Болезнь, вызванная вирусом Зика

Аңтар күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Латын Америкасының бірнеше елінде кеңінен тараған африкалық Зика вирусы бүкіл Америка құрлығына (Канада мен Чилиді қоспағанда) қауіп төндіріп тұр деген мәлімдеме жасады. Маса арқылы тарайтын Зика вирусы адам өміріне соншалықты қауіп төндіре қоймайды, алайда оны жұқтырған жүкті әйелдердің балалары микроцефалиямен ауыруы мүмкін. Вирус кеңінен зерттелмеген және оны емдеудің тиімді жолы жоқ. Осыған байланысты біз аталмыш вирус туралы әрбір адам білуі тиіс танымдық ақпарат ұсынамыз.

Зика вирусы 1947 жылы анықталды. Алғаш рет ол Уганда еліндегі Зика орманында өмір сүретін макакадан табылған. 2007 жылға дейін Зика вирусы адам ағзасында сирек кездесті: бар болғаны 15 қана жағдай. Дәл осы жылы Микронезия мен Полинезияда аталмыш вирустан туындайтын ауру жаппай тарады. Вирус масалар арқылы тарайды, алайда жыныстық қатынас арқылы адамнан адамға тараған жағдайлар да болған.

Вирус тудыратын Зика безгегіне төтеп беру оңай және ол адамды өлтіре қоймайды. Безгектің белгілері – бөртпе, бас ауруы, температураның жоғарылауы. Безгек вирус қанға түскен соң бірнеше күннен кейін басталып, бір аптаға жуық уақытқа созылады және осы уақыт аралығында ешқандай мардымды қиындық тудырмайды. Зика вирусынан адамның өлуі өте сирек, адам өліміне дәл осы ауру себеп болды деген нақты айғақ жоқ десе де болады. Вирусты жұқтырғандар безгекке дәрігерге көрінбей-ақ төтеп береді, оның үстіне ауруға қарсы екпе де жоқ.

Микроцефалия – бас сүйек пен ми көлемінің өспей қалуымен сипатталатын туа біткен ауру. Әдетте ондай балаларда ақыл-ой кемтарлығы байқалады. Зика вирусы микроцефалияға әкелуі мүмкін. Зика безгегі байқалған аймақта микроцефалиямен дүниеге келген сәбилер көбірек тіркелген. 2015 жылдың күз мезгілінен бастап Зика безгегі тұтанған Бразилияда микроцефалияның тіркелуі 30 есе өскен. Жүктілік кезінде безгекпен ауыру мен микроцефалий арасында байланыс бар екені ғылыми әдіспен дәлелденбеген; 2015 жылдың қараша айына дейін мұндай байланыстың болуы мүмкін екені мүлдем белгісіз болды, алайда Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген бақылаудан қандай да бір байланыс бар деген тұжырым жасауға болады.

Зика вирусының тағы бір қаупі – Гийен – Барре синдромы. Бұл бұлшықеттің әлсіздігінен көрініс табатын өте сирек аутоимундық ауру. 15 пайыз жағдайда синдром сал ауруына әкеледі. Көп жағдайда толықтай емделіп кетуге болады. Алайда тыныс алудағы қиындықтарға байланысты өлім қаупі бар. Микроцефалийдегідей, мұнда да байланыс ғылыми түрде анықталмаған. Сальвадор елі Зика вирусына байланысты әйелдерге келесі үш жыл ішінде бала көтермеуге кеңес беруде. Бразилиялық дәрігерлер де осы кеңеске жүгінуде, ал АҚШ билігі жүкті әйелдерге Зика вирусы кеңінен таралған елдерге бармауға шақырып жатыр.

Тек Бразилияның өзінде 2015 жылы Зика безгегімен бір жарым миллион адам ауырып шықты. Нақты санды айту қиын, себебі ауырғандардың бәрі дәрігерге бара бермейді. Вирус Aedes масаларының кей түрлері өмір сүретін кез келген ай аймақта таралуы мүмкін. Яғни бұл – Африканың барлық территориясы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Индия, Оңтүстік және Солтүстік Америка (Канада мен Чилиді қоспағанда). Ауруға пандемия, яғни індет статусы берілген.

Болезнь, вызванная вирусом Зика - student2.ru

Зика вирусы туралы ақпарат(белгілері, берілу жолдары, диагностикасы, профилактикалау, емделуі)

Зика вирусының қоздырғыштары-бұл,тасымалдаушы Aedes масасының тобы.

-Зика вирусымен ауыратын адамдарда, безгек, тері бөртпелері (экзантема) және көз қарығуы болады. Бұл белгілер 2-7 күн сақталады.

- Осы уақытта өзіне тән емдеу және вакцина жоқ.

-Масалардың шағуынан қорғану –ең тиімді профилактика болып табылады.

-Бұл вирус Африкада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Азияда және Тынық мұхиты өңірлерілерінде кездеседі.

Зика вирусы 1947 жылы анықталды. Алғаш рет ол Уганда еліндегі Зика орманында өмір сүретін макакадан табылған. . Сонан соң 1952 жылы бұл вирус Уганда және Танзания Біріккен Республикасының тұрғындарынан анықталған. Сонымен қатар Зика вирусы Африкада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Азияда және Тынық мұхиты өңірлерілерінде анықталған.

Түрі:флавивирустар

Тасымалдаушы: Aedes масасы (олар таңертең, кешке қарай және түнде шағады)

Нышандары мен белгілері

Зика вирусымен шақырылған аурудың инкубациялық кезеңі, белгісіз бірақ бірнеше тәулікке созылады. Бұл аурудың белгілері басқа арбовирустық инфекцияларға ұқсас, олар Денге безгегі-бұл дене қызуының көтерілуі, терінің бөртуі, көз қарығуы, бұлшық еттер мен буындардың ауыруы, сырқаттану және бас ауыру. Бұл белгілер әлсіз білінеді және 2-7 күнге дейін сақталады.

2013 жылы Француздық Полинезияда және 2015 жылы Бразилияда ұлттық денсаулық сақтау органдары Зика вирусының асқынуынан болатын аурулардың неврологиялық және аутоиммундық мүмкіндігі туралы хабарлады.Жуырда Бразилияның жергілікті органдары және солтүстік-шығыста Зика вирусымен ауыратындардың санының көбейгендігі туралы айтты, ондай жағдайлар жаңа туылған нәрестелердің арасында микроэнцефалиялармен туылғандар анықталған. Бұл Зика вирусымен айналысатын органдар аурудың едәуір өскендігін анықтап айтып отыр. Сонымен қатар, Зика вирусын жұқтырғандар нәрестелер мен микроэнцефалия арасындағы байланысты анықтау үшін әрі қарай зерттеу жүргізу керек.

Инфекцияның таралуы

Зика вирусының қоздырғыштары-бұл,тасымалдаушы Aedes aegpti масасының түрлері олар тропикалық өңірлерде өмір сүреді . Бұл масалар Денге безгегін және сары безгекті таратушылар.

Зика вирусымен таратылған бұл аурулар алғашқы рет 2007 және 2013 жылдары Тынық мұхиты өңірлерінен таралған (Яп және Француздық Полинезиямен сәйкес аралдар), сонымен қатар 2015 жылы Америкадан (Бразилия, Колумбия) және Африка (Кабо-Верде).Солтүстік және Оңтүстік Африканың 13 елінде Зика вирусын жұтырғандар жеке жағдайлар тіркелген және ол тез тарайды екен.

Диагностикалау

Зика вирусын диагностикалау үшін ПТР (полимеразалық тізбекті реакция) әдісін қолданады және қан үлгілерінен вирустың сары суын алу.

Серологиялық диагностика қиындау болады, осы аталған вирус басқа флавирустарға яғни Денге безгегі, Батыс Нилдің және сары безгеккке айқас реакция болуы мүмкін.

Профилактикасы

Зика вирусын жұқтырмау үшін маса-тасымалдаушылары мен олардың көбейетін орындардан аулақ болу керек. Бұл аурудың санын азайту үшін масалардың көбею ошағына профилактика және бақылау жүргізу керек (көбейетін орындарын және өзгерту жою керек) және масалар мен адамдардың мүмкіндігін төмендету.

Бұл үшін денені толығымен жауып тұратын киім кию керек (мүмкіндігінше ашық түсті), физикалық бөгеулер және есік -терезелерге қауіпсіздік үшін торлар қолдану. Сонымен қатар, маса көбейетін орындарды босату, тазалау және су құйылып кетуі мүмкін ыдыстардың бетін жабу керек. Әсіресе өзін қорғай алмайтын балаларға, науқас адамдарға және адамдарға ерекше көңіл бөлу керек.

Ауру тарау кезінде денсаулық сақтау органдары жәндік жойғыштарды шашуға нұсқау беруі мүмкін. Үлкен су қоймаларын өңдеу үшінДДҰ-ның ұсынған кестесімен ларвицидтермен жәндік жойғыштарды қолдауға болады.

Туристер масаның шағуынан қорғану үшін жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

Емделуі

Зика вирусы ауруы тез өтеді және жұқпа емдеуді қажет етпейді.Зика вирусын жұқтырған адамдар безгекті және ауруды шығару үшін көп демалуды қажет етеді, сұйықтықты және дағдылы дәрі -дәрмектерді қабылдауы керек. Белгілер күшейген жағдайда жедел түрде медициналық көмеке жүгіну қажет. Осы уақытқа дейін бұл ауруға қарсы вакцина жоқ.

Болезнь, вызванная вирусом Зика - student2.ru

Болезнь, вызванная вирусом Зика

Основные факты

· Вирус, вызывающий болезнь Зика, переносят комары рода Aedes.

· Симптомы болезни, вызванной вирусом Зика, могут включать незначительное повышение температуры, кожную сыпь, конъюнктивит, боль в мышцах и суставах, общее недомогание или головную боль. Эти симптомы обычно сохраняются в течение 2–7 дней.

· Научное сообщество пришло к консенсусу в том, что вирус Зика вызывает микроцефалию и синдром Гийена-Барре. Изучается также его связь с другими неврологическими осложнениями.

Введение

Вирус Зика — это флавивирус, переносимый комарами, который был впервые обнаружен в 1947 году в Уганде у макак сетью мониторинга желтой лихорадки. Затем, в 1952 году вирус был выявлен у людей в Уганде и в Объединенной Республике Танзания. Вспышки болезни, вызванной вирусом Зика, регистрировались в Африке, Северной и Южной Америке, Азии и Тихоокеанском регионе.

В 1960–1980-х гг. случаи инфицирования людей, обычно протекавшие в легкой форме, выявлялись в странах Африки и Азии. Первая крупная вспышка болезни, вызванной вирусом Зика, была зарегистрирована на острове Яп (Федеративные Штаты Микронезии) в 2007 году. В июле 2015 года Бразилия сообщила о связи между вирусной инфекцией Зика и синдромом Гийена-Барре. В октябре 2015 года Бразилия сообщила о связи между вирусной инфекцией Зика и микроцефалией.

Признаки и симптомы

Инкубационный период (с момента контакта с вирусом до появления симптомов) болезни, вызванной вирусом Зика, точно не известен, но, вероятно, составляет несколько суток. Симптомы заболевания сходны с симптомами других арбовирусных инфекций, таких как лихорадка денге: это повышенная температура, кожная сыпь, конъюнктивит, боль в мышцах и суставах, общее недомогание и головная боль. Эти симптомы обычно слабо выражены и сохраняются 2–7 дней.

Наши рекомендации