БЖАБЖ терминінің талдануы
БӨЛІМ. БЖАБЖ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі уақытта бөлімдік дәрігер мен медбикесі қызметіне туылғаннан 5 жасқа дейінгі сау және науқас балаларды бақылау, қарау бойынша БОДҰ ұсынысына негізделген және Қазақстан Республикасына бейімделген стандарттар енгізілді. Осы аталған бағдарлама «Балалар жасындағы ауруларды бірлестіре жүргізу» деген атқа ие болды. Еліміздің аймақтарында медицина қызметкерлерін оқыту жалғастырылуда, облыстық орталықтар құрылуда және білімді бекіту үшін кейін оларға бақылау жүргізу жоспарлануда.
БЖАБЖ терминінің талдануы
Балалар жасындағы ауруларды бірлестіре жүргізу (Дәлелді медицина негізінде БОДҰ құрастырған стратегиясы, оны дұрыс қолданғанда 5 жасқа дейінгі балалар ауруларының деңгейі, өлім және мүгдектік төмендейді).
БЖАБЖ стратегиясы науқас баланың жағдайын мақсатпен, ретімен бағалауға негізделген. «Педиатрияның алтын» стандарты баланың жағдайын ағзалар және жүйелер бойынша бағалаудан айырмашылығы, медицина қызметкерінің мақсатты, ретімен бағалау осы аурудың өліммен аяқталуының алдын алу және кейін өлімге әкелуші зиянын тигізбеу мақсатымен медицина қызметкерінің іс- әрекеттерінің қатаң белгілі ретімен (қараудың алгоритмі және шешім қабылдау) қарауын білдіреді.
2. БЖАБЖ үш құрамы туралы түсінік:
• Медицина қызметкерлерінің дағдыларын жақсарту
• Денсаулық жүйесін жақсарту
• Жанұяда баланың күтімі тәжірибесін жақсарту
3. Науқас баланы бірлестіре жүргізу кезіндегі қадамдардың реті:
· Жалпы қаупті белгілерді бағалау
· 5 негізгі симптомдарды бағалау (жөтел, диарея, лихорадка, аран,
құлақ) – бұл 5 жасқа дейінгі балалардың өлімінің 75% себебі
· Анемия және төмен салмақты бағалау (фондық жағдай)
· Екпе туралы статусты бағалау
· Баланың тамақтануын бағалау
· Баланың басқа мәселелерін бағалау – бұл 5 жасқа дейінгі
балалардың 25% себебі.
· Анықталған симптомдар бойынша жіктеу
· Емін анықтау (тактикасы)
· Баланы емдеу (рецепт беріп қана қоймай, анасына емді қалай
жүргізуді үйрету)
· Анасына кеңес беру (қалай тамақтандыру, қалай сұйықтық
ішкізу, жағдай нашарлағанда тез арада қашан қайта келу)
· Сауыққанға дейін әрі қарай бақылауды қамтамасыз ету.
4. БЖАБЖ жіктелуінің түсінігі. Науқас баланың жағдайын міндетті түрде АХЖ -10 (МКБ-10) жіктелуіне қосымша БЖАБЖ бойынша жіктеудің маңызы:
· БЖАБЖ жіктелуі- бұл АХЖ -10 жіктелуі емес. БЖАБЖ жіктелуі– бұл белгілі бір іс- әрекет қолдануды қажет ететін ауырлық категориясы. Іс- әрекет үшеу болуы мүмкін: жедел госпитализацилау, үйде арнайы ем тағайындап, қалдыру, немесе тек қана күтімді қамтамасыз етіп, үйде қалдыру.
· Нозологиялық принциптер «ЖРВИ», «ЖІИ», «Пневмония» және т.т. АХЖ -10 бойынша жіктелу (классификация по МКБ-10) баламен қазір не істеу керек туралы әлі ештеңе айтпайды: жедел госпитализациялау, антибиотик беру керектігін немес бермеу керек т.т. Баланың жағдайы медицина қызметкерінің тәжірибесі мен санаттылығына байланысты субьективті болуы мүмкін. Осы диагноздардың кез-келгенімен бала үйде, кәдімгі бөлімшеде немесе жансақтау бөлімшесінде болуы мүмкін. Осы диагноздардың кез-келгенінен бала қалай оңай сауығып кетсе, солай шетінеуі де мүмкін. Сондықтан баланың жағдайының ауырлығы және дұрыс іс-әрекет қолдануды бір түсінуді құрастыратын, БЖАБЖ бойынша қосымша жіктелуді ұсыну маңызды. БЖАБЖ бойынша жіктеу– бұл ең аз белгілердің негізінде баланың жағдайын бағалап және қатардан таңдап алу: қызғылт – жедел госпитализациялау; сары – үйде қалдыру, бірақ арнайы ем қолдану, ерекше бақылауға алу; жасыл- күтімді қамтамасыз етіп, үйде қалдыру.
5. БЖАБЖ табысты қолдану үшін әр оқытылған медицина қызметкері міндетті түрде қамтамасыз етуге тиіс негізгі материалдар:
БЖАБЖ бойынша оқып білім алған медицина қызметкері БЖАБЖ стратегиясын тәжірибеде қолдануы мүмкін емес егер болмаса:
1. Кестелер буклеттері (бағалау алгоритмі мен жіктелулер),
2. Аналарға арналған жадынамалар (анаға кеңес беру үшін арналған ақпарат),
3. Жазулар формасы (сау және науқас баланы сұрастыру және қараудың бекітілген кестесі)
4. Қалта анықтама кітабы (стационардағы дәрігерлерге арналған)
5. Стационардың қабылдау бөлімшесінің қабырғасында ілінген науқастарды іріктеу бойынша кесте.
Осы аталған құралдар болмауы, БЖАБЖ бойынша жұмыс жүргізілмегені туралы куә болып табылады.
6. Госпитализациялауды қажет ететін науқас балалардың 3 категориясы (амбулаторлық деңгейдегі сортировка):
1. Қандай да болмасын жалпы қаупті белгілері бар балалар
2. Жағдайы жіктелудің қызғылт қатарында орын алған балалар (жіктелудің ауыр түрі)
3. Амбулаторлық деңгейде шешілмейтін басқа да
мәселелері бар балалар.
7. 2 жастан 5 жасқа дейінгі науқас баланың жалпы қауіпті белгілері:
1. Сүйықтық іше алмайды немесе еме алмайды
2. Әр сұйықтық немесе тамақ ішкеннен соң құсу
3. Осы аурудың тұсында тырыспалар болу
4. Летаргиялы немесе ессіз
8. 2 жастан 5 жасқа дейінгі науқас баланың анасынан, қандай да болмасын шағыммен қабылдауға келгенде, балада бар болуын сұрастыратын 5 симптом туралы түсінік:
1. Жөтел немесе тыныс алуы қиындаған
2. Диарея
3. Лихорадка
4. Аранның зақымдалуы
5. Құлақтың зақымдалуы
Жастан бастап 5 жасқа дейінгі жөтел немесе тынысы қиындаған балалардың жағдайын дұрыс тактикалық шешім қабылдау үшін бағалау мен жіктелудің кестесі.
Бағалау:
жөтелдің ұзақтығы, тыныстың жиілеуі, стридор, астмоидты тыныстың болуы. Астмоидты тыныс бар болуын, сальбутамолмен 3 рет дем алғаннан кейін бағалау. (15-20 минуттан соң 3 рет қайталау)
Жіктелуі:
Ауыр пневмония немесе өте ауыр дәрежедегі ауру - қызғылт қатар (шұғыл госпитализаци)
Пневмония – сары қатар (үйде антибиотиктермен емдеу) Пневмония жоқ, жөтел немесе суық тиген - жасыл қатар кашель или простуда – жасыл қатар (үйде антибиотиктер емдеу)
Пневмониия жоқ, астмоидты тыныс – сары қатар (үйде аэрозолды бронхолитиктермен емдеу)
10. Жас бойынша тыныстың жиілеуінің шекараларын атаңыз:
2 айға дейін - тыныс жиілігі минутына 60 және одан жоғары.
2 айдан 12 айға дейін - тыныс жиілігі минутына 50 және одан жоғары.
1 жастан 5 жасқа дейін - тыныс жиілігі минутына 40 және одан жоғары.
Жастан бастап 5 жасқа дейін балалардың диареямен жағдайын, дұрыс тактикалық шешім қабылдау үшін бағалау мен жіктеудің кестесі.
Бағалау: ұзақтығы, қан аралас нәжіс, жалпы жағдайы, (летаргиялық немесе мазасыз және тітіркенгіш), көзі кіртиген, шөлдеу немесе сұйықтық іше алмайды, тері қатпары қалай жазылады.
Жіктелуі: ауыр сусыздану, шамалы сусыздану, сусыздану жоқ, ауыр ұзақ диарея, ұзақ диарея, дизентерия.
12. Науқас баланың анасын қамтамасыз ете алатын кеңес берудің міндетті түрдегі көлемі:
· Баланы қалай тамақтандыру (анықталған мәселелер бойынша)
· Балағв қалай сұйықтық беру керек (мөлшері, сұйықтықтың
құрамы)
· Тез арада қашан қайта келу керек (жағдайдың нашарлауының
белгілері)
13. Кеңес беру дағдылары. Тиімді коммуникация және кеңес беру кезеңдері туралы түсінік:
Тиімді коммуникация: медицина қызметкері мен анасының бастары бір деңгейде, араларында еш кедергі болмайды, көздеріне қарап сұхбаттасу, түсінікті сөздермен сөйлеу.
кеңес беру кезеңдері
Сұра, тыңда, мақта, кеңес бер, тексер, түсінгенін тексер
14. Емшекпен емізу бойынша кеңес берудің аогоритмі (4-3-4 формулсы):
Баланың қалпы (4):
1. Баланың басы мен денесі бір деңгейде болады
2. Бала толығымен анасына қарай бұрылған
3. Анасының денесіне өте жақын орналасады (іші ішіне)
4. Анасы баланың тек басы мен иығын ғана емес, барлық денесін
ұстайды.
Анасы емшегін баланың ауызына салу керек (3):
1. Баланың ерініне төстің (емшектің) үшін тигізу
2. Бала толық ауызын ашқанша кұту керек
3. Тез арада баланы төске (емшеккке) жақындату керек
Емшекке дұрыс салынғанын қалай тексеруге болады (4):
1. Баланың иегі анасының емшегіне тиіп тұрады
2. Ауызы кең ашылған
3. Төменгі ерін сыртқа қайырылған
4. Ареоланың жоғарғы бөлігі астынғы жағына қарағанда
көбірек көрінеді.
Осы кезде бала баяу терең жұту әрекетін жасайды, оның сүтті жұтуы естіледі.