

D. лапароскопия

E. ингибиторлармен емдеу

F. жедел панкреатит

G. склероьерапия

H. пиявкамен емдеу.

27. Егде жастағы қарт кісі жалпы тәжірибелік дәрігерін көзінің нашар көруі шағымына байланысты үйіне шақыртты. Науқас инсульттан кейінгі гемипарезбен төсек режимінде жатыр. Дәрігер тексеріп қарағанда ол жасына сай қалыпты болған. Невропатологтың тағайындаған емін қабылдайды. Жалпы тәжірибелік дәрігер қарашық пен склераны 5 нүктеде тексеріп қарады. Сезімталдық он екі сағатқа әлсіреген. Қандай нервтің бұзылысы жөнінде айтылып тұр?

A. Бет нервісінің иннервациясының бұзылысы

B. Үштік нервтің бұзылысы

C. Көз нервісінің иннервациясының бұзылысы

D. Өзгеріс жоқ

E. Есту нервісінің иннервациясының бұзылысы

28. 75 жастағы науқас дәрігерге ауыр жүк көтергеннен кейін оң жақ шап аймағында ісінудің пайда болуына, зәрдің жиі және ауырсынып шығуына шағымданып келді. Іші жұмсақ, жел шығуы ауырсынусыз, нәжісі бар. Науқасты қарау барысында оң жақ шап аймағында ісіну байқалады, тері түсі өзгермеген. Дәрігер науқаста жатқан қалпында ұманың төменгі сызығы арқылы шап жарығының сыртқы шығу қақпасын тексерген. Науқасты вертикальды қалпында тұрғызып пальпациялағанда жөтел симптомы- оң мәнді. Тік ішекті қарау кезінде және қуық асты безін УДЗ арқылы тексергенде өзгеріс анықталмады. Қан және зәр анализдері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз?

A. Шап лимфадениті

B. Липосаркома

C. Орнына келмейтін шап жарығы

D. Шап жарығының қысылуы

E. Чумалық бубон

29. 87 жастағы науқас дефекация актісі кезінде тік ішек аймағында ауырсыну сезімінің болуына байланысты өз еркімен колоноскопия өткісі келді. Қызы дәрігер болып табылатындықтан үйінде ішінің қатуына байланысты емдеген. Колоноскопия жүргізу барысында науқастың іші ауырып, есінен танып қалған. Шоктан шығу шаралары нәтижесінде науқасқа оперативті ем жүргізілген. Қазіргі таңда науқас 97 жаста, жағдайы жақсы. Аталған науқасты хирургтар қандай ауру бойынша операцияға алды?

A. Колоноскоппен зақымдалу

B. Ішек жарасының перфорациясы

C. Ішек полипінің үзілуі

D. Девертикул аймағында жарылуы

E. Майлы тіндердің жарылуы

30. 38 жастағы М.есімді науқас тұрғылықты жері бойынша емханалық жалпы тәжірибелік дәрігерге эпигастрий аймағында пышақ сұққан тәрізді ауырсынуға, жүрек айнуға, салқын тер басуына шағымданып келді. Ауруы жедел басталған. Бұрын 12-елі ішек жарасының перфорациясы бойынша операция жасалынған. 3 реттік құсу, нәжіс және жел шығарудың кідірісі байқалған. Объективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, асқа тәбеті төмендеген. Іші тақтай тәрізді, пальпацияда Щеткин-Блюмберг, Мендель «көйлек» симптомдары- оң мәнді. Емхана жағдайында неғұрлым оңтайлы әдіс:

A. Компьютерлі томография

B. Іш қуысының рентгенограммасы

C. Эндоскопиялық зерттеу

D. Іш қуысының УДЗ

E. Фистулография

31. Емханаға окулиске қаралуға науқас келген, бірақ маман болмаған. Сол себепті науқасты медициналық тіркеуші жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауына алып келді. Науқастың айтуы бойынша оң көзінен жарақат алған. Гиперемия, ісіну және жас ағу пайда болған. Саусақ арқылы қарағанда көздің көруі бұзылмаған. Болжам диагноз қойылды: жарақаттан кейінгі асқынбаған кератит. Асқынбаған кератиттің емдеу әдісі?

A. Консервативті

B. Хирургиялық

C. Физиотерапиялық

D. Санаторлы-курортты

E. Сәулелі терапия

32. 49 жастағы Ф., есімді науқас ЖТД-ге балтыр бұлшықетіндегі ауырғандыққа, тез шаршауға және варикозды кеңейген веналардың барына шағымданып келді. Науқас өзін ішімдік және темекі қолданған сәттен бастап аурумын деп есептейді. Ол ауруын физикалық жүктемемен байланыстырады. Қарау барысында сирақ аумағында ауырғандық анықталады. Теріасты веналары ирелеңдеген, төменгі үштен бірінің үстіндегі жұмсақ тері пигменттелген, инфильтрация жоқ. Науқастың айтуы бойынша кезеңді түрде тері асты венасындағы гиперемия екінші аяққа беріледі. Троянов-Тренделенбург, Дельбе-Пертес, Шейнистің үштік байламды сынамалары терең веналардың өткізбеушілігін көрсетеді. Тамырдың қандай патологиясы туралы ойлауға болады? (2)

A. теріастылық үлкен веналардың варикозы

B. хирургиялық ем

C. коммуникантты веналардың өзгерісі

D. жоғарғы веналардың өткізгіштігінің бұзылысы

E. төменгі веналардың өткізгіштігінің бұзылысы

F. зәр шығару жолдарының тасы

G. терең веналардың өткізгіштігінің бұзылысы

Н. Терең және жоғарғы веналардың өткізгіштігінің бұзылысы

33. ЖТД-ге науқас сол жақ құлақ қалқанының сыртқы бетінің қышуына шағымданып келді. Халық емін қолданғаннан жағдайы нашарлағанын айтады. Анамнезінде аллергиялық дерматит бар. Пальпацияда ауырсыну жоқ . Тері түсі ақ дермографизим . Естудің бұзылысы байқалмайды. Құлақ қалқанының қышу себебі не, сіздің ісәрекетіңіз? (2)

A. отогематома

B. отомикоз

C. тубоотит

D. дезраствормен жуу

E. сыртқы есту жолының жарақаты

F. сол жақты отраша отит

G. есту жолының дерматиті

Н Десенсибилизациялаушылар тағайындау

34. Оториноларингологқа мұрын арқылы дем алудың қиындуы шағымы бойынша науқас келді. Анамнезінен белгілі болғандай екі күн бұрын мұрынынан жарақат алған. Дене температурасы 36,6С. Риноскопияда мұрын қуысында бұлт тәрізді жұмсақ консистенциялы ісік тәрізді түзілістің бар екені анықталды. Дәрігер түзілісті пункция арқылы алды. Дәрігер қандай диагноз қойды? Ісік тәрізді түзіліс ненің әсерінен пайда болған? (2)

A. мұрын сүйегі жарақатынан

B. мұрын қуысының абсцесі

C. атрофиялық ринит

D. мұрынның ісігі

E. мұрын полипі

F. мұрыннан қан кету

G. гематома

Н. Мұрын қуысының аденоиды

35. Травмпунктке 25 жастағы оң жақ білек сүйегінің ауырсыну шағымы бойынша науқас келіп түсті. Науқас жарақатты осыдан 20 минут бұрын подъезден шыға берген сәтінде алған. Жедел жәрдем шақырған, ондағы дәрігер кетанал салып кеткен. Бұрын жарақат алмаған.Объективті: сол жақ тоқпан жілік аймағында жергілікті ауырсыну, деформация, крепитация және буынында қозғалыстың шектелуі байқалады. Білек сүйегі зақымдалған сәтте тасымалдау иммобилизациясын қандай аймаққа салады?

A. Сау жақтың саусақ- жауырын жағы

B. Саусақтар- иықтың ортаңғы үштен бірі

C. Саусақ- жауырын зақымдалған жақтың

D. Білезік буыны- иық буыны

E. Саусақ- білезік буыны

36. Травмпунктке 75 жас шамасындағы науқас тобық буынының ауырсыну шағымы бойынша келді. Анамнезінде науқас жарақатты 40 минут бұрын ас үйде жүрген сәтінде орындықтың шет жағынан құлаған. Жедел жәрдем шақырған, ауырсынуды басу мақсатында наркотикалық емес ауырсынуды басатын дәрі еңгізген. Бұрын жарақат алмаған. Объективті: оң жақ тобық аймағының ауырсынуы, деформация, крепитация және үлкен жілік аймағында жүруге мүмкін емес ауырсыну,сирақ,табан аймағында ісіну байқалады. Оң жақ төменгі бөліктің қызметі бұзылғаны байқалады. Табан артериясындағы пульс сақталған. Рентгенограммада диагноз верифицирленген, оң жақ үлкен жілік аймағында сынық іздері көрінеді. Травматологиялық бөлімшеге жібермес бұрын тасымалдау иммобилизациясын тобық сүйегінің қандай аймағына салады?

A. Табан- санның жоғарғы үштен бір бөлігіне

B. Саусақ- тізе буынына

C. Табан- жамбастың жоғарғы үштен бір бөлігіне

D. Саусақ- санның жоғарғы үштен бір бөлігіне

E. Саусақ- тізе буыны

37. ЖТД дің кезекшілігінде 38 жас шамасындағы К.есімді науқасты туыстары жұмыс жасап жүрген жерінде металл жаңқаларының әсерінен жарақат алуына байланысты, оң жақ көз алмасының ауырсыну шағымы бойынша жеткізді. Қан кетудің әсерінен жараның қаншалықты терең екенін білу мүмкін емес, көздің барлық бөлігі зақымдалғаны анық. Мұндай жағдайда бөгде денені алу мүмкін емес. ЖТД хирургиялық өңдеуді көз бөлімшесінде, көзішілік бөгде денені алу және зақымдалған аймақтың реконструкциясын мүмкіндігінше бір мезгілде жасаған дұрыс деп шешім қабылдады. Сол себепті алғашқы көмек көрсетті: қан тоқтату мақсатында дицинон жасады, аскорбин қышқылы, дезинфекциялаушы (30% сульфацил натрий ерітіндісін,0.25% левомицетин ерітіндісін сіреспеге қарсы анатоксинді пробадан соң еңгізді және көзіне бинокулярлы байлам салды. Науқасты көз бөлімшесіне қандай диагнозбен жолдайды?

A. Енбеген жара

B. Гемофтальм

C. Көздің

D. Енген көз жарасы

E. Көздің орбитасынан шығуы

38. 25 жастағы науқасты жалпы тәжірибелік дәрігер эпигастрий аймағының ауырсыну, құсу, ауырсынудың 2 сағаттан соң оң жақ бүйіріне көшу шағымдары бойынша үйінде қарады. Іші пальпацияда әсіресе Пти үшбұрышына пальпация жасағанда ауырсынады. Ситковский-Ровзинг, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң мәнді. Аппендициттің ретроцекальды орналасуындағы симптомды атаңыз?

A. Мендель

B. Ситковский-Ровзинг

C. Образцов

D. Бартомье-Михельсона

E. Ауре-Розанова симптомы

39. ЖТД-ін қыз бала сол жақ көз аймағының ауырсынуына, жоғары температураға,қалтырауға, өте қатты бас ауруы шағымдары бойынша үйіне шақыртты. Айтуы брйынша ауырғанына бірнеше сағат болған.Қарау барысында сол жақ көз аймағы ісінген, гиперемияланған. Оң жақ көзге қарағанда көз саңлауы қысылған және деформацияланған. Пальпация кезінде тері асты клетчаткалары ауырсынады, жергілікті температура бар. ЖТД науқасты көз бөлімшесіне қандай диагнозбен жолдайды?

A. қас некрозы

B. көз

C. іріңді блефорит

D. иридоциклит

E. флегмонасы

40. Аудандық ауруханаға бас ауруы, дене температурасының жоғарылауы, мұрынмен дем алудың қиындауы шағымдарымен науқас келіп түсті. Анамнезінде белгілі болғандай 5 күн бұрын мұрынынан жарақат алған. Медициналық көмекке жүгінбеген. О бъективті: ден температурасы 38,3С. Пульс 96 рет минутына, ритмді. Жүрек және өкпе мүшелері сау.Қарау барысында: мұрын тіні ісінген, гиперемияланған, пальпацияда ауырсынады. Алдыңғы риноскопияда: мұрын қалқанының екі жағынан қызыл-көк түсті жұмсақконсистенциялы түзіліс байқалады. Мұрын қалқанының кілегей қабаты гиперемияланған, ісінген. Дәрігер түзіліс үстінен тілік жасағанда оң жақтан мөлшері 3 мл ірің алып шыққан. Ірің жиналған жерге турунда қойып, әр 8 сағат сайын цефозолиннің 1,0 мөлшерін тағайындаған. Дәрігер науқасты асқынудың алдын-алу мақсатында облыстық ауруханаға қандай диагнозбен жолдады?

A. сепсис

B. кавернозды синустың тромбозы

C. менингит

D. іріңді гайморит

E. іріңнің сол жаққа көшуі

41. Лор бөлімшесіне 60 жастағы О.есімді науқас кеуде артының ауырсынуымен, астың өтпеу сезімімен, тамақ жегеннен соң аздаған іріңді бөліністің болу шағымдарымен ЖТД-дің жолдамасымен арқылы келді. Анамнезінен белгілі болғандай науқас тауық етін жеген кезде кішкене сүйгін жұтып қойғаны анықталды. Кезекші оториноларингологтың тексеру барысында анықталды: теріастылық эмфизема. Гипофарингоскопияда анықталғандай жұтқыншақтың төменгі бөлігінде сұйқықтықтың көп мөлшерде болғаны байқалады. Өкпеде везикулярлы тыныс. Диагноз қойылды: Өңештің мойын бөлігіндегі бөгде дене. Науқаста қандай асқыну дамыған?

A. өңеш дивертикулиті

B. мойын флегмонасы

C. өңеш перфорациясы

D. варикозды веналардың жаралануы

E. кеңірдектің жаралануы

42. Науқас 61 жаста зәрінде қаның болуына шағымданады. Науқас өзін дені сау адам ретінде санайды. Ішімдік қабылдамайды, бірақ 16 жасынан бастап күніне 2 қорап темекі шегеді. Физиологиялық бөліністері қалыпты. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Іші ауырсынусыз. ЖҚА:зәрі күлгін түсті, эрит., 100 ден көп .Экскреторлы урограммада: жоғарғы зәр шығару жолдары қалыпты, бірақ мочевой пузырдың сол жақ қабырғасында ақау бар. Болжам диагноз және зерттеу әдісі? (2)

A. Кон синдромы

B. зәр шығару жолының ісігі

C. цитологиялық зерттеу

D. цистит

E. простатит

F. зәр шығару жолдарының тасы

G. зәр шығару жолдарының полипі

H. Зильдовича әдісі

43. Науқас ЖТД-нің қабылдауына келді. Қант диабетімен зардап шегеді. Бір жыл уақыттан бері фурункулезбен ауырады. Эндокринолог тың консультациясында болып, хирургтың қабылдауына жолданды. Науқастың барлық дене мүшесінде жазылған фурункулдан қалған тыртықтың іздері байқалады. Иек аймағы гиперемияланған, ісінген. Беті ісінудің әсерінен ассимметрияланған. Беттің барлық іріңді ақаулары, асқынған фурункулдері, абсцестері қайда емделуі керек?

A. бет флебиті және карбункулі

B. беттің абцесі

C. стационарда

D. беттің актиномикозы

E. сібіржаралы фурункул

44. Науқас ЖТД-не асқазаннан кофе түсі тәрізді құсудың болуына шағымданып келді.Алкогольды ішімдіктерді қолданғаннан кейін пайда болғанын айтады. ЖТД Маллори-Вейса синдромы диагнозын қойды. Аталған симптом қандай ауруда кездеседі?

A. қалтқының стенозы

B. "біріккен жараның" болуы

C. асқазанның кардиальды бөлігінің

D. жараның бауырға көшуі

E. кардиальды сфинктердің тұрақты спазмы

45. 62 жастағы науқас ЖТД-не желдің ұстамау сезіміне, дефекация актісі кезінде тік ішектің аздаған бөлігінің шығуына, қолмен қайта орнына салған сәтте тез игерілетініне шағымданады. Науқас ауруын жас кезінде парапроктитпен ауырғанымен байланыстырады. Хирургка қаралмаған. Объективті: науқас мәжбүрлі қалыпта тұрған сәтте тік ішектің кілегей қабаты "конус" тәрізді болып шығады. Күш түскен сәтте анустың кіре беріс аймағынан іріңді бөліністер бөлінеді. Саусақ арқылы пальпацияда сфинктер босаңсыған, қолғапта нәжіспен араласқан ірің байқалады. Диагнозды нақтылау мақсатында қандай тексеру әдістерін жүргізген дұрыс? Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің ішіндегі ең негізгісін атаңыз? (2)

A. фистулография

B. ректопексиямен

C. микроклизма

D. іш қатудың алдын-алу

E. склерозирлеуші терапия

F. отыратын ванна қою

G. ректороманоскопия

H. антибактериальды ем.

46. 27 жастағы науқасты 2 сағаттан бері эпигастрий аймағының ауырсыну шағымына байланысты туыстары емханаға дәрігердің қабылдауына жеткізді. Анамнезінде 12 ішектің жара ауруы, емін уақытылы алмаған. Объективті: іші қатайған, пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну бар. Щеткин-Блюмберг, Мендель, Дефанс симптомдары оң мәнді. ЖТД перфорацияға күманданып, жалпы шолу рентгенографиясын жасауды ұсынды. Рентгенограммада суретінен не күтесіз? Тағы қандай қосымша зерттеу әдістерін жасаған дұрыс? (2)

A. оң жақ диафрагмада қараю бейнесін

B. гастропоз

C. 12 ішектің

D. "Клойбер" тостағаншаларын

E. іш қуысында сұйықтыңтың болуын

F. "Клойбер" тостағаншаларын

G. жалпы қан және зәр анализін

H. магнитті-резонансты томографияны

47. 37 жастағы С.есімді науқас ЖТД-ге дефекация актісі кезінде аурсынуға, дене температурасының жоғарылауына шағымданып келді. Дефекация актісі кезінде қан байқалмайды. Іш қатумен зардап шегеді. Өзбетінше емделген. Науқасты қарау кезінде анус аймағы ісінген, гиперемияланаған, тері астында флуктуация белгісі байқалады. Саусақпен қару кезінде шаншып ауруды байқадыңыз. Сіздің диагнозыңыз және емдеу іс-әрекетіңіз? (2)

A. геморроидальды қуыстың ұзаруы

B. созылмалы геморрой

C. тік ішектің жарығы

D. криптит

E. жедел проктит

F. геморроидальды қуыстың тромбозы

G. оперативті ем

H. жедел тері астылық паропроктит

48. ЖТД-не 64 жас шамасындағы науқас оң жақ қабырғасының ауырсынуына, қалтырауға, жоғары дене температурасына шағымданып келді. Жедел жәрдем дәрігері дене температурасын түсірген, осыдан кейін науқас4-5 сағат ұйықай алған. Өз бетінше өт айдайтын дәрілермен емделген. Анамнезінде стационарда түсірген УДЗ қорытындысы бойыша -ЖКБ , отбасы жағдайына байланысты оперативті емнен бас тартқан. Объективті: жағдайы орташа ауырлықты. Тілі ақ жабындымен жабылған, іші оң жақ қабырға аймағында ауырсынады, өт қабы керілгендіктен пальпацияланады. Кера, Георгиевский-Мюссе, Ортнер симптомдары оң мәнді. Пульс 108 рет минутына. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз 18*109/л, билирубин 46,4 мамоль/л. Науқастың жағдайының нашарлау себебін көрсетіңіз? (2)

A. өт қабының перфорациясы

B. бауырдың абсцесі

C. жедел холецистопанкреатит

D. жедел панкреатит

E. холецисто-дуоденальды жарық

F. механикалық сарғаюмен іріңді холангит

G. жедел аппендицит

H. перитониттің жарылуы

49. 18 жастағы В деген науқас жергілікті ОДА-на ішіндегі ауырғандыққа шағымданып келді. Ауырғандық кенеттен басталып, тұрақты ауырғандыққа ұласып, оң жақ мықын аймағын алып жатты. Ауырғандықтан басқа лоқсу, құсу, әлсіздік, басының айналуы, жиі дәрет сындыру және дәрет сындыруда шаншуды байқады. Қарау кезінде тері жамылғысы бозарған, ректальды температура, аксилярлы температурадан жоғары емес, қалыпты, пульсі 100 рет минутына, АҚҚ 140/70 мм.с.б.б. Пальпацияда іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағы терең пальпацияда әлсіз перитонизм, Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді. Бір ретті сұйық, көлемі аз нәжіс болған. Ректальды қарау кезінде ауырғандық, салбыраулар жоқ.Гинеколог қарауында патологиялар анықталмаған, етеккірі уақытылы. Несеп-тас ауруы мен соқыр ішекпен ажырату ушін жалпы тәжірибелік дәрігердің дұрыс тактикасы қандай: (2)

A. Хромоцстоскопия жасау

B. Күндізгі стационарға жолдау

C. Урология бөлімшесіне жолдау

D. ФГДС-ға жолдау

E. Ургентті хирургиялық клиникаға жолдау

F. Жалпы қан мен зәр сараптамасын жасау

G. Экскреторлыурографияныорындау

H. Диагностикалық лапароскопия

50.41 жастағы С деген науқас жергілікті емханаға дем арасындағы әлсіздікке, басының айналуына, жүрегінің айнуына, бірнеше рет құсуға, қара нәжіске шағымданып келді. Анамнезінен: 10 жыл бойына созылмалы гастритпен ауырады. Соңғы үш жыл ішінде дәрігерге қаралып, тексерілмеген. Ректальді қарағанда: мелена. Объективті қарауда: тері жамылғысы бозғылт, пульсі 90 ретминутына, АҚҚ 100/70мм.с.б.б. ТАЖ 20 рет минутына, дене температурасы 37,0С. Қан талдауы: Эр 2,9х10-12/л, гемоглобин - 88г/л, Лейк 10,0х10-9/л, ЭТЖ 12мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз? Диагнозды анықтау үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы нақтырақ?(2)

A. Іш қуысының УДЗ-і

B. Магнитнорезонансты томография

C. Компьютерлік томография

D. ЭФГДС

E Лапороскопиялық тексеру

F. бауыр циррозы

G. Меллори-Вейс синдромы

H. іш қуысының жалпы рентгенографиясы

51. 38 жастағы М. есімді науқас ЖТД-не эпигастрий аймағындағы пышақ сұққан тәрізді ауырсынуға, құсуға, салқын тер басуға шағымданып келді. Ауырсыну кенеттен пайда болған. Науқастың айтуы бойынша гастриттен басқа еш аурумен ауырмаған. Халық емін қолданғалы бір жылдан астам уақытта еш тексерілмеген. ЭКГ-да өзгеріс болмаған, сол уақытта УДЗ аппараты жұмыс жасамаған. Дәл қазіргі уақытта ең маңызды зерттеу әдісін атаңыз?

A. Компьютерлі томография

B. Іш қуысының рентгенограммасы

C. ЭРХПГ

D. Іш қуысының УДЗ

E. Фистулография

52. 41 жастағы С. есімді науқас ЖТД-ге әлсіздікке, бас айналуына, құсуға, қара түсті нәжістің болуына шағымданады. Құсу болмаған. Анамнезінен: 10 жылдан бері созылмалы гастритпен ауырады. Соңғы 3 жылда тексерілмеген. Ректальды қарағанда: мелена анықталған. Объективті қарау: тері жамылғысы бозғылт түсті, пульс 90 рет минутына. АҚҚ 100/70 мм.сбб., ТЖ 20 рет минутына, t-37,0С. Жалпы қан талдауында: Эри.- 2,9 * 1012, Hb- 88, L- 10,0 *109, ЭТЖ- 12 мм/сағ.. Ішектің жоғарғы бөлігіндегі жасырын қанды анықтау үшін төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысын жасаған дұрыс?

A. Іш қуысының УДЗ-ін

B. Магниторезонансты томография

C. Компьютерлі томография

D. ЭФГДС

E. Лапароскопиялық зерттеу

53. 43 жастағы К. есімді науқас ЖТД-не іш аймағының ауырсынуына, жүрек айнуына, ауызының құрғауына, құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Аталған шағымдар 25 сағаттан бері мазалайды. Кенеттен эпигастрий аймағының ауырсынуы, жүрек айнуы, көз алдының қараю белгілері пайда болды. Ауырсыну үдей түсті, оған ішінің керілуі қосылды, желдің шығуы доғарылды. Қарау барысында: Склярова –«шылпыл шуы», Тэвенаре – «аққан тамшы» және «жарылған көпіршіктер» симптомдары-оң мәнді. Ректальды қарау кезінде «Обуховской аурухана симптомы», «Цега- Мантейфеля» симптомдары оң мәнді. Авторы бойынша «құлаған тамшы» және «жарылған көпіршіктер» симптомдары қалай аталады?

A. Э.Т. Кохера

B. А.А. Вишневского

C. С.И.Спасокукоцкого

D. Ситковского

E. Образцова

54. 38 жастағы Ф есімді науқас емханаға есту қабілетін тексерту үшін медициналық тексеруден өтуге келді. Науқастың айтуы бойынша жас кезінде оң жақ сыртқы есту жолының жарақатын алған. Объективті: оң жақ құлақ қалқаны сол жақ құлақ қалқанына қарағанда тыртықты өзгерген және бүріскен, дабыл жарғағы тұрғысынан өзгерістермен бөліністер жоқ. Дауыстарды естуін тексеру мақсатында, егер біздің тексерістен өтіп жатқан науқаста есту қабілеті қалыпты болса, онда қандай қашықтықтан дауысты естуі керек?

A. 1 метрден

B. 15 метрден

C. 10 метрден

D. 5 метрден

E. 20 метрден

55. 27 жастағы Р. есімді науқас ЖТД-ің қабылдауына сыртқы есту жолынан іріңді бөліністің болуына шағымданып келді. Бала күнінен іріңді отиттен зардап шегеді. Оперативті емді басынан өткерген. Мүгедектігіне байланысты әскери қызметін өтемеген. Емін уақытылы қабылдайды. Болашақта науқаста іріңді отиттен соң қандай асқыну кездеуі мүмкін?

A. Бүйрек амилоидозы

B. Сепсис

C. Бауыр жетіспеушілігі

D. Жүрек жетіспеушілігі

E. Аллергиялық ауру

56. Бауыр циррозымен және асцитпен зардап шегетін науқас, ішінің ұлғаюына, ентігудің пайда болуына жағдайының нашарлауына байланысты жалпы тәжірибелік дәрігерін үйіне шақыртты. Емханада 2 апта бұрын хирург лапароцентез арқылы сұйықтықты алып тастағаннан кейін науқастың жағдайы жеңілдеген. Жалпы тәжірибелік дәрігері лапароцентез және іш қуысына пункция жасау барысында қолын, науқастың іш қуысы қабырғасының беткей бөлігін антисептикпен өңдеу керек. Үй жағдайында жалпы тәжірибелік дәрігеріне қолын және науқастың ішін залалсыздандыру мақсатында қандай антисептик ыңғайлы?

A. Бруно әдісі бойынша 90% спиртпен

B. Антисептик ерітіндісімен

C. 0,5% хлоргексидин ерітіндісі+70% спирт

D. Первомур ерітіндісі

E. Бетодин

57. 35 жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігеріне күзгі алдын-алу еміне байланысты күндізгі стационарға емделуге жолдама беруін өтінді. Емхана жағдайында 12- ішек жарасы диагнозы бойынша «Д» есепте тұратын науқасты рентгенологиялық тексерістен өтуге жіберді. Ренгенскопияда асқазан мықын сүйегінің жоғарғы қыры деңгейінде «шұлық» тәрізді керілген. 24 сағат өткен соң R-скопияда және графияда- асқазанда барий сұйықтығының қалғанын байқаған. Аталған рентгенологиялық көрініс асқазанның қандай патологиясында кездеседі?

A. Асқазан жарасында

B. Қалытқы (привратник) стенозында

C. Кардиальды стенозда

D. 12 ішек жарасының пенетрациясында

E. Малигнизацияда

58. 59 жастағы Т. есімді науқас ауруханадан кейінгі емнен соң емханаға келді. Науқасқа ауруханада аппендикулярлы инфильтрат диагнозы бойынша консервативті ем жүргізілген. Инфильтрат кішірейе бастаған. Ауруханадан шығу көшірмесінде емін амбулаторлы жағдайда жалғастыру, хирургта диспансерлі бақылауда болу және 3-4 айдан соң жоспарлы түрде оперативті емге келуі тағайындалған. Аппендикулярлы инфильтратта біріккен консервативті ем кезінде қандай дәріні тағайындамағаны жақсы?

A. Төсек режимі

B. Антибиотикотерапия

C. Физиоем

D. Ауырсынуды басатын

E. Парэнтеральды тамақтану

59. Науқас ішінің ауырсынуына, құсуға, жүрек айнуына шағымданады. Анамнезінен белгілі болғандай жедел ауырған, 2 сағат бұрын эпигастрий аймағында ауырсыну байқалған, ауырсыну оң жақ мықын аймағына берілген. Науқасты қарау жүрек және өкпе мүшелерінен бастап, ішті қараумен аяқталған. Перитонитке тән: дефанс Щеткина-Блюмберга, іштің тітіркенуі және Мендель симптомдары анықталған. Перитонитке тән аталған симптомдар қандай кезекте тексеріледі.

A. Бірінші кезекте тексеріледі

B. Соңынан тексеріледі

C. Іштің тітіркену симптомы тексерілмейді

D. Үшінші кезекте тексеріледі

E. Анализ қорытындысы дайын болғанға дейін тексеріледі

60. 58 жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігеріне оң жақ қабырға аймағындағы тұрақты түрде ауырсыну, жүрек айну,құсу шағымдарының мазалауы бойынша келді. Аталған шағымдармен көп жылдан бері зардап шегеді. Әсіресе майлы тағамдарды жегеннен кейін ұстама тәрізді ауырсыну мазалайды. Науқас бауырдың КТ-на жолдама беруін өтінді, бірақ жалпы тәжірибелік дәрігер қазіргі заманғы тексеру әдісін жүргізгенді жөн көрді. Калькулезді холецистит кезінде маңызды диагностикалық зерттеу әдісі болып табылады:

A. Іш қуысының рентгенографиясы

B. Фиброгастродуоденоскопия

C. Лапароскопия

D. Компьютерлі томография

E. Өт қабының УДЗ

61. С. есімді 36 жастағы науқас емханаға жалпы тәжірибелік дәрігеріне оң жақ қабырға аймағында ауырсыну сезіміне және кезеңді түрде ентігуге шағымданып келді. Ауырғанына 2 күн болған. Объективті: асқа тәбеті жоғарылаған. Ішті қарау және пальпация жүргізу барасында Грей-Тернер, Мейо-Робсон, Мондора, Кулена симптомдары- оң мәнді. УДЗ-де өт қабында диаметрі 0,5см конкременттер анықталған. Ұйқы безінің ісігі байқалады. Жедел холециститтің клиникасы көрініс береді және Курвуазье, Ортнера, Георгиевский-Мюссе симптомдары-оң мәнді. ЖТД диагноз қойды: Асқынған калкулезді холецистит. Панкреатит. ЖТД-дің іс-әрекеті қандай болуы керек?

A. Спазмолитиктермен емдеу

B. Холеангиография тексеру

C. Холецистэктомияға жолдама беру

D. Лапароцентез

E. Консервативті ем жүргізу

62. ЖТД бауыр циррозы және асцитпен сырқаттанатын науқасты үйінде қарауда ішінің ұлғаюы,ентігуі шағымдары байқалады. 2 апта бұрын емханада хирург лапороцентез арқылы асцитті шығарғаннан кейін жоғарыдағы шағымдар азайған. Асциттің даму себебін көрсетіңіз? (3)

A. систолалық индекстің артуынан

B. портальды гипертензия

C. қанның ұю жүйесінің бұзылысы

D. қанның ұюға қарсы жүйесінің бұзылысы

E. гиперволемия

F. Курвуазе симптомы

G. гиперальбуминурия

Н. ЦВД артуы

63. 22 жастағы науқас оң жақ иық сүйегіндегі ауырсынуға шағымданып келді. Жарақатты науқас бүгін жұмыстан қайтып келе жатқанда жолдан өте берген сәтінде қолдарын алға созған күйінде алған. Бұрын жарақат алмаған. Объективті: оң жақ иық буынында ауырғандық, буын деформациясы байқалады. Оң жақ қолдың қимылының бұзылысы байқалады. Шыбық артериясында пульс сақталған. Рентгенограммада: оң жақ иық буынының шығуы бейнеленеді. ЖТД алғашқы көмегі қандай кезеңнен тұрады? (3)

A. таңғыш байламымен иммобилизациялау

B. артқы лонгетін салу

C. қолында бар құралмен иммибилизациялау

D. осы қалпында тасымалдау

E. циркулярлы таңғыш салу

F. жансыздандыру

G. гипстік таңғыш салу

Н. Шыққан сүйекті орнына салуға тырысу

64. 65 жастағы науқас оң жақ сан сүйегінің ауырсынуына шағымданып келді. Жарақатты саяжайда баспалдақтан құлау арқылы алған. Қарағанда оң жақ санның ортаңғы артқы бөлігінде жергілікті ауырсыну,деформация, қызметінің шектелуі байқалады. Рентгенографияда: оң жақ сан сүйегінің көлденең сынығы анықталады. Сіздің іс әрекетіңіз? Тасымалдау иммобилизациясын аяқтың қай бөлігіне салу керек? (3)

A. жамбассан буыны

B. жамбас сан және тізе буындарына

C. сынық орнына

D. жамбас сан,тізе және сирақ буындары

E. жамбас сан, жамбас

F. Дитрихс шинасын салу

G. Жансыздандыру

Н. Жансыздандыру міндеті емес

65. 15 жастағы бала денесін шынықтырып жүрген сәтінде сол жақ шынтақ буынының жарақат алуына байланысты ЖТД -дің қабылдауына келді. Анамнезінде алдыңғы шынтақ буынының шығуы. Объективті: оң жақ шынтақ буыны деформацияланған. Рентгенограммада: оң жақ шынтақ буынының шығуы. Шынтақ буынының шығуында қандай әдіс қолданылады? (3)

A. Кохер әдісі

B. Ситенко

C. Гиппократа

D. дұрыс жауабы С, Е және А

E. Спасокукоцкий -Кочергин әдісі

F. дұрыс жауабы А, В және С

G. дұрыс жауабы С, Е және В

Н. Дженелидзе әдісі

66. Іш қуысы қабырғасының қысылған сыртқы жарығының ерте белгілерін болып табылады: (3)

A. кенет ауырғандықтың болмауы

B. аурудың жедел басталуы

C. ауырсыну мен керілу

D. жарықтың кенеттен дұрыс жазылмауы

E. дене температурасының жоғарылауы

F. лейкоцитоздың жоғарылауы

G. ЭТЖ жоғарылауы

Н. Г , И және Е болуы

67. Іш қуысында бос ауаның болуы анықталады: (3)

A. холециститте

B. ішек өткізбеушілігінде

C. аппендицитте

D. жыныс мүшелерінің зақымдалуында

E. панкреатитте

F. ерте операциядан кейінгі кезеңде

G. асқазан жарасының тесілуінде (перфорация)

68. 44 жастағы ер кісі жалпы тәжірибелік дәрігерге (жтд) эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. Науқас ішімдік қолданғаннан кейін эпигастрий аймағында қатты пышақ сұққандай тәрізді аурсыну сезімі болғанын айтады. Объективті: науқас тізесін бүгіп, ішін тартып бүктетіліп жатыр.Тері жамылғысы бозғылт түсті, денесін мұздай тер басқан. Іші тартылған,тақтай тәрізді пішінді, ішпердесінің керілу, Щёткина-Блюмберг және Мендель симптомдары оң мәнді. Қан талдауында: эритроциттер 4х1012\л, лейкоциттер 18х109 \л, ЭТЖ 25 мм\сағ. Рентен суретінде бауыр үстінде орақ тәізді ауа бар. Төменде аталған ауруардың қайсысы болуы мүмкін?

А) Шажырқай майының тамыр тромбозы

В) Бауырдың шаншуы

С) Ойық жара перфорациясы

Д) привратниктіңстенозі

Наши рекомендации