Жалған қарсы көрсеткіштер

Практикада қарсы қарсы көрсеткіштер аясына кірмейтін негіздер (себептер) бойынша балаларды егуді «кейінге қалдыру» біршама жиі кездеседі. Егуге қарсы көрсеткіштерді бұлайша түсіну орынсыз, баланы негізсіз егумен қамтымау-оны осы инфекция бойынша қауіпті жағдайға түсіреді және жалпы қамтуды төмендетеді, бұл өз кезегінде эпидемиялар дамуына соқтырады. Төменде негізгі жалған қарсы көрсеткіштер келтіріледі. Вакцинациядан аластату мен кейінге шегерудің негізгі қисынсыз себептері-созылмалы жағдайлар не ауру болуына байланысты оның зақымдану сипатын анықтамастан не өршуінің соңын күтпестен маман (дәрігер) бірден баланы 6 не 12 айға егуден босатады. Бұндай жазба егуге қарсы көрсеткіштер туралы ережеге қайшы келеді және маманның компетенциясы жоқтығын дәлелдейді. Педиатрдың белсенді сілтемесіне қарамастан бала әке-шешесінің егуден бас тартуы 1%-дан аспайды, бұл шаманың өзін табандылықпен түсіндіру арқылы азайтуға болады.

4.2 Кесте АҚШ қолданылатын вакциналардың антигендік құрамы (ақуыздардың, полисахаридтардің)

Инфекциялар 1960ж. 1980ж. 2000ж.
Дифтерия
Сіреспе
Көкжөтел 2-5
Полиомиелит
Оспе    
Қызылша  
Паротит  
Қызамық  
В гепатит    
Хиб инфекциясы    
Пневмококк    
Желшешек    
Барлығы 123-126

ОНЖ перинатальдық патологиясы (бұрынғы «перинатальдық энфефалопатия» бұл диагноз жаңа жіктеме бойынша тізімнен шығарылған) нақты терминдермен белгіленуі тиіс. Перинатальдық зақымданулардың жіті уақыты бала өмірінің 1-айында аяқталады, осыдан кейін тұрақты не баяу әлсірейтін бұзылыстар (бұлшық еттер дистрофиясы, психикалық және моторлық функциялар қалыптасуының кешігуі, ұйқы мен ояу кезінің бұзылуы түрінде) пайда болуы мүмкін.

Әдетте оларға мазасыздық (көбіне шаншуларға байланысты), Греф симптомы (қалыптылық варианты) немесе иек дірілі (доминантты тұқым қуалайтын белгі) және УДЗ-да мидың бүйірлік қарыншаларының кеңеюі қосылатын. Бұл белгілерді «гипертензиялық-гидроцефальдық синдром» терминімен беру, бас сүйегі-ішілік гипертензия жоқ жағдайда, ешқандай негізсіз.

Осындай балаларды невропатологқа жібергенде- вакцинация мүмкіндігін шешу туралы сұрақ қою орынсыз (бұны педиатр шешуі тиіс), ол (невропатолог) балада үдемелі патология белгілерінің бар жоғын анық анықтайды, егер теріс (жоқ деген) жауап алынса-педиатр баланы тиісті мерзімінде егеді; баланы егуден аластату-тек афебрильді құрысулар, гидроцефалия не ОНЖ-ң басқа үдемелі аурулары анықталғанда заңды.

Аллергиябалада жіті көріністері аяқталғанша және ремиссияға ауысқанша ғана егуді кейінег қалдыруға болады (оларды егу ережесі төменде беріледі). Баланы аллергологқа жібергенде процесс белсенділігінің дәрежесі және терапия қажеттілігі туралы сұрақ қойылады. Стероидты майларды, стероидтарды спей не ингаляция түрінде пайдалану егуге кедергі бола алмайды.

Анемия астық(тамақтық) генезді болса -егуден аластатуға себеп бола алмайды, егу жүргізгеннен кейін балаға темір препараты тағайындалады. Ауыр анемия (гемоглобин деңгейі 90г/л төмен) себебін анықтауды талап етеді, емдеу сипаты және вакцинация мерзімі шешілуі тиіс.

Шала туылғандық– егулерге қарсы көрсеткішке жатпайды.

Жаңа туылған нәрестелердегі сарғаюжәне гипербилирубинемия сәтті аяқталса-баланы егуден аластатуға себеп бола алмайды.

Дисбактериоздиагнозын қою тек аса көлемді антибиотиктермен емдеу фонында үлкен дәреті бұзылған науқастарда орынды, бұл жағдайда вакцинация туралы мәселе әдетте көтерілмейді. Қалған жағдайларда (ас өнімдеріне төзімділік , лактоза мен басқа көмірсулардың сіңуі, целиакия, ішек қозуы синдромы) ішек биоценозының бұзылуы екіншілік болып табылады. Осы жағдайларда (әсіреск стул бұзылмаса) «дисбактериозға» анализ бұзылыс себебін аша алмайды. Қалай болмасын нәжіс микрофларысың өзгеруі- баланы егуден босатуға не оны кейін қалдыруға себеп емес.

Айыршабез көлеңкесі ұлғаюырентгенограммада кездейсоқ анықталады, бұл бездің анатомиялық варианты не оның стрестен кейінгі гиперплазиясы, осы екі жағдайда да «тимомегалия» диагнозы орынсыз. Бұндай балалар егуге қалыпты жауап береді, сондықтан өз мерзімінде егілуі тиіс.

Демеуші емдеу-антибиотиктермен, эндокриндік, жүректік дәрі-дәрмектер, жүйелік стероидтардың төмен дозаларымен созылмалы аурулары бар науқастарды ремиссия кезінде емдеу-егулерден босатуға себеп бола алмайды.

Егілушінің ауыр аурулар туралы анамнездік деректеріжәне отбасылық анамнезде эпилепсиялар, вакцина енгізілеріне асқыныстар, аллергияның кез-келген түрі, сибстың (бірге туған ағасы не қарындасы) вакцинадан кейін өлуі егуге қарсы көрсеткіш бола алмайды. Ерекше жағдай- отбасында иммунды-тапшылығы бар науқас болса-жаңа туылған балаға БЦЖ енгізу алдында тексеру талап етіледі және ОПВ-ны ӨПВ-ға алмастыру керек (бұл талап баланың 2 жасында да сақталады).

Наши рекомендации