Біріккен, көп және аралас жарақаттар
Көпжарақат - дененің 7 анатомиялық аймағының бір уақытта біреуі ауыр жарақат болып табылатын 2 немесе одан да көп ( бас, мойын, кеуде, іш, аяқ-қол, жамбас, омыртқа) жарақат алуы.
Көпжарақаттар 3 топқа бөлінеді:
· Біріккен жарақатқа - ішкі мүшелердің, тірек – қимыл жүйесінің зақымдалуы, тері мен тері асты шелінің сыдырылуы, ұзақ жаншылу синдромы жатады.
· Көптеген жарақат- адам денесінің бір бөлігінің деңгейінде бірнеше бұзылыстар немесе қимыл – тірек жүйесінің деңгейіндегі сынықтар.
· Аралас жарақаттар- бұл бірнеше зақымдайтын құрал – сайман арқылы жарақат алу : механикалық, термиялық, радиациялық
Негізгі синдромдар:
· Шокпен жүретін жедел қан жоғалту. Айқындылығы көлемге (зақымданған тамырдың калибріне, кеткен қан мөлшері, қан қысымының деңгейі), уақытқа тәуелді. Қан кету профузды (100мл /мин жоғары), қатты (50мл/мин жоғары), орташа (30-50мл/мин) болып бөлінеді.
Профузды қан кетулер аз уақыт ішінде дамып, сол мезетте өлімге әкелуі мүмкін, көбінесе емге көнбейді. Оның себебі: қолқаның, қуыс венасы мен ірі тамырлардың зақымдалуы. Қанды аздап жоғалтқан науқастар классикалық жарақаттық шокпен жүретін аралас жарақатың негізгі тобын құрайды. САҚ деңгейі бойынша жалпы қан жоғалтуды анықтауға болады: 100 мм с.б. төмен болса -1,8-2 л; 60мм с.б. - 2,5-3 л.
Жарақаттың сипаты бойынша мүмкін болатын қан жоғалтуды анықтауға болады.
· Бас-ми комасы - бас зақымдалуының негізгі белгісі. Кома дәрежесін Глазко шкаласы бойынша анықтайды. Оның 3 көрсеткіші бар: көздің ашылуы, сөйлеу функциясы және қол- аяқ қозғалысы.
· Жедел тыныс жеткіліксіздігі (ЖТЖ) - кеуденің аралас жарақатының және зардап шеккендердің VI тобының негізгі бұзылысы, онда негізгі зақымдалуға кеуде жарақаты жатады. ЖТЖ себептері- тыныс жолдарының өтімділігінің бұзылысы, пневмоторакс нәтижесіндегі бір немесе екі өкпенің компрессиясы, қабырғалардың бірнеше сызық бойымен бос клапанның түзілуімен сынуының нәтижесінде кеуде клеткасының экскурсиясының бұзылысы.
· Апноэ және тыныс жолдарының обструкциясы құсықпен н/е қанмен көбінесе бассүйек миының жарақатында негізгі болып табылады. Кеуде жарақатында обструкция өкпелік қан кетумен жүретін өкпенің жыртылуында, қақырықпен бітелген ірі бронхтардың жыртылуында туындайды. Бұл патологияның негізгі симптомы- сегментарлы, бөлікті немесе тотальды өкпе ателектазы.
Көпжарақаттардың жіктелуі:
Зардап шеккендердің жіктелуіне барлық зақымдануларды, негізгі зақымдануды анықтау, диагнозды белгілі бір кезектілікпен қою және зақымданудың біреуін 7 топтың біреуіне жатқызу кіреді. Толық диагнозды тек стационарда зардап шеккенді толық зерттегеннен кейін ғана қоюға болады.
Диагноз келесі топтардан тұрады:
· басты жарақат - өмірге қауіпті жарақат,емдемесе өлімге әкеледі,емдесе 20% өлімге әкеледі.Ауыр емес жарақат-өмірге қауіпті емес,бірақ стационарлық емді қажет етеді;
· басқа да жарақаттар- амбулаторлы ем қажет ететін жарақаттар, жарақаттық және жарақаттық емес генезді асқынулары;
· қосымша мән беретін аурулар;
· жасы.
Аралас жарақаттың барлық түрлерін келесі топқа жатқызуға болады:
1-топ: ауыр бас сүйек ми жарақаты, бас сүйек негізінің сынуымен немесе сынусыз жүретін бас ми соғылуы,комалық жағдаймен немесе айқын ошақты бұзылыстармен жүретін бас сүйек іші гематомасы,бас сүйектің негізі сынуымен жүретін ауыр жақ-бет жарақаты.
2-топ: жұлын өткізгіштігінің зақымдалуымен болатын омыртқа жарақаты, тетраплегиямен, параплегиямен.
3-топ: жүректің, қолқаның зақымдалуы, қан кетумен жүретін өкпенің жыртылуы, пневмоторакс, флотирлеуші кеуде,екі немесе бір жақты үлкен гематоракс, жарақаттық ашық пневмоторакс,ауыр дәрежелі жарақаттық асфиксия.
4-топ: іш қуысы мүшелерінің, іш пердесінің жыртылуы,іш қуысына қан кету мен іштің қуысты мүшелерінің жыртылуы,қан кетумен жүретін бүйректің ішкі және сыртқы жыртылуы.
5-топ: ұзақ жаншылу синдромы,сан,балтыр,иықтың жұлынуы,қол-аяқтың ірі сегменттерінің сынуы, магистралды тамырлардың зақымдалуы мен қол-аяқтың екі немесе одан да көп сегменттерінің сынуы, 20% көлемінен астам терінің скальперленуі.
6-топ: бас миы мен жұлынның, кеуде мен іштің, тірек-қимыл жүйесінің және тағы да басқаларының араласқан жарақаты.