Психиатрия и наркология овп 2 страница
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Кандинский-Клерамбо
*Депрессивті синдром
*Психоорганикалық
*Корсаков синдромы
*+Делириозды
#1866
*!Жасөспірім 16 жаста, мінез құлқы өзгерген. Ата анасымен және достарымен әңгімелесуге шектелген. Көңіл күйі жабырқау. Айнаға жиі және өзінің түріне ұзақ қарайды. Пластикалық хирургияға қызығушылығы байқалады. Кейбір әңгімесінен өз келбетіне көңілі толмайтынын, әсіресе мұрын пішіні, көзі және құлағы ұнамайтынын аңғаруға болады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Кандинский-Клерамбо
*Депрессивті
*Психоорганикалық
*+Дисморфоманиялық
*Делириозды
#1867
*!Жедел құтқару тобындағы солдат 19 жаста. Әскери кезекшілікте жүріп кенеттен қаруын жерге тастай салып киімін шеше бастады. Ескертуге құлақ аспады. 3 минуттан кейін өз өзіне келген ол шешілген киімдерін көріп таң қалды.
Төмендегі жағдайлардың қайсысы болуы мүмкін?
*Аменция
*+Сананық бұлыңғырланып қарауытуы
*Онейроид
*Транс
*Делирий
#1868
*!17 жастағы қыз балада жоғары дене қызуымен тұмау. Қарау кезінде тынышсыз, алаңдаулы. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортаны бағдарлауы бұзылған. Төсегінен жиі атып тұрып жастығының, төсегінің, кроваттің астынан бірдеңе іздейді. Елесіндегі жәндікті қағу мақсатында қабырғаны қолымен қағады. Уақыт өте қорқып ызаланады, өзімен өзі сойлеседі.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Кандинский-Клерамбо
*Депрессивті
*Психоорганикалық
*Корсаков
*+Делириозды
#1869
*!Босанған әйелде көңіл күйі төмендеп, тамақ жемей, тынышсыздана бастады. Ол сәбиі айықпас аурумен ауырады деп қорқады, оны тексеруін сұрайды.
Қай маманның жедел кеңесі қажет?
*+Психиатр
*Гинеколог
*Неонатолог
*Терапевт
*Психолог
#1870
*!Науқас дәрігердің шағымдарын айтуды сұрағанда жауап ретінде: «Сіз дәрігер емессізбе - өзіңіз көруіңіз керек. Дәрігерлер аурудың симптомдарын білу керек және оларды анықтау керек. Оларды қаншалықты дұрыс анықтаса, біздің денсаулығымыз соншалықты мықты болады. Ал дені сау денеде - дені сау рух» дегенді айтады.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Неологизм
*Амбиваленттілік
*Шперрунг
*Ментизм
*+Резонерлік
#1871
*!23 жастағы студентте мінез құлқында өзгерістер байқалды. Сөздерді созып, жай сөйлейтін болды. Күні бойына бірнеше рет бірнеше секундқа қатып қалады. Осы уақытта ештеңе естіместен сұраққа жауап бермейді. Бұл бұзылыстарды өзі байқамайды, ары қарай ештеңе болмағандай жүре береді.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Кандинский-Клерамбо
*Депрессивті
*+Кататониялық
*Корсаков
*Делириозды
#1872
*!Терапия бөлімшесіндегі жатқан 30 жастағы науқас әйелде көңіл күйінің төмендігі, ойлаудың баяулауы, қимыл қозғалысында шектеулік байқалады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*+Депрессивті
*Астениялық
*Маниакальді
*Обсессивті
*Сандырақтық
#1873
*!Қабылдау бөлімінде 17 жастағы науқаста тырысулық ұстамалар дамыды. Ұстамалар бірінен соң бірі жалғасты. Ұстамалардың арасында науқас есін жимады.
Төмендегі психикалық бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
*Эпилептикалық ұстама
*Ұстаманың жиілеуі
*Коматозды жағдай
*Естің бұзылу синдромы
*+Эпилептикалық статус
#1874
*!Медицина институтының студенті студенттер емханасының дәрігер терапевтіне мына шағымдармен келді: демалуға қолайлы жағдайдың өзінде мазасыздықпен және тұрақты түрде жұмыс істеуге ұмтылумен қосарланатын жоғары шаршағыштық, айқын әлсіздік,тітіркенгіштік.Сонымен қатар ойын жинақтай алмай,сабаққа кедергі келтіретінін айтады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Депрессивті
*+Астениялық
*Маниакальды
*Обсессивті
*Сандырақтық
#1875
*!Ер адам ақырын, баяу, бірақ көпсөзді сөйлейді. Сөздерді қиындықпен таңдайды, детальдарда тұрып қалады, өзі туралы әңгімеде негізгіні анықтай алмайды.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Ойлаудың баяулауы
*Шперрунг
*Резонерлік
*+Патологиялық байыптылық
*Паралогиялық ойлау
#1876
*!Интоксикация жағдайында, наркотәуелді науқаста қоршаған ортадағы заттардың түсі әдеттегіден ашық болып, олардың арақашықтығы және кейбіреуінің формасы бұрмаланғандай көрінетін сезім туындады.
Төменде аталған симптомдардың қайсысы дұрыс?
*Сахналау сандырағы
*Метаморфопсия
*Көру иллюзиясы
*+Дереализация
*Деперсонализация
#1877
*!Қарау кезінде науқас бағдары дұрыс, сақ тұрады, еріндерін қысып алған, көзінің астымен қарайды. Бірнеше жеңіл жауаптардан кейін біртіндеп өзінің жұмыста болған жағдай туралы егжей-тегжейлі айта бастайды, дұшпандарының қастандықтары туралы айтады. Қолайсыздықтармен байланысты уайымға бейімделген. Кейін анықталғандай, бастығымен ұрысқаннан кейін, кабинетке кіргенде, үстелінің үстінде бірнәрсе қарап жатқан адамды көреді, ол оның құжаттарын ұрлауға әдейі жіберілген деп шешеді
Төмендегі психопатиялардың қайсысы болуы мүмкін?
*+Паранойяльды
*Шизоидты
*Психастениялық
*Эпилептоидты
*Истериялық
#1878
*!Қызбасы бар балада сезім мүшелері тітіркенуінен тыс ойша құрастыратын ертегілік сюжет қалыптасты; қабырғада сызат, түсқағаздағы суреттер қозғалып, жануарлар кейпіне енеді.
Төменде көрсетілген болжама диагноздың қайсысы болуы мүмкін?
*Естен тану
*+Парейдолиялық иллюзия
*Көру галлюцинациялары
*Сананың қарауытуы
*Аффективті иллюзия
#1879
*!Науқас 65 жаста, ұзақ уақыт қант диабетімен зардап шегеді, естің жоғалуымен орталық жүйке жүйесі қызметінің тежелуімен, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бұзылысымен, тыныс алу, қан айналым және басқа да өмірлік маңызды мүшелердің бұзылыстарымен сипатталатын ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түсті.
Жоғарыдағы жағдай сананың өшуінің қай түріне тән?
*+Кома
*Қарауыту
*Делирий
*Аменция
*Онейроид
#1880
*!Науқас 32 жаста, көмір қышқыл газымен уланғаннан кейін токсикологиялық бөлімшеге түсті. Психикалық жағдай психикалық қызметтің қиындауымен, баяулауымен, жұтаңдауымен, белсенді назар аударудың төмендеуімен сипатталады. Сөздік қатынас сақталған,бірақ сұрақ қойылғаннан кейін үзілістен кейін жауап береді. Кейде сұрақты қайталауға тура келеді.Тапсырманы баяу, бірақ дұрыс орындайды. Ауру сезіміне қозғалыс жауабы мақсатқа бағытталған. Науқас енжар, тез шаршайды. Мимика жұтаңдаған. Тұлғасына, орынға бағдары сақталған.
Жоғарыдағы жағдай сананың өшірілуінің қай түріне тән?
*Кома
*+Қарауыту
*Делирий
*Аменция
*Онейроид
#1881
*!47 жастағы ер адамның сөзі басқа, науқастың өзіне ғана белгілі ойлар мен мағыналар қолданатындықтан түсініксіз.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Ойлаудың байымдылығы
*+Символикалық ойлау
*Сандырақ ойлар
*Жабысқақ ойлар
*Психикалық автоматизмдер
#1882
*!Ер адам 26 жаста, басының ішінде ісіктің өсуі және пульсацияның пайда болуы сезіміне, оның пайымдауынша, ол сезімдер оны аңдушылармен «арнайы жасалған» деп шағымданады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Ипохондриялық
*+Кандинский-Клерамбо
*Параноидты
*Тактильді галлюциноз
*Паранойяльды синдром
#1883
*!Әйел 27 жаста қоршаған ортаны қабылдаудың бөтендігіне, өзгергендігіне, шынайы еместігіне шағымданады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Персеверация
*Ментизм
*Жабысқақ ойлар
*+Дереализация
*Көру иллюзиясы
#1884
*!Әйел 28 жаста, қарау кезінде басын артқа лақтырып, бетін қолдарымен жабады. Өз жасынан жас көрінеді, сырт келбетін жақсы күтетіні, ашық косметика пайдаланатыны көрініп тұр. Күйеуімен үнемі ұрысатынын, «бұлай өмір сүру мүмкін еместігін» айтады - соңғы осындай ұрыс кезінде бұғана астына бірнеше тілік жасап, айғайлап көршілеріне қарай жүгіреді, жедел жәрдем шақыруларын сұрайды. Өз жағдайы туралы әңгімелеген кезде дәрігердің реакциясын аңдиды, біресе дауысын қатты, біресе бәсеңдетеді.
Төмендегі психопатия түрлерінің қайсысы болуы мүмкін?
*Паранойяльды
*Шизоидты
*Психастениялық
*Эпилептоидты
*+Истериялық
#1885
*!30 жастағы науқасты ойын басқаратындай сезім мазалайды.Олар өз бетінше жүреді, науқастың еркінен тыс, оны басқалар біледі.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Үзілуі
*Персеверации
*Метафизикалық улану
*Жабысқақ ойлар
*+Идеаторлық автоматизмдер
#1886
*!Науқас 36 жаста, дәрігер-психотерапевтке сексуальді сферадағы мүмкін болатын әлсіздігі жайлы үнемі миынан кетпейтін жаман ойлардан арылу мақсатында көмек сұрап келді.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Персеверация
*Ипохондриялық сандырақ
*Аса құнды ойлар
*+Жабысқақ ойлар
*Психикалық автоматизмдер
#1887
*!44 жастағы науқас, онкологтың қабылдауында шағымдарын сұрағанда сурет («нүкте және үшбұрыш»), әртүрлі геометриялық фигуралар көрсетеді, «Бәрі сыртында, мен ішіндемін» деп түсіндіреді.
Төмендегі симптомдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Аутистикалық ойлау
*Жабысқақ ойлар
*Аса бағалы ойлар
*+Символикалық ойлау
*Ойлауың үзілуі
#1888
*!Ер адам 57 жаста, стенокардиямен зардап шегеді, өз денсаулығына алаңдайды. Алдыңғы қатарға «жүрегі тоқтап қалатындай» қорқыныш сезімі шығады. Соған қарамастан өз жағдайының негізсіз,ақылға қонымсыз екенін түсінеді,бірақ өз еркімен басуға қауқарсыз.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Фобиялық
*Истериялық
*+Обсессивті-фобиялық
*Депрессивті
*Сандырақ
#1889
*!Науқас клиникалық есі анық кезінде өз бетінше пайда болатын ойлаудың тоқтап қалуына шағымданады,олар ешнәрсеге байланыссыз пайда болады және жоғалады.
Төмендегі симптомтардың қайсысы болуы мүмкін?
*Ментизм
*Когнитивті атаксия
*Ойлаудың ауыспалығы
*Абсанс
*+Шперрунг
#1890
*!Ер адам 46 жаста, терапевт дәрігерге келіп, «барлық планетаның мемлекеттік қауіпсіздік төрағасы»,оған сынақ жүргізілуде екекндігін айтады.
Төмендегі синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
*Паранойяльды
*Депрессивный
*Метаморфоз
*+Парафренді
*Параноидты
#1891
*!Бұрын философияға қызықпаған жасөспірімнің сөздері мағынасыз философиялық терминдер және категориялармен, өнімсіз талқылаулармен ауысты.
Төмендегі жағдайлардың қайсысы болуы мүмкін?
*Сандырақ
*+Метафизикалық улану
*Паралогиялық ойлау
*Жабысқақ ойлар
*Аутистикалық ойлау
#1892
*!Науқас 32 жаста. Сырт келбеті қимыл-қозғалысты, мимкасы бай, тез сөйлейді, сөздері байланысқан, бірақ ойы тез бөлінеді. Оны сыртқы тітіркендіргіштер ойын тез бөледі - «Сіз білесіз бе, мен Ломоносовқа ұқсаймын (суреті көрсетеді), сырт келбетім ғана ұқсамайды. Мен физика және химины өте жақсы көремін, мен өлеңдерді де шығарамын» дейді.
Қандай синдром тән?
*Обсессивті
*+Маниакальды
*Астениялық
*Депрессивті
*Сандырақтық
#1893
*!Терапиялық стационардың қабылдау бөліміне 16 жасар жасөспірім көру галлюцинациямен жеткізілді. Аталған жағдай психоактивті заттармен жедел интоксикация ретінде қабылданды. Төмендегі психоактивті заттардың қайсысын қабылдау осы жағдайды тудыруы мүмкін?
*Кодеин
*Темекі
*Героин
*+Циклодол
*Метадон
#1894
*!34 жастағы АИТВ-жұқтырған, ұзақ уақыт бойы психикалық аурумен сырқаттанған және психиатр тағайындаған дәрілерді қабылдайтын ер адамда, бұлшықеттік құрысу, тремор, гиперсаливация пайда болды.
Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған тиімдірек?
*Галоперидол
*Амитриптилин
*Реланиум
*+Циклодол
*Аминазин
#1895
*!Төмендегі препараттардың қайсысы сандырақсыз және галлюцинациясыз айқын моторлы және идеаторлы тежелумен депрессияның емінде көрсетілген?
*Тизерцин
*+Мелипрамин
*Амитриптилин
*Трифтазин
*Реланиум
#1896
*!Төмендегі препараттардың қайсысы үлкен тырысулық ұстамалар емінде қолданылады?
*Мелипрамин
*Амитриптилин
*Оланзепин
*+Фенобарбитал
*Рисполепт
#1897
*!Төмендегі препараттардың қайсысы мнестикалық қызметті жақсарту үшін қолданылады?
*+Алзепил
*Френолон
*Амитриптилин
*Циклодол
*Конвулекс
#1898
*!Наркотәуелді 43 жастағы науқас АИТВ-жұқтырғандығы жөнінде хабарды естігенде жедел түрде ауыр тиетін сағыныш, сенімсіздік сезімдерін бастан кешті, көңіл-күйі аса үрейлі болып, қимылы тынымсыз болды, «ұят» туралы ойлардан айыға алмады. Оның өмір сүру салты толығымен өзгерді. Жиі суицидальды ойларды айтты.
Аталған синдромдардың қайсысы дұрыс?
*Обсессиялық
*Маниакальды
*Астениялық
*+Депрессиялық
*Сандырақтық
#1899
*!27 жастағы жыл бойы к/і героин қабылдайтын әйелде , АИТВ-серопозитивтілікті анықтағаннан кейін көңіл-күйі дереу үрей, паникалық шабуылдар түрінде өзгерді және ЖПИТЖ орталығы дәрігерінің кабинетінде қатты дауыс шығара жылаумен көрінді. Активті суицидальды ойлар айтты, өмір сүргісі келмейді, стереотипті түрде, ЖПИТЖ емделмейтінін, жақындарының алдында «ұятқа» қалғандығын айтады.
Аталған симптомдардың қайсысы дұрыс ?
*+Ипохондриялық
*Маниакальды
*Астениялық
*Сандырақтық
*Депрессиялық
#1900
*!25 жастағы ер адам қозған, эйфорияда, көп сөйлейді, ашушаң, кейде агрессивті, тахикардия, қан қысымының жоғарылауы көрінеді.
Осы жағдай қай препаратты қолданғанда шақырылуы мүмкін?
*Седуксен
*Кофеин
*Опий
*+Кокаин
*Конопля
#1901
*!Әйел 32 жаста, жүрек қағысына, бас айналуға, денедегі қалтырауға шағымданады. Анамнезінен: бір ай бұрын күйеуі қайтыс болған. Қарау кезінде: қайғырып, жылай береді. Үнемі қайтыс болған адам туралы естеліктер айтады, күнделікті міндеттерін орындай алмайды. Кінәлау, суицидальды ойлар жоқ. Өз жағдайын дұрыс бағалайды, өзін-өзі қабылдау өзгермеген. Тәбет сақталған.
Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
*Ауыр депрессивті эпизод
*Органикалық депрессивті бұзылыс
*Шизоаффективті бұзылыс, депрессивті тип
*Циклотимия
*+Қайғы реакциясы
#1902
*!Кәрия әйел 68 жаста еш себепсіз көршілерімен ұрысса бастаған. Көршілері оның тұзын ұрлайтынын айтады. Ондай ойларын жоққа шығарғысы келген туысқандарының әрекеті пайдасыз.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Кандинский-Клеромбо синдромы
*Индуцирленген сандырақ
*Пик ауруы
*Альцгеймер ауруы
*+Созылмалы сандырақ бұзылысы
#1903
*!Әйел 35 жаста, үй шаруасында, өз күйеуінің досына ғашықтықты бастан кешірді. Күйеуінің жанұясына қамқорлығын жоғары бағалағандықтан, онымен ажырасуға ұмтылмады. Осы фонда күйеуімен жыныстық қатынас кезінде күшейетін бас ауруы, себепсіз естен танулар, жүрек тұсында ауру сезімі пайда болды. Терапевт қарауында патология анықталмады.
Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
*Неврастения
*+Истериялық невроз
*Шизотипиялық бұзылыс
*Циклотимия
*Қайғы реакциясы
#1904
*!Әйел 26 жаста, онкология бөлімшесіне тамағындағы бөгде зат сезіміне, жұтынғандағы жағымсыз сезімге, онкологиялық ауру алдындағы үрейге шағымданып келді. Күйеуімен ұрысқаннан кейін және ажырасамыз дегеннен кейін бір апта өткен соң ауырды. Анамнезінен әрқашан өзін саумын деп есептеді, бірақ мазасызданған кезде ентігу, ауа жетпеу сезімі пайда болады. Сымбатты болу үшін диета ұстады. Обьективті: аңқасы қызарған, тынысы жиі, бүкіл денесінде қалтырау. Гастродуоденоскопияда патология анықталмады. Онкологиялық үрдіс белгілері жоқ.
Осы жағдайда қандай маман кеңесі тиімдірек?
*Пульмонолог
*Невропатолог
*Оториноларинголог
*+Психиатр
*Кардиолог
#1905
*!Студент 22 жаста. Қатты бұлшық еттік ауру сезіміне, іштегі спазмға, құсу, іш өту, терлегіштік, бас ауруына, ұйқысыздыққа шағымданады. Қарап тексергенде: көз алмасының қызаруы, қарашық кеңейген, жас ағу. Шынтақ бүгілісі аймағында көктамыр бойымен қатаюлар анықталады. Мазасыз, ызалы, болмашы себептерге және еш себепсіз аффективті реакция береді. Психомоторлық мазасыздық. Ата-аналарының айтуынша 3-4 ай көлемінде сабақты тастап кетті, үйге масайған күйде келетін болды, асоциальды топтармен байланысты.
Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?
*ЖРВИ
*Шамалы депрессивті эпизод
*+Опиоидтар қабылдауды тоқтату нәтижесіндегі жағдай
*Тұлға бұзылысы
*Бейімделу бұзылысы
#1906
*!Жасөспірім 23 жаста, жедел қозумен және мінез-құлқының өзгерісімен милиционермен ұсталды. Бейнеленген із кесушілерден қашып, айғайлап, милиционерге шабуылдады. Ауруханаға барар жолда өз-өзіне келді. Қабылдау бөлімінде аузынан алкоголь иісі анықталды. Өз есімін дұрыс айтады, ұстама кезінде болған жағдайды еске түсіре алмайды.
Қандай диагноз болуы мүмкін?
*Онейроид
*+Қарауытқан жағдай
*Делирий
*Эпилептикалық статус
*Аменция
#1907
*!Әйел 58 жаста. Қызының айтуы бойынша: 10-15 жылдан артық уақыт бойы артериальды гипертензиямен зардап шегеді, кардиолог бақылауымен тұрақты түрде ем қабылдайды. Соңғы 2 жылда ұйқысыздыққа байланысты нозепам қабылдай бастады, басында бір таблетка көмектесті, кейін дозаны 5-6 таблеткаға дейін көтерді. Препарат болмаған кезде тітіркенгіш, мазасыз, бас ауруына шағымданады, ұйықтамайды. Қарау кезінде: қарым-қатынасқа түседі, жағдайды сыни қарайды, жағдай ауырлығын төмендетуге тырысады. Ес, интеллект терең бұзылыстары жоқ.
Осы жағдайда қандай маман кеңесі тиімдірек?
*Сомнолог
*Невропатолог
*Кардиолог
*Психолог
*+Психиатр
#1908
*!Ер адам 55 жаста соңғы жылдары мінез-құлқы өзгерді, сараң, ақшаны қайта-қайта санайды, тез шаршағыштыққа және есте сақтаудың төмендеуіне шағымданады, жылауық болып кетті.
Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Шизофрения
*Эпилепсия
*+ Атеросклероздық кемақылдылық
*Алкоголизм
*Прогрессивті паралич
#1909
*!Әйел 23 жаста, босану үйінен босанғаннан кейін 7 күні шығарылды. Шыққаннан кейін бірден көңіл-күйі төмендеп, өзін кемсіту ойлары пайда болды, назар аударуы бұзылды, сенімсіз, терең қайғыны сезеді. Ойлары өзінің қажетсіздігіне бағытталды. Суыққа сезімталдық, шаршағыштық, терісінің құрғауы, ойлаудың баяулауы, іш қату және сұйықтық іркілуі пайда болды. Қандай диагноз болуы мүмкін?
*+Босанудан кейінгі депрессия
*Гипотиреоз
*Алиментарлы анемия
*Шизофрения
*Шизоаффективті бұзылыс
#1910
*!Ер адам 40 жаста, бас ауруына, жүрек қағуына, шөлдеуге, тәбетінің жоғалуына шағымданады. Қарап тексергенде: пульс 100 соққы/мин, АҚ 150/80, дене температура 36,5. Айқын терлегіштік. Қол саусақтарының треморы. Әңгімелесуде мазасыз, астенизирленген. Ұйқысы қорқынышты түстермен бөліне береді. Анамнезінен: Алкогольді 26 жасынан бастап қабылдайды. Бұрын шараптың 200,0-300,0 мл масаятын, қазір 1,0 -1,5 л дейін арақ ішеді. 7-10 күндеп салынып ішеді, соңғы рет кеше ішті. Әйелі жанжал шығарды, госпитализацияға көндіруде. Уақытша жұмыс жасамайды.
Қандай болжама диагнозх болуы мүмкін?
*Бейімделу бұзылысы
*Алкогольді интоксикация
*Неврастения
*+Алкогольді пайдалануды тоқтату нәтижесіндегі жағдай
*Тұлға бұзылысы
#1911
*!Ер адам 36 жаста. Анамнезінен: 20 жасынан алкоголь қабылдайды, абстинентті синдроммен психикалық, физикалық тәуелділік қалыптасты, патологиялық құштарлық компульсивті сипатта, салынып ішеді. Алкогольды тоқтату фонында делирийді бастан кешірді. Стационарда диазепаммен, дезинтоксикациялық терапия жүргізілді. Уақытша жұмыс істемейді, жұбайымен қарым-қатынасы жақсы емес. Алкоголь қолданудан емделуге ұмтылады.
Науқасты ары қарай қандайжүргізу тиімдірек?
*Рецидивке қарсы ем, модитен-депо 1,0 б/е айына бір рет енгізу
*+Сүйемелдеуші рецидивке қарсы терапия: десенсибилизирлеуші терапия анонимді алкоголиктермен бірге топтық психотерапиямен бірге
*Мәселені қиындататын әлеуметтік және стресстік факторларды анықтау
*Толық физикалық тексеру, бауыр, асқазан-ішек жолдарына, нерв жүйесіне көңіл бөлу
*Толық психологиялық зерттеу, психопатологияны анықтау
#1912
*!Әйел 30 жаста, 5 жыл көлемінде алкоголь қабылдайды, салынып ішеді, соңғы 2 күнде ішкен жоқ, түнімен ұйықтамайды. Еденде ирелеңдеген жыланды көреді, қабырғадағы суреттерді елес деп қабылдайды. Қарап тексергенде: пульс 110 соққы/мин, АҚ 180/100, дене температурасы 37,2, ентігу. Айқын терлегіштік. Бүкіл денесінің треморы анықталады.