Жүйке талшығы құрылысы
Жүйке талшықтары арқылы импульс өткізу жылдамдығы
Жоспар:
1. Жүйке талшығы арқылы қозу өткізу жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар.
2. Жүйке талшықтары топтары.
3. Жүйке талшықтары арқылы қозу өткізу заңдары
4. Жүйке талшықтары арқылы қозу өткізу ерекшеліктері
5. Парабиоз
Жүйке талшықтары арқылы қозу өткізу жылдамдығы әртүрлі. Ертеректе жүйкедегі процесстердің бәрі қас-қағым уақытта жүзеге асады деп жорамалданған, сол себептен жүйкедегі импульс өткізу жылдамдығы сәуленің тарауы сияқты анықтауға келмейді деп есептелген. Алғашқы рет жүйке талшығы бойымен қозу өткізілуінің жылдамдығын Гельмгольц анықтаған.
Жүйке талшықтары бойымен қозу өткізілу жылдамдығы көптеген факторларға байланысты.
1.Зат алмасуы процестерінің қарқынына байланысты.
Бақаның қыстағы жылдам.-20м/сек.
Бақаның жаздағы жылдам.-40-45м/сек.
2.Жүйкенің функциялық маңызына, яғни атқаратын қызметіне
байланысты. Адамда өте жоғарғысы-120 м/сек, өте баяу 0,5 м/сек.
3.Жүйке талшықтары жуандығына байланысты. Неғұрлым жуан
болса жылдамдық жоғары.
Талшықтар жуандығына қарай 3 топқа бөлінеді:
а) А топ - барлық соматикалық эфферентті жүйкелер жатады және проприорецепторлардан келетін афферентті. Жылдамдық 15-120 м/с, жуандығы 5-22 м, қозу потенциалы ұзақтығы 0,4 - 05 мсек.
ά - альфа — 70-120 м/с
β - бета - 40-70 м/с
γ - гамма - 15-40 м/с
б) В топ — 3-5-14 м/сек жылдамдық, диаметр 2-5 мкм терморецепторлардан келген афференттік жүйке жатады, барлық преганглионарлық симпатикалық талшықтар, қозу потенциалы ұзақтау А топқа қарағанда ҚП ұзақ-1-2 мсек.
в) С топ — 0,5-5 м/сек. Бұл ауырсыну рецепторларынан келген және барлық вегатативтік постганглионарлық талшықтар. Олардың потенциалы онан да ұзағырақ. ҚП-2 мсек.
Қозу откізу зандылықтары (нервтен)
1. Екі жақтылы өткізу. Бабухин-1847ж. Нилдік сом: Кейінірек Кюне бақаның нәзік бұлшық етінде.
2. Жүйкенің анатомиялық және функциялық тұтастығы.
3. Қозуды оқшау өткізу
4.Декрементсіз өткізу
5. Жүйке шаршамайды. Жүйкенің бұл қасиетін Введенский ашқан. Ол 78 сағат жүйкені тітіркендіріп "мен шаршадым, ал бақа жүйкесі -жоқ" деген.
Жүйке талшығы құрылысы
Ол остік цилиндрден және оны қоршаған бір немесе екі қабықшадан тұрады:
1. аксоплазма
2. плазмалық мембрана
Бұл екі структура остік
цилиндр түзеді.
3. Миелинді қабықша
4. Шванн қабықшасы
5.Ранвье үзілісі
I.Миелинді жүйке талшығы (жүйке).
Барлық афферентті-сезімтал, эфферентті-қозғағыш және вегатативті жүйке жүйесінде -преганглионарлы жүйкелер.
II. Миелинсіз-барлық постганглионарлы вегетативті жүйкелер (симпатикалық және парасимпатикалық) (преганглийлі миелинді симпатикалық, миелинсіз парасимпатикалық).
Миелинді қабықшаның қызметі:
а) электрлік изолятор
б) қорекпен қамтамасыз етеді
Қозудың жүйке бойымен өткізілуі
Миелинсіз жүйкелерде қозу үзіліссіз мембрананың ұзына бойымен қозғалады. Оларда қозу өткізілуі салыстырмалы түрде төмен және Д пропроционалды, диффузиялы болады. Бұл 1938 жылы ашылған. Жүйкені созғанда қозу өткізу жылдамдығы өзгермейді: өйткені мембрана қатпарлы структура (Ходжкин) қозудың қозғалысы мынандай: А және В сегменттері арасында бастапқы кезде ион алмасуы (қозған және қозбаған участоктар) болады. Осының нәтижесінде В сегментінде Nа+ иондарына өткізгіштік артып, олар жасуша ішіне ұмтылады. Ал мембрана сыртында теріс заряд пайда болады. (деполяризация) - қозу потенциалы, ол С сегментіне жылжиды, себебі А сегменті абсолюттік рефрактерлік кезенде. Деполяризация шамамен 5 мм қамтиды.
Ре- және деполяризация 1 секундада 500 рет жүзеге асады және жүйке келесі импульсті реполяризация кезінде өткізе алады.
Парабиоз-"пара"-"маңы жаны"-биоз-"өмір".
Парабиозды алғашқы рет Н.Е.Введенский оқшауланған жүйке талшығында ашқан. Парабиозды хлорофлорм, эфир, кокаин, тұздар, қышқылдар және сілтілердің жоғары концентрациялы ерітінділерімен, жоғары және төменгі температуралармен, сәулелі энергиямен және т.б. тудыруға болады. Барлық парабиоз тудыратын заттар Ранвье үзілістері арқылы енетіні анықталған. Парабиозды аймақта зат алмасуы бәсендеп, рефрактерлі кезең ұзарады. Введенский өз тәжірибесінде жүйкенің әртүрлі аймағында (белгілі бір) жасанды түрде функционалдық жағдайын өзгертіп ондағы телефондық құбылыстарды тыңдаған.
Парабиоз 5 кезеңнен тұрады:
1. провизорлы немесе трансформациялық: күшті тітіркендіргіш әсеріне аздаған кідіріс бар, бірақ "күштердің салыстырмалылық" заңдылығы байқалады.
2. теңдестіру-бәріне бірдей жауап. Абсолютті рефрактерлік кезең ұзақ, күшті тітіркендіргіштер бір-бірімен таласады.
3. парадоксальды-күшті тітіркендіргішке жауап жоқ немесе өте әлсіз; әлсіз тітірксндіргішке — бар және күштірек. Қозғыштық және өткізгіштік бәсендей түседі.
4. тежелу-жауап жоқ. Бірақ парабиоздағы аймақты тітіркендірсек бұлшық еттің әлсіз тітіркенуін алуға болады. Демек, қозғыштық бар, өткізгіштік жоқ. Бұл өте қысқа кезең.
5. парабиоздық жүйкенің қай бөлігін тітіркендірмесек те жауап жоқ. Қозғыштық та, өткізгіштік те жоқ. Парабиоз тудыратын затты алып тастасақ кері процесс туады-барлығы қалыпқа келеді. Наркоздық ұйқы, жергілікті анастезия (рецепторлар мен сезгіш жүйке парабиозы).