Тақырыбы:Акне. Этиологияcы, патогенезі, клиникасы, диагностика, емі.
2. Мақсаты:акнедамуындағыэтиология, патогенезсұрақтарынажауапберу, акнежіктелуі, емдеупринциптері
3. Дәріс тезистері.Безеу (acne) – қабыну сипатындағы терінің жайылған ауруы, шаш фолликуласымен қоса май бездерінің және шығарушы түтіктің зақымдануы.
Propionibacterium acnesадам тері микрофлорасының анаэробты резиденті болып табылады және арнайы жағдайларда ғана өзінің патогенді құрамын көрсетеді. Май қышқылдарын терітоң майынан пайдаланады, ал шығаруын май қышқылы деген атқа ие метоболиттерден өндіреді. Бактериялар бензоилпероксид және тетрациклинге сезімтал. Соңғы кезде тетрациклинрезистентті штамдар анықталды, тәжірибеге макролидтер енді, мысалы, азитромицин. Сонымен қоса фторхинолон қатарындағы дәрілер қолдануда, мысалы, адифлоксацин.
Акне- шаш фолликуласының және май бездерінің полиморфты мультифакторлы ауруы, 80% жағдайда жасөспірімдер мен жас кездерінде кездеседі. Әртүлі клиникалық түрлілігіне байланысты акненің вульгарлы безеу түрі (acne vulgaris) көп кездеседі. Бұл дерматозбен 35 % ер жасөспірімдер және 23% әйелдер ауруда. Тек 24 жастан асқанда бұл көрсеткіш 10% және одан төмендеген. Emerson и Straus (1972), 15-18 жастағы 1000 студентті зерттеп, 80% ында акнені кездестігген, бір қызығы балдар да, қыздар да бірдей азап шеккен.
Патогенез
Акненің негізгі патогенетикалық факторы: фолликулярлы гиперкератоз, кератинизацияның бұзылуы, липидтердің дисбалансы, Propionbacterium acne-нің патогендігінің өсуі және май бездерінің белсенділігі, тұқым қуалауға бейімділік және гормонды дисбаланс. Безеу май- шаш аппаратымен байланысты көпфакторлы үрдіс. Май бездерінің көлемі генетикалық келісілген, андрогендерге орган-мишениямен қызмет етеді. Маңызды болып генетикалық бейімділік, шаш фолликуласында және май бездерінінің қанында андроген санының көбеюі және андроген айналымына жасуша- мишенияның сезімталдығының күшеюі жатады. Май бездерінің гиперсекрециясының негізгі факторы дигидротестостерон(ДТС) болып табылады. Айналма қанда тестостерон май бездерімен ұсталынады және 5-альфа- редуктаза ферментінің әсерінен 5- альфа- ДТС-қа айналады. Соңғысы ДНҚ-ны пролиферациялайды және май бездерінің гиперплазиясына әкеледі. Сау адамдарға қарағанда акнеде диагностикалық белгісі болып 5-альфа-ДТС 30 есе көбейеді.
Даму механизміне негізгі рөл себорея, ол май безінің бактерицидті қасиетін төмендетеді және коккты флораның белсенуіне әкеледі.
Безеуауруында маңызды механизі ол Propionibacterium acnes бактериясы және оның өміріндегі тағамдар. Кәдімгідей акне(жасөспірімдік безеу, безеулік ауру) бозбала мен қыздарда жыныстық жетілу кезінде пайда болып және бірте- бірте 25-30 жаста жоғалады. Акненің пайда болуына тағы да менструация, стресс, ыстық, ылғалдылықтың жоғарылауы және генетикалық факторлар жатады. Акне себебіне ланолин және парафині бар косметикалық заттар жатады. Тағы да безеу бөртпесі кейбір дәрілердің кері әсері болуы мүмкін.
Патоморфологияда себорея, май бездерінің гиперплазиясы, терінің май тондарының гиперсекрециясы, гиперкератоз, қара нүкте түріндегі камедон түзілуіне әкелетін-май бездері түтіктерінің жекелеп немесе толық бітелуі анықталады.
Акне себептерін бөледі:
· Тұқымқуалаушылық
· Гормональді белсенділік(менструация, жыныстық жетілу кезеңі)
· Өтпелі кезең
· Стресс, бүйрекүстібезін белсендіретін
· Гиперактивті май бездері
· Өлі тері жасушалардың жиналуы
· Микроорганизм
· Қабынумен жүретін тері зақымдануы
· Аноболикалық стероидтарды қолдану
· Галоген(фтор, хлор, бром, йод), литий және барбитураттар препараттарын қолдану
· Хлордың жоғары мөлшерін қолдану
· Темірлік безеу
Баста акненің негізгі себебі гормональді белсенділіктің бұзылуы болатын, кейін фолликулярлы каналдың(гиперкератинизация) тарылуы және терінің сұйықтықты ұстауы басты этиологиялық агент болды. Акнені күшейтетін гормондар, олар: тестостерон, дигидротестостерон, дегидроэпиандростерон, инсулинтектес 1-өсу факторы.
Акне постпубертатты кезеңде аз кездеседі. Ол жұмыртқаның поликистоз синдромында және кушинг синдромымен байланысты. Менопаузада акне эстродиол(acne climacterica) жетіспеушілігінен болады.
Жақында ғалымдар акнені сүт тағамдарын қолданған болатынын айтты. Сиыр сүтінде жыныс гормоны мен инсулинтектес 1-өсу факторы бар деп есептейді.Теңіз өнімдерінде йод бар, ол акненің дамуына әкеледі. Көмірсуға бай тағамдар акнені пайда болдырады, көмірсу май қышқылдарының,тері тоң майын артуына әкеледі. Акне науқастарында витамин А және Е төмен деңгейде
Клиника
Май өндірудің жоғарылауы және фолликулярлы гиперкератоз май бездері түтігінің мүйізді тығынмен бітелуіне-комедон пайда болуына әкеледі. Propionbacterium асnе-нің бөлінуінен және фолликула мен май бездерінің айналасында қабынуынан қабынулы элементтер (папула, пустула, түйін) пайда болады. Олардың жайылуынан және дермаға тереңге кетуінен ошақтар тығыздалады, инфильтрациялануы немесе абсцестелуі мүмкін, өзінің соңынан көгерген дақ, депигментациялық тыртықтар немесе терідегі тыртықтың көріксізденуі қалады. Бөртпенің клиникалық формасына қарай комедонды, паулезды немесе папулезді- пустулезді безеу, индуративті, флегманозды немесе абсцестелген және конглобатты безеу деп бөлеміз. Конглобатты безеу- аурудың ең ауыр түрі.
Диагностика
Акне диагностикасында бетте, кеудеде, арқада біркелкі(комедон, папула, пустула) бөрпелердің, ауыр жағдайда- абсцесс, инфильтрат, келоидты тыртықтардың қаптауы.
Акненің лабораторлы зерттеу әдістері. Флораға бакпосев және антибиотиктерге сезімталдық; гормональді және биохимиялық зерттеу.
Акнені визуальді зерттеу әдістері. Науқасты қарау, психологиялық статусқа баға беру.
Акненің дифференциальді диагностикасы қызғылт безеу, фолликулит, саркоидоз және т.б.
Емі
Емі ұзақ және күтуге тура келеді. Ол себореяның алдын алуға бағытталған. Акненің ауыр түрінде антибиотиктер тағайындайды, қазіргі кезде тиімсіз болып саналатын дәрі қатары: аутогемотерапия, антистафилококты гамма- глобулин, витамин А күніне 100000 МЕ 2 ай, эстроген(фолликулин, диэтилстильбэстрол). Жергілікті- сүрту 2-3% борлы ерітінді және салицил қышқылымен, УФ- сәуле, криотерапия,бөртпе диатермокоагуляциясы. Комедон жояды, абсцестелген акнені шығарады. Дезинкрустация қолданады- безеудің майлы өзегін вакуум немесе гальванизация көмегімен алу. Жасөспірімдік безеудің алдын алу себореяны емдеуден тұрады. Күнделікті өмір ссалтын ұстану. Диета ұстау маңызды. Цинк препараттарын қолдану. Цинк май бездерінің белсенділігін төмендетеді және қабынуды басады, нейтрофилдердің фосфатазасының белсенділігін төмендетеді. Акне емінде ауру формасына қарай патогенетикалық, симптоматикалық ем қолданады. Акнені емдегенде андрогендердің май бездеріне әсерін, тері тон майының түзілуін, қабынуды, Prropionbacterium acne-нің теріге жабысуын және митотикалық белсенділігін төмендету керек.
Акнені емдеу аурудың формасына, ауырлығына, жайылуына байланысты.
Препараттар
Акнені емдеудегі негізгі препараттар: ретиноидтар- роаккутан, ретинол палмитат; гомондар(антиандроген және эстроген)- андрокур, этинилэстрадиол, ципротерон ацетат- Диане- 35, спиронолактон және т.б. антибиотик- доксициклин, эритомицин, тетрациклин, клацид, клиндамицин және т.б.
Патогенетикалық емде В тобындағы витаминдер, сера, цинк, иммунды препараттар, сонымен қоса стафилококкты вакцина қолданады.
Физиотерапия
Физиотерапия лазер, дермабразия әсерінен тұрады. Сыртқы қолданатын препараттар трансретиноидты қышқыл- айрол(0,05% крем және лосьон), локацид(0,05% крем және 0,01% ласьон), ретин-А(0,05% крем), радевит және т.б.Антибиотиктен тұратын маздар: 1-5% эритромицинді мазь, 1-10% линкомицинді паста, эридерм, зинерит, бензамицин, далацин-Т, 1% клиндамицинді гель. Тиімді әсер ететін заттардың бірі бензоил перекисі- бензакне, дисквам, экларан-5 және экларан-10, окси-5 және окси-10, бензамицин және азелаинді қышқыл(скинорен).
Диета
Акнеде көмірсуларды азайту, толыққанды тамақтану керек.
Акне профилактикасы. Тері күтіміне емдік косметикалық заттарды қолдану, уақытылы адекватты ем.
Акненің мүмкін болатын асқынуы . Акнені косметикалық жетіспеушілік ретінде қарамау керек. Акне бетте және денеде тұрақты көріксіз тыртықтың пайда болуына әкеледі, ол науқаста салмақты психологиялық проблема туғызып, әлеуметтік дезориентация жағдайын, келлоидты тыртықты пайда болғызады.
4. Иллюстрациялықматериалдар:слайдтар
Дебиет
1. Малдыбаева Н.М., Сайлауова Қ.С., Есенгараева З.Б. Тері аурулары және венерология. - Алматы, 2006.
2. Сайлауова Қ.С. Тері және венерология аурулары – Алматы, 2007 - 128 бет
3. Малдыбаева Н.М., Темірғалиев С.Ә., Сайлауова Қ.С., Дерматологияның кейбір сұрақтары мен оған жауаптары. Алматы, 2005.
4. Скрипкин Ю.К. и др. Кожные и венерические болезни: Учебник – М., ГЭОТАР-Медиа, 2007, 544 с.
5. Уайт Г. Цветной атлас по дерматологии: руководство/пер. с англ. под ред. Н.Г. Кочергина. – М., 2008.
6. В.Соколовский «Дерматовенерология». М. 2005.
7. Бутов Ю.С. Кожные болезни и инфекции, передающиеся половым путем: учебное пособие. – М., Медицина, 2002. - 400 с.
8. Самцов А.В., Барбинов В.В. Кожные и венерические болезни. – СПб.: ЭЛБИ, 2002. – 314 с.
9. Ю.К.Скрипкин « Кожные и венерические болезни» - Учебник для студентов медицинских институтов – М. «Триада – Х, » 2000 М.
10. А.Н.Родионов « Грибковые заболевания кожи». Руководство для врачей, Петербург. 2000
11. Ф.А. Зверькова «Болезни кожи детей раннего возраста» С. 1994
12. Практикум по дерматовенерологии: Учебное пособие/ Л.Д. Тищенко, Г.К. Гагаев, А.В. Метельский, О.В. Алита. – М., Изд-во УДН, 1990. – 125 с., ил.
13. А.А. Студницина «Дифференциальная диагностика кожных болезней». 1989.
14. Ю.К.Скрипкин, Г.Я.Шарапова « Кожные и венерические болезни». 1987. Учебник для студентов педиатрического факультета.
15. Г.М.Цветкова, В.Н.Мордовцев « Патоморфологическая диагностика заболеваний кожи». 1986.
16. С.Т.Павлов, О.К.Шапошников, В.И.Самцов, И.И.Ильин « Кожные и венерические болезни». 1985. Учебник для студентов лечебного факультета.
17. Ю.К.Скрипкин, Шарапова Г.Я. « Кожные и венерические болезни». М. Медицина, 1979.
18. Г.Р. Батпенова, Т.В.Котлярова «Принципы наружной терапии в дерматологии». Астана. 2003. ( Учебно-методическое пособие).
6. Қорытынды сұрақтры:
1. Акне. Этиология патогенез.
2. Акне жіктелуі.
3. Конглобаттыакне. Клиника. Емі.
4. Акне емдеудегі принциптер.
5. Акненің ауыр формаларын емдеудегі принциптер.
Дәріс №4