Тақырып. организмніҢ заҚымдануҒа жалпы Әсерленістері

Сабақтың мақсаты:

· Организмнің зақымдануға жалпы әсерленісі бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

· Организмнің зақымдануға жалпы әсерленісі бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс жүргізу дағдысын жетілдіру

· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Сабақ жүргізудің тәсілдері:

Кіші топта жұмыс жасау, кейс-стади.

ТАПСЫРМАЛАР

Кейс - стади

Есеп 1.

Теріс эмоциядан бір күннен соң ауруханаға түскен науқастың қанында АКТГ, глюкокортикоидтар деңгейі артып, артериялық қысымы жоғарылады, тамыр соғысы минутына 85 рет.

1. Науқаста қандай жағдай (үрдіс) дамыды?

2. Байқалған өзгерістер үрдіс дамуының қай сатысына сәйкес келеді? Оның даму тетіктерін түсіндіріңіз.

Есеп 2

АҚШ ВВС ұшқыштар құрамына жүргізілген зерттеулерден бомбардировщиктер экипажына жаңадан жұмысқа қабылданғандарда ұшу кезінде және одан соң 17-оксикетостероидтардың зәрмен бөлінуі артты. Ұшу өтілі артқан сайын бұл құбылыс азайды. Экипаж құрамындағы ұшқыштардың гормондар мөлшері бірнеше ай бойына өзгермеді.

  1. Экипаждың жас мүшелерінде қандай синдром дамыды?
  2. Берілген синдром дамуының қандай сатылары бар? Бұл сатыларды сипаттаңыз.

Есеп 3

Училищені жақында тәмамдаған және жұмысқа енді қабылданған биіктікте жұмыс жасайтын жұмысшылар жұмыс мезгілінде гормондық құрамын тексертуге келісті. Жас жұмысшыларда жұмыс жасайтын биіктік артқан сайын қанда катехоламиндер мөлшері 2-3 есе артты. Жұмыс өтілі артқан сайын бұл құбылыс аз айқындалды.

1. Жұмысшылардың қанында катехоламиндер деңгейі артуы қай синдромды дамытты?

2. Бұл не себепті дамыды?

3. Берілген синдромның дамуында қандай сатылар байқалды? Патогенезін түсіндіріңіз.

Есеп 4

20 жастағы студентте сессия кезінде емтиханды сәтсіз тапсырғаннан кейін он екі елі ішектің ойық жарасы дамыды.

  1. Бұл ауруды аурулардың қай тобына жатқызуға болады?
  2. Бұл аурудың мүмкіндік даму тетіктері қандай?

Есеп 5

28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, терісі бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек

соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, АҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ.

1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?

2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?

3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?

4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?

Есеп 6

Науқас Т., 29 жаста, қол саусақтары, денесінің алдыңғы бөлігі мен беті 2-дәрежелі күйікке шалдықты. Зақымдану аймағы 30%. Науқас қозу жағдайында, айқын ауыру сезімі, қалтырау, дене қызымының көтерілуі байқалды. Қарап тексергенде: есі сақталған, есі бұзылмаған, кеңістік пен уақытты бағдарлайды. АҚ 150/90 мм с.б. 15 минуттан соң АҚ 90/60-қа дейін төмендеді, есі тежеле бастады.

1. Науқаста қандай жағдай қалыптасты?

2. Берілген жағдайдың сатыларын атаңыз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

3. Берілген жағдай патогенезінің бастапқы тізбегін көрсетіңіз.

Есеп 7

Науқас Р., 28 жаста, хирургиялық бөлімшеге оқ тиіп жарақаттанған соң 15 минуттан соң әкелінді. Науқастың есі бар, көп және қатты сөйлейді, көмек сұрайды, мегіл- мезгіл ыңырсиды, төсектен тұрғысы келеді. Беті бозарған, суық термен жабылған. Қарашықтары кеңейген, қысымы 140/100 мм с.б. тамыр соғысы минутына 90 рет, кернеулігі жоғары, тынысы минутына 30 рет.

1. Науқаста қандай жағдай қалыптасты?

2. Берілген жағдайдың сатыларын атаңыз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

3. Берілген жағдай патогенезінің бастапқы тізбегін көрсетіңіз.

Есеп 8. Науқас Д., 24 жаста, қантты диабетпен ауырады, инсулинді енгізген соң есінен танды. Рефлекстері жойылған.

1. Дамыған жағдайды сипаттаңыз, зақымданған нейрондардың патогенезін түсіндіріңіз.

2. Берілген жағдайдың даму сатыларын атаңыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-89, 115-130.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С.60-79.

3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 197-231

4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 264-293

5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 73-77.

6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.442-447, 564-568.

7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 81 -96

Қосымша

8. Патофизиология в таблицах и схемах под/ред. А.Н.Нурмухамбетова. Алматы: - 2004, С. 230 - 234.

9. Патологическая физиология под/ред. А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А. Владимирова. М.: Триада-Х.-2002, С.48- 70.

10. Патофизиология под/ред. П.Ф.Литвицкого. М.: «ГОЭТАР-мед». Т.1 , 2003, с.689 - 721.

11. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С.90 – 101, 444 – 446, 465 - 467

12. Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. – 23 с.

13. Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологии//Пат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.

14. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. М.: Медгиз, 1960.- 254 с.

15. Селье Г. Стресс без дистресса. М.: Прогресс, 1982.- 125 с.

16. Останин А.А., Черных Е.Р. Эффективность цитокинотерапии в комплексном лечении хирургических инфекций. СПб: издательство СПб университета, 2002, 28 с.

БАҚЫЛАУ

Ситуациялық есептердің қорытындысын тексеру

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Тақырыптар: «Патофизиология пәні, әдістері, міндеттері. Жалпы нозология», «Этиология және патогенез», «Реактивтілік пен тұқымқуалаушылықтың дерттанудағы маңызы», «Жасушаның жалпы патофизиологиясы», «Зақымдануға организмнің жалпы әсерленістері».

Мақсаты:

  1. аудиториялық және аудиториядан тыс өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бағалау

2. клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын бағалау

3. ҚР ДСМ бұйрықтарынан медико-биологиялық тәжірибе жүргізу бойынша құқықтық дағдысын бағалау

  1. Ситуациялық есептерді талқылау барысында коммуникациялық дағдысын бағалау

Студенттердің білімін бақылау сұрақтары:

1. Патологиялық физиология, шешетін мәселелері, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы (кемшілігі және артықшылығы).

2. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ №697 бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

3. Денсаулық пен аурудың анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары.

4. Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар.

5. Аурудың сатылары, сипаттамасы. Ауру алды туралы түсінік. Жүктемелік сынамалармен ауру алдын анықтау.

6. Ауру алды туралы түсінік. Ауру алды жағдайларын жүктемелік әдістермен анықтау.

7. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.

8. Реанимацияның негізгі ұстанымдары. Реанимациядан кейінгі аурулар, түсінігі, даму тетігі.

9. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

10. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруының этиологиясы және патогенезі.

11. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы.

12. Аурудың пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Аурулардың этиологиясында тұқым қуалау және сыртқы орта жағдайларына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуатын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалаушылық патология түрлерінің жіктелуі.

13. Тұқым қуалаушылық патологиялар туындауының жалпы механизмдері. Бидл-Татум және Жакоба-Мано-Львов тұқым қуатын аурулардың патогенезінің теориялары. Тұқым қуатын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.

14. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Зақымдалу деңгейлері.Мысалдар.

15. Патогенездегі себеп-салдарлық. . арақатынастар. Мысалдар.

16. Патогенездегі негізгі тізбек және «кері айналып соғу шеңбері». Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымы. Балалар организмінде бейімделу және қызметтердің қалпына келу үрдістерінің ерекшеліктері.

17. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру серпілісінің түрлері, мысалдар.

18. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігінің аурулардың пайда болуындағы, өтуі және аяқталуындағы маңызы.

19. Организмнің жас мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.

20. . Организмнің жыныс мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.

21. Балалардағы диатездер, анықтамасы, түрлері, сипаттамасы.

22. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.

23. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Зақымдануға жасушаның төзімділігі.

24. Жасушаның зақымдану түрлері. Жедел және созылмалы жасуша зақымдануының сатылары.

25. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.

26. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, салдары.

27. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары. Жасуша мембранасының зақымдалуының негізгі тетігі ретінде МАТ белсенденуі.

28. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. Мембараналық фосфолипазаның және басқа гидролазалардың белсенденуі, смостық зақымдалу, иммундық зақымданулар..

29. Апаптоз, түсініктемесі, патогенезі. Зақымдануда жасушаның икемделіу- бейімделу тетіктері.

30. «Жауаптың жедел кезеңі» себептерәі, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жауаптың жедел кезеңінің» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жауаптың жедел кезеңінің» организм үшін маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдпромы тіралы түсінік.

31. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері.

32. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.

33. Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.

34. Кома, түрлері, даму механизмдері.

Жүргізу түрі:

1 – кезең - тестілеу.Тест тапсырмаларын орындау. – қараңыз: Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.

2 – кезең – ситуациялық есептер бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысы

Наши рекомендации