Тақырып: су-электролит алмасуыныҢ бҰзылыстары
Сабақтың мақсаты:
· Су-электролит тепе-теңдігінің негізгі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін меңгеру.
· Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда теориялық білімді қолдану
· Жануарлармен жұмыс жасау тәжірибелік дағдысын бекіту
· Сабақты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру
· Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану
Оқыту міндеттері:
· дизгидрияның жіктелуі, этиологиясы мен патогенезі және қалпына келтіру ұстанымдарын зерттеу
· әртүрлі клиникалық ісінулердің даму тетіктерінің, негізгі тізбегінің сызбанұсқасын құрастырып үйрену
· Сабақты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру
· Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау дағдысын дамыту, эксперименттік ісінулер патогенезінде гемодинамикалық, онкотикалық, тіндік жайттардың маңызын зерттеу
· Тәжірибеде жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Организмдегі су тепе-теңдігі бұзылуының түрлері.
2. Сусыздану, патогенезі бойынша жіктелуі, себептері, сусызданудың әртүріндегі жасушаіші және жасушадын тыс бөліктердегі осмостық қысымның өзгерістері. Негізгі көріністері және олардың патогенезі.
3. Оң су тепе-теңдігі (изо-, гипо-, гиперосмолялдық сулану), себептері, патогенезі. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.
4. Ісіну, түрлері. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамасы.
5. Ісінудің клиникалық түрлері, даму тетіктері. Балалардағы су алмасуы бұзылыстарының
ерекшеліктері.
6. Натрий, калий, кальций алмасуларының бұзылыстары, себептері, организмдегі өзгерістердің патогенезі.
Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:
Дискуссия, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, ісінулер патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасының, тәжірибе нәтижелерінің қорытындысының дұрыстығын тексеру
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
№ 1 тапсырма. | Гипоосмостық және гиперосмостық гипогидратацияның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру |
№ 2 тапсырма. | Ісіну дамуында тіндердің осмостық қысымының маңызын зерттеу. |
Әдісі Тәжірибеге салмағы бірдей екі бақа алынады. Бақаның біреуінің лимфа қапшығына 2 мл физиологиялық ерітінді, екіншісіне 2 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі енгізіледі. Бақалардың салмағы өлшеніп, су құйылған банкаларға отырғызылады. 50-60 минөттен соң бақаларды судан шығарып, тағы да өлшейді. Алынған деректерді хаттамаға енгізіп, талқыланады. Қорытынды жасалады.
Тәжірибе деректерінің хаттамасы
Жануарлар | Енгізілген ерітінділер | Бақалардың салмағы | |
Бастапқы | 1 сағаттан соң | ||
1 - бақа | 2,0 мл изотониялық ерітінді | ||
2 - бақа | 2.0 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі |
№ 3 тапсырма. | Ісіну дамуында гемодинамикалық фактордың маңызын зерттеу (Фишер тәжірибесі) |
Әдісі: Сабақ басталардан бірнеше сағат бұрын бақаның бір артқы аяғына бұрама салып байлайды. Сабақта бақа аяғының көлемі ұлғайғаны, түсінің өзгергенін анықтайды. Бақа аяғының ісінген жерін инемен пісіп көргенде сұйықтықтың шыққандығы бақыланады. Ісінудің даму жолдарын түсіндіріледі.
№ 4 тапсырма . | Ісіну дамуында онкотикалық фактордың маңызын зерттеу (Старлинг тәжірибесі). |
Әдісі: Жұлыны зақымдалған бақаның кеуде және іш қуысы ашылады, жүрек қабы (перикард) алып тасталады. Қолқа үстінен тілінеді және шеткері бағытқа қарай резеңке түтік енгізілген жіңішке шыны түтік (канюля) тілінгсн жерге кіргіэілед». Резеңке түтік 0,5% хлорлы натрий ертіңдісі бар ыдысқа косылады. Осы ертінді бақаның тұтас қан тамыр жүйесі бойымен ағып келіп, қолқаның кесілген жерінен сыртқа құйылады. Бақаны астыңғы жағын тесіп,таразыға іліп қояды. Ертінді ағызылуы басталғаннан 15-30 минут өткеннен соң, бақаның салмағы өзгергенін. ісіну дамығанын бақылайды. Бақада ісіну неден дамитынын түсіндіру және хаттамаға жазу керек.
№5 тапсырма. I. Ісінулер
ü жүрек жеткіліксіздігінде
ü бүйрек жеткіліксіздігінде патогенезінің сызбанұсқасын құрастыр.
ü бауыр жеткіліксіздігінде