Бірінші критерийі бойынша бөлінеді.

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ :ИЫҚ СҮЙЕКТІҢ БАСЫН , ЖІЛІК СҮЙЕКТЕРІН, БҰҒАНАНЫ, ОМЫРТҚАНЫ ОРНЫҚТЫРУ

Абылдаған: СЕЙДАГАЛИЕВА Ж.

Орындаған: БАРЛЫБАЙ Б.

Топ: 606 ЖПД

Алматы 2017 ж

Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

- Иық буыны шығуы және оны салу

- Бұғана сүйегінің жарақаты,емі

-Омыртқа, жілік сүйектерін орнықтыру

ІІІ.Қорытынды

Иық буыны (articulatio humeri) құрылысы жағынан қарапайым (бір буын қуысы болады), қимылы жағынан көпбілікті (жілік басының пішіні шар тәрізді) буын. Иық буынын жауырын мен тоқпан жілік басы құрайды. Буынның бұлшық еттері буыннан жоғары, жауырын аумағында орналасып, бір-біріне қарама-қарсы қозғалыстарды іс жүзіне асыратын бірнеше бұлшық еттер топтарына бөлінеді: экстензорлар мен флексорларға, аддуктор мен абдукторға, супинаторлар мен пронаторға.

Буынның шығуы (luxato) - бұл буын ұштарының, онымен байланысқан сүйектердің физиологиялық қозғалысынан тыс жылжуы және буын қызметінің бұзылуы болып табылады. Буынның шығуы шыққан шеткі сүйектің атымен аталады.

Иық буынының шығуы барлық буын шығуының 50- 60% құрайды. Бұл көрсеткіш иық буынының анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты:

■ Жауырынның буындық ойысының беткейі шар тәрізді тоқпан жілік басынан 3-4 есе кіші;

■ Буындық қапшық кең және жұқа.
Механизмі: тікелей емес жарақаттану (қолын басып артқа құлау, алдыға жазылған қолға құлау).

Бірінші критерийі бойынша бөлінеді. - student2.ru

Бірінші критерийі бойынша бөлінеді. - student2.ru

Иық буынының шығуының түрлері

Алдыңғы

Артқы

Төменгі

Шығу тегі бойынша

Туа пайда болған

Жүре пайда болған

Шыққан иық басының орналасуына байланысты:

1 —Алдыңғы құстұмсық тәрізді өсінді асты;

2— Алдыңғы құстұмсық тәрізді өсінді ішілік үлкен төмпешік үзілуімен;

3 — алдыңғы бұғана астылық;

4 — төменгі қолтықастылық;

5 — артқы акромион өсінді астылық;

6 — иықтың толық жоғары бұрылуымен.

Бірінші критерийі бойынша бөлінеді. - student2.ru

Клиникалық көріністері:

Зақымданған жақта иық төменге түскен, науқас басын зақымданған жаққа қарай бүгіп ұстайды.Қолын екінші сау қолымен ұстап,қимылсыз күйде ұстауға тырысады.Қолы шынтақ буынында бүгілген, кішкене ғана ұзаруы байқалады.Пальпация жасағанда ауру сезімі мен акромияльді өсіндіні еркін тұрғанын көреміз.Иық осі қалыптыда жауырынның акромион өсіндісі арқылы өтетін болса,ал шыққанда бұғана арқылы өтеді.

Кохер әдісі -иық буының орнына салу

Джанелидзе әдісімен иықты, жамбас-сан буының, төменгі жақтың екі жақтық шығуын

Бірінші критерийі бойынша бөлінеді. - student2.ru

Гиппократ—Купер әдісі: дәрігер иық буыны шыққан жаққа отырып, екі қолымен қолды тартады. Аяғын қолтық астына енгізіп, фиксациялап тұрады, тартып турған қолды тоқпан жіліктің басын орнына келгенше ұстап, сосын қойып жібереді. Орнына түссе сырт деген дыбыс шығады.

Кохер әдісі:

Алдынға қарай шыққан кезде қолданады. Науқасты арқасымен столдың шетіне қолды шығатындай етіп жатқызады. Әдіс 4 кезеңнен тұрады:

Хигург науқастың шыққан қолының бір қолымен тоқпан жіліктің төменгі 1/3 бөлігін, екінші қолымен тік бұрыш жасап шынтақ буынында бүгілген білекті ұстап, өзіне қарай тартып денеге жақындатады.

Қозғалтпай ұстап, білекті фронтальді жазықтыққа жеткізеді. Бұл кезде шыққан буын орнына түскендегі сырт деген дыбыс шығады. Тоқпан жіліктің басы буындық ойысқа қарама-қарсы тұрады. Осы кезде дұрыстап жасайтын болса қалпына келегенде дыбыс шығады.

Сол қалпында ұстап шынтақ буынын жоғары және алдынға қарай алдынғы ортанғы сызыққа жақындатады. Тоқпан жіліктің басы қапшықтың жыртылған жеріне жақындайды.

Иықты бұл кезде рычаг ретінде қолданамыз, шыққан жақтағы білекті қарама-қарсы иыққа алып барады. Дезо әдісі бойынша таңғыш салады.

Бірінші критерийі бойынша бөлінеді. - student2.ru

Емі

Егер,иық буынның шығуы қайталанатын және ескі болса,онда емі оперативті болады.Банкарт операциясы:артроскоп арқылы барлық ішкі жарақаттарды қарап, бір-екі жерден буын қуысына құралды енгіземіз.Жаңа буын ерінін құру үшін буын капсуласынан валиктерді сүйекке фиксаторлар арқылы бекітіп,мықтылығы жақсы жіптермен байлайды.

Асқынуы

Иық буынның шығуы тоқпан жіліктің сынықтарымен қабаттасуы мүмкін.Буын шұңқырының шеті тоқпан жіліктің басына еніп,батып кетеді.Оны импрессионды немесе Хил-Сакс сынығын айтамыз.

Анықтамасы

Бұғана сүйегінің құрылымы ашық немесе жабық түрде бүтіндігінің бұзылуы.

Тікелей емес механизм: жазылған иық немесе шынтақ буынымен қолды тіреп құлау.

Тікелей механизмі: бұғана аймағын затпен соғу немесе құлау арқылы соғу.


Жіктемесі

1. Жабық бұғана сынығы:
- сүйек жарықшақтарының ығысуынсыз;
- сүйек жарықшақтарының ығысуымен – асқынбаған жəне асқынған (бұғана асты қан тамырының зақымдалуы плевра ішіне қан кетулер немесе күштенген гематоманың түзілуімен жүреді).

2. Ашық бұғана сызығы – асқынбаған жəне асқынған (сыртқы немесе плевра ішіне қан құйылумен жүретін бұғана қан тамырларының зақымдануы).


Қауіп – қатер топтары:

- жарақат шогы;

- геморрагиялық шок;

- май эмболиясының дамуы;

- сыртқы профузды жəне плевра ішілік қан ағудың пайда болуы, бұғана астылық қан тамырларыдың қосарланған зақымдануы кезінде;

- иық тармағы өрімінің бұғана жарықшақтарымен зақымдалуы келесі, қолдардың иннервациясы мен қоректенуінің бұзылуы.


Диагностика критерилері

- бас бұрылған жəне зақымдалған жағына қарай иілген, зақымдалған иық үсті төмен түскен жəне алға ығысқан; бұғана асты ойығы тегістелген;

- зардап шегушінің қолы зақымдалған жағында иығы төмен түскен, кеудесіне жанасқан жəне ішке қарай ротацияланған;

- бұғана аймағында орталық жарықшақтардың əсерінен сүйек осі деформациясы анықталады;

- пальпаторлы бұғана сүйегінің ығысқан бұрышты жарықшақтары, сүйектің үздіксіз бұзылыстары анықталады;

- патологиялық қозғыштығы жəне жарықшақтардың крепитациясы анықталады.

Анықталатын негізгі диагностикалық іс-шаралар:

- тіндердің ісінуін, қан құйылуларды, қол қызметінің бұзылуы жəне мəжбүрлі жағдайда болуын анықтау;

- деформация анықтау үшін иық үсті мен бұғана жиегін қарау, бұғана сүйегінің өткір жарықшағынан тері жабындысының перфорациясы, жараны анықтау;

- пальпацияда локалды ауырған орнын жəне тіндер ісінуін сүйек деформациясы, жарықшақтың сықырын, патологиялық қозғалғыштығын анықтау;

- қысымды немесе бұғана жарықшақтарына бұғана асты артерия жаралануын анықтау үшін қолдық жəне иық артериясы пульсациясын зерттеу арқылы жүргізіледі;

- қолдың сезімталдығын зақымдалған жақтан анықтайды.


Шұғыл көмек көрсетудің тактикасы:

- сынық аймағын 10-20 мл 1% новокаинмен жансыздандыру;

- иық үстін артқа жəне қолды көтерген қалыпта бұғана репозициясы;

- Дезо таңғышын мақталы – дəкелі немесе орамалды таңғыш қою;

- зардап шегушіні жалпы жағдайына байланысты отырған немесе горизантальды қалыпта асқынулар болмағанда жарақат пунктіне, асқыну болғанда – стационарға травматология бөліміне жеткізу;

- психомоторлы қозу кезінде седативті препараттар қолданылады;

- тұрақсыз ауыру кезінде – наркотикалық анальгетиктер қолданылады;

- сүйек жарықшақтарының əсерінен тері жабындысының перфорациясы кезінде асептикалық таңғыш салынады, содан кейін аяқты фиксациялайды;

- бұғана асты артериясынан профузды қан кетуде жараның жоғарғы жəне төменгі бөлігінен саусақпен басып, жара бетіне асептикалық таңғыш салынады, иық үстіне дəке валигі жұмсақ қысып тұратын 8-дік тəрізді таңғыш салынады.

* Бұндай жағдайда қан тамырларының қосымша жарақаты нерв бағаны жəне жұмсақ тіндердің мыжылуына алып келеді.

* Қол репозициясында сүйек жарықшақтары болу мүмкіндігін болдырмау!

* Сүйек жарықшақтарын жара бетіне түсуді болдырмау!


Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

- *1% прокаин ертіндісі (синтокаин, аминокаин новокаин)

- *диазепам (сибозон, реланиум, сидукцен, фаустан)

- *наркотикалық анальгетиктар

- * 0,85% натрий хлориді ертіндісі

Анықтамасы


Арқа жарақаты кезінде сүйекті байламды аппарат, жұлын жəне жұлынның тамыры мен түбірлері зақымдануы мүмкін. Осы айтылған құрылымдарының қосарлана зақымдануы жиі кездеседі. Жұлын миы қызметінің бұзылысының қайтымсыз жарақаты кезінде сүйек ығысуы ықтималдылығы жоғары болуын қамтамасыз етеді. Бостау кеңістігі омыртқа өзегінің көкірек бөлімінде орналасады, сондықтан осы жердегі сүйек «футлярының» зақымдалуы жұлын миы жарақатына көп алып келеді. Көбінесе мойын (С5-С7) кеуде – бел (Th 10-L2) омыртқаларының бөлігі жарақаттанады. Омыртқа өзегі краниовертебральді жəне люмбосакральды бос кеңістік болып орналасады.

Жіктелуі
Жұлын жарақатының клиникалық формалары жұлынның зақымдалу сипаты мен оның айналасындағы қабықтар мен құрылымдарының зақымдануымен негізделген.

Бірінші критерийі бойынша бөлінеді.

1. Жұлын шайқалуы.

2. Жұлын соғылуы.

3. Жұлынның жарқаттық қысылуы (алдыңғы, артқы, ішкі).

Бірінші критерийі бойынша

1. Ашық арқа жарақаты.

2. Жабық арқа жарақаты.

Егер жаралық зақымдалу қапшықтың дуральды қабатын қосса онда жарақатты енген жұлын ми зақымы ретінде жіктейді.


3 негізгі топқа бөлінеді:

1. Жұлын қызметінің бұзылуынсыз омыртқа зақымдалуы.

2. Жұлын өткізгіштігінің бұзылуымен омыртқа зақымдалуы.

3. Омыртқа зақымданусыз жұлынның жабық жарақаты.


Омыртқа жарақатының жабық зақымдануы бөлінеді:

1. Байлам аппаратының зақымдануы (байламдырдың созылуы, жыртылуы).

2. Омыртқа денесінің сынығы (сызықты, компрессионды, шытынаған, компрессионды-шытынаған).

3. Омыртқаның артқы жарты сақшасының сынығы:доға буын, көлденең,тік омыртқа өсіндісі.

4. Омыртқаның сынуы, шығуы, омыртқа өзегінің деформациясы сол жəне басқа аймақтағы ығысулармен жүреді.

5. Көптеп зақымдануы.


Омыртқаның жабық зақымданулары тұрақты жəне тұрақсыз болып бөлінеді.

Жұлын жарақаттарының бөлінуі

Морфофункциональды сипаттамасы бойынша:

1. Шайқалу.

2. Соғылу.

3. Қысылу.

4. Толық анатомиялық үзіліс.

Зақымдалу дəрежесі бойынша:

1. Мойын бөлігі.

2. Кеуде бөлігі.

3. Бел бөлігі.

4. Сегізкөз бөлігі.

Жарақаттаушы снарядтың түріне қарай:

1. Пышақпен.

2. Оқпен.

3. Жарықшақтармен жəне т.б.

Жаралану түрі бойынша:

1. Тесіп өткен.

2. Тұйық.

3. Жанамалы (тангенциальды).

Наши рекомендации