Оздырушысы: Listeriamonocytogenes.

Қоздырушы бактерияның факультативті-патогенді тобына жатады.

Листериялар ұштары дөңгеленген таяқша (0,3 – 0,5 x 0,5 — 2,0 р.) тәрізді. Жағындыда жеке, жұппен немесе V сан түрінде, сонымен қатар бағана түрінде (3 – 4 және көп тізбек таяқша бойынша) орналасады. Қоздырушы полиморфты формада (жіпше, кокк, вибрион) жиі кездеседі. Анилин бояулармен жақсы боялады. Грам оң, бірақ та «қартаюына» қарай өсінділер Грам бойынша теріс боялады. Бактерия капсула мен спора түзбейді.

Қоздырушы қоректік ортада өсіру температурасы 36 — 38°С, рН

7,0 - 7,4.

ЕПА-да – нәзік, ұсақ шоғырлар түзеді (тілме таяқшасына ұқсайды). Бактерия тізбектері агарда дөңгелек (әдетте диаметрі 1 – 1,5 мм), беті аздап төмпешік, мөлдір, жарыққа көгілдір түс береін шоғырлар түзеді. 1% глюкоза мен 2 — 3% глицерин қосылған ЕПА-да жақсы өседі. Ажыратып – балау үшін 1% глюкоза мен 2% глицерин қосылған ет-пептон-картоп агарында немесе 1% глюкоза мен 3% глицеринді картопты – пептонды агарды қолдануға болады. Көрсетілген орталарда (рН 6,8-7,0) тілме және пастерелла микробтары мүлде өспейді немесе елеусіз тым майда болып өседі, ал листериялар тығыз, колитәріздес болып өседі. Қанды агарда тізбек айналасында жіңішке β-гемолиз аймағын түзеді.

Сұйық орталардан ЕПС-да жақсы өседі, 5-10% сарысу қосуға болады. Листериялар төмендегі сұйық орталарда өте жақсы өседі: ет

– бауыр сорпасы, бауыр, 1% глюкоза қосылған ет – пептонды, глицеринді (2-3% глицерин қосылған ет – пептон сорпада), глюкозалы – глицеринді (1% глюкоза мен 2-3% глицерин қосылған ет – пептон сорпасы), ет-бауырлы – глюкозалы (1% глюкоза қосылған ет-бауырлы сорпа) және бауырлы-глюкозалы (1% глюкоза қосылған бауыр сорпасы). Листерияны жасанды қоректік орталарда өсіру кезінде листериялар аттенуацияланады (әлсірейді) және олар



уытты S-формасы азуытты R- формаға ауысады. Осыдан жекелеген штаммдар өздерінің қозғалғыштығын жоғалтады.

Листериялар глюкозаны, мальтозаны, рамнозаны, левулезаны, салицинді газ түзусіз, баяу – сахарозаны, глицерин мен лактозаны, манитті, дульцитті, арабинозаны, инулинді, раффинозаны, сорбитті қышқылға дейін ферменттейді. Индол түзбейді, сүтті ұйытпайды, желатинді ыдыратпайды, күкіртті сутек түзбейді.

Листериялардың жіпшелі және соматикалық антигендері бойынша 7 серотипін ажыратады. (1-7). 1,2,3 типтерінің расында олар тип ішіндегі түрге бөлінеді. Типтерінің көбісінің тип ішілік түрлері болады. Көбінесе 1 және 4b серотиптері әр түрлі жануарлар мен адамдарда кездеседі.

Листериялар топырақ пен суда (айлап, кейде жылдап) төменгі және біркелкі температурада ұзақ сақталады, дәнде – 3 жылға дейін, сүт пен етте қарқынды көбейеді. 58 0С дейін қыздырғанда өлмейді, 700С кезінде 20 – 30 минут аралығында, ал 3 – 5 минут қайнатқанда өледі.

Листериялардың патогенді факторлары:

α-гемолизин – қойлардан бөлінген штаммдарда табылған. Термостабилді, қоректік ортаға бөлінеді, адам және жылқы эритроцитінде гемолиздік, лецитин белсенділіктеріне ие.

β-гемолизин (листериолизин) – термостабилді (560 30 минут аралығында инактивтеледі), оттегіге сезімтал, сыртқа бөлініп шығатын токсин. Адамдардың (қанның В тобындағы), қояндардың, теңіз шошқаларының және т.б. эритроциттерін гемолиздейді. Стрептококктың О-стрептолизинімен антигендік туыстас.

Моноцитоз дамытушы фактор – термостабилді протеид, торша ыдырағаннан кейін ғана бөліп алуға болады.

Қоздырушының патогендігі және таралу жолдары:

Көп жағдайда ауруға енесінен айрылған төл бейім болады. Мысалы: торайлар және 2 – 5 айлық шошқалар ауырады; ересектері мен енесінен жақсы қорек алып жүрген торайлар сирек ауырады. Індет спорадия түрінде өтеді, және азықтандырылуы мен күтіп бағуы нашар шаруашылықтарда ауру энзоотиялық сипат алады. Індеттің таратушы көзі ауру және ауырып жазылған жануарлар (микроб алып жүру) болып табылады. Індетті тышқандар, егеуқұйрықтар және иттер тасымалдайды деген болжаулар бар. Ауру жылдың кез келген уақтысында пайда болуы мүмкін. Организм төзімділігі, сыртқы орта жағдайы листериоздың пайда болуы мен таралуында шешуші роль



атқарады. Организм қандай да бір аурумен әлсіреген кезде (мыс. оба, паратиф және т.б.) листериоз эндогенді індет ретінде пайда болуы мүмкін. Қорыта айтқанда листериоздың патогендігі шошқалар үшін шартты түрде болып келеді, яғни ол организм қандай да бір себептермен әлсіреген кезде пайда болады.

Ауру ағымы:

Жануарларда ауру екі формада өтеді: жіті септикалық - әдетте ауру басталар алдында болады және жүйкелік (бұл да жіті өтеді). Жүйкелік формада ауру жіті түрде өтіп, көбінесе бірнеше күннің ішінде ауру малдардың өлімімен аяқталады. Қойларда жіті түрде өтіп 7 – 10 күннің ішінде өлім-жітімге ұшыратады.

Негізгі клиникалық белгілері және аурудың патогенезі:

Ауру ми мен жұлынның қабыну құбылыстарымен (энцефаломиэлит) басталады: жануардың бұлшық еттері дірілдейді, жекелеген бұлшық ет топтарының тартылады, шатқаяқтап әрең жүреді. Жақтары қалшылдап, мойындары тартылып тіпті Ауески ауруын еске түсіретін эпилепсия талмасы да кездеседі. Дене температурасы әдетте қалыптан жағарыламайды. Кей жағдайларда жануарларда қатты күйзелу (депрессия) байқалады: шошқалар қимылсыз қалады, қабырғаға бастарын сүйеп тұрады. Одан әрі артқы аяқтары жартылай немесе мүлдем салданады. Бас кезінде жануар тәлтіректеп, артқы аяқтарымен тұра алмай алдыңғы аяқтарына сүйеніп шоқиып отырып қалады, соңында мүлде тұралап, салдану құбылысы күшейгенде өледі. Ауру жіті септикалық түрде сирек өтеді, бұл кезде: температура – 41 – 42 0С дейін жоғарылайды, тамыр соғысы жиілейді (130 – 150), тынысы жиілейді (30 – 40), шошқа төсенішке көміледі, азыққа жақындамайды және сыртқы ортаға мән бермейді. Кейде осыған іш өту, жөтел, мұрындарынан клегейлі сұйық ағу қосылады. Кейбір жануарларда тері асты клетчаткасында абсцесстер пайда болады. Өлуге бірнеше сағат қалғанда теріде цианоз (көгеру) пайда болуы мүмкін.

Қойларда жиі ринит және конъюнктивит ретінде байқалады.Ауру осы қалпында 1 – 2 күн созылады. Содан кейін орталық жүйке жүйесінің зақымдалу белгілері басталады: шайнау бұлшық еттері ретсіз тартылады (осыдан барып сілекейі көпіршікке айналады), мойын бұлшық еттері тартылады (басын бір жағына қарай қисайтады), көздерін бақырайтып (көздері әйнектеніп, қозғалмай қалады), көрмей қалады. Көбінесе айнала қозғалу қимылы (айналма) байқалады, осы кезде малдар жолында тұрған заттарға соқтығысып,



тоқтамай айналып жүре береді. Жануар бірте-бірте қимылын азайтып, біршама уақыт айналғаннан кейін әлсіреп, бастарын төмен салбыратып, сырқы ортаға мән бермей, сүлесоқ күйге түседі. Ауру малдар соңында құлайды және тұра алмайды; жүзу қимылдары пайда болады; содан кейін шайнау бұлшық еттері мен жұтқыншақ салданады; төменгі жағы салбырайды, ауыздары ашылып сілекей ағады. Әлсіреу мен салдану құбылыстары артып, коматозды жағдайға өткенде мал өледі.

Негізгі патологиялық анатомиялық белгілері:

Листериоздың жүйкелік формасы кезінде сойып зерттегенде ешқандай макроскопиялық өзгерістер байқалмайды. Кейбір зерттеушілер бауыр дегенерациясын, оның паренхимасында ұсақ некроз ошақтары байқаған. Әсіресе созылмалы жағдайда, сұр – сары түсті некроз ошақтарының диаметрі бірнеше сантиметрге жетуі мүмкін. Мида және оның қабығында ірінсіз менингоэнцефалит көрінісі: ми қабығындағы қан тамырларының инъекциясы, кейде қанталаулар, мидың ісінуі байқалады. Көбінесе бас және жұлын өзгеріссіз болады. Листериоздың септикалық формасында да паталогоанатомиялық көріністер болмайды. Бұл жағдайда бүйректің капсуласында, эндо- және эпикардта, плевраның үстіңгі сірілі қабығы мен құрсақтың сірілі қабығында, ішектің клегейлі қабатында қанталаулар кездеседі. Қанталау дәрежесі ауру барысына байланысты өзгеріп отырады. Ішек-қарынның клегейлі қабығы жабысқақ шырышпен майланып, домбығады, геперимияланады. Мезентериялды лимфа түйіндер ұлғайған, шырышты. Жоғарғы тыныс алу жолдарының (жұтқыншақ, трахея, бронхылар) клегей қабықтары катаралды қабынуға шалдығады. Кейде осыған катаралды пневмония қосылады.

Диагноз қояр алдында нені ескеру қажет:

Листериоздың анық клиникалық және патологанатомиялық белгілері болмайды. Оба, Ауески ауруы, құтырық кезінде де менингоэнцефалит құбылыстары болады. Обаны листериоздан эпизоотоия жағынан клиникалық-індеттік белгілері мен сойып зерттеу мәліметтері бойынша ажыратуға болады. Оба листериозға қарағанда қатты контагиозды (жұқпалы). Оба клиникасында терісінде қанталаулар, іш өту сияқты ауыр септикалық құбылыстар тән. Сойып зерттегенде – геморрагиялық диатез анық көрінеді, лимфа түйіндеріне мрамор көріністері тән, талақта инфарктар, ал өте жітілеу түрінде ішектің жуан бөлігінде ойық жаралар мен



дифтериялық ошақтар кездеседі. Құтырықта анамнезде қандай да бір хайуанмен (көбінесе иттер) тістелгендігін кездестіруге болады. Клиникасы жұтқыншақ және көмекей бұлшық еттерінің салданумен байланысты. Агрессия байқалады, басқа жануарларға шабады, бұл белгілер листериозда болмайды. Листериозды Ауески ауруынан ажырату өте қиын. Листериоз спорадиялық індет, ал Ауески ауруы тез таралады, сонымен қатар осы ауру кезінде ересек мал басында инфлюэнца тәрізді клиникасы болады, ал листериозда болмайды. Дегенмен, аурудың алғашқы кезеңінде тек зертханалық зерттеулердің көмегімен ғана ажыратуға болады. Әсіресе аурудың бас кезінде нақты диагноз қою үшін паренхиматозды органдарды және міндетті түрде ми бөліктерін, мидың үлкен жарты шарынан, мишықтан, сопақша миды 30 — 35% - тік глицерин ертіндісіне салып зертханаға жібереді. Диагноз бактериологиялық зерттеулермен бекітіледі.

Наши рекомендации