Шала туылған нәрестелерге қамқорлық жасау көрсеткіштері

Шала туылған нәрестелерге қамқорлық жасауды 2 этапқа бөлуге болады, босану залы және арнайыланған бөлімше.

Ø Ыңғайлы жағдаймен қамтамасыз ету (адекватты температура, ылғалды ауа, тыныштық, ұйымдастырылған тексеру мен емдеу әдістері)

Ø Жеткілікті оксигенация

Ø Дұрыс тамақтану және таза су қолдану

Шала туылған балалардың салмағы 2000г төмен болса, олардың денесі жылулық ұстап тұра алмайды, сондықтан оларды кувезге орналастыру керек. Кувездегі температура дене салмағына тәуелсіз 33 тен 35 градус болу керек. Оттегінің мөлшері 40% аспау керек. Көздің торлы қабатының өліетенуі мен ретинопатияның дамуына оттегінің токсикалық әсері бар екенін есте сақтауымыз керек. Әр 3 күн сайын кувездегі ауаны ауыстырып тұру керек. Жаңа туылған нәрестенің киген киімі оның сезімтал терісін жарақаттамау керек. Қатты орау төменгі бөліктердегі тері асты май қабатының трофикалық бұзылыстарына әкеледі. Төсектегі қалпы дұрыс ұйымдастырылуы тиіс. Нәрестенің басы сәл көтеріңкі, бір жақ қырымен жатқызылған, ұрты кеудеге жақын орналаспау керек, себебі тыныс алуын қиындатады.Күнделікті нәрестенінің дәретке отыруын мейірбике қадағалайды.Кіндік жарасын залалсыздандыру дәрігер бақылауымен, асептика және антисептика ережелерін сақтап жүргізілу керек.

Шала туылған нәрестелердің тамақтануы маңызды болып табылады. Балалардың физикалық дамуы үшін және асқазан ішек жолдарының морфологиялық, функциональды бұзылыстарын алдын алуда жоғары каллориялы азық-түлікпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Алғашқы тамақтану арқылы баланың жалпы жағдайы мен шала туылудың сатысын анықтауға болады. Шала туылудың 1сатысында 6-9 сағаттан соң нәрестені емшек сүтімен қоректендіреді. Ал 2 сатысында 9-12 сағаттан соң, 3 сатысында 12-18 сағаттан соң емшек сүтімен қоректендіруге болады. Тамақтандыру алдында 5% глюкоза ерітіндісін 3-5мл 2-3 сайын беріп тұрады.

Ауырлық дәрежесіне байланысты тамақтану ұйымдастырылады. Нәрестелер шала туылудың ІІІ, ІV сатысында және тыныс жетіспеушілік синдромы, асфиксия,әлсіз ему рефлексі болғанда емшек сүтімен бір рет қолданылатын асқазан зонды арқылы қоректендіріледі. Нәрестенің жалпы жағдайы қанағаттанарлық және ему рефлексі айқын болғанда, алғашқы 3-4 күні тамақтану емізікпен жүргізіледі.

Құрсақішілік патологияның басқа белгілеріне: құрсақішілік дамудың кідіруі (ҚДК), жаңа туылған нәрестелердің гестационды даму уақыты, дене салмағы мен функциональды даму белгілерімен көрінеді. ҚДК кездесу жиілігі жаңа туылғандар арасында 6,5% тен 30% дейін. Құрсақішілік даму кідіруімен туылған нәрестелердің аурушаңдығы мен өлім көрсеткіштері сау нәрестелермен салыстырғанда 3-5 есе жоғары. Бұндай балаларда перинатальды гипоксия, гипотермия, гипогликемия, инфекциялық аурулар жиілігі жоғары.

Ұрықтық құрсақішілік даму кідіруінің: фетальды, аналық, плацентарлы түрлері ажыратылады. ҚДК көбінесе құрсақішілік инфекцияларда (цитомегаловирус, герпес, токсоплазмоз, қызамық), хромосомды (трисемия 13, 18, 21, моносомия Х, триплодия) және ұрықтың гендік аурулары да кездеседі. Ұрықтық дамудың кідіруіне жүктілік кезіндегі әр түрлі аурулар алып келеді. Олар: артериялық гипертензия, гестоз, созылмалы гипоксия (өкпе мен жүрек аурулары, анемия), темекі шегу, алкоголь, есірткі.

Құрсақішілік дамудың кідіруі- ұрықтың бойы және дене салмағы 10пайыздан төмен болған жағдайда жүктіліктің берілген уақытымен диагностикаланады.

Құрсақішілік даму кідіруінің гипопластикалық варианты -бойының артта қалуымен сипатталады.

Бұл кезде дене ұзындығының бұзылуы көбінесе жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде анықталады, нәтижесі қолайсыз болады.

Құрсақішілік даму кідіруі гипотрофикалық варианты- өсудің ассиметриялық тоқтауы (дене салмағына қарағанда бастың дөңгелектенуімен дене салмағы төмен болу керек). Бұл жүктіліктің 2-3 айында дамиды, нәтижесі тиімді болып келеді.

Құрсақішілік даму кідіруі диспластикалық варианты тұқымқуалаушылық патологиясы мен тератогенді жағдайға байланысты. Бұндай балаларды тек қана дәрігер генетиктер қарайды.

Патогенезі. Нәрестенің дамуының кідіруіне алып келетін себептер.

· Нәрестенің дамуының кідіруі, қоректік заттар мен оттегінің жеткіліксіздігі нәтижесінде пайда болады. Кей жағдайларда генетикалық ауытқулар себебінен болуы мүмкін;

· Бала жолдасының патологиялық дамуында, оттегімен қамтамасыз етуі және трофикалық қызметі төмендейді. Ол бала жолдасының өте кішкентай болуынан немесе дұрыс емес формалы болса немесе бала жолдасының сылынуы нәтижесінде болуы мүмкін. Бала жолдасының жатуы да (предлежание плаценты), нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіруіне жоғарғы қауіп факторы болып табылады;

· Созылмалы гипертония немесе преэклампсияда (жиі преэклампсияның ауыр дәрежесінде, сонымен қатар созылмалы гипертония мен преэклампсия қатар жүрсе), жүрек және бүйрек ауруларында, анемияның кейбір түрлерінде (серповидноклеточная анемия), үдемелі диабетте, антифосфолипидті синдромда көрінуі мүмкін;

· Хромосомдық ауытқулар, мысалы, Даун синдромы немесе анэнцефалия ( бас миының бір бөлігінің болмауы), бүйрек ақауында.

· Көпнәрестелік жүктілікте;

· Анасының зиянды әдеттері нәтижесінде;

· Кейбір инфекцияларда, мысалы, токсоплазмоз, цитомегаловирус, сифилис немесе қызамық;

· Кейбір дәрілік препараттарды қолдану нәтижесінде, мысалы, тырысуға қарсы препараттар;

Құрсақішілік даму кідіруі диагностикасы. Дене салмағы 10 пайыздан төмен балаларда ұрықтың құрсақішілік кідіруін және бойын диагностикалайды.

100гр х дене салмағы

Гомел бойынша салмақ индексі: ----------------------------------------------------

Ұзындығы

Шала туылған балаларда анықталады. Қалыпты жағдайда бұл индекс 63,6-67,8

1 сатыда 55-60

2 сатыда 50-55

3 сатыда 50 төмен

Салмақ-ұзындық коэффициенті (СҰК)

Жаңа туылғандардың салмағы (г)

СҰК=--------------------------------------------------------------

Жаңа туылғандардың дене ұзындығы (см)

Қалыптыда СҰК =60-80

1 деңгей –СҰК=56-59

2 деңгей –СҰК=55-50

3 деңгей –CҰК=49 төмен

1 деңгей-салмақта жеткіліксіздік=11-20%

2 деңгей-салмақта жеткіліксіздік=21-30%

3 деңгей-салмақта жеткіліксіздік=31% жоғары

Наши рекомендации