Кафедраның лаборанттары:Барышева Лидия Ивановна, Марфута Людмила Петровна, Рахимбаева Бейбитгул Жанатовна, Хамукова Анна Владимировна

Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Қарағанды қ., Алалыкин көшесі,7, ҚММУ-ның 2-ші корпусы, № 7, 4, 04, 134 автобустары «Гагарин алаңы»

Телефон: 8(7212)564181(113)

Пәннің саясаты:Студенттер «Патологиялық анатомия-1» пәнінің жұмыс бағдарламасында қамтылған теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды терең меңгеруі керек. Кафедраға сабақтың басталуына 10 минут қалғанда ақ халат пен ақ телпек, аяқ киімін ауыстырып кірулері керек, міндетті түрде аты-жөні жазылған бейджігі болуы қажет.

Сабақта ұялы телефонды қолдануға рұқсат етілмейді.

Студенттер барлық аудиториялық сабақтардың түрлеріне қатысуға міндетті – дәрістер, тәжірбиелік және семинарлық сабақтар, лабораториялық жұмыстар, СОӨЖ бен СӨЖ барлық тапсырманы орындауға (қ.4.2 «Білім алушылардың үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ереже» 28.08.2014 ж., «Қосымша»).

Себепсіз себеппен бостылған сабақ өтелмейді. Егер босатылған тәжірбиелік сабаққа берілген сағат саны 50% және жалпы сағат саны одан да көпті құраса, берілген тапсырмаға қатысты, студенттер бөлімнің тапсырмасын тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.

Бостылған сабақты өтеу бойынша студенттер кафедраға оқуға кіріскеннен кейін екінші сабақтан кеш емес рұқсатнама әкеледі. Босатылған лабораториялық жұмыстар, тәжірбиелік сабақтар тапсырманы тапсыру уақытына дейін өтеледі.

Кеңес беру кестесіне сәйкес кезекші оқытушымен босатылған тақырып ауызша өтеледі. Егер себепті себеппен босатылған сабақ өтелмей қалса себепсіз босатылғанмен теңеседі (қ.6.1-6.3 «Қосымша»).

Тәжірбиелік сабақты немесе СОӨЖ өткізу кезінде, топтың старостасы оқу бөлмесінде кезекші тағайындайды, микроскоптар, макро-және микропрепараттардың сақтығына және оқу бөлмесінде сабақ кезінде тәртіп пен тазалыққа жауап береді.

Кіріспе

Патологиялық анатомия-2 бағдарламасы, «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрасырылған ғылымның заманауи жетістіктерін көрсетеді, медико-биологиялық ғылым жүйесінде міндетті және маңызды бөлімі болып табылады, болашақ дәрігер маманының дайындау жүйесінде фундаментальді теориялық біліммен қамтамасыз етеді.

Патологиялық анатомия-2 - бұл ғылыми-қолданбалы пән. Ол медицина теориясында да, дәрігердің клиникалық тәжірбиесінде де қолданылады. Синдромдардың негізгі құрылымын оқу және организмнің әртүрлі жүйесінің ауруларын жүргізу олардың клиникалық бейнесімен тыңыз байланыста. Сонымен, клинико-анатомиялық бағыт патологиялық анатомия-2 мазмұны мен міндеті болып табылады; клиникалық медицинамен қарым-қатынастың үздіксіз кеңеюінің керектігін анықтайды.

Аурудың барлық сатысында клинико-морфологиялық көріністерін сәйкестендіру студенттерге клинико-анатомиялық сараптама дағдысын меңгеруге үлесін қосады, мәселенің диагностикалық белгілерін синтетикалық талдап қорыту клиникалық ойдын негізін қалайды. Бұның бари фундаментальді базаның қалыптасуына негіз болып қалыптасады, студенттердің білім алу барысында қорытынды нәтижеге жетуі үшін қажет тәжірбиелік білу мен даңдылар – ішкі аурулар пропедевтикасы.

Пәннің мақсаты:тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, эндокриндік, нерв, асқорыту, несептік-жыныстық, қан түзуші жүйесі бойынша аурулардың патологиялық анатомиясын білу.

Оқытудың міндеттері:

Йрету

· Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, эндокриндік, нерв, асқорыту, несептік-жыныстық, қан түзуші жүйесі аурулары кезіндегі тіндердің, органдардың макро-және микроскопиялық бейнесін талдайды;

· Қорытынды түрінде макро- және микроскопия нәтижесі бойынша патологиялық үрдіске өз тұжырымын шығару;

· Микроскопия кезінде анықталған тіннің құрылымдық өзгерістерін сурет/ сызба түрінде көрсету;

· Аурудың түрі мен сатысына, патогенезіне, этиологиясына байланысты суреттің макро- және микроскопиялық ерекшеліктерін интерпретациялайды;

· Патоморфологиялық зерттеудің қорытындысына сүйене отырып аурудың дифференциальді диагностикасын өткізеді;

· Тіндер мен органдарда анықталған патоморфологиялық өзгерістердің бірігуі бойынш болуы мүмкін асқыныстар мен ақырының сипатын анықтау;

· Аурудың типтік клинико-фукнциональді көрінісін құрылымдық өзгерістермен арақатыстығын белгілеу;

· Организмнің жас ерекшеліктерін есепке ала отырып аурудың морфологиясын бағалайды.

Наши рекомендации