Клиникалық жағдайға байланысты жауаптар эталоны

Жауаптар эталоны
1. Анамнез бен шағымдарды дұрыс жинақтады. (толық, анық,нақты) Дәйекті және жүйелі жүргізілді Кешкі қызба, қалтыраумен және тершеңдікпен жүресін, қызбаны салыстырмалы жақсы көтеретінің, буындарының ауру сезімін, ісінуін және қимылының шектелуін анықтады.
2. Ауру анамнезін дұрыс жинады (ұзақтығын, ағымын және ауру динамикасын, өткен зерттеулерін, емін және емнің тиімділігін анықтады) Ауру ұзақтығын (4 ай). Ауру қызбамен, артралгиямен, миалгиямен басталғының, аурудың басталғаннан 3 айдан кейін артриттің дамығаның анықтады. Емхана жағдайында зерттеулермен емнің нәтижелерімен танысты.
3. Эпидемиологиялық анамнез толық және мақсатты түрде салыстырмалы диагнозды ескере отырып жинады. Листериоз, иерсиниоз: жеке үйде тұруы, кеміргіштердің болуы, шикі көкіністерден салаттарды қабылдауы) Бруцеллез (жеке кәсіпкерлерден сатып алынған сүт өнімдерін пайдалануы, кәуәпті жиі жеуі – етті толық емес термиялық өндеуден өткізуі)
4. Физикалды зерттеу: Қарауды дұрыс жүргізді, жайылмалы инфекциялардын симптомдарын анықтады. Қызба, полилимфаденопатия, гепатоспленомегалия
5. Физикалды зерттеу: Бруцеллез кезіңде лимфаденопатия синдромына дұрыс мінездеме берді. Жергілікті: шаптық, қолтық астылық. Мінездеме: майда (бұршақ), қозғалмалы, аурусезімсіз.
6. Физикалды зерттеу: Бруцеллез кезіңде бауыр және көкбауырдын зақымдану мінездемесін дұрыс анықтады. Пальпация кезіңде бауырымен көкбауыры аздап ұлғайған, жұмсақ эластикалық консистенциялы, ауру сезімсіз.
7. Физикалды зерттеу: Вегетативті жүйке жүйесінің зақымдануын дұрыс анықтады. Алақан тері қабатының ылғалдылығының жоғарлауы (гипергидроз)
8. Физикалды зерттеу: Тірек – қимыл аппараттының мүшелік зақымдану мінездемесін дұрыс анықтады. Оң жақ тізе буынының артриті, оң жақ тізе буынының бурситі, оң жақ шынтақ буынының бурситі, оң жақ кеуде-бұғана буындалуының артриті
9. Жеделдеу бруцеллез кезіңде гемограмманы дұрыс интрипитациялады. Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған.
10. Оң жақ тізе буынының томограмма дұрыс талдады Оң жақ тізе буынының артриты (синовит).  
11. Клинико – эпидемиологиялық деректер негізінде, түрін, ауырлығын, мүшелік патологиясын көрсете отырып жеделдеу бруцеллезға болжам диагнозы дұрыс қойылды: Болжам диагноз: Жеделдеу бруцеллез, орташа ауыр түрі.Оң жақ тізе буынының артриті, оң жақ тізе буынының бурситі, оң жақ шынтақ буынының бурситі, оң жақ кеуде-бұғана буындалуының артриті
12. Жұқпалы аурулар диагнозына күдіктенгенде іс – шаралар алгоритімін дұрыс орындады Бруцеллезға 24 сағат ішінде жедел хабарлама беріледі (жұқпалы ауру диагнозына бірінші рет күдіктенгенде мед. қызметкермен беріледі)
13. Қызба синдромы кезіңде зерттеу жоспарын дұрыс тағайындады.   План обследования: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. Қанды жұқа жағынды және жалпақ тамшыға (безгек). 4. Қанды, нәжісті, зәрді себу, канды БГАР на сүзек – парасүзек антигендерімен (сүзек-парасүзек аурулар). 5. Қанды стерильділікке себу (сепсис) 6. Қанды, нәжісті, зәрді, аңқа жағындысын иерсиниозға, листериозға себу, қанды БГАР иерсиниозды, листериозды антигенымен (листериоз, иерсиниоз). 7. Қанды транспортты ортаға себу, қанды Райт, Хеддльсон реакцияларына (бруцеллезге) 8. ИФА IgM, IgG, ПТР герпесвирустарға (ВПГ1/2, ЦМВ, ВЭБ) 9. Өкпе рентгенографиясы (туберкулез).
14. Буындық синдромы кезіңде зерттеу жоспарын дұрыс тағайындады.   1. Қанды ИППП (ИФА IgM хламидиозға) РФ (ревматоидты артрит) 2. АНА – антинуклярлы антидене, АЦЦП ( anti - CCP), хламидиоз IgG, ДНК IgG( бір тізбекті), ДНК IgG (екі тізбекті), Ansa - screen (аутоиммуды аурулар, АЦЦП) 3. ИФА - ВГВ,С,Д маркерлеріне 4. ПТР (DNA HBV, RNA HDV, RNA HCV) 5. Буындармен омыртқаның рентгенографиясы суставов и позвоночника 6. Буындармен омыртқаның КТ (МРТ) (көрсеткіштер бойынша ).
15. Емдеу жоспарын құрды:   Ципрофлоксацин 500 мг 2 рет – 30 күн Диклофенак 2,0 б/е 10 күн Көп мөлшерде сұйықтық 2,5 л
16. Райт, Хаддлсон реакцияларының нәтижелеріне дұрыс интерпретациялады Нәтижесі оң  
17. Клиникалық диагнозды дұрыс құрастырды (Түрін, ауырлығын, мүшелік патологияларын және зертханалық дәлелдемелерді көрсетіп). Клиникалық диагноз: Жеделдеу бруцеллез, орташа ауыр түрі. Оң жақ тізе буынының артриті, оң жақ тізе буынының бурситі, оң жақ шынтақ буынының бурситі, оң жақ кеуде-бұғана буындалуының артриті (РА 1:200, РХ - оң 30.08.2014 ж.)
18. Жұқпалы аурулар диагнозына күдіктенгенде іс – әрекеттер алгоритіміні дұрыс. Зертханалық зертеулердің нәтижесін, алынған күнің мейірбекенің «Жеделдеу бруцеллез» РА 1:200, РХ - оң (30.08.2014 ж). дәлелденген диагнозын жіберу үшін ауру тарихының бетіне көрсетті
19. Коммуникативті дағдылар Бруцеллез ауруының созылмалы түріне ауысуы, алдын алу үшін 45 күн емделу әрі қарай жергілікті емханады инфекционистің немесе участкілік дәрігердің бақылауында және емді жалғастыру қажеттігін науқастың көзін жеткізді.
20. Бруцеллездің реинфекциясын алдын алу бойынша санитарлық – ағарту жұмыстарын жүргізді жеке кәсіпкерлерден сатып алынған сүт өнімдерін пайдаланбауды, етті тағамдарды жақсы термиялық өндеуден өткізу, тек қана куәліктендірілген шикі етті сатып алу.

Ø Симуляция нысандары:

1.Тапсырма парағы, волонтер үшін сценарий, бағалау қадамдарының критерийі

2. Зақымдалған буындардың суреттері

3. Магнитті-резонанстық томограмма, рентгенография

4.Жалпы қан талдауы мен жалпы зәр талдауының нәтижесі

5. Райт, Хеддльсон реакцияларының нәтижелері

6. Фонендоскоп

7. Тонометр

8.Термометр

9. Бір рет қолданылатын шпатель

Жағдай:

Палата

Наши рекомендации