Асқазан құрамының аспирациясы, пневмониялар

Сыртқы тыныс патофизиологиясы» модулі бойынша тесттік тапсырмалар

Альвеолалық гиповентиляцияға тән қанның газдық құрамы мен қышқыл-негіздік жағдайдың өзгерістері://

гипоксемия, гипокапния, газдық ацидоз//

гипоксемия, гипокапния, газдық алкалоз//

гипоксемия, гипокапния, метаболизмдік алкалоз//

+гипоксемия, гиперкапния, газдық ацидоз//

гипоксемия, гиперкапния, газдық алкалоз

***

Тыныс жеткіліксіздігінің обструкциялық жеткіліксіздігі дамиды://

тыныс орталығының салдануында//

өкпенің керілуі шектелгенде//

пневмонэктомия кездерінде//

қабырға сынғанда//

+бронхоспазмда

***

Тыныс жеткіліксіздігінің обструкциялық түрінде, дамиды://

жалпы тыныстың жұмысы төмендейді//

бронхтардың жалпы кеңістігі ұлғаяды//

бронхылық тегіс бұлшықеттердің тонусы төмендейді//

+дем шыққанда, бұлшықеттердің жұмысы жоғарылайды//

бронхылардың аэродинамикалық қарсыласуы төмендейді

***

Тыныс жеткіліксіздігінің рестрикциялық түрі - бұл осының салдарынан дамыған жеткіліксіздік://

шашыранды бронхоспазмнан//

тыныс орталығының тежелуінен//

+ өкпенің толық керілуі шектелуінен//

бронхылық қарсыласу жоғарылауынан//

өкпедегі қанағысқа қарсыласудың төмендеуінен

***

Тыныс жеткіліксіздігінің рестрикциялық түріне тән://

өкпенің жалпы сыйымдылығының жоғарылауы//

+өкпенің газ алмасу кеңістігінің төмендеуі//

бронх тегіс бұлшықеттерінің жиырылуы//

тыныс жолдары саңылауының тарылуы//

тыныс беткейінің ұлғаюы

***

Тыныс жеткіліксіздігінің рестрикциялық түрінің өкпе ішілік себептеріне жатады://

бронх демікпесі//

плевраның фиброзы//

странгуляциялық буындыру//

бронхтың өспемен қысылуы//

+өкпенің диффузды өспелері

***

Тыныс жеткіліксіздігінің рестрикциялық түрінің өкпеден тыс себептеріне жатады://

өкпенің фиброзы//

өкпе ателектазы//

бронхоспазм//

пневмония//

+плеврит

***

Науқастың өкпесінің вентиляциялық қызметін зерттеу барысында, минөттік тыныс көлемінің азаюы, өкпенің тіршіліктік сиымдылығының төмендеуі, өкпенің жалпы сиымдылығының төмендеуі анықталды, Тиффно индексі қалыпты деңгейде. Осы көрсеткіштер қандай ауруға тән?//

обструкциялық бронхитке//

өкпенің эмфиземасына//

+бөлікті пневмонияға//

бронх демікпесіне//

Бронх өспесіне

***

Альвеолалық-капиллярлық мембрананың қалыңдауы, өкпе қылтамырларында қан көлемінің төмендеуі, альвеола санының азаюы, альвеолалық ауамен қанның жанасу уақытының азаюы осы бұзылыстардың туындауына ықпал етеді://

бронх өткізгіштігінің//

+өкпенің диффузиялық қабілетінің//

өкпенің вентиляциялық қабілетінің //

серпінді емес тіндердің қарсыласуының//

өкпе тіндерінің серпімді қарсыласуының

***

Газдардың альвеолалық-капиллярлық диффу­зиясының типтік бұзылыстарына жатады://

бронх өткізгіштігінің бұзылыстары//

тиімді альвеолалық көлемнің бұзылыстары//

+ альвеолалық мембрана құрылымының бұзылыстары//

альвеолалық ауамен қанның жанасуының ұзаруы//

диффузиялық беткей көлемінің ұлғаюы

***

Альвеолалық-капиллярлық мембрананың диффузиялық қасиетінің бұзылыстары осы жағдайда, тыныс жеткіліксіздігі дамуының негізін құрайды://

+өкпенің альвеолалық ісінуінде//

кеңірдекке бөгде зат түскенде//

экссудативті плевритте//

бронх демікпесінде//

көмей ісінуінде

***

Фиброзда немесе ателектазда диффузиялық беткей - осының салдарынан төмендейді://

өлі кеңістік көлемі жоғарылауының//

альвеолалар өкізгіштігі төмендеуінің//

диффузиялық ара-қашықтық азаюының//

бронхтың респираторлық аумағының кеңеюінің //

+ альвеолалық-капиллярлық мембрана қалыңдауының

***

Өкпенің перфузиялық қабілеті осы жағдайдатөмендейді://

артериялық түтік ашық болғанда//

жүректің сол бөлігінің гиперфункциясында//

жүректің қарынша аралық қалқа ақауында//

+өкпе артерияларының тромбоэмболиясында//

оң қарыншаның жиырылу қызметі күшейгенде

***

Өкпенің перфузиялық қабілетінің төмендеуі байқалады://

митральді қақпақшаның кемістігінде//

тыныс жолдарында ауа қысымы төмендегенде//

оңжақ атриовентрикулярлық қақпақша кемістігінде//

өкпе тамырларында қанағысқа қарсыласу төмендегенде//

+ оң қарыншаның жиырылғыштық қызметі төмендегенде

***

Өкпенің перфузиялық қабілетінің бұзылыстары осы жағдайда, тыныс жеткіліксіздігі дамуының негізін құрайды://

+жүректің солжақ қарыншалық жеткіліксіздігінде //

өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларында//

бронхтарда бөгде заттар болғанда//

өкпенің ошақтық туберкулёзінде//

полиомиелитте

***

Кіші қан айналым шеңбері гипертензиясының прекапиллярлы түрі дамиды://

қолқа сағасы тарылғанда//

миокард инфарктысында//

митральді қақпақша тарылғанда//

солжақ қарыншалық жеткіліксіздікте//

+ өкпе артерияларының тромбоэмболиясында

***

Эйлер-Лильестранд рефлексі қосылуының бастаушы механизмі://

артериялық гипоксемия//

+альвеолалық гипоксия//

өкпе веналарында қанағыстың бұзылуы//

өкпе артериоласында қысымның жоғарылауы //

кіші шеңбер веналарының қосымша сиымдылығының жеткіліксіздігі

***

Кіші қан айналым шеңбері гипертензиясының посткапиллярлы түрі дамуы мүмкін://

альвеолалық гипоксияда//

ауыр түрдегі ұстамалы жөтелдерде//

+ жүректің сол жақ бөлігінің патологияларында //

өкпе артериялары тромбоэмболиясында//

эмоциялық күйзелістерде

***

Өкпелік жүрекке тән өзгерістер://

экспираторлық ентігу//

артериялық гипертензия//

өкпенің интерстициялық ісінуі//

+оң қарыншаның гипертрофиясы//

электрлік біліктің (ось) солға ығысуы

***

Бір мезетте Ра02 төмендеуі, ал РаС02 жоғарылауы осы жағдайда байқалады://

+альвеолалық гиповентиляцияда//

альвеолалық гипервентиляцияда//

тыныс орталығының қозымдылығы артқанда//

мембраналардың диффузиялық қабілеті бұзылғанда//

вентиляциялық-перфузиялық қатынастардың бұзылуында

***

Гипокапнияға алып келетін, гипервентиляцияның салдары://

+жүйке-бұлшықеттік қозудың жоғарылауы//

коронарлық қанағыстың жоғарылауы//

артериялық гипертензия//

гипонатриемия//

газдық ацидоз

***

Эндогендік вентиляциялық жеткіліксіздік дамиды://

+өкпе патологиясында//

тыныс орталығы патологиясында//

атмосфералық ауада р02 төмендегенде//

ішкі тыныс жүйелерінің патологияларында//

аз көлемдік жабық кеңістікте қалып қойғанда

***

Сурфактант бенділігінің жойылуы осының дамуына ықпал етеді://

өкпе өспелерінің//

+өкпе ателектазы//

бронх демікпесінің//

өкпенің кардиогендік ісінуінің//

кіші қан айналым гипертензиясы

***

Маңызды өзгерістері жоқ сирек дем алу немесе тереңдігінің аз ғана жоғарылауымен көрінетін тыныс–бұл:

олигопноэ//

+брадипноэ//

тахипоноэ//

гиперпноэ//

ортопноэ

***

Тахипноэ осының салдарынан дамиды://

алкалоздың//

гипокапнияның//

негізгі алмасу төмендеуінің//

орталықты қозудың төмендеуінің//

+ тыныс орталығы белсендірілуінің

***

Жиі және үстіртін тыныс кезінде туындайтын альвеолалық гиповентиляция дамуының негізінде жатыр://

өкпедегі газ алмасудың ұлғаюы//

+қызметтік өлі кеңістіктің ұлғаюы//

тыныс жолдары қарсыласуының жоғарылауы//

мембрананың диффузиялық қасиетінің бұзылуы//

альвеолалық-капиллярлық мембрананың қалыңдауы

***

Көмейдің стенозы туындаған кезде дамиды://

сатылы тыныс//

жиі терең тыныс//

жиі үстіртін тыныс//

дем шығару бұзылуымен сирек терең тыныс//

+ дем алуы қиындауымен сирек терең тыныс

***

Экспираторлық ентігу сипатталады://

дем алудың күшеюімен//

дем шығару әлсіздігімен//

+ дем шығару қиындауымен//

дем алудың енжар болуымен //

дем алу, демді шығару күшеюімен

***

Экспираторлы ентігу пайда болады://

+ бронх саңылауы тарылғанда//

көкіректің сіреспесі байқалғанда //

мұрынмен тыныс алу қиындағанда//

тыныс бұлшықеттерінің салдануында//

өкпе тінінің серпімділігі төмендегенде

***

Инспираторлы ентігу пайда болады://

бронх демікпесінде//

ұсақ бронхтар тарылғанда//

бронхтар қақырықпен бітелгенде//

созылмалы обструкциялық бронхитте//

+ өкпе тінінің серпімділігі төмендегенде

***

Жоғары тыныс жолдарының саңылауы тарылғанда туындайды:

Биот тынысы//

Чейн-Стокс тынысы//

+стенотикалық тыныс//

терминальді тыныс//

гаспинг-тынысы//

***

Тыныстық үзіліс тыныстық қимылдармен ауысып отыратын, алғашқыда тыныс тереңдігі жоғарылап кейін төмендейтін тыныс алу тән://

Биот тынысына//

Куссмауль тынысына //

+Чейн-Стокс тынысына //

гаспинг тынысына//

ақтық тынысқа

***

Тыныстық үзіліс тыныстық қимылдармен ауысып отыратын, тыныс тереңдігі және жиілігі қалыпты тыныс алу-бұл://

+Биот тынысы//

ақтық тыныстар//

гаспинг – тынысы//

Куссмауль тынысы//

Чейн-Стокс тынысы

***

Экспираторлы бұлшықеттердің белсенді іске қосылуымен, тынысы тым терең және жиі, қатты тыныстық шумен қабаттасатын тыныс://

Грокко-Фругони тынысы//

+Куссмауль тынысы//

апнейстикалы тыныс//

Чейн-Стокс тынысы//

Биот тынысы

***

Уремияларға, эклампсияларға, кетоацидоздық комаға тән тыныс://

Биот//

Бутейко//

+Куссмауль//

Чейн-Стокс//

Грокка-Фургони

***

Тоқтамайтын құрысқан дірілмен демді ішке тартуға әрекетпен, кейде дем шығарудың үзілуімен жүретін тыныс– бұл://

+апнейстикалық тыныс//

парадоксальді тыныс//

Чейн-Стокс тынысы//

Куссмауль тынысы//

Биотт тынысы

***

Жіті тыныс жеткіліксіздігі кезінде іске қосылатын, жедел орын толтырушы- бейімделу серпілістеріне жатады://

өкпе гипертрофиясы//

эритропоэздің белсендірілуі//

+альвеолалық гипервентиляция//

митохондриялар санының көбеюі//

тыныс орталығы нейрондарының гиперплазиясы

***

Тыныс орталығына тежеуші афферентацияның артық болуы, осы жағдайда байқалады://

истериялық ұстамаларда//

бронх демікпесі ұстамасында//

жасанды гипервентиляцияларда//

+плевраны қарқынды тітіркендіргенде//

наркозға қатысты заттарды артық енгізгенде

***

Тыныс реттелуінің орталықты бұзылыстары дамиды://

гемоторакс кезінде//

полиомиелит кезінде//

өкпеде өспелер кезінде//

+миға қан құйылғанда//

диафрагманың жоғары тұруында

***

Гипоксемиялық (паренхиматозды) тыныс жеткіліксіздігі туындауының негізгі себебі://

+өкпеде вентиляциялық-перфузиялық қатынастың бұзылуы//

перифериялық нервтер зақымдануынан тыныстың бұзылуы//

вентиляцияның механикалық аппаратының зақымдануы//

тыныс реттелуінің орталықты бұзылыстары//

кеуде қуысы серпімділігінің нашарлауы

***

Тыныс жеткіліксіздігінің гиперкапниялық (желдетілген) түріне тән://

теңгеруге келмейтін гипоксемия//

+СО2 шығарылуының бұзылуы//

артериялық гипероксемия//

газдық емес алкалоз//

гиперпноэ

***

Бронхообструкциялық синдром дамуының сыртықы ықпалдарына жатады://

генетикалық бұзылыстар//

өкпенің толық дамымауы//

бронхтардың гиперреактивтілігі//

+ жиі респираторлы инфекциялар//

бронх өкпе жүйесі дамуының ақаулары

***

Ұзақ уақыт темекі шеккенде бронхтарда дамуы мүмкін://

+ кілегей қабаттың қалыңдауынан, обструкциясы//

кілегейдің бронхпен жылжуының жылдамдауы//

мукоцилиарлық клиренстің жоғарылауы//

бронх эпителиі қызметінің күшеюі//

тегіс бұлшықеттердің босауы

***

Бронхообструкциялық синдром дамуының қауіпті ішкі ықпалдарына жатады://

химиялық уыттанулардан безді эпителий жасушаларының көбеюі//

+генетикалық бұзылыстардан α1-антитрипсиннің тапшылығы//

ұзақ уақыт темекі шеккеннен кілегей қабатының қалыңдауы//

ауыр инфекция кезіндегі бронхтардың зақымдануы//

тамақтың шектелуінен дискриниялар

***

Біріншілікті бронхообструкциялық синдромның негізгі көріністері://

терең шулы тыныс //

+ экспираторлық ентігу ұстамасы//

кеуде қуысы қаңқасының деформациясы //

қақырықта анаэробты микрофлораның болуы//

көп мөлшердегі іріңді қақырықтармен жөтелулер

***

Бронхообструкциялық синдромға тән://

өкпеде қанағыстың күшеюі//

альвеолалық ісінулер дамуы//

қақырық түзілуінің төмендеуі//

+тыныс жолдарының ремоделденуі//

өкпе тіні серпімділігінің жоғарылауы//

***

Бронхиальді обструкцияның қайтымды механизмдері негізделген://

бронхтардың деформациясына//

бронх саңылауының облитерациясына//

ұсақ бронхтардың экспираторлық коллапсына//

бронх қабырғасының фибропластикалық өзгерісіне//

бронхтардың мукоцилиарлық тазаруының бұзылуына

***

Бронхтардағы өзгерістерге байланысты дамыған эндобронхиальді обструкцияның қайтымды механизмдеріне жатады://

ұсақ бронхтардың экспираторлық коллапсы//

бронхылардың саңылауларының тарылуы//

+бронх тегіс бұлшықеттерінің жиырылуы//

тыныс алу жолдарының ремоделденуі//

динамикалық гиперинфляция

***

Бронхиальді обструкцияның қайтымсыз механизмдеріне жатады://

жіті қабыну кезінде бронхтың кілегейлі қабатының инфильтрациясы//

+бронх саңылауының деформациясы және облитерациясы//

бронх саңылауының қоймалжың жалқықпен бітелуі//

бронхтың кілегейлі қабатының қабынулық ісінуі//

бронх тегіс бұлшықеттерінің жиырылуы

***

Балаларда бронхообструкциялық синдром дамуында маңызды рөл атқарады://

+өкпе серпімділігінің жеткіліксіздігі//

кеуде қуысы қаңқасының сіреспелігі//

кілегей бөлетін жасушалар санының тым азаюы//

тыныс жолдарында интерферонның артық түзілуі//

симпатикалық жүйке жүйесі қызметінің басым болуы

***

Науқастың өкпесінің вентиляциялық қызметін зерттеу барысында, 1секундтағы бөліктеп дем шығару көлемінің төмендеуі, Тиффно индексінің төмендеуі анықталды. Өкпенің тіршіліктік сиымдылығы қалыпты деңгейде. Осы көрсеткіштер патологияның қандай түріне тән?//

гидротораксқа//

пневмонияларға//

өкпе ателектазына//

+бронх демікпесіне//

фибринозды плевритке

***

Бронх демікпесінің патогенезінде маңызды рөл атқарады://

парасимпатикалық жүйке жүйесі тонусының төмендеуі//

симпатикалық жүйке жүйесі тонусының жоғарылауы//

гистаминнің өндіріліп шығарылуының төмендеуі//

+ бронхтың тегіс бұлшықеттерінің тарылуы//

гиперадреналинемия

***

Өкпеде табиғаты қабынулық және қабынусыз, көлемі әртүрлі ауасыз бөліктердің пайда болуы тән://

өкпе тініндегі қуыс синдромына//

+өкпе тінінің тығыздалу синдромына//

бронх өткізгіштігінің бұузылу синдромына//

плевра қуысында газ және сұйық жиналу синдромына//

жіті және созылмалы тыныс жеткідіксіздігі синдромына

***

Пневмонияларға тән болып есептеледі://

аяқталмаған фагоцитоз//

өкпе тінінің деструкциясы//

+ альвеола ішілік экссудация//

өкпенің пролиферациялық қабынуы//

ірі тыныс жолдарының зақымдануы

***

Ауруханадан тыс пневмониялардың негізгі қоздырғыштары://

микоплазма//

+пневмококк//
хламидиялар//
көк іріңді таяқша//

Гемофильді таяқша

***

Пневмониялардың атипиялық қоздырғыштарына жатады://

гемофильді таяқша//

ішектік таяқша//

+легионелла//

стрептококк//

Стафилококк

***

Микроорганизмдердің өкпе тініне енуінің негізгі жолы://

инфекцияның қан ағыспен таралуы//

инфекцияның лимфа ағысымен таралуы//

инфекцияланған аэрозолдермен дем алу//

+ ауыз-жұтқыншақтағы инфекциямен микроаспирация//

зақымданған көрші ошақтардан инфекцияның таралуы

***

Генезі қабынулық, өкпе тіні тығыздалуы синдромына тән://

сурфактант түзілуінің жоғарылауы//

кілегейдің антибактериалық әсерінің күшеюі//

+ мукоцилиарлық клиренс жылдамдығының төмендеуі//

тостаған тәріздес жасушалардың кілегей өндіруінің төмендеуі//

қақырықтың қоймалжыңдығы мен адгезиялығының төмендеуі

***

Пневмония кездерінде сурфактант түзілуінің азаюы ықпал етеді://

кілегейдің вирустарға қарсы қасиетінің күшеюіне//

қабынулық медиаторлардың аз деңгейде бөлінуіне//

мукоцилиарлық клиренс жылдамдығының артуына//

лимфоциттердің пролиферациясының белсендірілуіне//

+макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігінің тежелуіне

***

Ауыз-жұтқыншақтың инфекцияланған сөлінің төменгі тыныс жолдары арқылы элиминациясы осы жағдайда бұзылады://

+жөтелдік рефлекс төмендегенде//

мукоцилиарлық клиренс жылдамдығы артқанда//

бронх кілегейіне бактерияның адгезисы төмендегенде//

альвеолалық макрофагтардың белсенділігі жоғарылағанда//

трахеобронхиалық тармақтың “өздігінен тазару” механизмі артқанда

***

Пневмония кезіндегі оксидативті стресс нәтижесінде дамиды://

жөтелдік рефлекстің тежелуі//

қоймалжың бронх клегейі түзілуінің тежелуі//

тыныс жолдарының кілегей бөлетін жасушаларының тежелуі//

+кірпікті эпителий белсенділігінің бұзылуы//

α1-антитрипсин түзілуінің күшеюі

***

Пневмония кезіндегі бронх өткізгіштігінің бұзылуынан, осының жоғарылауы байқалады://

өкпенің бөлікті тіршіліктік сиымдылығының//

өкпенің тіршіліктік сиымдылығының//

+өкпенің қалдықтық көлемінің//

бөлікті дем шығару көлемінің//

Тиффно индексінің

***

Плевралық қуысқа ауа өтуі немесе өкпе бүрісуінің алғашқы минөттер ішінде дамитын бұзылыстардың патогенезіндегі басты рольді атқарады://

сурфактант өндірілуінің бұзылуы//

+нервті-рефлекторлық реакциялар//

тыныс ағзаларының инфекциялануы//

құрсақ ішілік қысымның жоғарылауы//

тыныс алғанда қозғалатын тіндердің зақымдануы

***

Плевралық қуыстан ауаның шығарылуы қиындайды://

эмфизема кезінде//

пневмония кезінде//

өкпенің абсцессінде//

+қақпақшалық пневмоторакта//

бронхообструкциялық синдромда

***

Спонтанды пневмоторакс кезінде дамитын, патофизиологилық өзгерістер негізделген://

+өкпе коллапсының дәрежесімен//

тыныс көлемінің жоғарылауымен//

кіші айналымға қан келуінің жоғарылауымен//

орталықты веналық қысымның төмендеуімен//

плевра ішілік қысымның төмендеуімен

***

Пневмоторакс жоғарылауымен сипатталады://

париеталық плевра тамырлары өткізгіштігінің//

артериялық қанның оксигенациясының//

максимальді минөттік вентиляцияның//

+плевра ішілік қысымның//

жүрек лақтырысының

***

Плеврит кезіндегі плевралық қуысқа сұйық жиналуының механизмі://

қанның осмостық қысымының төмендеуі//

плевралық қуыстаақуыз мөлшерініңтөмендеуі//

+париеталық плевра тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы//

қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы//

плевра ішілік қысымның жоғарылауы

***

Өкпе тініндегі қуыс синдромы кезінде жиі туындайды://

эмфиземада//

пневмоторакста//

жедел бронхитте//

+ өкпе абсцессінде//

ошақтық пневмонияда

***

Өкпеде қуыс осының салдарынан пайда болады://

альвеола қабырғалары зақымданғанда//

+ өкпе тінінің іріңдік ыдырауларында//

өкпе қуысына сұйықтық жиналғанда//

өкпеде ауасыз бөліктер болғанда//

плевра қуысына ауа түскенде

***

Ересектердің жіті респираторлық дистресс-синдромы сипатталады://

өкпелік қысылу қысымының сынап б.б., 18 мм жоғары болуымен//

+оксигенотерапияға теңгерілмейтін, гипоксемиямен//

Pa02 / Fi02 сынап б.б., 200 мм жоғары болуымен//

өкпенің созымдылығының жоғарылауымен//

өкпенің бір жақты зақымдануымен

***

Ересектердің респираторлық дистресс-синдромы дамуының пульмональді себептеріне жатады://

жіті панкреатит, перитонит//

күйіктер, аутоиммунды аурулар//

уыттанулар, бас сүйегі-ми жарақаттары//

ауқымды гемотрансфузиялар және қанкетулер//

асқазан құрамының аспирациясы, пневмониялар

***

Ересектердің респираторлық дистресс-синдромы дамуының экстрапульмональді себептеріне жатады://

пневмониялар//

+миокард инфарктысы//

асқазан құрамының аспирациясы//

кеуде қуысының жабық жарақаты//

ЖИТС кезіндегі өкпе зақымданулары

***

Ересектердің жіті респираторлық дистресс-синдромына тән://

сурфактанттың артық өндірілуі//

оттегі диффузиясының жоғарылауы//

альвеолалардың гипервентиляциясы//

+қабыну медиаторларының артық түзілуі//

альвеолалық-капиллярлық мембрана өткізгіштігінің төмендеуі

***

Нәрестелердің респираторлық дистресс-синдромының патогенезіндегі басты тізбек://

өкпенің кардиогенді емес ісінуі//

газдардың диффузиясының бұзылуы//

бронх өткізгіштігінің бұзылылыстары//

+ сурфактант мөлшерінің төмендеуі//

өкпелік артерилық гипертензия

***

Ересектердің респираторлық дистресс-синдромының патогенезіндегі маңыздысы://

өкпенің альвеолалық ісінуі//

кіші қан айналым шеңберінің гипотензиясы//

+өкпенің ұсақ тамырлары эндотелийінің бүлінуі//

өкпе капиллярлары кемерінің өткізгіштігінің төмендеуі//

альвеола-капиллярлық мембранадан газдың диффузиясының артуы

***

Ересектердің респираторлық дистресс-синдромының алғашқы кезеңінің негізгі медиаторларына жатады://

простагландиндер//

биогендік аминдер//

лизосомалы ферменттер//

оралымды нуклеотидтер//

+қабынулық цитокиндер

***

Ересектердің респираторлық дистресс-синдромы кезіндегі «Медиаторлық боран» осының дамуына ықпал етеді://

өкпедегі тамырдан тыс су көлемінің азаюына//

эндотелий жасушаларының адгезиялық қасиетінің төмендеуіне//

нейтрофилдердің және моноциттердің хемотаксисінің тежелуіне//

+альвеола-капиллярлық мембрана өткізгіштігінің жоғарылауына//

өкпенің керілуіне созымдылығы мен бейімділігінің жоғарылауына

***

Ересектердің респираторлық дистресс-синдромы кезінде өкпе ісінуі дамуында маңызы үлкен://

+гликозоамингликандары және фибронектинінің интерстицияның бүлінуі//

өкпе тамырларының кемерінде натрий иондарының жиналуы//

өкпе тінінің коллоидты-осмостық қысымының төмендеуі//

интерстиция коллоидтарының гидрофильдігінің артуы//

қанның гидростатикалық қысымының жоғарылауы

***

Ересектердің респираторлық дистресс-синдромы кезіндегі, сурфактант түзілуінің бұзылыстарынан дамиды://

альвеолалық-капиллярлық мембрана өткізгіштігінің төмендеуі//

альвеолалардың беткейлі тартымдылық күшінің төмендеуі//

+дем шығарған кезде альвеолалардың жабысуы//

транспульмональді қысымның жоғарылауы//

өкпеде қалдық көлемнің жоғарылауы

***

Ересектердің респираторлық дистресс-синдромының ерте кезеңінде, осының басым болуы байқалады://

өкпе паренхимасының қабынулық зақымдануларының//

кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензиялардың//

+өкпенің интерстициялық ісінуі мен ателектазының//

өкпеде фиброздану процестерінің//

эмфизема дамуының

***

Альвеолалық қабырғалардың ыдырауынан және бірнеше альвеолалардың ауа кеңістігі бірігуінен өкпенің тыныстық беткейінің азаюы осыған тән://

пневмотораксқа//

бронхоэктазияға//

+өкпе эмфиземасына//

плевраның эмпиемасына//

өкпенің қауырт абсцесіне

***

Өкпе эмфиземасының сипатталуына тән өзгеріс болып есептеледі://

протеаза белсенділігі әлсіреп, антипротеаза белсенділігінің күшеюі //

+өкпе тінінің серпімді негізінде деструкциялық процесстің дамуы//

өкпенің серпімділігінің жоғарылап, бейімділігінің төмендеуі//

өкпенің тіршіліктік көлемі мен Тиффно индексінің артуы//

өкпенің жалпы газ алмасу беткейінің жоғарылауы

***

Эмфиземаның өкпенің ортаңғы бөлігінде орналасқан түріне тән://

+респираторлық бронхиола мен альвеолалық жолдардың кеңеюі//

альвеола аралық қалқаның деструкциясы, булла түзілуі//

өкпенің базальді бөліктерінде өзгерістер туындауы//

төменгі бөліктерінде өзгерістер туындауы//

ацинустардың таралымды кеңеюі

Наши рекомендации