Тамақтандыру жиілігі, тамақтың тиісті көлемін есептеу тәсілі.
Тамақтандыру еркін режимде болғаны дұрыс, аралығы 1-4 сағат болуы мүмкін, тамақтандыру жиілігі — тәулігіне 7-10 рет, тамақ көлемін баланың өзі анықтайды, қанша емгісі келсе сонша емеді.
Аралас және жасанды тамақтандыруда жалпы қабылданған есептеу тәсілі қолданылады.
Баланың 10 күндік өмірінен бастап 1 жасқа дейін тамақ көлемін анықтаудың 2 тәсілі ұсынылады.
1 тәсіл: «Көлемдік»— тамақтың тәуліктік көлемі баланың жасына, салмағына сай есептеледі. 2 аптадан 2 айға дейін дене салмағының 1/5 білігіне тең көлемде болады.
2 ай — 4 ай — 1/6 бөлігі
4 ай — 6 ай — 1/7 бөлігі
6 ай — 9 ай — 1/8 бөлігі
2 тәсіл: «Калориялық»тәсілде баланың жасы, салмағы және тәуліктік калорияға мұқтаждығы ескеріледі.
I тоқсанда — 120 ккал/кг,
II тоқсанда — 115 ккал/кг,
ІІІ тоқсанда — 110 ккал/кг,
IV тоқсанда — 100кал/кг.
Мысалы: балаға 3 ай, салмағы — 5800 г.
Тәуліктік калорияға мұқтаждығы:
120 ккал х 5,8 кг = 696 ккал
100 мл ана сүтінде — 700 ккал
Тәуліктік сүт мөлшері:
100 мл — 700 ккал
X — 696 ккал
Х = 100 x 696 = 991 мл
700
Негізгі қоректік заттар мен энергияға мұқтаждық.ДДҰ мәліметі бойынша алғашқы аптада өсуді қамтамасыз ету үшін қажет белок деңгейі – 1,4 г/кг. Қосымша тағам енгізгенге дейін қауіпсіз деңгей – 1,85 г/кг. Қосымша тамақ енгізгеннен кейінгі аралас диетада 2 г/кг дене салмағына дейін көтеріледі.
Аралас тамақтандыруда бейімделген сүт қоспасын қолданғанда белокқа мұқтаждық – 2-2,5 г/кг, ал бейімделмеген сүт қоспасын қолданғанда – 4 айға дейін – 3 г/кг, кейінгі айларда 1 жасқа дейін 2,5-3 г/кг болып есептеледі.
Жасанды, бейімделген қоспамен тамақтандырғанда – 2-2,5 г/кг, ал бейімделмеген қоспамен тамақтандырғанда – 3-3,5 г/кг.
Майға мұқтаждық тамақтандырудың барлық түрлерінде 3 айға дейін – 6,5 г/кг, 3-6 айда – 6 г/кг, 6 айдан бастап – 5,5 г/кг.
Көмірсуларға мұқтаждық тамақтандырудың барлық түрлерінде де 1 жасқа дейін 13 г/кг.
БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТЫҚ ЭНЕРГИЯҒА МҰҚТАЖДЫҒЫ (ДДҰ— 1985 ж.)
ЖАСЫ | ДДҰ комитеті ұсынған - 1985 ж. | |
ккал/кг | кДж/кг | |
0-2 ай | ||
3-5 ай | ||
6-8 ай | ||
9-12 ай |
Кейбір тағамдық заттардың жеткіліксіздігін толықтыру.Табиғи тамақтандыруда К, Д витаминдерінің темір, фтор элементтерінің тапшылығы байқалады. К витаминінің жеткіліксіздігі бала өмірінің алғашқы күндерінде ана сүтінде К витаминінің аз мөлшерде болуына байланысты немесе сүтті аз емуіне байланысты болады, сондықтан да күніне 1 рет парэнтеральді К витаминін егу керек.
Д витаминінің жеткіліксіздігі оның ана сүтінде аз мөлшерде екеніне байланысты. Тәулігіне 300-400 ХБ Д витамині тағайындалады.
ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАР МЕН ЭНЕРГИЯҒА БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МҰҚТАЖДЫҒЫ (РФ, 1991 ж.)
Тағамдық заттар мен энергия | 0-2 ай | 3-5 ай | 6-12 ай |
энергия, ккал/кг | |||
белок, г/кг | 2,2 | 2,6 | 2,9 |
белок (жануартекті), г/кг | 2,2 | 2,5 | 2,3 |
май, г/кг | 6,5 | 6,0 | 5,5 |
линолин қышқылы, г/кг | 0,7 | 0,7 | 0,7 |
көмірсулар, г/кг | 13,0 | 13,0 | 13,0 |
кальций, мг | |||
фосфор, мг | |||
магний, мг | 55,0 | 60,0 | 70,0 |
темір, мг | 4,0 | 7,0 | 10,0 |
мырыш, мг | 3,0 | 3,0 | 4,0 |
йод, мг | 40,0 | 40,0 | 50,0 |
С витамині, мг | 30,0 | 35,0 | 40,0 |
А витамині рет. экв., мкг | 400,0 | 400,0 | 400,0 |
Е витамині экв., мкг | 3,0 | 3,0 | 4,0 |
Д витамині, мкг | 10,0 | 10,0 | 10,0 |
В, витамині, мкг | 0,3 | 0,4 | 0,5 |
В2 витамині, мкг | 0,4 | 0,5 | 0,6 |
В6 витамині, мкг | 0,4 | 0,5 | 0,6 |
РР витамині, мкг | 5,0 | 6,0 | 7,0 |
Фолацин, мкг | 40,0 | 40,0 | 60,0 |
В12 витамині, мкг | 0,3 | 0,4 | 0,5 |
Темір жеткіліксіздігі.Темір жеткіліксіздігін толықтыру мақсатында кіндікті байлауды тамыр пульсациясы біткенше кешіктіру (60 сек). Бұл бала организмінде темір қорын толықтыруға қолайлы жағдай туғызады.
Барлық екіқабат әйелдер күніне құрамында 120 мг темір және 80 мкг фоль қышқылы бар таблетка ішуі керек және де көп мөлшерде «С» витаминін қабылдауы қажет.
Фтордың жеткіліксіздігі– фтордың сүт безі секретіне нашар ауысуына байланысты, көптеген мемлекеттердің педиатрлары тәулігіне фтордың микродозасын (0,25 мг) қолдануды ұсынып отыр.
Тиімді табиғи тамақтандырудың 10 қағидасы:
1. Табиғи тамақтанудың ережелерін қатал сақтап, медициналық қызметкерлер мен босанушы әйелдерді осы ережелер туралы ұдайы хабардар етіп отыру ;
2. Медицина қызметкерлеріне табиғи тамақтандыру тәжірибесін іске асыруға қажетті дағдыларды оқытып – үйрету;
3. Барлық екі қабат әйелдерді табиғи тамақтандырудың артықшылығы мен тәсілі бойынша хабардар ету;
4. Босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатта аналарға нәрестені емізе бастауға көмектесу;
5. Аналарға, тіпті уақытша сәбилерден бөлек болса да, қалай емізу және лактацияны қалай сақтау керек екенін көрсету;
6. Медициналық көрсеткіштер қажет еткен жағдайдан басқа уақытта нәрестеге ешқандай басқа тамақ немесе сусын бермеу қажет;
7. Ана мен жаңа туған нәрестенің тәулук бойына бір бөлмеде болуын қамтамасыз ету;
8. Нәрестені кестемен емес талабы бойынша тамақтандыруды мадақтау;
9. Жаңа туған емшек еметін нәрестеге анасының емшегін еске түсіретін ешқандай тыныштандыратын зат және құрал (емізік және басқалар) бермеу;
10. Табиғи тамақтандыруды қолдайтын топ құруды мадақтау және сол топтарға перзентханадан немесе ауруханадан шыққан аналарды қатыстыру;