Аталық без қабықтары, олардың туындылары.

Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып,аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады.Кейін, ол жерде ұма қалыптасады.

Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna) ;7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis) ,ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.

73.Аталық бездің шәует шығару жолдары, бөлімдері, қызметі

Аталық без сыртынан ақ қабық tunica albuginea деп аталатын фиброзды қабықпен қапталған.Қабық астында аталық без тіні немесе паренхимасы орналасқан.Ақ қабықтың артқы шетінен аталық без паренхимасына дәнекер тіннің өсіндісі-аталық без орталығы mediastinum testis енеді.Одан паренхиманы аталық без үлесшелеріне lobuli testis бөлетін жұқа дәнекер тінді аталық без қалқашықтары septula testis тарайды.Аталық без үлесшелері конус пішінді және оның ұшы аталық без орталығына қарайды.Аталық безде 250-300 дейін үлесшелер бар.Әр аталық без үлесшелерінде құрамында сперматогенді эпителийі бар 2-3 иреленген шәует өзекшелері tubuli seminiferi contorti бар.Олар аталық без орталығына бағытталып үлесшелердің ұшы аймағында бір-бірімен қосылып, қысқа тік шәует өзекшелерін tubuli seminiferi recti түзеді.Бұл өзекшелер аталық без торына ашылады.Аталық без торынан аталық без қосалқысының түтігіне ашылатын 12-15 өзекшелер ductuli efferentes testis басталады.Шәует тек иреленген шәует өзекшелерінде түзіледі.Аталық бездің қалған түтікшелері мен өзекшелері шәует шығаратын жолдар болып табылады.

74.Шәует қуықшалары, бульбоуретральді бездер, олардың несеп жібергіш өзекке қатынасы.

Шәует қуықшасы vesicula seminalis- кіші жамбас астауында, шәует шығаратын түтіктің ампуласынан латеральді, қуықасты безден жоғары және несепқуық түбінен артта және бүйір орналасатын секреторлық жұп мүше.Ішастар шәует қуықшасының тек жоғарғы бөлігін жабады.Шәует қуықшасының беті кедір-бұдыр.Оның несепқуыққа қараған алдыңғы және тік ішекке қараған артқы бетін ажыратады.Шәует қуықшасының ұзындығы 5 см шамасында, ені 2 см, қалыңдығы 1 см.

Буылтық-несеп шығаратын өзек безі, glandula bulbourethralis Куперов безі-қос мүше, еркек несеп шығаратын өзек қабырғасын несептің тітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйықтық бөліп шығарады.Бұл бездер еркек несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің артында, шаттың терең көлденең бұлшықетінде орналасқан.Бездер бір-бірінен 0,6 см қашықтықта орналасқан.Олар дөңгелек пішінді, тығыз, сарғыш түсті, беті сәл бұдырлы және диаметрі 0,3-0,8 см болып келеді.Бұл бездер ұяшықты-түтікті бездер болып табылады.Олардың түтіктері жіңішке және ұзын , еркек жыныс мүшесінің буылтығын тесіп өтіп, несеп шығаратын өзекке ашылады.

75.Шәует шылбыры, оның құрамды бөліктері

Шәует шылбыры Funiculus spermaticus аталық бездің ұмаға түсу процесінде пайда болады.Оның ұзындығы 15-20 см дөңгелек жіп, шап өзегінің терең сақинасынан аталық бездің жоғарғы жиегіне дейінгі аралықта орналасады.Шәует шылбырының құрамына: шәует шығаратын түтік, аталық без артериясы, сабақты веналық өрім, аталық без бен оның қосалқысының нервтері және лимфа тамырлары және қынаптық өсіндінің қалдықтары кіреді.Шәует шылбырының 2 қабығы болады: ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna және сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.

76.Аталық сыртқы жыныс ағзалары, олардың анатомиясы.

Аталық сыртқы жыныс ағзаларына еркектің жыныс мүшесі және ұма жатады.

Еркек жыныс мүшесі penis несепқуықтан несепті шығару және әйелдің жыныс жолына шәует жіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы ьос бөлігі жыныс мүшесінің денесінен corpus penis тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі ostium urethrae externum бар еркек жыныс мүшесінің басымен glans penis аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің басында кеңейген бөлігі- жыныс мүшесі басының тәжі corona glandis және тарылған бөлігін- мойнын collum glandis ажыратады.Артқы бөлігі – еркек жыныс мүшесінің түбірі radix penis қасаға сүйегіне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің денесінің жоғарғы-алдыңғы бетін-арқашығы dorsum penis деп атайды.Еркек жыныс мүшесінің төменгі бетінде жігі raphe penis болады, ол артынан шат пен ұма терісіне жалғасады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бөлігіндегі терісі басын жабатын жақсы жетілген тері қатпарын-бүрікбас preputium penis түзеді.Бүрікбас еркек жыныс мүшесі басының терісіне жалғасып, оның мойнына бекиді.Еркек жыныс мүшесі басының төменгі жағында бүрікбас, бүрікбас жүгеншігімен frenulum preputii байланысқан.Бүрікбастың ішкі табағының терісінде бездер орналасқан.

Еркек жыныс мүшесі екі үңгірлі денеден corpora cavernosa penis және олардан төмен орналасқан бір кеуекті денеден corpus spongiosus penis тұрады.Жыныс мүшесінің әр үңгірлі денесі цилиндр пішінді және олардың артқы шеттері үшкірленіп, қасаға сүйегінің төменгі тармағына бекитін еркек жыныс мүшесінің аяқшалары crura penis түрінде жан-жағына таралады.Үңгірлі денелер өзара медиальді беттерімен бітісіп, жалпы үңгірлі дененің ақ қабығымен tunica albuginea corporum cavernosorum жабылған.Олар үңгірлі дененің аралығында еркек жыныс мүшесі басының қалқасын septum penis түзеді.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі артқы бөлігінде кеңейіп, еркек жыныс мүшесі буылтығын bulbus penis ал алдыңғы шеті күрт қалыңдап, еркек жыныс мүшесі басын glans penis қалыптастырады.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі кеуекті дененің ақ қабығымен tunica albuginea corporis spongiosi fascia жабылған.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті және үңгірлі денелері терең және беткей шандырлармен penis profunda et fascia penis superficialis қапталған.Еркек жыныс мүшесі терең және беткей байламдармен фиксацияланады.

Ұма scrotum алдыңғы құрсақ қабырғасында, аталық жыныс бездеріне арналған екі дербес камералы қалта тәрізді.Ұма еркек жыныс мүшесі түбірінен артта және төмен орналасқан.Оның әр камерасында аталық без орналасқан.Ұманың 7 қабығы ажыратылады, олар аталық бездің қабықтары болып табылады:1.тері cutis.Ұманың терісі жіңішке, қатпарларға жеңіл жиналады, түсі қою.2.бұлшықеттік қабық tunica dartos.Ол теріасты шелмайының туындысы.Бұл қабық оң аталық безді сол аталық безден бөліп тұратын ұма қалқасын түзеді.3.сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры fascia cremasterica 5.аталық безді көтеретін бұлшықет m.cremaster 6.ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna 7.аталық бездің қынапты қабығы tunica vaginalis testis.Ол екі табақтан тұрады: lamina parietalis және lamina visceralis.Бұл екеуінің арасында тұйық сірлі қуыс болады.

77.Қуықасты безі, құрылысы, қызметі

Қуықасты безі Prostata – тақ бұлшықетті мүше, сперманың құрамына кіретін секрет бөледі.

Қуықасты безі кіші жамбас астауының алдыңғы төменгі бөлігінде, несепқуықтың астында, несепжыныс диафрагмасында орналасады.Осы без арқылы несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі және оң мен сол шәует жіберетін түтік өтеді.Қуықасты безінің пішіні каштан жаңғағына ұқсас.Қуықасты безінің негізі basis prostatae және алдыңғы facies anterior, артқы facies posterior және төменгі бүйір facies inferolateralis, бездің ұшы ажыратылады.Бездің алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған.Безден қасаға симфизіне бүйір және орта қасаға-қуықасты байламдары ligg.puboprostaticae және қасаға-қуықасты бұлшықеті m.puboprostaticus тартылған.

Қуықасты безінің артқы беті тік ішектің ампуласына бағытталып, одан жамбас астау шандыр табақшасымен бөлінген.Төменгі бүйір беті дөңгеленіп, веналық өрім мен артқы өтіске көтеретін бұлшықетке қарайды.Бездің ұшы apex prostatae төмен бағытталып,несепжыныс диафрагмасында орналасады.Несеп шығаратын өзек бездің негізіне кіріп, оның үлкен бөлігі бездің артында орналасқан және бездің ұшы аймағында шығады.

Қуықасты бездің көлденең көлемі 4 см, бойлық 2-3 см.Салмағы 20-25 г.Қуықасты бездің екі үлесі: оң lobus dexter және сол lobus sinister ажыратылады.Екеуінің шекарасы болып бездің алдыңғы бетінде орналасқан терең емес жүлге саналады.Без негізінің артқы бетінен шығатын бөлікті, қуықасты бездің қылтасы isthmus prostatae немесе бездің ортаңғы үлесі lobus medius дейді.

Қуықасты безі сыртынан қапшықпен, capsula prostatica жабылады, ол безді тіннен parenchyma glandulare және бірыңғай салалы бұлшықеттік тіннен substantia muscularis құралған.Безді тіндер ұяшық-түтік құрылысты простата безшелері түрінде жеке құрылымдарға топталады.Бұлшықеттік тіні бұлшықеттік шоғырлармен бірігіп,еркек несеп шығару өзегінің ішкі бұлшықеттің қысқышының қалыптасуына қатысады.

Аталық без қабықтары, олардың туындылары. - student2.ru

Аталық без қабықтары, олардың туындылары. - student2.ru

Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары.Көмей қуысы. Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын керетін бұлшықеттер).

Жауап:

Көмей, larynx, тыныс алу жүйесінің ішіндегі құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі мүше.

Көмей, larynx, мойынның алдыңғы аймағының ортаңғы бөлігінде, ересек адамдарда 4-6 мойын омыртқалар аралығында орналасқан. Көмей жоғарыда тіласты сүйегімен жарғақтар, байламдар және бұлшыкеттер арқылы, төменде кеңірдекпен дөңгелек байламдар арқылы байланысқан. Алдыңғы беті мойынның тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттермен (mm. Sternohuodei, thyrohyoidei, omohyoidei) және қалқанша безбен, бүйір беті мойынның ірі артериясы, вена тамырларымен, кезбе нервпен, Н. ВАГУС шектелген. Артқы беті жұтқыншақтың көмейлік бөлігімен шектеседі.

Шеміршектер:

Көмей шеміршектері сыртқы пішініне қарай қызметіне карай жұп тақ гиалин немесе эластикалық болып бөлінеді.

--Қалқанша шеміршек КарТиЛАГО ТИРОИДЭ.

Қал.Шем төртбұрышты жалпақ жұп табақшадан ЛАМИНЭ тұрады. Бұл шеміршек ьұрыш құрап, түйісіп орналасқан алдыңғы жиегі бірігіп , ересек адамдарда айқан байқалатын ПРОМИНЕНТИА ЛАРИНГЕ немесе Адам алмасы атты шағыңқыны құрайды. Бұл екі табақшаның алдыңғы қапталында жоғарғы қалқанша тілігі ИНЦИЗУРА ТИРОИДЭ СУПЕРИОР және таяздау келген төменгі қалқанша тілігі ИНЦИЗуРА ТИРОИДЭ ИНФЕРИОР орналасқан.

Қал Шем ішкі және сыртқы беттері ФАЦИЕС ИНТЕРНУС ЕТ ЭКСТЕРНУС ажыратылады.

-Сыртқы бетінде мойынның төсқалқанша бұлшықеттің М.СТЕРНОТИРОИДЕУС бекитін және қалқанша тіласты бұлшықеті басталатын М.ТУРОХОЙДЕУС қиғаш сызық ЛИНЭ ОБЛИГУА орналасқан.

-Артқы вертикальді жиегінің жағарғы жиегімен түйіскен жерінде жағарғы мүйізі КОРНУ СУПЕРИОР төменде жүзіктәрізді шеміршекпен КАРТИЛАГО КРИКОИДЕ буындасып буын құрайтын төменгі КОРНУ ИНФЕРИУС орналасқан.

Наши рекомендации