Тақырыбы:Ойық жаралы колиттің емі.

Азақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті

Хирургия бойынша интернатура кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Ойық жаралы колиттің емі.

Орындаған: Бақтиярқызы Ақжан

интерн хирург 702 топ

Тексерген: м.ғ.д доцент Булегенов Т.А

Семей 2016 жыл

Ойық жаралы колит – ішектің шырышты қабатының аутоиммунды қабыну ауруы. Бұл кезде науқастың иммунды жүйесі белгісіз себептерден тоқ ішектің өздік тіндеріне антиденелер өндіре бастайды. Иммунды комплекстер, тоқ ішек шырышты қабатына тұна отырып, оның қабынуын, келесіде – некрозын және көбінесе инфекция қосылуымен асқынатын жаралардың пайда болуын тудырады.

Зақымдану, негізінен, тік ішектің тісті сызығынан басталып, проксималды бағытта жайылады. Патологиялық процесстің бірқалыпты мұндай дамуының нәтижесінде тоқ ішектің қалыпты бір аймағы қалмайды. Крон ауруына қарағанда АЖК кезінде патологиялық процесске тек шырышты және шырыш асты қабаты араласады. Жаралардың көлемі мен формалары әртүрлі, шеттері тегіс. Әсіресе тән болатыны – бұлшықеттер лентасы бойына 2-3 параллель қатар болып орналасқан ұзын жіңішке жаралар. Ұсақ жаралар түбі таза, үлкендері фибриннің сұр жабындысымен жабылған. Морфологиялық өзгерістердің ауырлығы дисталды бағытта ұлғаяды (төмен өрмелеуші және сигма ішегі).

Локализациясына қарай:

n Арнайы емес ойық жаралы проктит және проктосигмоидит

n Арнайы емес ойық жаралы сол жақты колит

n Арнайы емес ойық жаралы тоталды колит

n Арнайы емес ойық жаралы регионарлы колит

Ағымы бойынша:

n Жедел арнайы емес ойық жаралы колит

n Созылмалы арнайы емес ойық жаралы колит

n Рецидивтеуші арнайы емес ойық жаралы колит

Ауырлығына қарай:

n Жеңіл дәрежелі – Ботқа тәрізді нәжіс <5 рет тәулігіне, елеусіз қан және шырыш араласқан, тахикардия, анемия, жалпы жағдайы қанағаттанарлық

n Орташа дәрежелі – Сұйық нәжіс тәулігіне 5-8 рет, нәжіске қан және шырыш араласқан, шамалы қызба, тахикардия, анемия, жалпы жағдайы қанағаттанарлық.

n Ауыр дәрежелі – Ауыр диарея ( >8 рет тәулігіне), нәжіске елеулі қан, шырыш және ірің араласқан, 380С аса қызба, анемия (гемоглобин<90 г/л), жалпы жағдайы ауыр.

Аурдың басталуы жедел немесе баяу, АЖК симпоматикасы ішектегі тән қабыну процімен негізделген.

n Симптомдар:

n Понос немес ботқа тәрізді нәжіс, қан, шырыш және ірің араласқан, кейде тенезмдермен қосарласқан, Үлкен дәрет жиілігі терапия мен көзге көрінетін себептерсіз артуы немесе азаюы мүмкін.

n Іштегі ауырсыну (көбінесе сол жақтан)

n Қызба

n Тәбеттің төмендеуі

n Салмақтың азаюы

n Әртүрлі дәрежелі сулы-электролитті бұзылыстар ДИАГНОСТИКАСЫ.

Қарау. Тік ішекті саусақпен қарау кезінде – перианалды абсцесстер, тік ішек жыланкөздері, аналды жолдың трещины, сфинктер спазмы, шырыштың томпаюы мен қалыңдауы, қан, шырыш, іріңнің болуы.

Эндоскопиялық зерттеу. Ректороманоскопия – шырышты қабатты жауып тұратын ірің, қан және шырыштың болуы, сигма тәрізді және тік ішек шырышты қабатының ісінуі мен гиперемиясы, қан тамырлы суреттің жоғалуы, тоқ ішек гаустрациясының жоғалуы. Әртүрлі көлемді жаралар мен эрозиялар, шеттері қазылған, түбі ірің мен фибринмен қапталған. Аурудың ұзақ ағымында сақталған шырышты қабат түбектерінде ісіну мен эпителиидің шектен тыс регенерациясы, жалған полиптердің түзілуі байқалады.

Колоноскопия – әсіресе малигнизацияға күдіктенгенде зақымданудың ұзақтығы мен ауырлық дәрежесін анықтауға көмектеседі.

Рентгенологиялық зерттеу.
Іш қуысының шолу рентгенограммасында – токсикалық мегаколон, көлденең тоқ ішектің пневматизациясы, псевдополиптер, тоқ ішек перфорациясында диафрагма куполы астында бос газ. Аурудың ұзақ дамуында тоқ ішек өзегінің тарылуы, оның ригидтілігі, «құбыр» симптомы. Асқыну кезінде ішектің «қысқаруы» байқалады.

Консервативті ем

Сульфасалазин – ішектік деңгейде қабынуды тежейді (Салофальк, Пентаса, Асакол).

Глюкокортикоидтар – иммунды жүйенің шектен тыс белсенділігін тежейді, аурудың өршу стадиясынан ремиссияға өтуіне көмектеседі (Преднизолон, Гидрокортизон, Будесонид).

Иммуносупрессорлар – иммунды жүйені тежейді, ауруды ремиссия сатысында ұстап тұрады (Азатиоприн, 6-меркаптопурин, Метотрексат).

Оперативті емге көрсеткіш:

массивті қан ағу, ішек перфорациясы, ішек өтімсіздігі, найзағай тәрізді АЖК жүргізілген емге толерантты және тоқ ішек қатрелі ісігінің пайда болуы.

Паллиативті операциялар - илеостомия (колостомия АЖК кезінде дерлік қолданылмайды.)

Радикалды операциялар – тоқ ішектің субтоталды резекциясы илео- және сигмостома салумен, Брук (Brooke) бойынша илиостома немесе Кок (Kock) бойынша ілінбелі илиостома салумен колпроктэктомия.

ИЛЕОСТОМИЯ (ILEOSTOMIA)Жыланкөз салу техникасы. Оң жақ мықын аймағында қиғаш тіліммен іш қуысын қабаттап ашамыз. Мықын ішегінің соңғы ілмегін алып, оның қабырғасын бос шетіне сәйкес париеталды ішастар тілігіне түйінді тігістермен 6 см бойына бекітеміз. Тігіс арасындағы ішек қабырғасының ені 4 см кем емес болуы керек.Науқас жағдайына қарай ішекті операция кезінде немесе 1-3 күннен кейін, тігілген ілмек пен париеталды ішастар арасында бітісу пайда болғаннан кейін ашады.

Тоқ ішектің субтоталды резекциясы. Операция техникасы. Жоғарғы ортаңғы тіліммен іш қуысын ашады. Опперациялық жараға көлденең тоқ ішекті шығарады. Ойланған резекция аймағында асқазан-тоқ ішек байламын кеседі және көлденең тоқ ішек брыжейкасын байлап кесеміз. Ішектің алып тасталатын аймағын екі жағынан да ішектік жомдармен қысамыз, ал ішектің қалған аймақтарына шелковые ұстағыш-тігістер саламыз. Бастырғыш жомдар қырымен ішекті кесіп, препаратты алып тастаймыз, ұстағыш-тігістер көмегімен ішек шеттерін бір-біріне жақындатамыз.

Колпроктэктомия – тоқ ішектің барлық бөлімін оның бітегіш аппаратымен бірге алып тастау. Науқас жағдайы – операционды үстелде арқасында, жамбасы үстел шетінде және сәл көтеріңкі; жамбас-сан буынында бүгілген және сыртқа қарай әкетілген аяқтары арнайы шығарылған төсегштерде орналасады.

Операция техникасы. Кең ортаңғы лапаротомия жүргізіледі. Іш қуысы ревизиясын асқазаннан, ондағы полиптер мен қатерлі ісіктің болуын жоққа шығару мақсатында бастайды, кейін бүкіл жіңішке ішек қаралады. Сосын қатарынан ұйқы безі, бүйректер, көкбауыр, бауыр, өт өабы, өт жолдары қаралады. Тоқ ішек мобилизациясы жабысқақ процестері ескеріліп жасалады, барлық жіңішке ішек оң жаққа ығыстырылып, сулы дәкемен жабылады. Ассистент жара қырын солға тартады, хирург төмен өрмелеуші ішек пен сигманы оңға тарта отырып, сол жақ каналдың париеталды ішастарын төменнен жоғары тоқ ішектің сол жақ иіліміне дейін кеседі. Есте сақтау – несепағар. Сөйтіп асқазан-тоқ ішектік, көкбауырлық байламдар кесіледі.

Хирург қарама-қарсы жаққа өтіп, тоқ ішектің оң жақ бөлімдерін жоғарыдағыдай босатады. Ескеретін кездер – тоқ ішек-диафрагмалды бұрыш, бауырлық байлам. Тоқ ішектің барлық бөлімдерін босатқаннан кейін оны сулы дәкемен ораймыз.

Аналды жол – экстирпация.

Алдыңғы құрсақ қабырғасына илеостома шығарылады, үнемі калоприемник қолданылады.

Қолданылған әдебиеттер:

• Хирургические болезни М.И. Кузина

• Интернет желісі: www.google.kz www.medline.ru

• А.С.Ибадильдин «Хирургиялық аурулар» Алматы 2004ж

• А.В. Григорян «Руководство к практическим занятиям по общей хирургии» Медицина 1976г

• С.И. Стручков Ю.В. Стручков «Общая хирургия» Москва 1988г

• Қасенов Қ. Дүрманов «Жалпы хирургия» Алматы 1992ж

Наши рекомендации