Осы балаға профилактикалық екпелерді қалай жүргізу қажет?
№ 3 Тақырып: Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау. Денсаулық топтары.
Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1.Бала 2 жас 10 ай. Физикалық даму бойынша – I дәрежелі салмақ жетіспеушілік, жүйке психикалық даму бойынша – III даму тобы, I дәреже. Жедел аурулар бір жыл бойына болмаған, гемоглобин 85 г\л. Қай денсаулық тобына жатады?
A. Бірінші;
B. Екінші;
C. Үшінші;
D. Төртінші;
E. Бесінші.
2. ЖТД балаларда денсаулығын кешенді бағалауда денсаулықты сипаттайтын өлшемдерді таңдау қажет (2 дұрыс жауап):
A. онтогенезде бұзылыстың болуы, дамудың туа пайда болған ақауларының бары не жоғын;
B. физикалық және жүйке-психикалық даму, онтогенезде бұзылыстың болуы
C. ағза резистенттілігінің , функциональды жағдайдың мәліметі
D. функциональды жағдайдың мәліметі, генетикалық анамнез мәліметі
E. дамудың туа пайда болған аномалияларының болуы, жанұлық анамнез мәліметі
F. ағза резистенттілігінің, жанұялық анамнез мәліметі
G. жанұялық анамнез, функциональды жағдайдың мәліметі,
H. физикалық және жүйке-психикалық дамуы, дамудың туа пайда болған ақауларының бары не жоғы.
3.Алдын ала қарауда бір жастағы бала. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сай. ЖРВИ дан кейінгі реконвалесцент. Церебралды ишемия II дәрежелі, жедел кезең диагнозымен невропатологта «Д» есепте тұрады. Екпелерін уақытында алған. Бала қандай денсаулық тобына жатады:
A. I денсаулық тобы
B. II денсаулық тобы
C. III денсаулық тобы
D. IV денсаулық тобы
E. V денсаулық тобы
4. Денсаулық жағдайын кешенді бағалауда бала ағзасының резистенттілігін (реактивтілігін) бағалаңыз (2 дұрыс жауап):
A. жоғары, орташа, төтенше;
B. жақсы, нашар;
C. қанағаттанарлық, қанағатаннарлық емес;
D. жоғары, орташа, аздап төмен;
E. жоғары, орташа;
F. жоғары, орташа, төменгіліу;
G. жоғары, қанағаттанарлық, төмен;
H. төмен, өте төмен.
5.Созылмалы ауруы жоқ, бірақ жиі ауыратын, физикалық және жүйке психикалық дауында бастапқы өзгерістері бар, функционалды ауытқулары бар балалар қандай денсаулық тобына жатады:
A. I денсаулық тобы
B. II денсаулық тобы
C. III денсаулық тобы
D. IV денсаулық тобы
E. V денсаулық тобы
6Бала 2ж.3 ай. Балабақшаға бармайды, анамнезі қолайлы, физикалық және жүйке психикалық дамуы жасына сай, соңғы жылда 3 рет ЖРИ мен ауырған; қарағанда соматикалық дені сау. Денсаулық тобын анықтаңыз:
A. I денсаулық тобы
B. II денсаулық тобы
C. III денсаулық тобы
D. IV денсаулық тобы
E. V денсаулық тобы
7.Балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау кезінде, денсаулықты негіздеуші критерииді таңдаңыз:
A. онтогенездегі ауытқу туралы мәліметтер;
B. физикалық және нервтік-психикалық даму;
C. организмнің резистенттілігі туралы мәлімет;
D. функциональді жағдайы туралы мәлімет;
E. туа болған ақаулар бар немесе жоқ
8.Қабылдауда анасы үш айлық баласының белсенді уілдеуінің жоқтығына шағымданады. Бұл факттің дұрыс түсініктемесін табыңыз:
A. 3 айға дейін белсенді уілдеудің болмауы қалыпты жағдай болып саналады;
B. Балада есту төмендеген, генетик, сурдолог кеңесіне жіберу керек;
C. ОЖЖ патологиясына байланысты балада психомоторлы дамуында қалыс қалған;
D. Дамуында қалыс қалу соматикалық әлсіз балада болуы мүмкін;
E. Дамуда қалыс қалу балада дамып келе жатқан аутизмнің салдарынан.
9.Өмірінің 1 айлығында балалардың психометриясында ПДН (НПР) көрсеткішін бағалаңыз (3 дұрыс жауап):
A. ұзақ өлеңдетіп гуілдейді (Ра), қолында ойыншықты ұстайды (Др);
B. қимылдағы затты баяу бақылайды, ересектің дауысына мән береді (Аз, Ас)
C. білегіне сүйеніп ішімен жатады (До), ойыншықты алады (Др);
D. әңгімеге жауап ретінде бөлек дыбыстар шығарады (Ра);
E. сыбырлаудың бастамасы (Э), ілініп тұрған ойыншықтармен ойнайды (И);
F. заттарды ажыратады (С), қасықпен тамақтанады (Н);
G. ішімен жатқанда, басын көтеруге тырысады (До), сұрағанға жауап бергенде бірінші рет күлуі(Э)
H. қатты күледі (Э), емізгенде анасының кеудесін демейді (Н).
10.2,5-жасар бала, мәліметтер: ФД – гипосомия, I дәрежелі салмақ жетіспеушілік; ЖПД – III топ, I дәрежелі; гемоглобин деңгейі – 85 г/л; анамнезінде ремиссия сатысындағы нейродермит. Қай денсаулық тобына жатқызасыз:
A. бірінші
B. екінші
C. үшінші
D. төртінші
E. бесінші
№ 3 Тақырып: Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау. Денсаулық топтары.
Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
№1 есеп:
Аймақтық дәрігерге, жоспарлы профилактикалық қабылдауға 6 айлық қыз бала анасымен келді Анасы 24 жаста, созылмалы пиелонефритпен, семіздіктен зардап шегеді, темекі тартады. Бала екінші жүктіліктен, соңғы триместрінде ЖРВИ-мен өткен. Мерзімінде босану, үй жағдайында, қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі, туған кездегі салмағы 4100г, ұзындығы - 53 см. 2 айынан бастап жасанды тамақтандырған. Қазіргі уақытта күніне 5 мезгіл тамақтандырады (ацидофилин қоспасы «Малютка», 220 мл, ботқа 180-200 г, жеміс пюресі, шырындар, жұмыртқа сарыуызы.). 2, 3 және 4 айында АКДС + полиомиелитке қарсы екпелер жүргізілген. 1,5 айында обструктивті синдроммен өткен ЖРВИ-мен ауырған.
Қарағанда: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Салмағы 8700г, ұзындығы - 67 см, кеуде шеңбері 44 см. Басын жақсы ұстайды, аунайды, еңбектеуге тырысады, өздігімен отырмайды, Тері және кілегей қабаттары таза. Тамақтануы жоғарылаған. Үлкен еңбегі 1,0 x1,0 см. Тістері жоқ. Тірек-қимыл жүйесі жағынан көзге көрінетін патология жоқ. Өкпеде пуэрильді тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, шулар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, талақ пальпацияланбайды. Үлкен дәреті күніне 2-3 рет, ботқа тәрізді, патологиялық қоспаларсыз.
№1 Есепке тапсырма:
1. Баланың денсаулық жағдайын бағалаңыз.
2. Баланың денсаулық тобын анықтаңыз, негіздеңіз.
3. Баланың дамуында қандай ауытқулар анықталды?
4. Физикалық және психо-моторлы дамуы жасына сай ма?
5. Эрисман индексін есептеңіз.
6. Баланы қандай қауіп тобына жатқызуға болады?
7. Осы қауіп факторлары жүзеге асырылды ма?
8. Балаларда осы патологияның даму себебі.
9. Баланы бірінші жылында бақылау жоспары. Тағайындаулар?
10. Д дәруменімен рахиттың алдын алуын жүргізу қажет пе?
11. Келесі екпелер қашан жүргізіледі?
12. Осындай патологиясы бар балалардағы нейроэндокринді жүйесінің функциональдық белсенділігінің негіздері.
№2 есеп:
Аймақтық дәрігерге анасы мен баласы жоспарлы профилактикалық қарауға келді. Елена К, қыз бала, 2ай 25 күндік. Қабылдауда соғы рет 1 айында болған. Анасының сүтімен қоректенеді. Соңғы 2 аптада мазасыз бола бастаған, тамақтандыру арасындағы үзілісті көтере алмайды, кіші дәреті сирек. Ата-анасының дені сау. Анасындағы жүктілік бірінші, жүктіліктің екінші жартысы токсикозбен өткен. 32 аптасында бронхитпен ауырған. Мерзімінде босанған. Қыз бала бірден айқайлаған, Апгар шкаласы бойынша 7/8 балл. Туған кездегі салмағы 3200 г., ұзындығы – 51 см. Перзентханадан қанағаттанарлық жағдайда үшінші тәулікте шығарылған. Қазіргі уақытқа дейін ешқандай аурумен ауырмаған.
Антропометрия: Салмағы – 4.600 г., ұзындығы – 57 см., кеуде шеңбері – 38 см. Дене температурасы 36,8°. Тері қабаты таза, қалыпты түсті. Тері асты шел-май қабаты нашар дамыған, аяқ-қолдары жіңішкерген. Кілегей қабаттары таза, араны қалыпты. Пэурильді тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, шулар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Үлкен дәреті күніне 2 рет, ботқа тәрізді, сары түсті, қышқыл иісті. Қарағанда бала мазасыз, жылайды. Басын жақсы ұстайды. Арқасынан ішіне аунауға тырысады. Ашық түсті заттарды жақсы бақылайды. Моро рефлексі, Бауэра рефлексі, автоматты түрдегі жүріс жоқ. Тонусты мойын және іздеу рефлексі жойылып бара жатыр. Қармап алу және табан рефлекстері жақсы шақырылады.
№2 Есепке тапсырма:
1. Диагноз қойыңыз.
2. Денсаулық тобын және бағытталған қауіп факторын анықтаңыз.
3. Осы аурудың диагностикалық критерийлерін атаңыз.
4. Эрисман индексін және тиісті дене салмағын есептеңіз.
5. Балаға қандай тексерулер жүргізу керек?
6. Психомоторлы дамуы баланың жасына сай келе ма?
7. Ем тағайындаңыз.
8. Алдын- алу шараларының жоспары.
9. Баланы қандай дәрігергер -мамандар қарау керек?
10. Ауруды уақытылы анықтамаған жағдайда баланың болжам денсаулық жағдайын құрастырыңыз.
11. Белгіленген мерзімде алдын- алу екпелерін жүргізу мүмкіндігін бағалаңыз.
Тақырып № 4: Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын және дамуын бақылау. Диспансерлік мониторингтың ерекшелігі. Әртүрлі мүше мен жүйелер патологиясының ерекшеліктері және қалпына келтіру.
Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1.Алдын ала қарауда 3 айлық бала. Салмағы 5400 гр., бойы 61 см. Гемоглобин 120 г/л.Бала екінші жүктіліктен, екінші жартысы гестозбен өткен, бірінші босанудан, салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Табиғи тамақтануда, дамуы қалыс қалмаған. Екі рет ЖРВИ-мен ауырған. Баланың резистенттілігін анықтаңыз:
A. жоғары
B. орташа
C. қалыпты
D. төмен
E. өте төмен
2.Қандай жағдайда 2 жаска дейінгі баланы жиі ауырады деп есептеуге болады, егер (2 дұрыс жауап):
A. Өмірінің екі жыл ішінде жедел аурулармен 7 рет ауырса;
B. Өмірінің екі жыл ішінде рахиттің реконвалесценция сатысында жедел аурулармен ауруы үш рет байқалса;
C. Бронх демікпесінің асқынуымен жылына екі рет және жедел аурулармен жылына 6 рет ауырса;
D. Созылмалы отиттің асқынуымен жылына 3 рет ауырса;
E. Жедел респираторлы аурулармен ауруы 4 рет байқалса;
F. Жедел респираторлы-вирусты инфекциямен ауруы жылына 5 рет байқалса;
G. ТЖА аясында жедел респираторлы-вирусты инфекциямен жылына 3 рет ауырса;
H. Бронх демікпесінің асқынуымен жылына екі рет және жедел аурулармен жылына 2 рет ауырса.
3.Дені сау балаға арнайы гимнастика мен массажды қай жасында жасауға болады:
A. Туғаннан бастап
B. Керек емес
C. Бір жарым айдан бастап
D. 2-ші айдан бастап
E. 6 айдан бастап
4.Диспансерлік хаттама бойынша балалардағы 12-елі ішек жара ауруының тұрақты ремиссия сатысында ЖТД-ң іс- әрекеті (3 дұрыс жауап):
A. ОМҚ жылына 1 рет, ЖТД жылына 2 рет, гастроэнтеролог жылына 2 рет;
B. ОМҚ жылына 2 рет, ЖТД жылына 1 рет, гастроэнтеролог көрсеткіші бойынша;
C. ОМҚ жылына 3 рет, ЖТД жылына 2 рет, гастроэнтеролог жылына 1 рет;
D. ОМҚ жылына 1 рет, ЖТД жылына 2 рет, гастроэнтеролог жылына 2 рет;
E. ЖҚА жылына 2 рет, биохимиялық қан анализі жылына 2 рет,ФГДС көрсеткіші бойынша;
F. ЖҚА жылына 1 рет, биохимиялық қан анализі жылына 1 рет,ФГДС жылына 2 рет;
G. Диспансерлік бақылаудың ұзақтығы соңғы асқынудан кейін 5 жылдың ішінде болуы керек;
H. Диспансерлік бақылаудың ұзақтығы соңғы асқынудан кейін 3 жылдың ішінде болуы керек.
5.Анемия даму қаупі бойынша диспансерлік есепте тұрған балаларды есептен шығару критерийі:
A. 1 ай бойы гемоглобиннің тұрақты болуы
B. 3 ай бойы гемоглобиннің тұрақты болуы
C. 6 ай бойы гемоглобиннің тұрақты болуы
D. 9 ай бойы гемоглобиннің тұрақты болуы
E. 1 жыл бойына гемоглобин деңгейі қалыпты болуы
6.БМСҚ жағдайдада 1-жасқа дейінгі балалардың эпикриздік мерзімін көрсетіңіз:
A. Қалыпты деп саналатын жасынан ± 15 күн, аралығындағы уақыт интервалы
B. Қалыпты деп саналатын жасынан ± 1 ай, аралығындағы уақыт интервалы
C. Қалыпты деп саналатын жасынан ± 2 ай, аралығындағы уақыт интервалы
D. Қалыпты деп саналатын жасынан ± 3 ай, аралығындағы уақыт интервалы
E. Қалыпты деп саналатын жасынан ± 6 ай. аралығындағы уақыт интервалы
7.Диспансерлік хаттамаға сәйкес жүрек зақымдануынсыз және тұрақты ремиссия кезіндегі дәнекер тінінің аурулары мен ревматизммен ауырған науқастарды диспансерлік бақылау мерзімін көрсетіңіз:
A. 1 жыл
B. 2 жыл
C. 3 жыл
D. 5 жыл
E. 10 жыл
8.Диспансерлік хаттамаға сәйкес екіншілік гипертензиясы бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:
A. 1 жыл;
B. 3 жыл;
C. 5 жыл;
D. 10 жыл;
E. өмір бойы.
9.Балалардың мектепке психо-физиологиялық дайындығын анықтау үшін келесідей деңгейлер бағаланады (3 дұрыс жауап):
A. антропометриялық деректер нәтижелері (салмағы, бойы, бас және кеуде шеңбері);
B. морфофункцияналдық деңгейі (физикалық дамуы, резистенттік, нейродинамикалық қасиеттері, сөйлеудің, бұлшық еттің, жұмыс жасау қабілетінің дамуы);
C. жүйке-психикалық даму деңгейі (белсенді, енжар сөйлеудің дамуы, сенсорлы даму, эмоциональды белсенділігі);
D. функциональды жағдай деңгейлері (АҚҚ, Ps, ЖСЖ,ТЖ);
E. физикалық дайындығы (бұлшықеттің, кеуде қуысының, омыртқаның дамуы);
F. ақыл-ой дайындығы (қабылдау, есте сақтау, ойлау,елестете білу);
G. жеке дайындығы (мектепке деген көзқарасы, оқу-танымдық қызметі, қарым-қатынас құра білуі, этикалық нормаларды игеруі және іске асыра білуі);
H. көркемдік даму деңгейі (сурет сала білу қабілеті, әдемі,таза жаза білуі, көркем сөз оқу және ән айта білу қабілеті).
10. Ұйымдасқан мекемелерде респираторлы вирусты инфекциялармен ауырған балаларға жүргізіледі:
A. 1-2 аптада физикалық тәрбиелеудің негізгі сабақтарын босату;
B. Арнайы физкультуралық топ ұйымдастыру;
C. Физкультурадан арнайы дайындық тобын ұйымдастыру;
D. Жарыстардан босату;
E. 1 айға сабақтан босату.
Тақырып № 4: Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын және дамуын бақылау. Диспансерлік мониторингтың ерекшелігі. Әртүрлі мүше мен жүйелер патологиясының ерекшеліктері және қалпына келтіру.
Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
№1 есеп:
Ұл бала 4 жас. ЖРВИ -мен ауырғаннан кейін ұзақ жөтелді шағымымен ата-анасы дәрігерге қаралды.
Ұл бала бірінщі жүктіліктен,бірінші жартысы токсикозбен өткен,жедел босану. Туылғандағы салмағы 3300гр, бойы 51см. Бірден айқайлаған, бірінші тәулікте көкірегіне берілген. Перзентханадан 6-шы күні шығарылған. Нәрестелік кезең ерекшеліксіз өткен. Жасанды тамақтандыруға 3,5 айынан бастап ауыстырылған. 7 айда отырған, 10 айда тұрған, 1 жастан жүрген. Атопиялық дерматитке байланысты жеке күнтізбелік жеңілдетілген әдіспен профилактикалық екпелер жүргізілген. 3,5 жасынан бастап балабақшаға барады. Осы уақыттан бастап ЖРВИ- мен жиі ауырады, жөтелмен жүретін, 3-аптадан астам жалғасып келеді. Аденоидты вегетация 2 дәрежесі деп ЛОР –дәрігері анықтаған. Отбасы анамнезі: баланың анасында- тағамдық және дәрілік аллергия, әкесінің-дені сау, көп темекі шегеді.
Аурудың бастамасы дене температурасының жоғарлауы, бас ауруы, мұрынннан бөлінетін су, құрғақ жөтелмен, бірнеше күннен кейін ылғалды жөтелге ауысқан. Таңертең жөтел күшейген. Кей кезде жөтел ұстамасы құсумен аяқталады. Сиптоматикалық ем (жөтелге қарсы препараттар) жеңілдену әкелмеді. Учаскелік дәрігер үйге шақырылды.
Қарау кезінде баланың жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындысының бозарған, көзжас ағу, ринорея байқалады. Жөтел ылғалды. Дене температурасы 37,2°С. Өкпеде перкуторлы дыбыс, аздаған қораптық дыбыс байқалады. Аускультативті: ұзартылған дем шығару фонында-шашыраған құрғақ сырылдар, дем алғанда-ылғалды орта көпіршікті сырылдар. ТЖ-28 рет 1 минутта. Жүрек шекарасы: оң жақ-кеуденің оң жағымен, шуыл жоқ. ЖСЖ 110 рет/мин. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры оң жақ қабырға доғасынан +1,5 см шығыңқы.
Жалпы қан анализі: НЬ - 120 г/л, Эр - 5,1х1012/л, Лейк - 4,9х109/л, т/я - 2% с - 48% э - 3% л - 38%, м - 9%, ЖҚА - 6 мм/сағ.
Кеуде клетка рентгенографиясы: Перебронхиальды өзгеріс пен тамырлық компонент есебінен өкпе суреті күшейген, көбінесе өкпе түбір аймағында.
№1 Есепке тапсырма:
Диагноз койыңыз