Тақырып. су-электролит алмасуыныҢ бҰзылыстары

Мақсаты:су-электролит алмасуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезінің сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру.

Дәріс жоспары:

1. Организмдегі судың мөлшері. Судың секторларға бөлінуі. Организмнің су тепе-теңдігі туралы түсінік. Су тепе-теңдігі бұзылыстарының түрлері.

2. Организмнің сусыздануы, түрлері, себептері, патогенезі.

3. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.

4. Ісінулер туралы түсінік. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамалары.

5. Ісінудің клиникалық түрлері, патогенезі.

Дәріс тезистері

Ересек адамның организмінде дене салмағының –60%, жаңа туылғандардың – 80% судан тұрады.

Организмде судың бөлінуі:

· Жасуша ішінде 70%

· Жасуша сыртында 30% (тамырішілік су, жасушааралық су, организм қуыстарындағы су).

Су тепе-теңдігі – организмге түскен су мен шыққан су арасындағы тепе-теңдік. Су тепе-теңдігінің шамасы тәулігіне 2,5 л.

Су тепе-теңдігінің бұзылу түрлері (С.Т.)

Оң С.Т. – түскен судың шыққан судан басым болуы (ісінулер, сулану, сумен улану)

Теріс С.Т. – түскен судан шыққан судың басым болуы (сусыздану= гипогидратация = дегидратация)

Сусызданудың себертері


1) судың жеткіліксізтүсуі 2) судың артық шығарылуы
Төтенше жағдайлар организмдегі дерттік үрдістер: - өңештің тарылуы - кома - Шөлдеу сезімі болмауымен сипатталатын бас миы аурулары - Құтыру ауруындағы «судан қорқу» Су мен тұздың - құсу - диарея - полиурия - қансырау - аумақты күйіктер - қатты терлеу     Су - гипервентиляция - полиурия (қантсыз диабет) - гиперсаливация
       

Сусызданудың патогенезіне қарай түрлері (жасуша сыртындағы осмостық қысымның өзгеруіне сәйкес)

· Изоосмолялды (изотониялық) – су мен электролиттерді бірдей деңгейде жоғалты

· Гиперосмолялды (гипертониялық) – суды артық шығару немесе оның аз түсуі

· Гипоосмолялды ( гипотониялық) - электролиттерді артық жоғалту (диарея, қайталанған құсу, қатты терлеу)

Сусызданудың патогенезі:

· Айналымдағы қан көлемінің азаюы

· Гипоксия

· Аутоуыттану

· Жасушаішілік және жасуша сыртында осмостық қысымның өзгеруі

· ҚСҮ өзгерістері

Гипергидратацияның патогенезіне қарай түрлері (жасуша сыртындағы осмостық қысымның өзгеруіне сәйкес)

· Гиперосмолялды - теңіз суын ішкенде, гипертониялық ерітінділерді енгізгенде

· изоосмолялды –физиологиялық ерітінділерді енгізгенде (ісінулер, сулану)

· гипоосмолялды – сумен улану

Сулану – сұйықтықтың дене қуыстарында жиналуы (іш шемені, гидроторакс, гидроперикардиум)

Сумен уланудың патогенезі:

Бүйрек қызметі жеткіліксіздігінде суды артық қолдану →жасуша сыртында судың­ →жасуша сыртында осмостық қысымның ¯Р осм. → судың жасуша ішіне енуі →

жасушаның ісінуі.

Ісіну – қан мен тіндер арасында су алмасуының бұзылыстарынан тін мен тінаралық кеңістіктерде сұйықтың артық жиналып қалуы.

Ісінудің патогенездік жайттары

Гемодинамикалық жайт Қылтамырлардың вена бөлігінде гидростатикалық қысымның артуы (сүзілу­, резорбция¯)
Онкотикалық жайт Гипопротеинемия нәтижесінде қанның онкотикалық қысымының төмендеуі (гипоальбуминемиялар)
Тіндік жайт Электролиттер, нәруыздар, зат алмасу өнімдері жиналуынан тіндерде онкотикалық және осмостық қысымның артуы
Қантамырлық жайт   Қылтамырлар өткізгіштігінің артуы
Лимфа ағып кетуінің қиындауы   Лимфалық тамырлардың тромбозы немесе қабынуы нәтижесінде, құрттармен бітелгенде, жоғары қуыс венасында қысым артқанда
Жүйкелік-эндокриндік жайт Су – электролит алмасуының жүйкелік және гуморалды реттелулерінің бұзылуы, әлдостерон және диурезге қарсы гормонның түзілуінің артуы

Ісінудің клиникалық түрлері

Ісінудің клиникалық түрлері Ісінудің негізгі патогенездік жайттары
Жүректік ісіну Гемодинамикалық және эндокриндік факторлар
Бүйректік ісіну Нефриттік   Нефроздық   Жүйкелік -эндокринді және тамырлық (қылтамырлардың жүйелі зақымдануы) факторлар Онкотикалық (протеинурия ® гипопротеинемия) және нейроэндокриндік (АҚК¯® әлдостеронның­) факторлар
Бауырлық ісінулер Онкотикалық (нәруыз түзілуінің бұзылуы) және жүйке-эндокриндік ( әлдестерон әсерсізденуінің бұзылуы) факторлар
Кахексиялық (ашығулық) ісінулер Онкотикалық фактор
Қабынулық ісінулер Гемодинамикалық, қантамырлық, тіндік факторлар
Аллергиялық ісінулер Тамырлық фактор

Жүректік ісіну патогенезіндегі жүйке-эндокриндік жайттың маңызы

ҚМК¯

Бүйректе қанағымының азаюы көлемдік қабылдағыштардың тітіркенуі

¯

Ренин өндірілуі ­

¯

әлдостерон түзілуінің артуы →

бүйректе Na+ кері сіңірілуінің артуы → гипернатриемия → осмостық қабылдағыштардың тітіркенуі→ вазопрессин түзілуі­ → несептен судың кері сіңірілуінің­ → судың тіндерде тұтылуы (қуыстарда) → ісіну, сулану

Көрнекті материал:

1.Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі

Әдебиеттер:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166-183.

2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 682-746

3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.

4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.

Қосымша

5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 238-248.

6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 315-334.

7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 147-175.

8. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.

9. Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Оң су тепе-теңдігі туралы түсінік.

2. Теріс су тепе-теңдігі туралы түсінік.

3. Ісіну туралы түсінік.

4. Ісінудің патогенездік факторлары (атап көрсет).

5. Жоспарланған қателіктерді табу

Наши рекомендации