Тапсырма. мәтінді оқыңыз, мазмұнын ііі жақта баяндаңыз.

Медициналық микробиологияның ең маңызды міндеті инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын – микробтарды анықтау болып табылады. Сондықтан микробиологияның әдістері патогенді әсер ететін микробтардың қасиеттерін зерттеуге және олардың әсерінен адамдар мен жануарлардың организмінде пайда болатын үдерістерді зерделеуге бағытталған.

Микробиологияның негізгі зерттеу әдістеріне жатады:

· микроскопиялық – микроскопиялық арнайы техниканы пайдаланып, микробтар морфологиясын зерттеу;

· бактериологиялық (культуралық) – микробтардың таза культурасын бөліп алып, оларды сәйкестендіруге, яғни микробтың түрін анықтауға мүмкіндік беретін биологиялық қасиеттерін зерттеу;

· серологиялық – науқас организмнің биологиялық сұйықтықтарында (көбінесе қан сарысуында; лат.: serum–сарысу) қоздырғышқа қарсы пайда болған антиденелерді анықтау;

· аллергиялық – адам организмінде (теріде, шырышты қабаттарда немесе қанда) қоздырғыш-микробтың бүтін жасушасы немесе оның компоненттері әсерінен пайда болатын аллергиялық феномендерді бағалау;

· биологиялық – зертханалық жануарлар немесе тауық эмбриондарындағыинфекциялық үдерістерді модельдеу;

· хемотаксономиялық – организмде тікелей бөліп шығаратын тіршілік өнімдері бойынша микробтарды зерделеу (қоректік орталарда алдын алакультураландырусыз). Бұл үшін газды және газды-сұйықтықты хромотографиян қолданылады;

· молекулалық-биологиялық – полимеразалық тізбектеу реакциясының (ПТР), сиквенирлеу және ДНҚ будандастыру әдістерімен микробтық нуклеин қышқылының құрамын зерттеу.

Медициналық микробиология инфекциялы ауруларға диагноз қоюдан басқа, арнайы алдын алу(вакцина алу) және емдеу (иммунды сарысулар) әдістерін жасайды. Қазіргі кезде медициналық биотехнология ХХғасырда микробиологиядан бөлініп, ғылым ретінде мүлде жаңа гендік-инженерлік вакциналар, синтетикалық иммундымодуляторлар, диагностикумдар, вакциналық препараттар жасауға мүмкіндік береді.

Инфекциялы аурулардың жаңа түрлерінің қоздырғыштары табылуына байланысты,бұл ерекше маңызды болып отыр. Соңғы 30-40 жылда 50-ден астам жаңа микроб- –. легионерлерауруы, Марбург және Эбол геморрагиялық безгегі,инфекциялы Т-жасушалық лейкозы, АИВ-инфекциясы, С, D, Е, ТТV гепатиттері, атипті пневмония (АЖРС – ауыр жедел респираторлы синдром, ағыл.: SARS – sev.acutо resp. sindr.), кеуектіэнцефалопатия (сиырдың құтыруы), құс тұмауы және т.б.сияқты қауіпті инфекциялы аурулардың қоздырғыштары табылды.

Ерте заманнан бері адамдар микробтардың қатысуымен болатын үдерістерді тағамдық өнімдер дайындау (көкөністерді ашыту, сыра және шарап дайындау, сүтқышқылды өнімдер алу, ірімшік дайындау және т.б.) үшін пайдаланған. Күнделікті өмірде микробтардың тікелей қатысуымен алынатын өнімдерді кездестіріп отырамыз. Олар: – антибиотиктер, дәрумендер, ферменттер, қаналмастырушылар, әртүрлі органикалық қышқылдар. Нәруыз өндіру жылдамдығы бойынша микробтарға тең келетін тірі организм жоқ.

Тірі организмдер сатысында микробтар қандай орын алады? Микробтар ашылғанға дейін тірі организмдердің бәрі екі әлемге – өсімдіктер және жануарлар әлемінежатқызылды. Микробтар үшінші әлемге– протисталарға жатқызылды (Э. Геккель), ол жоғарғы сатылы протисталар (саңырауқұлақтар, балдырлар, қарапайымдылар) және төменгі сатылы протисталар (бактериялар және көк-жасыл балдырлар) деп екіге бөлінеді.

Ағылшын физигі Р. Гук қарапайым микроскоптың көмегімен жасушаны ашты (1665), содан кейін бір жарым ғасыр өткен соң (1839), Т. Шиванн (1810-1882) менМ. Шлейден (1801-1881) органикалық әлемнің жасушалық теориясын ұсынады.

Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне жататын тірі организмдердің бәрі қарапайым бірлік – жасушадан құрылған. Жасуша кез келген тірі материяның негізгі құрылымдық бірлігі, яғни организмдер конструкциясының негізін қалаушы болып табылады.

Тапсырма. Мәтінлә ұсақ бөлімдерге бөліп оқыңыз және тезистік сұрақ қойыңыз.

Микробтар әлемі

Микробтардың таңғажайып әлемін голландиялық саудагер Антоний Ван Левенгук (1632-1723) ашты. Жасымық линзаларындайындаумен әуестенетін ол өзі құрастырған аспапты микроскопия деп атады. Бұл екі жағыдөңес, беткейі мұқият ажарлап тегістеген, айналасы күміспен немесе жезбенкөмкерілген әйнек 300 есе ұлғайтып көрсететін. Кейін ол қазіргі микроскопқа ұқсас аспап құрастырды.

Левенгук микробтарды– өзі «анималькуль» деп атаған өте ұсақ«жануарлардың» орасан зор әлемін ашуымен (1676) әйгілі болды. Өзі мүшесі болып сайланған Лондон корольдігі қоғамына ол: «Осы кішкентай тіршілік иелеріндеқаншама ғажайып сыр жатыр», – деп жазды. Тіс өңезін зерттей отырып, ол былай деген: «Менің ауыз қуысымдағы олардың саны БіріккенКорольдіктегі адамдар санынан да артық болған шығар. Мен бұл материалдан аса қызу қозғалыстыкөптеген қарапайым жануарды көрдім. Олар менің сақалымның бір талшығынан он мың есе жіңішке».

Левенгук микробтардың барлық пішіндерінкөріп,олардың сипаттамасын берді: коктар, таяқша пішінді және ирекшелер. Ол осындай кішкентай «жануарларды» барлық жерден –: жауын суынан, арық суынан, өсімдіктертүбірінің тұнбасынан, нәжістен, тіс өңезінен байқап,қоршаған әлемде микробтар тығыз орналасқан деген қорытынды жасайды.

Левенгук ашқан микробтар әлемі қиял-ғажайып ретінде көрінгені сонша, кейінгі 50 жыл бойы елдің бәрінтаңқалдырып келді.

Дегенмен, алғашқы кезде микробтардың ашылуын ғылыми қауымдастық қызықты кездейсоқ, ешқандай тәжірибелік маңызы жоқ оқиға ретінде қабылдаған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында микроскопиялық техниканың дамуына және атақты француз химигі Л. Пастердің (1822-1895) ашыту үдерісін зерттеу жұмысына байланысты микроскопиялық организмдер әлеміне зерттеушілердің көңілі қайтадан аударыла бастады.

Л. Пастер 1856 ж.шарап пенсыра ауруының өте маңызды мәселесін шешті.Францияда шарап пен сыраның көп мөлшердебұзылуынанелорасаншығынға ұшыраған. Пастер аталған өнімдерде ауадан және пайдаланған ыдыстардан түсетін көптеген бөтен микрофлора дамитынынайқындады. Ол осыөнімдерді 50-60°С-та ысытуды ұсынды, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылған. Бұләдіс пастеризациялау деп аталды. Микробтардың спораларын жою мақсатындаЛ. Пастер сұйықтықтарды 120°С-та, ал қатты заттарды 140°С-та стерильдеуді ұсынды.

Л. Пастер 1868 ж.Францияның жібек өндірісін шығыннан құтқарады.Ол жібек жіпшелерін шығаратынқұрттардыңауруларынмикробтар тудыратынын дәлелдеп, оның алдыналу шараларын ұсынды.

Ау, шіру табиғатын және жібек құрттарының ауруына микробтар себепкер болатынын ашқанЛ. Пастер адамдар мен жануарлардың инфекциялы ауруларының пайда болуына тірі микробтар себепкер болатынан дәлелдеді. Ғалым тауық тырысқағының, босану қызбасының, остеомиелиттің, септицемияның, іріңдердің қоздырғыштарын ашты.

Л. Пастер 1880-1885 жылдар аралығындаинфекциялы аурулардың алдын алуғаарналған вакциналар дайындау әдісін жасап шығарды. Тауық тырысқағына, күйдіргі және құтыру ауруларына қарсы вакциналар дайындаған ол организмге енгізілген әлсіздендірілген (аттенуацияланған) микробтар кейін сол микробтың вирулентті түрлерінжұқтыруға қарсы иммунитет қалыптасады дегенөте маңызды қорытындыға келеді.

Құтыруға қарсы вакцина шығарудағы Л. Пастердің айрықша үлесін ескере отырып, оның вакциналарымен иммунизация жүргізілетін станциялар пастерлік деп аталды. Ресейдегі бірінші, ал дүние жүзіндегі екінші пастер станциясынОдессада 1886 ж. И.И. Мечников пенН.Ф. Гамалея ашты.

Өзінің данышпандық еңбегімен Л. Пастер микробиологияда физиологиялық зерттеу әдісін енгізіп, микробтардың этиологиялық қызметін дәлелдеді, вакцина егудің ғылыми негізін жасады, яғни микробиологияның негізін қалаушы болды.

Л. Пастер заңды түрдемикробиологияның және иммунологияның әкесі деп есептеледі – осы ғылымдардың негізін құраған жаңалықтарсоның атымен байланысты. 1885 ж.Л. Пастер құтыру ауруына қарсы вакцина жасады. Антирабикалық вакцина(rabies–құтыру) құтыру ауруының тіркелгенвирусынан (virus – франц.: у немесе уыт) дайындалған. Жүз жылдан астам уақыттан соң осы термин жаңа, заманауи маңызға ие болды.

Негізін өзі қалаған (1888 ж. халықаралық жазылым бойынша жиналған қаржыға) Париждегі институтқа Л. Пастердің аты берілген. Пастер институты ХІХ ғасырда әлемдік микробиологиялық ғылым орталығы болды, сол деңгейін осы кезге дейін ұстап тұр. Пастер институтында жұмыс атқарған әйгілі орыс ғалымдары И.И. Мечников, С.Н. Виноградский, Н.Ф. Гамалея, В.М. Хавкин, А.М. Безредка және т.б.франциялық мектептің ізбасарлары болды.

Микробиологтардың неміс мектебі Л. Пастер мектебімен қатар дамып, үлкен жетістіктерге ие болды, оның негізін қалаушы – Роберт Кох (1843-1910). Ол күйдіргі ауруының қоздырғышын (1876), стафилококктың (1878), сіреспе және жарақат инфекцияларының қоздырғыштарын (1889), туберкулез қоздырғышын (Кох таяқшасы) және туберкулезге диагноз қоюда қолданылатынтуберкулин, тырысқақ вибрионымен оның берілу жолдарының (1883-1884 жж.)культураландыру әдістерін және толық сипаттамасын берді, қайталама сүзек, тирпаносомоз және басқа даинфекциялардыңқоздырғыштарын ашты.

Р. Кох 1891 ж. Берлинде өзі негізін салғанИнфекциялы аурулар инситутына басшылық етті. Ол микробиологияға көптеген маңызды зерттеу әдісін– анилиндік бояғыштарды; микроскопта иммерсиялық жүйемен конденсор пайдалануды; биологиялық сұйықтықтарда және тығыз қоректік орталарда микроорганизмдерді культураландыру әдісін қолдануды; микробтың жекелеген колонияларын, яғни таза культурасын бөліп алу үшін бактериологиялық ілмекпен бөлшектеп себу әдісін практикаға енгізді. 1905 ж. олтуберкулез қоздырғышын ашқаны үшін физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері болды.

Микробиологтардың неміс мектебінің жарқын өкілі Пауль Эрлих (1854-1915) болды. П. Эрлих 1891 жылдан бастап ауру қоздырғыштарының тіршілік әрекетін жоюға қабілетті химиялық қоспалар алу жолын іздеумен шұғылданды. Төрткүндік безгекті метиленді көк бояумен емдеуді тәжірибеге енгізді, трипаносомозды емдеу үшін трипандық қызылды пайдалануды ұсынды. Мерез ауруын емдеуде П. Эрлихтің күшәләнің (мышьяк) органикалық қоспаларын қолдану жұмыстары ерекше орын алады. П. Эрлих 1907 ж. мерез ауруына қарсы тиімді құрал – арсфенаминді (арсенобензол туындысы) ашқанын жариялады, ғалым оны сальварсандеп атады (лат.: salvatio– құтылу). Бұл дәрмек 606-препарат деген атпен де белгілі, өйткені қоспа Эрлих сынақтан өткізген 606-тәжірибесі болатын. Көп кешікпей неосальварсан немесе914-препарат пайда болды.

Ресейлік ғалым Д.И. Ивановский вирустарды ашу мәртебесіне ие болды. 1944 ж. белгілі американдық вирусолог У. Стенли былай деп жазды: «Мен вирустар туралы ғылымдағы Ивановскийдің атын микробиологиядағы Пастер мен Кохесімдеріменқатар қарастыру керек депойлаймын».

Инфекциялық үдерістерді зерттеуде және эпидемиялармен күресу шараларын жүргізуде ресейлік микробиологтардыңкөпшілігіүлкен үлес қосты. Н.Ф. Гамалеяның (1859-1949) елдегі шешек ауруын жоюдағы сіңірген еңбегі орасан зор. Ол көптеген ғылыми зерттеудің, соның ішінде құтыру, тырысқақ, обаға арнаған және басқа да маңызды ғылыми зерттеу еңбектерініңавторы болды. Күйдіргі ауруымен күресу шараларын атқаруда Л.С. Ценковскийдің (1822-1887) жұмыстары үлкен роль атқарды.

Г.Н. Габричевскийдің (1860-1907) жігерлі іскерлігінің нәтижесінде Ресейде дифтерияға қарсы сарысу өндірісі ұйымдастырылды, жәншауға (скарлатина)қарсы вакцина жасалды. Г.Н. Габричевский Ресейдегіалғашқыбактериологиялық институттың және Мәскеу мемлекеттік университетіндегіалғашқымикробиология кафедрасының негізін қалады.

С.Н. Виноградскийдің (1856-1953) еңбектерінде прокариоттар метаболизмі заманауи түсініктерінің негізі жасалып, жаңа ғылым– топырақ микробиологиясы пайда болды.

Отандық ғалым-микробиологтар Л.А. Тарасевич (1868-1927), Д.К. Заболотный (1866-1929), П.В. Циклинская (1859-1923) микробиология және эпидемиология саласына үлкен үлес қосты.

З.В. Ермольеваның (1898-1979) және Г.Ф. Гаузенің жұмыстары нәтижесінде 1943 ж.алғашқыотандық антибиотиктер – пенициллин, грамицидин С, стрептомицин алынды, Ресейде антибиотиктер алынатыналғашқыинститут ұйымдастырылды.

Кеңестік ғалымдардың – П.Ф.Здродовскийдің (1890-1976)риккетсиоздарды зерттеу жөніндегі, А.А. Зильбердің (1894-1966)канцерогенездің вирустық-генетикалық теориясы, М.П. ЧумаковпенА.А. Смородинцевтің (1901-1986) вирустық энцефалиттерді зерттеу және полиомиелитке қарсы отандық вакцина жасап шығаружөніндегі, П.Н. Кашкиннің (1902-1992) саңырауқұлақтарды зерттеу және отандық медициналық микологияның негізін қалаужөніндегі, Н.П. Елиновтың, А.А. Воробьевтің жаңа микробтық биотехнологиялар жасаужөніндегі және басқа да көптегенеңбек шетелде кеңінен белгілі болды.

Наши рекомендации