АзаҚстан республикасында хирургиялыҚ стоматология кӨмегін Ұйымдастыру. хирургиялыҚ стоматология кӨмегін емханаларда Ұйымдастыру
Жаңа нарықтық заманда орталықтан басқару жүйесі әлсіреп аймақтық стоматология қызметінің ролі күшеюде. Қазіргі кезде Дүние жүзілік стоматологтардың қауымдастығының ұйғарымына сай үш деңгейлік стоматологиялық қызмет көрсетілуде. Олар: білікті, арнайы, жіті арнайы. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша республикалық, облыстық, қалалық, аудандық стоматологиялық емханаларда хирургиялық стоматология бөлімшесі немесе бөлмесі болуы тиіс. Қалаларда, қалалық аудандарында стоматологиялық емханалар немесе жалпы емханалар құрамында хирургиялық стоматология бөлмелері болуы керек. Олардың жұмыс негізі тұрғылықты халықтың санына байланысты. Жедел медицина көмегін көрсететін бөлімшелер мен ауруханалардың құрамында стоматология бөлімшелері көзделінген.
Ауруханаларда, медико-санитарлық бөлімдерде, балалар ауруханаларында, диспансерлерде, госпитальдарда хирургиялық стоматология көмегі бет-жақ хирургия бөлмелерінде көрсетіледі, олар дерттің алдын алуға бағытталған. Бұл бұйрықта ауылдық жерлерде, ауданның орталық ауруханаларына қарайтын стоматология бөлімшесі (бөлмесі) ашылуы тиіс.
Бұл бөлімшелерде (бөлмелерде) барлық стоматологиялық науқастармен қоса хирургиялық науқастарға да көмек көрсетіледі.
Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесін (бөлмесін) ұйымдастыруда келесі жағдайлар ескерілуі тиіс: халықтың саны, ауданның қөлемі, тұрғындардың ерекшеліктері, бөлмелердің санитарлық және гигиеналық нормалары, штат кестесі, емханалар санаты-дәрежесі, ауруханалар мен емханалардың құрал-саймандарының тізімі.
Бөлімшелер (бөлмелер) дұрыс және жақсы жұмыс істеу үшін мамандарды өз орындарына қою, әрбір қызметкерлерге белгілі талаптар мен міндеттер, бөлімше (бөлме) жұмысының жалпы көлемін анықтау, хұжаттар жүргізу сияқты талаптар қойылады.
Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесін ұйымдастыруда «стоматологияны мамандандырылған мекемелерде ұйымдастыру, жабдықтандыру және пайдалану санитарлық ережелерін» қолдану керек.
Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесінің керекті хұжаттары мыналар:
1). Стоматологиялық науқастар үшін емханалық сырқатнама Ф.№ 043/у.
2). Дәрігер-стоматологтың күнделікті есеп кітабы Ф.№ 39
3). Ауруханаға жатқандығы туралы сырқатнамадан көшірме Ф.№ 027/у
4). Кеңес алуға және қосымша зерттеу жүргізу үшін басқа бөлімдерге жолдама қағазы Ф.№ 028/у
5). Отаның нобайын жазу жорналы Ф.№ 069/у
6). Бақылау-сараптама комиссиясының жорналы
7). Жарақат алған науқастарды есепке алу жорналы
8). Жедел түрде тырыспаға қарсы алдын алу шараларын жүргізуге арналған жорнал
9). Дәрі-дәрмектерді есепке алу жорналы
10). Гистологиялық, цитологиялық зерттеу және басқада емдеу мекемелеріне кеңес алу үшін берілетін жолдама
11). Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама Ф.№ 094-1/у және 095-1/у
12). Науқастарды диспансерлік есепке алу және бақылау жорналы
Ф.№ 030/у.
Ереже бойынша хирургия бөлімшесін ашу үшін кемінде 5 бөлме керек. Олар:
1). Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме (көлемі бір ауруға 1,2 м2 орта есеппен 4 ауруға арналуы керек). Аурулар дәрігер қабылдауын емхананың жалпы дәлізінде күтулеріне болады.
2). Ота алдындағы бөлме (көлемі 10 м2 ).
3). Ота бөлмесі (бір орындыққа немесе бір ота жасайтын орындыққа
23 м2, ал келесі әрбір орындық немесе стол қою үшін 7 м2 қосылады).
4). Залалсыздандыру жасайтын бөлме (көлемі 8 м2).
5). Отадан кейін аурулар уақытша жататын бөлмесі.
Стоматология емханаларында тек хирургиялық бөлімше болса, оған 3 бөлме керек:
1). Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме.
2). Залалсыздандыру жасайтын, қол жуатын, материал дайындайтын көлемі кемінде 10 м2 ауа соратын шкафпен жабдықталған бөлме.
3). Ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 14 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 7 м2 болуы қажет.
Сонымен қатар қазіргі кезде шығарылып жатқан құрал-саймандардың көлемі ауқымды болуы мен бірге бірнеше бөлшектерден тұратыны барлық медицина қызметкерлеріне белгілі. Сол үшін ота жасайтын бөлменің көлемі бір орындыққа 20 м2, ал келесі қойылатын әрбір орындыққа 10 м2 болуы қажет.
Құрамдарында стоматология бөлімшелеріндегі хирургия бөлмелерінің қабырғалары тегіс, полихлорвинилді немесе әшекейленген жылтырайтын тақтамен (плиткалармен) жабылған, еденіне линолиум немесе керамикалық тақталар (плиткалар) төселуі қажет. Бөлме төбелері сулы эмульсиямен немесе майлы бояулармен боялуы керек. Есік-терезелер майлы бояулармен сырланып, әрі тегіс болулары қажет. Хирургия бөлмелері ыстық-суық сумен және орталық жылыту жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Хирургиялық бөлмелердің температурасы 18—25° болып, олар ауа сорғыштар, фромуга және форточкалармен қамтамасыз етілулері қажет.