Диплококкоздың қоздырушысы және ауруды балау әдістері Қоздырушы - Streptococcuspneumoniae

Синонимдері: Diplococcus pneumoniae (1883), D. septicus; D. capsulatus.



Ауру ауыл шаруашылық жануарларының төлдерінде (бұзау, қозы, лақ, торай) жіті септикалық процесс түрінде өкпенің қабынуы, жоғары температура, қанды іш өту немесе буындардың қабынуы сияқты көріністермен байқалады. Ересек жануарларда жиі туғаннан кейін, жатырдың немесе желіннің іріңді қабынуымен байқалады.

Зерттеуге арналған материал:Жылы жерде сақталатынөліктерде, жануарлар өлгеннен кейін алғашқы 8 – 12 сағатта диплококтар еритіндігін еске ала отырып жаңа өліктер тұтасымен (өлгеннен кейін 2 – 3 сағаттан кешіктірмеген жөн); лимфа түйіндерінде, сүйек кемігінде және буындардың синовияларында 2 күнге дейін сақталады. Сонымен қатар жүректің қанын (дәнекерленген пипеткаларда), көк бауыр бөлікшелерін (міндетті түрде), бауырда, лимфа түйіндерін, өкпенің зақымданған бөліктерін, буындарды, түтікшелі сүйектерді жіберуге болады. Паренхиматозды мүшелерді балауса түрінде немесе 50% - ті глицеринде жібереді. Микроскопиялық зерттеуге қаннан, көк бауырдан (міндетті түрде), бауырдан және басқа да зақымданған мүшелерден жағындылардан жібереді.

Тірі кезінде диагностикалау үшін қан, мұрын ағындыларын, зәрді алуға болады. Осдан басқа, ересек жануарлардан: маститте – желіннің зақымданған бөлігінен сүттің сынамасын стерильді пробиркаларда; сынаманы алар алдында желіннің емшегін 50ºC спиртті тампондармен сүртеді: метритте – жыныс мүшелерінен ағындылары бар мақта тампондары стерильді пробиркаларда. Ағындылары қынаптан тампонмен жинайды.

Зерттеу тәртібі

1) жағындылар дайындау (көк бауырдан міндетті түрде) және оларды Романовский – Гимза, Михин, Грам бойынша бояу; жағындыларды спитр – эфир қоспасымен (теңдей) 20 – 25 минут бойы бекітеді.

2) 1% глюкозалы ЕПА – ға, ЕПС – ға және міндетті түрде жартылай сұйық агарға (pH=7,4 – 7,6) себінді жасау (материалды алған күні);

3) зертханалық жануарларды (жас ақ тышқандар 10 – 14 г салмақта) зақымданған мүшелердің (жиі көк бауырдың) ЕПС – ғы эмульсиямен 0,5 мл дозада немесе ЕПС – да 1 – 2 тәуліктік жаңадан бөлінген немесе жартылай сұйық агардағы өсінділермен 0,1 – 0,5



мл мүшеде құрсақ ішінежұқтыру. Ескі өсінділер авирулентті болуы мүмкін.

Қоздырушының морфологиясы және өсінділік – биохимиялық қасиеттері.Микроб жұп кокктар,бәрінен жиіжұмыртқа тәріздеспішінді, олардың кең шеті шырақ жалынының пішіні немесе ланцет сияқты сүйірленген болып табылады. Патологиялық материалдағы диплококтар жағындыларда бәрінен жиі жеке – жеке немесе әр түрлі ұзындықтағы тізбекшелер (4 –тен 20 – ға дейінгі торшалар) түрінде орналасады. Сұйық қоректік орталарда микроб әдетте бірнеше жұп кокктардан тұратын қысқа тізбекше орналасады. Ескі (5–7 тәулік) өсінділердің жағындыларында торшалардың дипло – стрептококктық орналасуы басым болады. Микроб әдеттегі анилин бояуларының ерітінділерімен жақсы боялады, Грам бойынша – оң. Факультативті аэроб, қозғалмайды, спора түзбейді. Жаңа патологиялық материалдың және жартылай сұйық (сарысулы) орталардағы өсінділердің жағындыларында шеңбер түріндегі капсула кездеседі. Капсулалар арнайы әдістермен (Михин, Романовский – Гимза, Ольт және т.б.) жақсы боялады.капсулаларды бояу техникасын жоғарыдан қараңыз. Кәдімгі қарапайым қоректік орталарда көбінесе капсула болмайды.

Микроб қоректік орталарды, әсіресе патологиялық материалдардан біріншілік өсінділерді алғанда аса қажет етеді. Қышқылды, сілтілі немесе бұрын дайындалған орталарда диплококктар өспейді. Қарапайым ораларда (ЕПА, ЕПС) диплококктар 5 – 7 күннен кейін өледі.

Қоздырушы өсінділеу (бәрінен жақсы көк бауырдан және бауырдан себінді жасау) қантты (1% глюкозалы ЕПА және ЕПС), қанды немесе сарысулы (қанды, сарысулы сорпа, агар), жартылай сұйық агарларда (pH=7,4 – 7,6) жүргізіледі. 0,03% глюкозалы және 5% стерильды жылқының сарысуы бар мартен сорпасын ойдағыдай қолдануға болады (Домрачен). Мартен сарусулы сорпасында өсу 16

– 20 сағаттан соң ортаның әлсіз әйнек тәрізді бұлдырлануы және болар – болмас тозаң түйіріндей тұнба түрінде басталады. Қанды (5%) агарда диплококктар нәзік, шық тамшылы тізбектер түрінде өседі. Олардың айналасында жасыл түсті гемолиздің кішкентай аймағы байқалады. Жартылай сұйық агарда микроб өседі бірақ өкілге ортаның төменгі қабатында қарқындырақ көбейеді.



Чепуров диплококктарды өсіру үшін келесі құрамдағы жартылай сұйық агарды ұсынады: ет – пептонды – бауырлы сорпа +0,12% агар – агар +0,5% глюкоза +0,5 мальтоза (pH – 7,6).

Диплококтардың штаммдарын сақтау үшін төмендегі ортаны ұсынады: ЕПБС + 0,2% агар – агар + 0,5% глюкоза + 0,5% мальтоза +5,0 % жылқының стерильді қан сарысуы. Ортаның бетіне вазелин майын қабаттайды.

Диплококк 5% желатинада немесе жылқының 5% қан сарысуы қосылған (вазелин майында) жартылай сұйық агарда ұзақ сақталады (бірнеше айлар бойы). Диплококты 10% өті бар мартен сорпасына сепкенде өсудің болмауы және лизис байқалады, ол стрептококтардан ажырату белгісін атқарады, олар бұл ортада өспейді. Құрғақ өттің түйірін диплококтық тізбегінде қондырғанда соңғысы бірнеше минуттан кейін ыдырайды. Диплококтың уытты емес штаммдары өтте ерімейді. Өкілмен (шаншуымен, түйреумен) ЕПЖ – да өсу ортаның сұйылуынсыз жіпше немесе четок түрінде өтеді. Сүт 1 – 3 тәуліктен соң ұйиды. Микроб қышқылдың түзілуімен бірақ газсыз лактозаны, галактозаны, манитті, мальтозаны, сахарозаны, декстрозаны және сорбитті, инулинді – кейде тұрақты емес ыдыратады; дульцитті, арабинозаны және рафинозаны ашытпайды; пигмент, индол, күкіртті сутек және аммиак түзбейді; картопта өспейді, қанды сарысуда сұйылтпайды; лакмус сүті қызарады. Өсірудің қолайлы температурсы 37ºC. Токсин өндіреді.

Қоздырушының кедір – бұдырлы (R) формадағы штаммдары кездеседі; соңғыларында қатты орталарда тым белсенді өсу байқалады, сорпада үгілмелі тұнбаның түзілуі, микроб торшасының (шар тәріздес немесе ұзарған) пішінінің өзгеруі және физиологиялық ерітіндіде нашар эмульгирленеді.

Антигендік қасиеттері.Бөлініп алынған өсінділердітипизациялау үшін тән агглютиндеуші қан сарысулы серологиялық зерттеулерді қолданады. Қазіргі таңда антигендік құрлымы бойынша диплокок – пневмококктардың 32 типін ажыратады.

Чепуровтың зерттеулері бойынша, қозылардан, бұзаулардан және торайлардан бөлініп алынған диплококк штаммдарының 329 үлгісін зерттегенде, барлық штаммдар ұқсас және пневмококктың 8 серологиялық типіне жататындығы анықталған, атап айтқанда I, II, III, VI, V, VI, VII және XIX типтерге бөлінеді. Бәрінен де сирек қоздырушының I және VI типті штаммдары бөлінген.



Агглютиндеуші типті пневмококтық қан сарысулары медициналық бактериолгиялық институттармен дайындалады. Агглютинация реакциясы үшін антиген ретінде әдетте қантты – бауырлы агардағы екі тәуліктік өсіндінің шайындысымен 1 мл-ге 500 млн. концентрацияда қолданады. Антигенді формалинмен (0,4%) консервирлеуге болады. Агглютинация реакциясын қою техникасы және есепке алу әдеттегідей. Агглютиндеуші диплококтың қансарысуын қояндарды агарлы (05% глюкоза және 0,5% мальтоза) өсіндінің 65ºC температурада 1 сағат бойы қыздырылған шайындының 1 мл – ге 2 млрд концентрациядағы шайындысымен гипериммунизациялау жолымен дайындаудың үлгісін төменде келтірілді.

Инъекцияны қояндардың венасына 2 – 3 тәулік аралықпен

келесі мөлшерде жүргізеді:    
Мөлшерде........................................ 0,1 мл
» »............................................... 0,3 мл
» »............................................... 0,5 мл
» »............................................... мл
» »............................................... 1,5 мл
» »............................................... мл
» »............................................... мл

Диплококтарды ажырату тесті

Диплококтардың бөлініп алынған өсінділерін жылдам типизациялау Нейфельд феноменінің көмегімен іске асырылады. Соңғысы келесіде аяқталады. Жуылған зерттелінетін материалдардың үш түйірін бактериалдық ілмекшемен заттық шыныға алып келеді, содан соң олардың әр қайсысы жеке –жеке қояннан алынған сұйылтылмаған әр түрлі типті агглютиндеуші қан сарысуының тамшысын қосады (жылқы жарамайды). Мұқият араластырылғаннан соң, препараттарға метилен көкінің әлсіз ерітіндісін бір тамшымен қосып, жабынды шынымен жауып микроскопиялайды. Диплококк типі белгілі бір қан сарысуына сәйкес келсе капсуланың бірден үлкеюі (ісінуі) байқалады.

Осы мақсатқа микроагглютинация әдісін де қолдануға болады. Зерттелетін материалды ақ тышқанның құрсақ ішіне енгізеді. 5 – 6 сағат өткен соң тышқанның құрсақ қуысынан пипеткамен эксудатты алады және оның 4 тамшысын заттық шыныға алып келеді. Бірінші үш тамшыға әр түрлі типті агглютиндеуші қан сарысуының тамшысын қосады; төртінші тамшыға физиологиялық



ерітіндінің тамшысын қосады (бақылау). Содан соң тамшыдан жағынды дайындап, бекітеді. 1 минут бойы 1:5 қатынасындағы фуксинмен бояйды және микроскопиялайды. Диплококк типі қан сарысуының типімен сәйкес келсе микроб торшалардың анық байқалатын жабысуы (агглютинация) байқалады.

Уыттылық қасиеттері.Диплококтар ақ тышқандар,қояндар,бұзаулар, торайлар, қозылар және лақтар үшін қауіпті. Ақ атжалмандар, көгершін және теңіз шошқалары онша бейім емес. Ең бейімі жас ақ тышқандар, оларға 100 млн. микроб торшасын тері астына енгізгенде 16 – 24 сағаттан кейін және құрсақ ішіне жұқтырғанда 8 – 12 сағаттан кейін өледі.

Жануарларды жұқтыру үшін құрсақ ішіне жаңадан бөлініп алынған (1 – 2 тәулік) өсінділерді 0,3 – 0,5 мл мөлшерде алу қажет. Ескі өсінділер әдетте авирулентті.

Ақ тышқандарды жұқтыру үшін сондай – ақ 1 – 2 мл ЕПС мен пастер пипеткасымен мұқият араластырылған өліктің 1 – 2 г салмақтағы көк бауырлық пульпасының бөлікшесін алуға болады. Дайындалған қоспаны екі ақ тышқанның құрсақ қуысына 0,5 мл-ден енгізеді. Материалда диплококктар бар болса, егілген жануарлар 24 – 72 сағаттан кейін өледі.

Қояндарға 1 млрд. микроб денешіктерін тері астына енгізгенде 36 – 48 сағаттан кейін және 5 млрд микроб денешіктерін бұлшықетке енгізгенде 16 – 24 сағаттан кейін өледі (Чепуров).

Бұзаулардың, қозылардың және торайлардың 1 кг тірілей салмағына 0,5 – 1 мм-ден диплококктың жаңадан бөлінген өсіндісін бұлшықетке енгізгенде өледі.

Патологиялық материалдың немесе өсіндінің жакғындыларында микробтың капсулалық түрі болмаса ақ тышқандарды 1 тәуліктік ЕПС өсіндісімен 0,5 мл мөлшерде құрсақ ішіне жұқтыру ұсынылады. Жұқтырылған тышқандарды 4 – 6 сағат өткен соң хлороформдейді; жүрек қанының жағындыларынан диплококктың капсулалық түрін оңай табуға болады.

Диагнозды клиникалық, эпизоотологиялық, патолого – анатомия мәліметтердің және бактериологиялық зерттеу нәтижелері негізінде қойылады.

Наши рекомендации