Иммундепрессанттар-цитостатиктер.

Метотрексат (аметоптерин, метиламиноптерин) Метотрексат 2,5 мг таблеткалық және 5 мг ампула түрінде шығарылады. Оны 2,5 мг аптасына 3 рет 12 сағат аралығымен ішкізеді (дүйсенбі күні сағат 8-де және 20-да, сейсенбіде сағат 8-де, содан кейін келесі дүйсенбіде ертеңгі сағат 8-ге дейін үзіліс жасайды). Осы схемамен қолданғанда емдік әсері күшейеді, жанама әсерлері, соның ішінде концерогендік әсерлері байқалмайды. Бірақ бұл схеманыңөзінде кейде жаралы стоматит, терінің депигментациясы, алопеция, мегалобласттық анемия, бауыр фиброзы, пневмопатия, цитопения, бас ауыруы, ұйқышылдық, терініңқышуы, есекжем болуы мүмкін.

Циклофосфамид) (циклофосфан, эндоксан, цитоксан) - синтезделген хлорэтиламин тобының дәрмегі. Циклофосфан барлық иммункомпетентті жасушаларды тежейді: Т-хелперлерді, Т-супрессорларды, Т-эффекторлардың ізашар жасушаларын, В-лимфоциттерді, цитотоксиндік Т-киллерлерді. Циклофосфан 100-150 мг тәуліктік дозада 3-4 апта, кейін 12,5-75 мг, кейде 25 мг күн ара бұлшықетке салынады.

Имуран (азатиоприн) — 6-меркаптопуриннің синтезделген имидазольдік туындысы.

Имуран 0,05 г таблетка түрінде шығарылады; күніне 1 таблеткадан 3 рет 3-4 апта беріп, кейін 25-50-75 мг сүйемелдеуші дозаға ауыстырып, ұзақ ішкізеді. Проспидин - өзге цитостатиктерге қарағанда жанама және улық әсері шамалы. Ампулада 0,1 г шығарылады; 0,1 г натрий хлориді изотониялық ерітіндісінің 10 мл немесе 0,25% новокаин ерітіндісінің 10 мл ерітіп 8-12 күн, күн сайын вена ішіне немесе бұлшықетке енгізеді, кейін 5-6 инъекциясын күн ара жасайды, әрі қарай - 2 аптада 1 рет енгізеді. Курстық дозасы — 1,5-6 г.

Ревматоидтық артриттердің емінде цитостатиктердің ішінде ең тиімдісі – метотрексат.

Ревматоидтық артриттің емінде цитостатиктер 6-12 ай және одан да ұзақ қолданады.

Преднизолон мен циклофосфанды қосарлап жүргізілетін пульс-терапия:

1-ші күні 1000 мг циклофосфанды + 1000 мг метилпреднизолонды 300-400 мл натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісіне қосып, вена ішіне 30-40 минут тамшылатып енгізеді.

2-ші және 3-ші күндері метилпреднизолонды (1000 мг дозада), бір өзін тамшылатады.

Д пеницилламин (купренил, метилкаптаза) - синтезделген дәрмек, құрылымында пенициллин молекуласыныңбірбөлшегібарцистеинніңдиметилдік туындысы.

Д-пеницилламин - алтын дәрмектері тәрізді емдік әсері қуатты дәрмектердің бірі (80% ремиссия беретін).

Купренил - 0,15, 0,3 г капсула және 0,25 г таблетка түрінде шығады, тамақтан кейін беріледі. Алғашқы тәуліктік дозасы 250-300 мг; емнің әсері 8-12 аптадан (2-3 айдан) кейін білінеді.

Аминохинолин туындылары.

Бұларды ревматологиялық практикаға 1951 жылы тұңғыш енгізген Пейдж.

Делагил (резохин, хлорохин, хингамин) — 0,25 г таблеткалық және 5 мл 5% ерітіндісі бар ампула түрінде шығарылады. Плаквенил (гидроксихлорохин) - 0,2 г таблетка түрінде. Делагилдің әдеттегі емдік дозасы 1 таблетка (0,25 г); плаквенилдің — 0,3-0,4 г (1,5-2 таблеткасы). Кейбір науқастарға алғашқы 10-14 күн делагилді 0,5-0,75 г, плаквенилді 0,6-0,8 г ішкізіп, кейін әдеттегі дозаға ауыстырады. Дәрмек тамақтан кейін беріледі.

Аминохинолиндік дәрмектердің емдік әсері онша қуатты емес, оларды 6-12 ай, кейде одан да ұзақ қолданады.

Сульфаниламидтік дәрмектер (сульфасалазин, салазопиридозин).

Бұлар аминохинолин туындыларынан қуатты әсер етеді.

Сульфасалазин (салазопиридозин) — 0,5 г таблетка түрінде, тәуліктік дозасы 2 г. Емдік әсері 3 айдан соң байқалады, ем ұзақ жүргізіледі (1 жылдай, одан да ұзақ).

Циклоспорин және тенидап.

Циклоспориннің тиімді тәуліктік дозасы 2,5 мг/кг, кейбіреулер оны тәулігіне 5-6 мг/кг қолданады. Емді 3 ай, науқас дәрмекті жақсы көтерсе - 1-1,5 жыл жүргізуге болады.

Тенидап — иммунды модуляциялық және иммунды супрессиялыққасиеттерге ие жаңа дәрмек. Көрсетпелері циклоспоринге ұқсас, 120 мг тәуліктік дозада қолданылады.

Цитокиндерге және лимфоциттердің түрлі антигендеріне (СД4, СД5, СД7СДW52;ДR) моноклондық антиденелер. Соңғы кезде ревматоидтық артриттің емінде цитокиндерге және лимфоциттер антигендеріне қарсы моноклондық антиденелерді қолдану әдістері қарастырылуда.

Метациклин. Метациклинді 24 апта 0,3-0,6 г тәуліктік дозада қолданғанда оң әсер етуі туралы мәліметтер бар. Метациклин базистік дәрмек саналады, ол иммундыдепрессиялық әсер етеді.

Наши рекомендации